Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 13:03, дипломная работа
Диплом жұмысының деректік негіздері. Мәселенің деректік негізін қарастыру барысында тақырыпқа қатысты деректерді негізінен екі топқа бөліп карастырдық:
1. Жазба деректер мәліметтері
2. Ауызша деректер мәліметтері
Бірінші топты құрайтын жазба дерек мәліметтерінің өзін өз ішінде екі топқа - ортағасырлық жазба деректер мен орыс тіліндегі құжаттары мен қолжазбалар деп жіктедік. Себебі, ортағасырлық жазба деректер негізінен дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлар институтының генезисін, қалыптасуы мен даму жолдарын, өзіндік ерекшеліктерін талдау барысында маңызды орын алады.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
І ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ БАТЫРЛАР ИНСТИТУТЫНЫҢ
ТАРИХИ БАСТАУЛАРЫ МЕН ЭВОЛЮЦИЯСЫ
1.1 Батыр институтының пайда болуы, тарихи эволюциясы ...........................12
1.2 «Батыр» ұғымы мен мәні және батырлардың қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымындағы орны ................................................................22
1.3 Батырлар институты қоғамдық қатынастар жүйесінде...............................32
ІІ БАТЫРЛАР ИНСТИТУТЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ
БЕДЕЛІНІҢ АРТУЫ
2.1 Батырлар институының ішкі саяси-қоғамдық қызметі................................42
2.2 Батырлар институтының сыртқы саяси қызметі..........................................49
2.3 Батырлар инситутынның трансформацияға ұшырауы................................59
ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................63
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................65
ҚОСЫМШАЛАР.................................................................................................70
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
І ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ БАТЫРЛАР ИНСТИТУТЫНЫҢ
ТАРИХИ БАСТАУЛАРЫ МЕН ЭВОЛЮЦИЯСЫ
1.3 Батырлар институты қоғамдық қатынастар жүйесінде.....................
ІІ БАТЫРЛАР ИНСТИТУТЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ
БЕДЕЛІНІҢ АРТУЫ
2.1 Батырлар институының ішкі саяси-қоғамдық қызметі.......................
2.2 Батырлар институтының сыртқы саяси қызметі.......................
2.3 Батырлар инситутынның трансформацияға
ұшырауы.......................
ҚОРЫТЫНДЫ ..............................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................
ҚОСЫМШАЛАР....................
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Әр халықтың тарихында оның даму ерекшелігін сипаттайтын құрылымдар болады. Қазақ халқының ұлттық болмысын айқындайтын ерекшеліктердің бірі – батырлар институты. Батырлар әр халықта және әр тарихи кезеңде ерлік пен елдіктің басында тұрғандығы сөзсіз. Қазақтың ұлт ретінде қалыптасып, мемлекеттілігін дамытып, оны сақтап қалуда олардың қосқан үлесі, жанкешті іс-әрекеттері ел алдында болды. Қазақстандық тарихнамада батырлардың әлеуметтік категория ретіндегі орны біршама қарастырылғанымен олардың қазақ қоғамындағы айрықша құрылым болып қалыптасуы мен дамуына арналған арнайы зерттеулер жоқ. Егемендік жылдарында ел тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ батырлары жайында көптеген еңбектер жарық көрді. Дегенмен де олар жекелеген батырлар тарихына арналуына байланысты батырлар институтын кешенді зерттеуді жүзеге асыра алмады.
Тарих ғылымында батырлар жеке тұлға ретінде ғана қарастырылып, батырлық адамның жеке басының қасиеті саналып, бұл ұғымдардың тарихи және әлеуметтік мәні ғылыми тұрғыдан толық зерттелмеген. Ежелгі дәуірден-ақ барлық қоғамдарда әскери адамдар тобы болғаны белгілі және олардың басты қызметі сол қоғамды қорғаумен тығыз байланысты болды. Бірақ сонымен бірге әрбір қоғамның даму деңгейіне байланысты әскери қызметтің өзіндік ерекшеліктері де болды. Көшпелі халықтардың тарихи-мәдени дамуының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты елдің қауіпсіздігін, мемлекеттің тәуелсіздігін, ел ішіндегі қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттілігі көшпелі қоғамда да әскери іспен кәсіби тұрғыда айналысатын адамдардың пайда болуын, олардың осы қоғамдық функцияларды атқаруды өз міндетіне алу барысында жеке әлеуметтік жік ретінде қалыптасуына әкелді. Басқа халықтарда әскери сословие өкілдерін "самурай", "рыцарь", "кшатрий" деп өзіндік атауымен атағаны сияқты дәстүрлі қазақ қоғамындағы кәсіби әскерилер әлеуметтік жігінің өкілдері "батырлар" деп аталды.
