Батырлар институты

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 13:03, дипломная работа

Описание работы

Диплом жұмысының деректік негіздері. Мәселенің деректік негізін қарастыру барысында тақырыпқа қатысты деректерді негізінен екі топқа бөліп карастырдық:
1. Жазба деректер мәліметтері
2. Ауызша деректер мәліметтері
Бірінші топты құрайтын жазба дерек мәліметтерінің өзін өз ішінде екі топқа - ортағасырлық жазба деректер мен орыс тіліндегі құжаттары мен қолжазбалар деп жіктедік. Себебі, ортағасырлық жазба деректер негізінен дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлар институтының генезисін, қалыптасуы мен даму жолдарын, өзіндік ерекшеліктерін талдау барысында маңызды орын алады.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

І ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ БАТЫРЛАР ИНСТИТУТЫНЫҢ
ТАРИХИ БАСТАУЛАРЫ МЕН ЭВОЛЮЦИЯСЫ
1.1 Батыр институтының пайда болуы, тарихи эволюциясы ...........................12
1.2 «Батыр» ұғымы мен мәні және батырлардың қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымындағы орны ................................................................22
1.3 Батырлар институты қоғамдық қатынастар жүйесінде...............................32
ІІ БАТЫРЛАР ИНСТИТУТЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ
БЕДЕЛІНІҢ АРТУЫ
2.1 Батырлар институының ішкі саяси-қоғамдық қызметі................................42
2.2 Батырлар институтының сыртқы саяси қызметі..........................................49
2.3 Батырлар инситутынның трансформацияға ұшырауы................................59
ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................63
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................65
ҚОСЫМШАЛАР.................................................................................................70

Работа содержит 1 файл

ДИПЛОМНАЯ Работа2.doc

— 223.50 Кб (Скачать)

Аталған зерттеушілердің  ішінде И. Ерофееваның зерттеулерін ерекше атап өтуге болады. Зерттеуші батырлардың қазақ қоғамының әлеуметтік стратификациясы мен потестарлық-саяси ұйымдасуындағы орнына баса назар аударады. Сондай-ақ XVIII ғасырдың басында қазақ қоғамындағы батырлардың ролінің артуын сыртқы саяси жағдайдың шиеленісуі мен қазақтардың әлеуметтік ұйымдасуындағы әскери-потестарлық құрылымдардың рөлінің өсуімен байланыстырады [17, 33-35 бб.].

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі  жылдары жарық көрген еңбектер қатарында батырлар институтының алғышарттары мен қалыптасуы мәселесін қарастыруда іргелі тарихи еңбектер қатарына т.ғ.д., профессор Қуаныш Сүлейменұлы Қаражан және жазушы Қуанышпай Құрманғали басшылығымен құрастырылып, баспадан қайта басылып шыққан патша әскерінің генерал-лейтенанты М.И. Иваниннің «О военном искусстве при Чингисхане и Тамерлане» атты еңбегінен өз замандарының заңғар әскери қолбасшылары бола білген Шыңғыс хан мен Әмір Темірдің осындай жоғары білікті саясаткерлер деңгейіне көтерілуіне мол әскери қолдың болуы шарт емес, керісінші әскери тактика мен жеке бастың ерлігі, батылдығы арқылы қол жеткізгендігіне көз жеткізе аламыз. [19].

Батырлар институтының кейбір мәселелерін зерттеу А.К. Кушкумбаев [20], Қ. Ахметжанов [21], сынды зерттеушілердің қазақ халқының соғыс өнері мен жауынгерлік дәстүріне арналаған еңбектерінде орын алған.

Батырлар институтының қалыпстауы, оның негізгі атқарған қызметтері туралы тың тұжырымдар соңғы жылдар жарық көрген Н.А. Абдоллаев, Е.С.Сатыпалды [22], Г.Қайырғалиева [23] М.Дауытбекованың [24], ғылыми мақалаларда көтерілген. Бұл мақалаларда батырлардың саяси, экономикалық функциялары, қоғамдағы рөліне қатысты мәселелер көтерілді.

