Жалпы «батыр» сөзі қандай тіл құрамында колданылмасын
оның барлық тілдердегі ұғымы бір. Қиыр
Шығыстағы алтай тіл семьясына жататын
халықтардан бастап, батысында Шығыс Европадағы
славян тілдес халықтарда, солтүстігінде
фин-угор тіл семьясына жататын халықтарда,
ал оңтүстікте Солтүстік Кавказ халықтары
арасында кең тараған. Бұл феноменнің
басты себебі көшпелі дүниенің қозғалысқа
түсуіне байланысты жаңа әлеуметтік топ
«батырлардың» қалыптасуымен тығыз байланысты.
«Батыр» сөзінің мәні
ержүрек, батыл, әскери өнерді жетік
меңгерген, ерлігімен аты шыққан деген мағына
береді. Ал, батыр атағы тек қана адамның
жеке бас қаситтеріне, оның әлеуметтік
шығу тегіне қарамастан берілетін атақ.
Батырлар дәстүрлі қазақ
қоғамында жауынгерлік дәстүрді
жалғастырушылар ретінде өзіндік
ерекшелігі айқын әлеуметтік топ ретінде өзіндік
ұғымдық бет-бейнесі мен ерекшелігі қазақ
қоғамының ұлттық құндылықтарымен бірге
ұштасып кеткен, ажырағысыз әлеуметтік
категоргияның жиынтығын құрайды.Батырлардың
қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік құрылымында
ерекше орынға ие болуына жалпы көшпелі
қоғамның, соның ішінде ру-тайпалық құрылымы
мен саяси-потестарлы ұйымдасуының ерекшелігі
тікелей ықпал жасады.
XVIII ғасырдың басынада
қалыптасқан ішкі-сыртқы саяси
жағдайларға байланысты қазақ қоғамында әскери-саяси мүдделер
алдыңғы орынға шығып, әлеуметтік-экономикалық
ұстанымдарға негізделген салалар кейінге
шегерілді. Қоғамның әскери-потестарлық
ұйымдасу ерекшелігіне байланысты батырлардың
қоғамдық ролі артты. Сондықтан батырлар
дәстүрлі қазақ қоғамындағы жауынгерлік
дәстүрді жалғастырушылар ретінде өзіндік
ерекшелігі айқын әлеуметтік топ ретінде
өзіндік ұғымдық бет-бейнесі мен ерекшелігі
қалыптасқан әлеуметтік категоргияның
жиынтығын құрады.
ХУІІ-ХУШ ғасырларда ішкі
және сыртқы факторлар қазақ қоғамындағы
батырлардың саяси, әлеуметтік статусқа ие болуына қолайлы
жағдай туғызды. Қоғамдағы саяси басымдылық
батырлар қолына шоғырланды.
Батырлар институтының
қалыптасуының аяқталуын негізінен
XVIII ғасырмен байланыстырмыз. Сондықтан
дәл осы кезеңде батырлар институтының
күрделі қалыптасу процессі аяқталып, ол озінің дәл
осы кезеңдегі дәстүрлі қазақ қоғамына
тән ерекшелігіне сай өзіндік функцияларын
атқарғанын көреміз. Бұл кезеңде батырлар
институты қазақ қоғамының ішкі саяси
кеңістігінде барлық белгілері бойынша
жетекші орынға ие болды. Батырлардың
ішкі саяси жүйедегі әлеуметтік - экономикалық
қызметін «барымта», «олжа», «сауға» тәрізді
ұғымдары арқылы сипаттауға болады.
Батырлардың сыртқы саяси өмірдегі ролі елшілік қызметі арқылы
көрінді. Батырлар институтының сыртқы
саяси қызметі негізі олардың отан қорғау
принциптерімен нақтыланды. ХҮІІІ ғасырдың
алғашқы ширегінде жоңғар факторының
белең алуы, оған қарсы азаттық күресті
ұйымдастырушы жетекші күш батырлар қауымының
қоғамдық қатынастарда алдыңғы орынға
шығуына түрткі болды. Қарақұм жиыны батырлар
институтының пісіп-жетілгендігінің нақты
көрінісі бола отырып, олардың алдағы
екі ғасырлық уақытта қоғамдық қатынастастардың
басты реттеуші күштері болатындығын
бекітіп берді.