Соғыс ісі батырлардың негізгі кәсібі болғанмен, бұл кәсіптің басты мақсаты Отанды жаудан қорғау, елді шет басқыншылардан азат ету, халықтың қонысын, жерін кеңейту, тұтқында кеткен отандастарын азат ету, жау қолынан қаза тапқан ата кегін кайтарумен ерекшеленеді. Бірақ, тарих ғылымында көшпелі халықтардың тарихына деген еуропацентристік көзқарастың үстем болып келуіне байланысты, олар «адамзаттың арамтамақтары» ретінде тек отырықшы-егінші өркениет ошақтарын қиратушылар ретінде ғана бағаланды. Ұзақ уақыттар бойы көшпелі халықтардың қоғамдық-саяси және әлеуметік институттарының дамуына байланысты қарама-қайшылықты пікірлер басым болып келді. Тіпті, дәстүрлі қоғамға тән билер, батырлар институттары көшпелі және жартылай көшпелі қоғамның өзіне тән ғана мәдени-әлеуметтік тарихи тамыры мен осы мәдени-әлеуметтік тамырдың ерекшелігін ескерусіз қарастырылып, мәселен дәстүрлі қазақ қоғамындағы батыр атауы тек құрметті атақ деген сияқты ғана пайымдаулар жасалды.
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлардың ерекше әлеуметтік топ ретінде өзіндік идеологиясы, қоғамдық функциясына, қызметіне байланысты тек өздеріне тән өмір сүру салты, жауынгерлік салт-дәстүрі, басқа әлеуметтік жіктермен ара катынасын реттейтін әлеуметтік нормалары, этикасы және т.б. ерекшеліктері қалыптасты. Батырлардың ерекше әлеуметтік жік ретіндегі басты ерекшелігі - олардың тек қана әскери кәсіппен айналысуынан көрінеді. Бұл туралы құнды мәліметтер қазақ ауыз әдебиетінде - эпос, жырларда, жыраулар поэзиясында, батырлық ертегілерінде және т.б ауыз әдебиеті деректерінде тамаша көрініс тапқан. Батырлар жырында елін сыртқы жаудан қорғау идеясы бейнеленіп қоймайды, сонымен бірге халықтың дүниетанымы, өзі туралы ұғым-түсінігі, моральдық-этикалық ұстанымдары, қаһармандық идеалы, салт-санасы, өмірді өзіндік қабылдау ерекшелігі т.б. этникалық сипаттары бейнеленеді. Сондықтан дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлар институтын осындай халықтың рухани құндылықтар жүйесіндегі өзіндік алар орнымен бірге қарастыру қажет.
Осы орайда «батыр» сөзінің мәні мен қазақ қоғамындағы батырлар институтының генезисінен қалыптасуына дейінгі эволюциясының ерекшелігін, қалыптасуын, дәстүрлі қазақ қоғамының ішкі саяси-әлеуеметік құрылым мен сыртқы қарым-қатынастар саласындағы өзіндік қызметінің жан-жақты қырлары мен қоғамдық-рухани құндылықтар жүйесіндегі орнын қарастыру керек.
Қазақ қоғамындағы батырлар институтының атқарған функциялары олардың дәстүрлі қоғамының саяси элитасының ажырамас бір бөлігі болғанын көрсетеді. Батырлар институты қазақ қоғамындағы әскери істің, мемлекеттік басқарудың және мәдени дамуға елеулі үлес косқан әлеуметтік институттың бірі болды. Батырлар институтының тарихи ролі мен маңызын тек қана әскери тұрғыдан зерделеу дұрыс емес. Батырлардың қазақ қоғамының саяси-қоғамдық, әлеуметтік-этникалық және мәдени өміріндегі маңызына ерекше назар аудару қажет.
