Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 04:45, курсовая работа
Ұлы Қытай қорғанынан Дунайға дейінгі аралықты мекендеген бір-бірімен тығыз байланыстағы өзара туыс көшпенді /халықтарды/ ұлыстарды бір мемлекетке біріктіру.
КІРІСПЕ 2
1. ШЫҢҒЫС ХАН ҚҰРҒАН МОНҒОЛ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ АХУАЛЫ 3
1.2 Орталықтанған монгол мемлекетінің құрылуы және оның саяси-әлеуметтік жағдайы 3
1.3 Шыңғыс ханның керей, найман хандықтарын жаулап алуы және Шыңғыс хан империясының құрылуы 8
1.4 Шыңғыс хан империясының заңдары, құрылымы мен ұйымдастыру принциптері 14
ҚОРЫТЫНДЫ 21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР TI3IMІ 23
МАЗМҰНЫ
Қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасу, дербес мемлекет құру тарихында Шыңғыс хан мен оның үрім-бұтағы билеген мемлекет үлкен рөл атқарған. Түркі-монғолдар жауларын санмен емес, сапамен жеңді. Өйткені оларда мықты тәртіп, ғажайып ұйымдастырушылық қасиет болды. Оған Шыңғыс ханның саяси қызметі мен қолбасылық қабілетінің ерекше жоғарылығы қосылды. Ол орнатқан жүйе мен тәртіп далалық өркениетті әрі қарай жетілдірді. Кейіннен бұл жүйе мен тәртіп басқа халықтарда жалғасын тауып, атап айтқанда, қазақтарда XIX ғасырға дейін, яғни олар өздерінің көшпендлік қалпын жоғалта бастаған кезге дейін сақталды.
Монғол шапқыншылығынан кейін тұңғыш рет Шығыс Дешті-Қыпшақтың, Түркістанның, Жетісудың түркі тайпалары бір мемлекетке біріктіріліп, алдымен қазақ хандығының, кейіннен қазақ ұлтының шығуына, яғни қалыптасуына жағдай жасалынды1. Сөйтіп Шыңғыс хан империясы құрылғаннан кейін, көп ұзамай қазақ халқының этникалық территориясы қалыптаса бастады. Қыпшақ сахарасының халықтары ертеректе мемлекет құрған түркі текті арғын, найман, керей, жалайыр, маңғыт, онғұт т.б. тайпалармен қосылып, көп этностық "қайнаған қазанда" екі жүз жыл ішінде қазақ этносы болып қалыптасты2. XIV—XV ғасырларда түркі-монғол этносы бөлшектеніп, бірнеше ұлттық мемлекеттер пайда болды. Мағжан ақын айтқандай, қазақтар "қара шаңырақтың" иесі болып қалды.
Алтын Орданың құрамында болған ұлыс Ақ Орда, шын мәнінде, қазақ мемлекеті болды. Өйткені негізін Жошы қалаған бұл ұлыс Сырдариядан Алтайға, Оңтүстік Оралдан Жетісуға дейінгі қазіргі қазақ даласын алып жатты3. Екіншіден, бұл даланы ерте кезден-ақ түркі тілді тайпалар жайлады. Олар монғол шапқыншылығынан кейін қосылған тайпаларды бойына сіңіріп, қазақтың этникалық құрамын қалыптастырды.
Сондықтан Отанымыз тарихындағы осы бір кезеңді зерттеуге жаңаша көзқарас туғызып, оған дейінгі қалыптасқан кері пікірлерден оны тазарту керек. Ол үшін XII—XIII ғасырларда өмір сүрген түркі-монғол тайпаларының саяси-әлеуметтік, экономикалық даму ерекшеліктерін, әдепті-құқықтық жүйелерін оның негіздерімен тікелей байланыстыра отырьш зерттеу қажет. Бұл сол дәуірдегі әлеуметтік-экономикалық қатынастарды, әскери-құқықтық жүйені асыра дәріптеу емес, керісінше сол замандағы мемлекеттік құрылымға сай тұрғандығын дәлелдеу. Сондықтан осы курстық жұмыста Шыңғыс хан негізін қалаған және оның әулеті ұзақ уақыт билікті әрі қарай жалғастырған түркі-монғол мемлекетін жан-жақты зерттеп, ғылми тұрғыдан өз көзқарасымызды білдіре отырып оның шығарған «Ұлы жасақтарын» оқып білуді жөн көрдік.
Ұлы Қытай қорғанынан Дунайға дейінгі аралықты мекендеген бір-бірімен тығыз байланыстағы өзара туыс көшпенді /халықтарды/ ұлыстарды бір мемлекетке біріктіру.
Шығыс
пен Батысты жалғастырып
Тэмучин /кейіннен Шыңғыс хан/ 1155 жылы ақпан айында (кейбір деректерде 1162 ж.) Онон өзенінің бойындағы Делигон-Болдақ деген жерде дүниеге келген4.