Батырлар Отан қорғаумен
шектелмей, халықаралық саяси қатынастарға да белсене араласты. Отарлық езгіге
қарсы күресте батырлар өздерінің әскери
ұйымдастырушылық және басқарушылық қасиеттері
арқылы жақсы танылады және өздерінің
талаптарын батыл әрі нақты қояда білді.
Батырлардың елшілік қызметтерін талдай
отырып, олардың кез-келген саяси-қоғамдық
қатынастарды шешуге қабілетті болғандығына
көз жеткіздік
XVII ғасырдың соңы мен
XVIII ғасырдың алғашқы жартысындағы және
XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдың
бірінші жартысындағы батырлар институттарының
қазақ қоғамының ішкі саяси жүйесіндегі
қызметтерінде айрықша үндестік болмады.
Мәселен, алғашқы кезеңде батырлардың
ішкі саяси қызметі анағұрлым кең болып,
батырлардың іс-әрекеттері ұлттық жауапкершілікке
негізделсе, одан кейінгі кезеңде батырлардың
қызығушылықтары көп жағдайда ру - тайпалық
принциптен аспай қалды. Оның басты себебі
Ресейдің жүргізген отарлау саясатымен
тікелей үштасып жатты.
Осылайша, дәстүрлі қазақ
қоғамына тән батырлар инсититутының
жойылуымен қазақ халқының дәстүрлі қоғамына тән құндылықтар
бірге жойыла бастады. Бұл жағдай, патша
үкіметінің отарлау саясатының дәстүрлі
қазақ қоғамына тән барлық әлеуметтік
институттармен қатар, оларға байланысты
халықтың рухани таным-түсінігімен біте
қайнасып кеткен ұғымдарды да күйреткендігін
көрсетеді. Дәстүрлі қазақ коғамындағы
батырлар институтының өз маңызынан айырылуы
Ресей империясының ұзақ уақыт бойы жүргізген
мақсатты отарлау саясатының нәтижесі
болғандығын атап өтуіміз қажет.
Ендігі таңда ХYШ ғасыр ортасынан бастау алған
отаршылдық бұғауынан босап, батырларымыздың
аңсаған арманы-тәуелсіздікке қол жеткізіп
отырған таңда зерттеу жұмысымызға арқау
болып отырған батырлар институтының
әрбір өкілін, олардың қазақ коғамында
атқарған қызметтерін дәріптеу болашақ
ұрпақты патриоттық сезімге, отан сүйгіштікке
жетелері сөзсіз. Себебі, қазақ батырлары
азаматтық, ерлік, ақыл мен парасаттың
жалпы адамзаттық құндылықтардың қайнар
бұлағы болған тұлғалар. Батырлар институты
- қазақтардың тарихи даму процесінде
табиғи түрде көшпелі қазақ қоғамының
қажеттілігінен туындап, қалыптасқан
құрылым.
Сонымен, қорыта келгенде,
батырлар институты артына мол тарих
қалдырған ұзақ даму жолдарынан өтті. Қай кезеңде де ол елінің, жұртының біртұтастығы
үшін, тәуелсіздігі үшін қызмет етті деп
анық айта аламыз. Батырлар институты
тарихын зерттеу арқылы оның жаңа беттерінің
нәтижесінде бүгінгі еліміздің тәуелсіздігінің
іргесінің бекуіне септігін тигізетіндігі
анық.
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі:
- Андреев И.Г. Описание Средней Орды киргиз-кайсаков. - Алматы, 1998. – С. 280
- Мейендорф Е.К. Путешествие из Оренбурга в Бухару. - М.: Наука, 1975. - С. 180
- Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких Орд и степей. - Алматы: Санат, 1996. – С. 656
- Уәлиханов Ш. Таңдамалы. 2 бас. - Алматы: Жазушы, 1985. - 258 б.
- Байтұрсынов А.Б. Шығармалары. Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. - Алматы: Жазушы, 1989.-320 б.
- Досмұхамедұлы X. Аламан. - Алматы: Өлке, 1991. - 256 б.
- Тынышпаев М. История казахского народа: учебное пособие. - Алматы: Санат, 1998.- С. 221
- Асфендияров С.Д. История Казахстана (с древнейших времен) /Под ред. А.Такенова. - 3-е изд. - Алматы: Санат, 1998. – С. 304
- Бекмаханов Е.Б. Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында (оку құралы). - Алматы: Санат, 1994. - 416 б.
- Бекмаханов Е.Б. К вопросу о социальной природе батыров (XIX в.) //Известия АН КазССР. - 1947. - № 8 (29). - С. 62-64.