Қазақ батырларының халқымыздың  азаттық жолындағы күресі, жекелеген  ұлт-азаттық көтерілістер, жауынгерлік қасиет пен әскери-соғыс өнері мәселелері мен әлеуметтік құрылымдар кейінгі жылдардағы бірқатар зерттеу жұмыстарында көрініс тапты. А.Оразбаеваның [25],  Ө.И.Исеновтың [26] зерттеулерінде біз қарастырып отырған мәселе нақты болмағанымен жанама түрде қамтылып өтеді.

Қазақ қоғамындағы батырлар институты  туралы зерттеулерге талдау жасау барысында  эпостардың, батырлар жырларының зерттелуіне  тоқталмай кетуге болмайды. Негізінен  батырлар жырының әдеби-филологиялық тұрғыдан зерттелгені белгілі. Сондықтан біз бұл зерттеулердің батырлар институтының рухани қызметін талдауда маңыз зор. Эпостарды жан-жақты зерттеу, ғылыми тұрғыдан саралауда Ә. Марғұлан [27], М. Ғабдуллин [28], Ә. Қоңыратбаев [29], Ә. Қайдаров [30] және т.б. отандық зерттеушілер мен қатар түркі-моңғол халықтарының эпос мұрасы бойынша жан-жақты зерттеулер жүргізген В. Жирмунский [31],  Р. Липец [32], және т.б. еңбектерінің батыр бейнесі мен оның өзіндік ұстанымдары, ар-намыс кодекстері, бет-бейнелері туралы тұжырымдары біздің зерттеу мәселеміздің тарихнамасында маңызды орын алады.

Диплом жұмысының деректік негіздері. Мәселенің деректік негізін қарастыру барысында тақырыпқа қатысты деректерді негізінен екі топқа бөліп карастырдық:

1. Жазба деректер мәліметтері 

2. Ауызша деректер мәліметтері

Бірінші топты құрайтын жазба дерек мәліметтерінің өзін өз ішінде екі топқа - ортағасырлық жазба деректер мен орыс тіліндегі  құжаттары мен қолжазбалар деп жіктедік. Себебі, ортағасырлық жазба деректер негізінен дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлар институтының генезисін, қалыптасуы мен даму жолдарын, өзіндік ерекшеліктерін талдау барысында маңызды орын алады.

  Түркі халықтарының жазба мәдениетінің ең көне нұсқалары болып табылатын Орхон-Енисей жазбалары [33] мен Қорқыт ата кітабында [34] кездесетін мәліметтер қазақ қоғамының ежелгі және ортағасырлар дәуіріндегі қоғамдық-әлеуметтік және саяси қарым-қатынастардың ерекшеліктерін анықтауда мүмкіндік береді.

Сонымен қатар моңғол шапқыншылығы мен моңғол үстемдігі дәуіріне қатысты ортағасырлақ шығармалардың да маңызы зор. Мәселен, «Моңғолдың құпия шежіресі» [35] мен Рашид ад-Диннің «Жылнамалар жинағында» [36] моңғолдық баһадүр сөзі жиі пайдаланылып, бұл титулды нойан, бек және т.б. иеленгендері туралы мағлұматтар мол келтірілген.

Ортағасырлық дерек авторлары еңбектерінен біз моңғол үстемдігі тұсында қалыптасқан әскери-әкімшілік құрылым жүйесінде біршама уақыт бойы өзінің бұрынғы қоғамдық-саяси өмірдегі ықпалынан айырылған батырлар рөлінің ХІҮ ғасырдың екінші жартысынан бастап қайтадан қуаттана бастағанын байқаймыз.

Ортағасырлар дәуіріннен бастап-ақ батырлардың ықпалды күш ретінде көрініс бергенін авторы белгісіз «Тауарих-и гузида-ий нусрат-нама» [38], Осман Кухистанидың «Тарих-и Абулхайр хани» [38] шығармаларын қарастыру барысында көз жеткізе аламыз. Мәселен, «Тарих-и Абулхайр-хани» еңбегінде «көшпелі өзбектер» ханы Әбілхайырдың «қазақшылық» құрып жүрген кездерінен бастап оның атақ-даңкы өскен кезеңдерде де оны қолдаған тархан, қожа, бек, билермен қатар белгілі атақты баһадүрлердің де есімдері нақты аталып көрсетіледі [38].