Есукей батыр өз заманында әйгілі адам болған. Ол көршілері татар тайпаларымен және қытай әскерлеріне қарсы көптеген шайқастар жүргізіп, атағы бүкіл Монғолияға жайылды. Тэмучин /Шыңғыс хан/ отбасының түңғышы еді. Оның дүниеге келуі жөнінде монғол-қытай жылнамасын жинаушы Юань-ши былай деп жазады: "Есукей батыр та-та -эр /татардың қытайша жазылуы/ тайпасына қарсы жорыққа аттанып, тайпа көсемі Тэмучэнді тұтқынға түсіреді. Осы кезде оның әйелі болашақ императорды /Шыңғыс ханды/ дүниеге әкеледі. Сәби туғанда қолына қызыл тас сияқты қан уыстап туады. Жеңіске жеткен жорыктың құрметіне жаңа туған сәбиге қолға түскен жау батырының есімі Тэ-му-чэн деген есім беріледі"5.
Тэмучэн 9 жасқа толғанда әкесі көшпенділердің салтымен баласына қалыңдық іздейді. Жолда олар көрші қоңырат тайпасының көсемі Дай шешенді кездестіреді. Мән-жайды ұғысқаннан кейін ол Есукей батырға өзінің өткен түнде түсіне кірген жайды баяндайды: "Түсімде қият боржігін руының киелі ақ қарғасын қолыма қондырыппын. Біздің үйге жүріңдер. Менің 9 жасар қызым Бөртені көріңдер. Ұнаса құда түсерсіңдер", — дейді6.
Осылайша ата-аналары өзара келіскеннен кейін, екі жақ құда болысып, бір-біріне сый-сияпат көрсетіседі де, үйлену тойын балаларының ер жетуіне қалдырысады. Қайтып келе жатқанда Есукей батырды татарлар улап жібереді. Ол үйіне әрең жетіп, 2-3 күннен кейін қайтыс болады. Осылайша Тэмучин екі інісімен шеше қолында жетім қалады. Есукей батыр өлгеннен кейін оның қолында болғандар жетім қалған Есукейдің бала-шағасын тастап, өздері басқа тайпаларға көшіп, батырдың көзі тірісінде жинаған мал-мүлкін өздерімен бірге ала кетеді де, бұл жанұя аса қиын жағдайды бастан өткереді. Тэмучин мен оның інілері борсық және суыр сияқты аңдарды аулап жан сақтайды. Кей күндері өсімдік тамырын талғажау етеді. Осындай қиын жағдайда болашақ жиһангер қолбасшы аса шыдамдылыққа үйренеді. "Шыдамдылық Шыңғыс ханның аса басты қасиеті болатын. Жас Тэмучин жанұяны өзі асырады. Ол балық аулап, көші-қон кезінде жоғалған малдарды іздеуге міндетті болды. Бұған қоса олар күн көру үшін кейде бірнеше күн ат үстінде жүріп, жол тонаушы қарақшылардан сақтанатын"7.
Тэмучиннің туыстары тайчуттар оның аса кекшіл әрі аталары сияқты жауынгер болып өсіп келе жатқанын сезіп, ер жетпей тұрып оның көзін құртуды көздеді. Олардың көсемі Торғүлтай /бұл да боржігін руынан шыққан/ жас Тэмучиннің көзін құрту үшін оны аңди бастады. Бір күні олар қапылыста шабуыл жасап, Тэмучинді тұтқынға түсіреді. Олар Тэмучиннің мойнына бұғау салып, екі қолына шынжыр байлап, жанына мықты күзет қояды. Тэмучин түнде күзетшіні шынжырмен ұрып есінен тандырады да, Онон өзеніне барып, қуғын қаупі сейілгенше су ішінен мойнын ғана шығарып, тығылып тұрады. Іздеушілердің ішінен Сорған-Шира атты біреуі қалғандарынан бөлектеніп, судағы қамыс арасынан сорайып шығып тұрған Тэмучиннің басын байқап қальш, оған былай тіл қатады: "Міне, сенің бойыңдағы осы бір асыл қасиеттерің үшін тайчуттар сені ұнатпайды әрі үрейленеді. Өйткені сенің көзінде от, бетіңде нұр бар. Сен осы арада отыра тұр. Мен сені оларға ұстап бермеймін". Қуғын аяқталған соң ол қайта оралып, шынжырды үзіп, Тэмучинді тұтқыннан құтқарады8.