- Вяткин М.П. Батыр Сырым. – А., «Санат», 1998. – С. 390
- Апполова Н.Г. Присоединение Казахстана к России в 30-х годах ХҮІІІ в. - Алма-Ата: АН ССР, 1948. – С. 254
- Есмагамбетов К.Л. Что писали о нас на Западе. - Алматы: Қазақ университеті, 1992. – С. 52
- Есмағамбетов К. Батырлар тарихы - рухани байлығымыз //Қазақ тарихы. - 2007. - № 4. - 15-19 бб
- Қасымбаев Ж.К. Государственные деятели казахских ханств в XVIII первой четверти XIX вв. - Т.З.: Хан Жантөре (1789-1809). - Алматы: «Білім», 2001.- С. 301
- Абдиров М.Ж. История казачества Казахстана. - Алма-Ата: Казахстан, 1994. - С. 160
- Ерофеева И.В. Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик. -Алматы: Санат, 1999. – С. 336
- Қаражан Қ.С. XVIII ғасырдағы қазақ халқының жоңғар басқыншыларымен күресіндегі қазақ батырларының ролі //Шапырашты Наурызбай. Наурызбай батырдың 300 жылдық мерейтойы қарсаңында откізілген ғылыми-теориялык конференция материалдары. - Алматы: Қазақ университеті, 2003. - 185 б.
- Иванин М. О военном искусстве при Чингисхане и Таменрлане. Алматы: Санат, 1998. - С. 239
- Кушкумбаев А. К Военное дело казахов в XVII-XVIII вв. - Алматы: Дайк-Пресс, 2001. - С. 184
- Ахметжанов К.С. Жараған темір кигендер: Батырлардың қару-жарағы, әскери өнері, салт-дәстүрлері. - Алматы: Дәуір, 1996. - 256 б.
- Абдоллаев Н.А., Сатыпалды Е.С. Дәстүрлі қазақ қоғамының батырлар институты: өлеуметті сипаты мен қоғамдық қызметіндегі ерекшелік //Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Хабаршысы. Тарих сериясы. 2002. - №4. - 12-17 66.
- Қайырғалиева Г. Батырлар институтының қазақ қоғамындағы орны мәселесі туралы //М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Хабаршысы. - 2008. - №4. - 196-201 бб.
- Даутыбекова М. Батырлар институтының әлеуметтік-экономикалық және саяси қызметі //Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Хабаршысы. Тарих сериясы. - 2009. - №2. - 51-54 бб
- Оразбаева А. Қазақ қоғамындағы билер институты: тарихи бастаулары, орны және ролі (XVIII ғасыр): тарих ғыл. канд. дисс: 07.00.02. - Алматы, 1998. - 1516.
- Исенов Ө.И. Қазақ қоғамындағы тархандар институты тарихы (XVIII-XIX ғғ.): тарих ғыл. канд. автореф. - Алматы, 2009. - 24 б.
- Марғұлан Ә. Ежелгі жыр-аңыздар: ғылыми зерттеулер /Құраст.: Р. Бердібаев. - Алматы: Жалын, 1985. - 367 б.
- Ғабдуллин М., Сыдықов Т. Қазақ халқының батырлық жыры. - Алматы: Ғылым, 1972. - 340 6.
- Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және түркология. - Алматы: Ғылым, 1987. - 368 6.
- Кайдаров А.Т. Доспехи и вооружение воина-батыра в казахском эпосе и их этно-лингвистическое объяснение //Известия АН КазССР, серия общественных наук. - 1973. - №6. - С. 25-40.
- Жирмунский В.М. Тюркский героический эпос. - Л., 1974. – С. 728
- Липец Р. Образы батыра и его коня в тюрко-монгольском эпосе. - М.: Наука, 1984. – С. 264
- Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері. II том. Көне түрік бітік
тастары мен ескерткіштері (Орхон, Енисей, Талас). - Алматы: Дайк-Пресс, 2005. - 252 б.
- Қорқыт ата кітабы. - Алматы: Жазушы, 1986. - 32 б.