Біздің зерттеу жұмысымыздың деректік негіздерін талдағанда Қ.Жалайыри [39] мен Әбілғазы Баһадүр ханның «Түрік шежіресі» [40] еңбектерін де атап өту орынды. Дегенмен көріп отырғанымыздай, ортағасырлық жазба деректер көшпелілер қоғамындағы батырлардың тек қазақ қоғамында ғана ерекше мәртебеге ие болып жеке институт ретінде қалыптасу эволюциясын қарастырғанда нақты деректер ретінде рөл атқаратынына көз жеткіземіз.

Ал, қазақ қоғамындағы  батырлар  институтының қызметтерін  талдауда осы кезеңге жататын орыс тіліндегі құжаттары - Ресей әкімшілігі шенеуніктерінің күнделіктері, есептері, хаттары және т.б. құжаттар болып табылады. Міне, осы деректер тақырыбымызға қатысты жазба деректердің екінші тобын құрайды. «Казахско-русские отношения в XVI-XVIII веках» [41], «Казахско-русские отношения в XVIII-XIX веках» [42], 1998 жылы Қытай деректері негізінде жарияланган «100 құжат» [43] және соңғы кездегі Қазақстан Республикасы үкіметінің «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 2007 жылы жарияланган «История Казахстана в русских источниках XVI-XX веков» [44-45] еңбектерде батырлар институтының ішкі саяси және әлеуметтік, елшілік қызметтері жөнініде нақты деректер топтастырылған.

Зерттеу жұмысымыздың деректік негізінің екінші үлкен тобын ауыз әдебиеті материалдары немесе ауызша деректер тобы құрайды.

Дәстүрлі қазақ қоғамындағы  батырлар институтына тән ұғымдық категориялар, мысалға, «кек алу», «ант беру», «олжа», «сауға» және т.б. өзіндік ерекшеліктері мен батырлардың рухани бет-бейнесі мен қызметінің халқымыздың рухани құндылықтар жүйесіндегі орнын қарастыруда ауыз әдебиеті деректерінің маңызы өте зор. Себебі, халықтың өзімен бірге жасасқан, оның іші-болмысымен біте-қайнасып кеткен ауызша тарих айту дәстүрі ұлттық болмыс пен оның ерекшеліктерін түсінуге көмектеседі.

Сондықтан біз, өз зерттеуімізде батырлық жырлар мен тарихи жырларды негізгі деректер ретінде кеңінен қолдандық. Мәселен, «Едіге», «Нұраддин», «Едіге мен Тоқтамыс» сияқты тарихи жырлар топтамасын Мұрын жырау және т.б. нұсқалары бойынша жазып алынған «Қырымның қырық батыры» жинағы арқылы пайдаландық [46]. Сол сияқты «Бес ғасыр жырлайды» [47] жинақтарының да маңызы зор. Атақты Шалкиіз, Доспамбет, Ақтамберді, Үмбетей, Жиембет және т.б. сынды әрі жырау, әрі батыр, әрі аузы дуалы би бола білген тұлғалардың еңбектерінен қазақ батырларының өмірі, өзіндік ар-намыс кодекстері, бет-бейнесі мен тұлғасы батырлық ұстанымдары, әсіресе нақты батырлық қызметінің мәні туралы құнды мәліметтерді ала аламыз.

Сондай-ақ «Қобыланды», «Алпамыс», «Қамбар батыр», «Ер Тарғын» «Ер Қосай» және т.б. батырлар жырының да деректік маңызы зор. Бұл батырлық жырлар да деректік құндылығы жоғарыда аталып өткен тарихи жырлармен бірдей. Тек олардың басты ерекшелігі әсіре ұлғайтып суреттеу мен ертегілік сипатының басымырақ болуымен, мысалы батырдың күн санап өсуі, атымен адамша тіл қатысуы сияқты және т.б. сипаттарымен ерекшеленеді.