Тэмучин ұзын бойлы, кең иықты, өткір жанарлы жігіт болып өседі. Оның бала кезінен қалыптаскдн ең басты қасиеті шыдамдылық болатын. Ол жас кезінен-ақ алдына мақсат қоя білуді, ол мақсатына жету үшін күресе білуді, мұнымен қоса ойға алған ісінің сәті түскенше күте білуді үйренді. Ол көп сөйлемейтін, не нәрсені де ең алдымен ой елегінен өткізіп барып айтатын. Оның ең сүйікті ісі аң аулау болатын. Олжа бөліскен кезде тең бөлінуін қадағалап, осыны басқалардан да талап ететін.
1185
жылы керейлердің билеушісі
Көрші Цзинь мемлекеті көшпенділерді үнемі бір-біріне айдап салу саясатын жүргізді. Олар көрші татарларды өздеріне мүлдем бағынышты ету мақсатында олардың жауы керейлермен одақтасты. Керейлердің ханы Тұғырыл татарларға қарсы жорыққа шығуға әзірленді. Әкесін өлтірген татарлардан кек алар сәт туғанын түсінген Тэмучин бұл жорыққа белсене араласты. Татарлар цзиньдер мен керейлерден қатты соққы жеді. Көсемдері тұтқынға түсіп, көп рулар керейлерге бағынышты болып қалды. Осы жеңістен кейін Цзинь үкіметі Тұғырыл ханға "Уан хан" атағын берді. Ал Тэмучинге шекара бойынша істерді қарайтын "чжаохури" атағы берілді9. Бұл жорық кезінде Тэмучин көптеген тайпа көсемдерімен танысып, өзін мықты ұйымдастырушы ретінде көрсете білді. Осы жорықта ол өзіне бала кезден таныс Жамухамен қайта табысты. Жамуха ақылды, алғыр әрі көшпенділер арасында өте сыйлы адамның бірі болатын. Ол бір жарым жыл бойы жақын көрші тұрды. Жамуха және басқа да татар ақсүйектерімен жиі араласа бастаған Тэмучин өз жоспарын кеңейте берді. Ол өзін атақты Қабыл және Катул хандардың мирасқоры ретінде сезіне бастады. Ол діншіл адам еді. Үнемі көк тәңірісіне жалбарынатын. Ол екі рет ажалдан аман қалды. /Бірі — бала кезінде, екіншісі — әйелі Бөртеден айырылғанда/. Бұл оқиғаларды ол өзін тәңірінің қолдауы деп түсінді әрі өзін бабаларының ой-арманы жүзеге асырушы ретінде сезінді. Бірақ көп ұзамай екі дос — Жамуха мен Тэмучин араздасып қалды да, екіге бөлініп кетті. Содан бастап дала тұрғындары да екі топқа бөліне бастады. Бірі Тэмучинді жағаласа, екіншісі Жамуханы қолдады. Тэмучинді жақтаушылардың ішінде көптеген ру-тайпа көсемдері, соның ішінде атақты Катул ханның туған ұлы Алтан хан да болды. Олардың көпшілігі Тэмучиннен әлдеқайда бай әрі текті болатын. Соған қарамастан, олар Тэмучинді көсем ретінде мойындауға мәжбүр болды. Ол, шын мәнінде, нағыз дала батырына айнала бастады.
1181 жылы мамырдың 16-сында Жамуха мен Тэмучин жайлауға көшеді. Олар қонар жерге таянғанда, жалғыз ауыз сөзге келіспей ат кекілін кесіседі. Ат үстінде келе жатып Жамуха Тэмучинге: "Тауға тақап қонсақ қайтеді, жылқышыға үй болсын, өзенге таяп қонсақ қайтеді, қойшы мен қозышыға тамақ болсын" деді. Бұл сөздің астарына түсінбеген Тэмучин көш алдында кетіп бара жатқан Әуелімнен (Үлүн Еке — Тэмучиннің шешесі) сұрап еді, сөзге көлденеңнен Бөрте килікті: "Жамуха тез зеріккіш жан деуші еді, бізден безудің амалы болмасын, үдере көшіп, іргемізді бөлек салсақ қайтеді". Айтқанындай таң атқанша суыт жүріп Тэмучин олардан бөлек қонды. Есукейдің өлеріндегі ақтық өсиеті мынау еді: "Меңлік інім, аға өлсе, жеңге мұра. Әуелімді басқаға емес, өзіңе тапсырдым. Үлдарыма, әсіресе Тэмучинге көз бола жүр" деген. Бұл кезде өгей әке Меңлік, анау аталас ханның баласы Алтан, Тэмучиннің немере ағалары Темүге, Отчигин, Нэгүн тәйжінің баласы Кушар сияқты "Тұтас Монғолдың" игі жақсылары Жамуха жағына шығып кеткен болатын. Ал Жамухамен дәм-тұзы жарасып, бүтін жарты жыл бір қыстап, бір жайлаған Тэмучин ала қыстай айласын асырып, соларды озіне тартып алса керек, өйткені осы күннің ертеңінде-ақ аталас рулардың басшылары түп қопарылып Тэмучин жағына шығып кетеді. Мұндай қолайлы сәтті пайдаланған Тэмучин монғолдардың басын қосып хан тағына отырудың қамына кірісіп те кетті.