- Монғолдың құпия шежіресі ( ХІІ-ХІІІғғ көшпелілер шежіресі) Ауд. М.Сұлтанияұлы. - Алматы: Өнер, 1998 - 224 б
- Рашид ад-дин. Сборник летописей /Пер. с персидского Л.А. Хетагурова, ред. А.А Семенова. - М.-Л., 1952. - T.I. - Кн. 1. - С. 222
- Рашид ад-дин. Сборник летописей /Пер. с персидского О.И Смирновой, ред. А.А Семенова. - М.-Л., 1952. - T.I. - Кн. 2. - С. 316
- Материалы по истории Казахских ханств XV-XVIII веков (Извлечения из персидских и тюркских сочинений) /Сост.: С.К.Ибрагимов, Н.Н. Мингулов, В.П. Юдин. - Алма-Ата, 1969. – С. 652
- Қадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы /Шағатай-казақ тілінен
аударып, алғы сөзін жазғандар Н. Мингулов, Б. Көмеков, С. Өтениязов. Алматы, 1997.- 128 б.
- Әбілғазы. Түрік шежіресі. - Алматы: Ана тілі, 1992. - 208 б.
- Казахско-русские отношения в XVI-XVIII веках (Сборник документов и материалов). - Алма-Ата: АН Каз ССР, 1961. – С. 744
- Казахско-русские отношения в XVIII-XIX веках (1771-1867 годы). (Сборник документов и материалов). - Алма-Ата: Наука, 1964. – С. 575
- 100 құжат: қазақ хандыгы мен Чин империясы арасындагы қарым-қатынастарға байланысты құжаттар. - Алматы: Санат, 1998. - 176 б.
- История Казахстана в русских источниках в XVI-XX веков. Русские летописи и официальные XVI - первой трети XVIII в. О народах Казахстана. /Сост., транскрипция, комментарии, вступителная статья И.В.Ерофеевой. - Алматы: Дайк-Пресс, 2005. - Т. 2. – С. 448
- История Казахстана в русских источниках XVI-XX веков. Журналы и служебные записки дипломата А.И.Тевкелева по истории и этнографии Казахстана (1731-1759гг.) /Составление, транскрипция, скорописи XVIII в., историографический очерк и комментарии И.В.Ерофеевой. - Алматы: Дайк-Пресс, 2005. - Т. 3. – С. 484
- Батырлар жыры. Қырымның қырық батыры. (Мұрын жыраудан
жазылған мұралар). - Алматы, 1989. - Т. 5. - 348 б
- Бес ғасыр жырлайды ХҮ ғасырдан XX ғасырдың бас кезіне дейінгі
қазақ ақын-жырауларының шығармалары. 2-томдык /Құраст.: М.Магауин, М.Байділдаев. - Алматы: Жазушы, 1989. - Т.1. - 384 6.
- Смит А. Исследование о природе и причинах богатства народов. В 4-х томах. - М.,-Л., 1935. - Т.1-2.- С. 123
- Иванов M.C. Племена Фарса. Кашкайские, хамсе, кухгилуйе, мамсани. - М.: Изд-во АН СССР, 1961. - С. 172
- Жумагамбетов Т.С. Древнетюркский каганат: становление и развитие государственности. VI-VIII вв. - Алматы.: ААЭС, 2006. – С. 291
- Хазанов A.M. Кочевники и внешний мир. Алматы: Дайк - Пресс, 2000. – С. 604
- Акишев А. К. Костюм «золотого человека» и проблема катафрактария //Военное дело древних племен Сибири и Центральной Азии. - Новосибирск: Наука. Сиб. отд-ние, 1981. - С. 123-131.
- Самашев 3. Қазақ петроглифтері: көне тамыры мен сабақтастығы. -Алматы: «Иль-Тех-Кітап», 2005. - 134 б.
- Федоров-Давыдов Г.А. Искусство кочевников и Золотой Орды. - М.: Искусство, 1976. – С. 227
- Владимирцев Б.Я. Общественный строй монголов. Монгольский кочевой феодализм. - Л.: Издательство АН СССР, 1934. – С. 223
- Бернштам А.Н. Социально-экономический строй орхоно-енисейских тюрок VI-VIII веков. - М.-Л.: Изд-во АН СССР, 1946. – С. 207
- Абрамзон СМ. Киргизы и их этногенетические и историко-культурные связи. - Л.: Наука, 1971. - С. 403
- Федоров-Давыдов Г.А. Общественный строй Золотой Орды. - М., 1973 – С. 180
- Сафаргалиев М.Г. Распад Золотой Орды //В кн.: На стыке континентов и цивилизации... (из опыта образования и распада империй X-XVI вв.) - М., 1996. - С. 277-526.