Диплом жұмысының  мақсаты мен міндеттері: Батырлар институтының қалыптасу, даму тарихын ішкі байланыста зерттеу және қазақ қоғамының сыртқы саяси өміріндегі атқарған қоғамдық-саяси қызметтерін дәстүрлі қоғамның рухани құндылықтар жүйесіндегі орнымен байланыста зерттеу болып табылады. Зерттеу барысында алға қойған міндеттеріміз төмендегідей:

 - Батырлар инситутының пайда болуы, тарихи алғышарттары, қалыптасуын тұтас кешенді процесс ретінде көрсете отырып, қалыптасуының негізгі кезеңдерін анықтау;

 - «Батыр» ұғымы, мәніне талдау жасай отырып, қазақ қоғамындағы әлеуметтік орнын анықтау;

 - Батырлар институының қоғамдық қатынастар жүйесіндегі орны мен ролін айқындау;

- XҮIІ-ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы батырлар институтының әлеуметтік-ішкі саяси функциясын қызметін нақты талдау;

- Батырлар институтының сыртқы саяси қызметіне баға беру;                                                                                                                                                               - Дәстүрлі қазақ қоғамына тән батырлар институтының трансформацияға ұшырауын талдау;

  - Математикалық метод бойынша «Ер Көкшенің ұлы Ер Қосай» жырына талдау жүргізу;

Диплом жұмысының теориялық-методологиялық негіздері. Зерттеу барысында отандық тарих ғылымындағы жаңа методологиялық бағыт-бағдар мен концепциялар басшылыққа алынды. Кеңестік тарихнамадағы қазақтардың дәстүрлі қоғамындағы батырлар институты туралы қалыптасқан сыңаржақты тұжырымдама жаңа уақыт талабы тұрғысынан қайта қарастырылды. Зерттеу жұмысымыздың методологиялық негізін диалектикалық тарихи даму заңдылықтары мен өркениеттік, салыстырмалык, талдау, жинақтау, қорыту, жүйелілік, ақпараттық-технологиялық әдістері құрады. Сондай-ақ, тарихи ұстанымдар мен тұжырымдамалық ережелер, танымдық теория негіздері басшылыққа алынды. Қазақ халқының ауызша тарихнамасы - аңыз-әңгімелер, тарихи жырлар сыни тұрғыдан талданды.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы: ХҮІІІ-ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ қоғамындағы батырлар институтының генезисі мен қалыптасуын, оның негізгі атқарған қоғамдық-әлеуметтік және саяси қызметінің ерекшеліктері мен орнын қарстыра отырып, төмендегідей ғылыми жаңалықтарға қол жеткіздік.

- «Батыр»   ұғымының  этимолгиясы  талданып,   қазақ  қоғамының әлеуметік-саяси ұйымдасуындағы батырлардың орны мен рөлі анықталды;

- Батырлар инситутының пайда болуы, тарихи алғышарттары, калыптасуын тұтас кешенді процесс ретінде қарастырылып, негізгі кезеңдерінің өзіндік ерекшеліктері айқындалды;

- XVIII-XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы батырлар қазақ қоғамының ішкі саяси кеңістігінде барлық белгілері бойынша жетекші орынға ие болған батырлар институтының ішкі саяси жүйедегі әлеуметтік-экономикалық кызметі негізінен «барымта», «олжа», «сауға» тәрізді ұғымдарымен байланыста қарастыру арқылы талданды;

- Батырлар инстиутының сыртқы саяси қызметін сараптау арқылы олардың сыртқы саяси-қоғамдық қарым-қатынастарды шешуде жетекші рөлге ие болғандығы көрсетілді;

- Ақпараттық-технологиялық әдістерді колдану арқылы «Ер Көкшенің ұлы Ер Қосай жырына» талдау жүргізілді.