1189 жылы Сэнхэр өзеніне құятын Хохнуур деген жерде Қатула ханның баласы Алтан, Кушар, Жүркен руының ақсақалы Саша бектер өзара ымыраға келіп, Тэмучинді аз ғана монғолдың ханы етіп жариялады.
Жамуха екеуінің қақтығысы тарихта "Он үштің одағы" деп аталады да, Жамуха отыз мың әскермен соғысады. Шыңғыс Жамухадан ойсырата соққы жейді.
X
ғасырдан бастап Хөлен-Буйр
Осы шайқастан кейін біраз уақыт өткенде, Тэмучин жасағына жау жағынан Жамуха серіктерінің бірі исут руынан шыққан Жырлуадай атты бір жігіт келіп, өзінің сол шайқаста Тэмучин атын атқанын айтты. Тэмучин оған кешірім жасады әрі оған сол оқиғаға байланысты Жебе деп ат қойды. Ол кейіннен атақты Жебе ноянға айналып, онбасыдан Шыңғыс ханның ең атақты қолбасыларының біріне айналды. Ол барлық жорыққа қатынасып, Қытайға және Орталық Азияға жорық кезінде ерекше көзге түсті. Кейіннен ол Самархандтан оңтүстік орыс даласына шабуыл жасап, 1223 жылы бірінші рет орыс жасақтарын талқандады. Бұл жорықтың екінші көсемі Сүбедей батыр да монғол әскерінің құрамына осы кезде келді. Ол солтүстіктегі уранхай тайпасынан шыққан болатын. Егер Жебе ноян қызу қанды, ержүрек, шапшаң болса, Сүбедей батыр өте салмақты, бәрін ақылмен, есеппен істейтін жан еді. Екеуі шайқастарда үнемі бірге болды. Өйткені бірінде жетіспеген қасиеттер екіншісінен табылатын. Бұл шайқаста тайчуттарға түпкілікті соққы берілді. Сөйтіп Тэмучин Тұғырыл ханның арқасында соған "өкіл бала" болып жүріп, керейлердің көмегімен алғашқы мақсатына қол жеткізді. Осының нәтижесінде 30 жасқа жаңа толған Тэмучин алдына түркі-монғол тайпаларын бір орталыққа біріктіруді мақсат етуді ойлана бастаған.
Көп үзамай Тэмучиннің тоғыз қылды туының астына түркі-монғол рулары ондап, жүздеп ағылып келіп қосыла бастады. Ол, шын мәнінде, дала императорына айналып, озінің төңірегіне туыстары мен аса сенімді адамдарды топтастыра бастады. Оны қолдаушылардың ішінде көптеген ру-тайпа көсемдері болды. Олардың ішінде неғұрлым атақтылары: Алтан, Кушар, Саға бек т.б. Бұлардың өздері де монгол тағынан үміткерлер болатын. Дегенмен олар көптің қаһарынан сескеніп, Тэмучинге ашық қарсы шыға алмады. Тэмучин өзінің жас мемлекетін нығайта бастаған кезде, оның жаулары да қарап жатпады. Олар 1201 жыл шамасында Аргун езені бойында Жамухаға Гур хан, яғни жалпыхалықтық хан деген атақ берді10. Сөйтіп олар Тэмучинге қарсы біртұтас одақ құрды. Бұл одақты Тэмучиннің туған нағашылары қоңыраттар, меркіттердің атақты көсемі Тоқта бек, Уан ханның ұлы, наймандар т.б. қолдады. Тэмучин асқан дипломатиялық шеберлікпен Тұғырыл ханмен одақтастықты сақтап қалды. Сонымен қоса бұл одаққа кірмеген басқа тайпаларды өз жағына шығарьш алды. Ол керейлердің көмегімен 1202 жылы Жамуха мен оның негізгі одақтасы меркіттерге күйрете соққы берді. Осы жеңістен кейін Тэмучин Ұлы Даладағы ең құдіретті билеушіге айналды. Сол жылы ол татар ұлысын да талқандап, өзіне толық бағынышты етті.
1202
жылы құрылтайда монгол
Шыңғыс ханның темір тәртіпті жауынгерлеріне Жамуха бастаған әр түрлі тайпалардан құралған әскерлері төтеп бере алмады. Сөйтіп Тэмучиннің атағы барған сайын аспандап, түркі-монғол тайпалары барған сайын үсті-үстіне қосыла берді.
Құдайдың күні екеу болса,
Құдықтың суы құрыр еді.
Құдіреті жүрсе қос ханның