- Тынышпаев М. Тандамалы. Избранное. - Алматы, 2001. - 163 б.
- Омарбеков Т. «Алаш» атауы туралы не білеміз? //Мына кітапта: Қазақ ру-тайпаларының тарихы. - Т. 10.: Найман. l-кітап. - Алматы, «Алаш» тарихи-зерттеулер орталығы, 2008. - 33-53 бб.
- Кляшторный С.Г., Султанов Т.Н. Казахстан: Летопись трех тысячелетий. - Алма-Ата, 1992. – С. 384
- Едіге батыр. - Алматы: Ғылым, 1995. - 152 б
- Исхаков Д.М. Родословные и эпические произведения как источник истории сословий Улуса Джучи и татарских ханств //Источниковедение Улуса Джучи (Золотой Орды). - Казань, 2002. – С.347
- Кляшторный С.Г. Древнетюркские рунические памятники как источник по истории Средней Азии /Ответственный редактор А.Н.Кононов. - М.: Наука, 1964.- С. 214
- Артамонов М. И. История хазар.2-ое изд. - Л.: Изд-во Гос. Эрмитажа, 2002. - С. 560
- Қазақ Совет энциклопедиясы. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1973. Т.2. - 640 6.
- Большая Советская Энциклопедия. /Гл. ред. В.Г. Панов. М.: Сов. энциклопедия, 1990. - Вып. 34. - С. 556
- Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. - Алматы: Ғылым, 1976. - Т.2. - 695 б.
- Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы /Бас. ред. Нысанбаев Ә.А. -Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1999. - Т.2. - 720 б.
- Ерофеева И. Батыры как феномен истории казахского народа //Казахстанская правда. - 1992. - 25 сентября.
- Қозыбаев М. Жауды шаптым ту байлап. - Алматы: Қазақстан, 1994. - 192 б.
- Зеланд Н. Қырғыздар. Батыс Сібір бөлімінің жазбалары //Қазақтар. Қазақстан һәм қазақтар хақында. - Алматы, 1998. - 432 б.
- Толыбеков С.Е. Кочевое общество казахов в ХҮІІ- начале ХХ века. - Алма-Ата, «Наука» 1971. – С. 620
- Артықбаев Ж. XVIII ғасырдағы қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы: Тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған дисс. - Алматы, 1997. - 501 б.
- Марков Г.Е. Кочевники Азии. Структура хозяйства и общественной организации. - М.: Изд-во Московского университета, 1976. - С. 321
- Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах.. - Алма-Ата: Наука, 1985. - Т.4 – С. 461
- Вяткин М. Султаны и бии //Қазақтың ата заңдары. Құжаттар, деректер және зерттеулер. - 10 томдық /Бас ред.: СЗ. Зиманов. - Алматы, 2004. - Т. 2. - 213-217 бб.
- Алмас кылыш: батырлар жыры /Құраст. С. Дәуітұлы. - Алматы: Жалын, 1993. – 224 б
- Басин В.Я. Россия и казахские ханства в XVI-XVIII вв. - Алма-Ата: Наука, 1971. – С. 273
- Абдиров М. Завоевание Казахстана Царской Россией и борьба казахского народа за независимость. - Астана: Елорда, 2000. – С. 302
- Тоқтабай А. Барымта - батырлық мектебі //Отан тарихы. - 2007. - №3. -186-194 бб.
- Мажитов С.Ф. Проблемы истории, теории и историографии народно-освободительного движения ХҮІІІ-начала XX вв. в Казахстане. - Алматы: Мектеп, 2007. – С. 350
- Алдаспан. - Алматы: Жазушы, 1971. - 241 б.
- Қазақ халық әдебиеті. Көп томдық. Батырлар жыры. - Алматы: Жазушы, 1989. - Т.4. - 400 б.
- Нұралыұлы О. Сабалақ-Абылай хан: Тарихи дастан /Дайындаған Қ.Нұралин //Жұлдыз. - 1992. - №7. - 145-156 бб.
- Ақжолтай Ағыбай батыр. - Жезкдзған, 1992. - 180 б.
- Картаева Ш.Е. Қазақ халқының әскери өнері және жауынгерлік дәстүрі (XV-XVI ғғ.): тарих ғыл. канд. ғыл. дисс. - Алматы, 1999. - 157 б.
- Қазақстан тарихы көне замандардан бүгінге дейін. Бес томдық. -Алматы, 2002. - Т. 3. - 768 б.