Сондықтан да батырлар институтына
тән қызметтерді жан-жақты
Диплом жұмысың нысаны - қазақ қоғамындағы батырлар институтының саяси, әлеуметтік қызметі мен қоғамдық қатынастар жүйесіндегі орны мен рөлін зерттеу болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Дәстүрлі қазақ қоғамына тән батырлар институты тарих ғылымында әлеуметтік институт ретінде кешенді түрде зерделенбегенімен еліміздің саяси-әлеуметтік даму тарихын, жекелеген тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін саралауға арналған ізденістерде көрініс тапқан. Ол зерттеу жұмыстарын Батыс Еуропа және Ресей тарихшылары мен саяхатшыларының, ресейлік басқару жүйесі шенеуніктерінің еңбектері, XIX ғасырдың II жартысы мен XX ғасырдың басындағы қазақ ұлттық зиялыларының еңбектері, кеңес дәуірі кезеңіндегі зерттеулер және еліміз егемендігін алғаннан кейін жарияланған қазақстандық тарихшылар еңбектері деп бөліп қарастырған жөн. Қазақ қоғамында ғана өте ерекше мәнге ие болған батырлар институтының кейбір мәселелері XVIII ғасырдан бастап орыс патшасының отарлау саясатына байланысты қазақ даласына ене бастаған орыс зерттеушілері мен саяхатшыларының еңбектерінде көрініс берген. Мәселен, И.Г. Андреев [1], Е.К. Мейендорф [2], А.И. Левшин [3] еңбектерін атап өтуге болады.
Орта жүз қазақтары туралы этнографиялық еңбектің авторы И.Г. Андреевтің еңбегінде қазақ батырларының қоғамдық-саяси өмірдегі әртүрлі қызметтері туралы мәліметтер бар [1, 112 б.].
Е.К. Мейендорфтың Орынбордан Бұхарға барған сапарында жинаған материалдарының жазбасында қазақтарды негізінен ақсақалдар, билер, батырлар, сұлтандар мен хандар басқарады дей келе: «... батырами называют людей храбрых, справедливых и предпримчивых, во время войны это наездники», - деп анықтама береді [2, 41 б.].
Осы кезеңде қазақ тарихындағы батырлар немесе батырлық кезеңіне Шоқан Уәлиханов та назар аударды. Ол өзі өмір сүрген кезеңдегі қазақ қоғамы мен оның билеушілері жайында жазған еңбектерінде «батырлық» терминіне тоқталып «Батыр – ең маңызды және беделді тұлға, ол соғыста жолбарыстай айбарлы, арыстандай қайратты болуы тиіс. Ол - айтқан сөзі халыққа өтетін, елге ең сыйлы адам», - деп анықтады. Ш. Уәлиханов ең алғаш болып қазақ батырлары жөнінде аңыз әңгімелерді хатқа түсіріп, батырлардың тек қазақ қоғамына тән өзіндік орны мен рөлі туралы құнды тұжырымдар қалдырған. [4].
Батырлар институтының
тарихын зерттеуге қатысты
Ал, X. Досмұхамедұлы еңбегінде батырл
XX ғасыр басындағы көрнекті
Ал, кеңестік кезеңдегі зерттеушілердің ішінен ең алғаш С.Асфендияровтың еңбегінде батырларды билеуші феодалдық ақсүйектердің тобы ретінде көрсете отырып, хандардың әскери жасағы - батырлар олжаның ең көп белігін иеленіп отырды және т.б.көптеген артықшылықтарды пайдаланды деп жазады [8, 90 б.]. Әрине . Асфендияровтың бұндай көзқарасы таптық тұрғыдан тұжырымдалғанына қарамастан, зерттеуші бірінші рет батырларды әлеуметтік топ ретінде қарастырғанын атап өтуіміз қажет.
XVIII-XIX ғасырдың алғышқы жартысындағы
қазақ қоғамына тән батырлар
институтының зерттелуіне
Дәстүрлі қазақ қоғамына тән батырлар институтының зерттелу тарихында М. Вяткин еңбектерінің маңызы зор. Зерттеуші батырлардың түркі халықтарының бәрінде кең таралғандығын жаза келе, дегенмен ол тек дәстүрлі қазақ қоғамына ғана тән ерекше құбылыс ретінде көрініс берді деп бағалайды. Бірақ зерттеуші «батыр» терминін әлеуметтік-таптық мәні жоқ ұғым ретінде қарастырып, XVIII ғасырлардағы тарихи кезеңдегі батырлардың қоғамдық сипаты (общественная природа) анықтау жөн деген тұжырымға келеді [11, 115 б.]. Тарихты таптық тұрғыдан ғана қарастырған зерттеушінің дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлардың «ақсүйек», «қарасүйек» өкілдерінен де шығуы, олардың аса бай немесе жалғыз атты кедей ретінде де өмір сүруіне байланысты өзіндік ерекшелігін талдаудағы басты ұстанымының қате болғаны белгілі.
XVIII ғасырдағы қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы, әлеуметтік терминдер мен категориялар, соның ішінде батырлар институтының өзіндік ерекшеліктері Н.Г. Аполлованың зерттеулерінен көрініс тапқан. XVIII ғасырдың 30-40 жылдарындағы Қазақстаның Ресейге қосылу тарихын зерттей отырып, аталған кезеңдегі қазақ хандығының саяси құрылымын арнайы тарау ретінде қарастырады. Зерттеуші хан билігі, халық жиналысы хан сайлау дәстүрі, ақсақалдар мен билер кеңесі, сондай-ақ батырлардың саяси, әлеуметтік функцияларын талдайды. XVIII ғасырдың алғашқы жартысында қазақ қоғамында батырлардың рөлі күрт өскеніне тоқтала отырып, олардың тек әскери жорықтар кезінде ғана емес, бейбіт кезеңдерде де елшілер, ақсақалдар кеңесінің белді мүшелері ретінде маңызды рөл атқарғандарын атап өткен [12].
Дәстүрлі қазақ коғамына тән батырлар институтының зерттелуінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жылдары жарық көрген, жоғарыдағы теориялық, әдіснамалық ұстанымдарды талдау негізінде жарық көрген еңбектер жатады. Біз қарастырып отырған мәселеге байланысты К.Л. Есмағамбетов [13-14], Ж.Қ. Қасымбаев [15], М.Ж. Абдиров [16], И.В. Ерофеева [17],- Қ.С. Қаражан [18], еңбектерін атап өтуге болады. К.Л. Есмағамбетов еңбектерінде ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ батырлары, олардың тархандық құқықтары туралы шет елдік зерттеушілердің еңбектері талданған. Ж.Қ. Қасымбаев, М.Ж. Абдиров еңбектерінде патша үкіметінің қазақ даласында жүргізген отарлау саясатының салдарлары ұлт-азаттық күрестер, қазақ жеріндегі орыс-қазақ әскерлерінің тарихы мәселелері қарастырылғанымен, бұл зерттеулер біздің тақырыбымыз үшін де маңызды бола түспек. К.Л. Есмағамбетов қазақ қоғамына тән батырлар институтын «қазақ мемлекеттілігімен бірге жасасып, қалыптасқан, күрделі эволюциялық даму жолын бастан кешірген ерекше құбылыс», - деп бағалайды [14, 21 б.]. Тарихшы-ғалым Қ.С. Қаражан «ХУІІ-ХУШ ғасырлардағы ұзаққа созылған қарулы қақтығыстар, көрші мемлекеттердің сыртқы саясаты қазақ қоғамындағы билер мен қазақ жасақтарының басшылары - батырлардың беделінің одан әрі арта түскендігін айта келіп, олардың көшпелі халықтардың әскери дәстүрін сақтап, жалғастырушылар»-болғанын тарихи деректермен дәйектейді. [18,80 б.].