Диплом жұмысының  хронологиялық шеңбері: Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері негізінен батырлар институтының генезисін, даму кезеңдері мен қалыптасуының аяқталуын қарастыру барысында тарихилық принципіне байланысты ежелгі және ортағасырлар кезеңдерін және ХҮІІІ-ХІХ ғасырдың алғашқы жартысын қамтиды. Өйткені, дәл ХҮІІІ ғасырдың басынан бастап батырлар институтының қалыптасу процесі аяқталып, ол дәстүрлі қазақ қоғамындағы жеке әлеуметтік институт ретіндегі өзіндік функциясын атқарады. Ал, XIX ғасырдың екінші жартысынан кейін түрлі ішкі және сыртқы факторлар әсерінен өз ықпалы мен орнынан айырылады.

Диплом жұмысының құрылымы: "Дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлар институының орны" атты диплом жұмысым кіріспеден, екі үлкен тараудан, қорытындыдан, сілтемелер мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

 

 

 

 

І ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ  БАТЫРЛАР ИНСТИТУТЫНЫҢ                  

   ТАРИХИ БАСТАУЛАРЫ МЕН ЭВОЛЮЦИЯСЫ

 

    1. Батыр институтының пайда болуы, тарихи эволюциясы

 

ІІ БАТЫРЛАР ИНСТИТУТЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ

    БЕДЕЛІНІҢ АРТУЫ

 

2.1 Батырлар  институының ішкі саяси-қоғамдық  қызметі

 

 

2.3 Батырлар  инситутынның трансформацияға ұшырауы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Кеңестік тарихнамада батырлардың XVIII-XIX ғасырлардағы қоғамдық-саяси өмірдегі ықпалына назар аударылғанымен, олар жеке әлеуметтік топ ретінде қарастырылған жоқ. Кеңестік зерттеушілердің таптық идеологияға негізделген методологиялық ұстанымдары батырлардың қоғамдық сипатын анықтауда тығырыққа тірелді. Себебі, қазақ қоғамында батыр атағына өзінің әлеуметтік шығу тегіне қарамастан кез-келген адам қол жеткізе алатын. Сондықтан осы күнге дейін отандық тарихнамада да батырлар жеке тұлға, батырлық адамның жеке басының қасиеті ретінде қарастырылды.

Дәстүрлі қазақ қоғамында  сипаты мен қызметі жағынан әлеуметтік топ ретінде жетілген батырлар институты  белгілі-бір қоғамдық құбылыс ретінде  туындау, пайда болу және даму мен  қалыптасу процессін басынан  өткерді. Батырлардың әлеуметтік, саяси күш ретінде институтқа айналу процессі бірте-бірте жүзеге асты. Батырлардың пайда болуы мен жауынгерлер тобының жетекшілері ретінде ерекшеленуі қоғам дамуының «әскери демократия» кезеңімен тығыз байланысты болды. Осы кезеңде көшпелі қоғамның қозғалысқа түсуімен батырлардың қоғамдық-саями өмірдегі рөлі ерекшеленіп, «батырлар культі» пайда болады. Батырлардың қоғамдық-саяси өмірдегі ықпалы «көсемдік» («вождество») ұғымымен тығыз байланысты. Бірақ, моңғол шапқыншылығының нәтижесінде батырлардың жеке көсемдік қызметтері шектеліп, батырлық тек жеке тұлғалық қасиет ретінде карастырлып, олардың қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігі бәсеңдейді. Батырлардың қоғамдық өмірдегі белсенді әлеуметтік топ ретінде көрініс беруі XIV-XV ғасырлардан кейін қайта көрініс береді. Бірақ, бұл кезеңдегі батырлар институтын өзінше дербес, ара-жігі басқалай әлеуметтік топтардан ажыратылған құрылым ретінде қарастыруға келмейді. Дәл осы кезеңдегі батырлар мен билер институтының функциялары бір-бірімен астасып жатты. Батырлар институтының қалыптасуында көшпелі қоғамның өзіндік ерекшеліктері маңызды рөл атқарды, ол көшпелі қоғамның шаруашылықтық-мәдени кешенінің қалыптасуы нәтижесінде туындаған әлеуметік сұраныстың қажетілігі ретінде пайда болды.

Информация о работе Батырлар институты