- Құнтөлеуұлы А. Әбілқайыр хан. - Алматы.: Дәуір, 2008. - 600 б.
- Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. - Алматы: Ана тілі, 1993. - 17 б.
- Иоллығтегін. Күлтегін. Көне жазба ескерткіштері. - Алматы: Жалын, 1986.-78 б.
- Оразбаева А. Дәстүрлі казак қоғамына тән билер институты. - Алматы: Дайк-Пресс, 2004. - 206 б.
- Үш Пайғамбар. - Алматы: Дәуір, 1992. - 184 б.
- ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары /Ред. Ы. Т. Дүйсенбаев. - Алматы: ҚазССР FA басп., 1962. - 421 б.
- Кузнецов B.C. Цинская империя на рубежах Центральной Азии. -Новосибирск: Наука, 1983.- С. 120
- Гуревич Б.П. Международные отношения в Центральной Азии в XYII — первой половине XIX в. - М.: Наука, 1983. – С. 309
- Сулейменов Р.Б. Моисеев В.А. Из истории Казахстана XYIII века. -Алма-Ата: Наука, 1988. – С. 144
- Мұқаметқанұлы Н. Тарихи зерттеулер /Аударған А. Қожабеков -Алматы: Жалын, 1994. - 144 б.
100. ҚаназовМ. Жанқожа батыр //Жұлдыз. - 1991.
- №12. - 139-148 бб.
101. Төреқұлов Н. Қазақтың би-шешендері. -
Алматы: Жалын, 1993. - 400 б
102. Тойнби А.Д. Постижение истории. - М.:
Прогресс-Культура, 1996. – С. 608
ҚОСЫМШАЛАР
«Ер Көкшенің ұлы Ер Қосай» жырын
математикалық метод бойынша талдау
Мұрын жыраудың
айтуынан жазылып, көп томдық
батырлар жырының алтыншы томына
енгізіліп отырған «Жеке батарлар»
цикліндегі «Ер Көкшенің ұлы Ер Қосай» жырының өзге нұсқалары
да аз емес. Бұл жырды кезінде В.В.Радлов
қазақ тілінде, Г.Н.Потанин орыс тілінде
жариялады. Ер Қосай есімі Ш.Уалиханов
еңбектерінде де кездеседі, әсіресе, ғалым
Көкшетау окрегінің Қойлы – Атығай болысының
қазағы Арсланбай орындауында «Эркокче-Эркосай»
жырын естігені жайында жазады. Және ол
жырды жазып алмағаныныа өкініш білдірген.
Кеңес дәуірінде «Ер
Көкше», «Ер Қосай» жырлары қолжазба қорына Қазақстанның
көптеген облыстарынан жиналған: 1) 1983ж
Асайын Хангелдин тапсырған «Ер Қосай
жыры». 2) 1947ж Мұрын жыраудан оның баласы
Дәуітбай Мұрынов жазып алып тапсырған
«Ер Көкшенің ұлы Ер Қосай». 3) 1922ж А.Хангелдин
Қалкай молдадан жазып алған «Ер Қосай»
жыры. 4) Құрбанбай жыраудан түскен «Ер
Қосай» жыры. 5) 1947ж Айнаш Шамшатова тапсырған
«Ер Қосай» ертегісі. 6) 1948ж Ә.Қоңыратбаевтың
М.Сембайұлы айтуынан жазып алып тапсырған
«Көкше туралы жыр». 7) 1948ж Мұрын жырау
айтуынан А.Хангелдин жазып алған «Ер
Қосай аталатын үзінді, т.б.
«Ер Көкшенің ұлы Ер Қосай жыры» – ел арасында
ең мол таралған, қазақ халқының өте қадірлеп,
сүйіп тыңдайтын жырларының бірі Ол арқылы
сол дәуірдегі қоғамның ішкі-сыртқы жағдайын,
әлеуметтік қарым-қатынасын, тұрмыс-салтын,
сенім-нанымдарын түсінуге, әсіресе, контент
талдау әдісін пайдалану арқылы көптеген
тарихи-этнографиялық мәліметтер алуға
болады.
Сондықтан эпостарды
зерттеуде контент немесе сандық
талдау әдістерін пайдалану шығармалардың
мазмұндық талдауын тереңдетіп, олардың
тарихилығын немесе таза көркем шығарма
екендігін анықтауға мүмкіндік береді. «Ер Қосай» жырының текстерінде
сандық талдауды қолданғанда мына төмендегі
жағдайларға баса көңіл аударылды. Олар:
- эпостың сөздік жиілігін құру;
- берілген сөздерді іздеу және олардың текстегі санын есептеп шығару;
- осы сөздердің қарым-қатынасын анықтау;
- корреляция коэффщенттерінің кестесін құру;
- стъюдент коэффиценттерініц кестесін құру;
- жырдың хронологиялық шеңберін анықтау;
Деректерді барынша
мұқият зерттеу және нақты нәтижелерге
жету үшін тексте кездесетін терминдер
бір жолдың немесе үш жолдың, сондай-ақ, бір сөйлемнің немесе үш сөйлемнің
ішінен іздестірілді.
Аталған мақсаттарға
жету үшін «Ер Қосай» эпосы текстік
редакторының көмегімен ІВМ РС түріндегі
дербес компьютерге енгізілді. Қойылған
міндетті шешу үшін тексті «жөндеу» BASIC
тілімен жазылған SrchkorrLexkaz бағдарламасының көмегімен
жүзеге асты. Сөйтіп жырдағы қолданылған
сөздердің толықтай және алфавиттік ретіне
қарай сандарын анықтайтын жиілік сөздігі
жасалды (оны 1-қосымшадан көруге болады).
1-қосымша. «ЕР ҚОСАЙ» ЖЫРЫНЫҢ ЖИІЛІК
СӨЗДІГІ
Эпоста барлығы 3436 сөз қолданылған, оның
ішінде мына әріптерге бөлінді:
«А» – 2545;
«Ә» – 45;
«Б» – 453;
«Г» – 154;
«Ғ» – 291;
«Д» – 1099;
«Е» – 1566;
«Ж» – 304;
«З» – 198;
«И» – 71;
«К» – 480;
«Қ» – 783;
«Л» – 913;
«М» – 553;
«Н» – 1214;
«Ң» – 363;
«О» – 588;
«Ө» – 190;
«П» – 388;
«Р» – 834;
«С» – 960;
«Т» – 715;
«У» – 135;
«Ұ» – 174;
«Ү» – 151;
«Х» – 18;
«Һ» – 1;
«Ш» – 227;
«Ы» – 1346;
«І» – 988.
«Я» – 45.
Бұдан текстегі тарихи категорияларды
талдаудың қажеттігі туады. Жырдағы тарихи категорияларға мыналарды
енгізген жөн:
- географиялық жер аттары;
- жеке адамдардың есімі;
3. адам әрекетінің нақты қырларын анықтайтын
сөздер. Бұл жерде батырлық эпос қарастырылып
отырғандықтан адамдардың негізгі әрекеттері
ұрыс қимылдары болып табылады.
4. қазақ халқының өзіне тән ерекшеліктерін
анықтайтын категориялар (руларға, туыс-жекжаттыққа
қарай бөлінуі).
5. діни терминдер және тағы басқалары.
Эпостың өзіндік ерекшелігін мейлінше кеңірек айқындайтын тарихи
категория таңдап алынды. Мұнда барлық
мәндес және мағыналары жақын сөздер де
ескерілді. Олар: Ер Қосай, Көкше, Қарабек,
Сарыбай, Селме-селім, Есен, Серек, қазақ,
ноғай, Алаш, батыр, ер, ел, дос, хан және
тағы басқалар.
2-қосымша
ТАРИХИ КАТЕГОРИЯЛАР
Георграфиялық
жер атауы:
Қырым – 3
Сүмбетемір – 3
Ақшағыл – 1
Үшхан – 1
Үш бөкембай – 1
Қарабұлақ- 1
Жеке есімдер:
Ер Қосай – 28
Қосай – 97
Көкше – 14
Қарабек – 21
Сарыбай – 31
Селме-селім – 6
Есен – 3
Серек – 2
Жез тұяқты жиренше/жиренше
– 8/12
Күміс тұяқты күреңше
– 8
Адам әрекетінің
нақты қырлары:
Оқ – 9
Садақ – 1
Найза – 7
Жебе – 0
Семсер – 1
Қылыш – 5
Қорамсақ – 0
Шайқас – 0
Сауыт- 5
Шапқыншылық – 0
Шапқан – 7
Жау – 5
Соғыс – 1
Қазақ халқының
өзіне тән ерекшеліктерін анықтайтын
сөздер: