Арғындар

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 00:59, реферат

Описание работы

Тақырыптың деректік базасына шолу. Тақырыптың деректік базасына келер болсақ. Бұл тақырыпқа байланысты деректер қатарына “Моңғолдың құпия шежіресі”, Рашид-ад-диннің “Жылнамалар жинағы”, Өтеміс қажының “Шыңғыснамасы”, Тарихи Абулхайрхани. // МИКХ, Таварихи гузида-и нусрат наме. // МИКХ, Фазлаллах ибн Рузбихан Исфахани. Михман намә-и Бухара (Записки Бухарского гостя) жатады
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бұл тақырыпқа қалам тартқан кісілер көп болды. Олардың қатарына

Содержание

КІРІСПЕ



I ТАРАУ
Арғындардың Қазақстан аумағына қоныс аударуы



ІІ ТАРАУ.
XIV-XV алғашқы жартысындағы Шығыс Дешті Қыпшақ тайпалары және
Арғындар




ҚОРЫТЫНДЫ



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Арғындар Office Word.docx

— 69.13 Кб (Скачать)

Сонымен Шығыс Дешті Қыпшақтағы саны жағыңан алғанда да белді  тайпалардың бірі болып табылатын  Арғындардың Әбілхайыр ханды  қолдамауының себептері әріректе жатса  керек. Енді осы мәселелерді талдауға көшсек.

Орта жүз Арғын шежіресін  баяндайтын шежірелердің көпшілігі  Орта жүзді құраған Жанарыстан алты қожаны таратып, оның бірі Қарақожадан Арғын мен Тарақтыны, Арғынңан біз жоғарыда айтқан Қотан ақынды, одан бүкіл Бес Мейрам, Жеті Момын Арғын ұрпақтарын тарататыны белгілі. Осы арада далалық ауызша тарих айту дәстүрінде Арғынның түп атасы деп көрсетілетін Арғын Қарақожа нақты тарихи тұлға екені белгілі. Тіпті бертін замандардың өзінде Қарақожа есімі Орта жүз Арғындарының арасында қасиетті баба есімі ретінде үзақ уақыт бойы сақталып, қастерленіп келген. Арғын Қарақожа батыр туралы жазба деректер және ауыз әдебиеті үлгілерінде есімі нақты сақталған мәліметтерге қарағанда ол Алтын Орда ханы Тоқтамыс пең Едіге тұсында өмір сүрген нақты тарихи тұлға екеніне көз жеткіземіз.

«Едіге» жырының Ш. Уалихаңов  және Қ. Сәтпаев жарңялаған нұсқасында Арғыннан шыққан Қарақожа батыр Тоқтамыс ханның батырларының бірі ретінде аталады. Арғын Қарақожа батыр есімі жырда өзіне қастық ойлағанын білгеннен соң Едігенің Тоқтамыс ханнан қашып қүтылуынан кейін, хан өзіне жақын «тоғыз ерін алып келіп, есігінің алдына қойып, бір-бірлеп шақырып сұраған» кезінде айтылады. Хан Қарақожаға былай дейді:

Көшкенде көшін айлаған,

Жанына өткір семсер байлаған,

Жау қарасын көргенде Жауар  күндей торланған,

Кетер құстай сайланған,

' Алладан тілек тілеп  зарланған,

Арғындардың басы едің,

Қарақожа батырым,

Сен бір кіріп толғашы.

Ал, Мәшһүр Жүсіптің шежіресінде Орта жүздің түп атасы Жанарыстан туған алты ұлдың бірі Қарақожадан Арғын тарайды. Ал, Қадырғали Жалайыридің «Жылнамалар жинағында»: «Бұл Тоқтамыс хан Еділ өзенінде болған, Тойхожа ұланның ұлы еді. Оның хикаялары әрқашан мәлім, әрі белгілі. Қүтлықия ұлы Едіге Күшік оның шорасы еді. Бір уақытта, онан көңілі қалып, Едіге Күшікке қаьар қылып өлтірмекші болды. Онан азат болып, бірнеше жыл өткен соң Темір бектің әскерін бастап келіп, Тоқтамыс ханды қашырды. Темір бектің сүстынан Тоқтамыс хан солтүстікке қарай қашты. Аш-жалаңаш жүрді. Соңынан қарауыл салды. Етим (Ятым) баьадурды, онан соң Тубал Баьадурды салды, онан соң Арғын Қарақожаны салды. Өзгелері бірнеше нөкерлерімен (демалуға) жатты. Едіге Күшік ұлы Нұраддин қосымша әскер ертіп, қарауылды ғапыл қалдырып, әуелі Етим Баһадурды өлтірді, онан бәрін ғапыл қалдырып өлтірді, хан нөкерлері ғапыл еді, оларды да опат қылды. Барлық жан-жануар өліп, өзінің иесіне оралады»,- деген мәліметтер келтірілген. Осы мәліметке қарағанда Арғыннан шыққан Қарақожа батыр Едігенің ұлы Нұраддиннің қолынан қаза тапқаны көрініп түр. Ш. Уалиханов қазақтар арғындардың түп атасы деп санайтын Қарақожа батырдың кезінде Тоқтамыс ханның атынан Әмір Темірге барған елшісі болғанын, қазір бұлардың жерленген жерлері Есіл өзенінің оң жағалауында жатқанын хабарлайды. Әрине, бұл тұлғалардың нақты жерленген орнын анықтау археология ғылымының еншісінде. Бізге керегі XIV ғасырдың аяғы - XV ғасырдың басында өмір сүрген, нақты тарихи тұлға ретінде белгілі болған, кейінгі кезеңде бүкіл Арғынның ұранына айналған Қарақожа батырдың маңғыт Нұраддиннің қолынан қаза табуының тарихта орын алған белгілі оқиға екендігі. Міне, осы деректерге байланысты біз, Едіге ұрпағы Оқастың қолдауына сүйенген Әбілхайыр ханның билігіне Арғындардың наразы болуының себептерін көре аламыз. Сондықтан деректерде айтылатындай Әбілхайырды хан көтеріп қолдаған 200-дей ру-тайпа мен кейін ханның Тура қаласын алғаннан кейін атақ-даңқы бүкіл Дешті Қыпшаққа жайылғанда оның төңірегіне топтаса бастаған басқа белгілі сұлтандар мен оғландар арасында арғыннан шыққан ешбір тұлғаның атының аталмауының себептері де осыған байланысты. Басқаша айтсақ, ауыз әдебиет үлгілерінде:

Айдап кетсең, мал міне!

Ағызар болсаң қан міне,

Бағар болсаң, Бұхара,

Арғын, ноғай ел міне! - деп  айтылған заман артта қалады. «Аспандай  арғын, жұлдыздай қыпшақ» деген бейнелі теңеумен саны жағынан, саяси өмірдегі беделі жағынан басымдылығы бедерлі бейнеленген арғындар мен ноғайлар арасына Қарақожа өлімінен кейін сына кірсе керек. Ал, осыдан кейін Оқасбимен «бір кеседен бал ішкен» Әбілхайырға деген Арғындардың наразылығының түп негіздері айқындала түседі.

Арғындардың Әбілхайыр ханның билігіне наразы топтардың, нақтырақ айтар  болсақ Керей мен Жәнібек сұлтандар тобының арасынан табылуының жоғарыда айтылғандардан басқа, негізі тереңіректе жатқан үшінші себебі -туралы былайша ой түйеміз.

Негізінен шайбанидтер әулеті алғашқы кезінен-ақ Жошы ұлысының сол қанатына, яғни Ақ Ордаға қарасты болған. 1428 жылы Ақ Орданың соңғы билеушісі Барақтың орнына Әбілхайырдың билікке келуімен Шығыс Дешті Қыпшақта билеуші әулет ауысты. Осылайша, Шығыс Дешті Қыпшақта Орда-Ежен-Орыс хан ұрпақтарының орнына Шайбанидтер әулетінің билігі орнады. Бұл жағдай сол заманда қалыптасқан саяси-идеологиялық өлшемдер бойынша Ақ Орданың заңды мұрагерлік билік дәстүрінің бұзылуын көрсететін еді. Осыған орай Арғындар әуел бастан Ақ Орда билеушілерін, біз қарастырып отырған кезеңде олардың мұрагерлері Керей мен Жәнібек сұлтандарды қолдағандары түсінікті.

«Көшпелі өзбектер» мемлекетінің этникалық тарихына байланысты зерттеу еңбегінде белгілі зерттеуші Т.И. Сұлтанов Әбілхайыр ханның билікке келген кезеңі мен оның «құдірет күші» күшті болып тұрған кезеңде оны қолдаған, одан әрі оның өлімінен кейін немересі Мұхаммед Шайбанидің ата тағы үшін Шығыс Дешті Қыпшақта жүргізген нәтижесіз күресі кезінде оның маңынан табылған, сондай-ақ Мұхаммед Шайбанидің XVI ғасыр басындағы әскерінің ңүрамына енген тайпаларға этникалық талдау жасайды. Нәтижесінде Арғындар тізімнің тек бір бағанында, яғни Мұхаммед Шайбанидің Шығыс Дешті Қыпшақтағы билік үшін күресі кезінде оның қасынан табылған ру-тайпалар қатарында аталады. Т.И.Султанов ортағасырлық жазба дерек мәліметтеріне сүйене отырьш Шайбанилік Әбілхайыр ханның немересі Мұхаммед ханға адалдығын сақтап қалғаң «көшпелі өзбек» ру-тайпалары ретінде арғын, ас, башгирд, джуркун, дурман, ички, ички-байри, йети- минг, конграт, кушчи, маджар, мангыт, найман, салор, татар, тили- минг, тубай, туман, уйгур, уйсун, хытай тайпаларын атайды.

Бұл мәліметтерден мынандай қорытындылар жасауға болады. Біріншіден, Арғындардың Әбілхайыр маңынан табылмауы олардың әу бастан-ақ біз жоғарыда талдаған себептерге байланысты Керей мен Жәнібек сұлтандар жағында болғандығын көрсетеді. Екіншіден Әбілхайыр қайтыс болғаннан кейін, Шығыс Дешті Қыгапақта орын алған саяси тұрақсыздық және Керей мен Жәнібек Жетісу жеріне кеткен кезеңде, олардың көшіне ілеспей қалып қойған Арғындардың бір бөлігі Мұхаммед Шайбаниді қолдаған болуы керек. Сондықтан олар тізімде аталып отыр. Бірақ, Керей мен Жәнібектің күшейе түсуі мен Мұхаммед Шайбанидің сәтсіздіктері Арғындардың бұл тобының да Шайбанимен бірге Орта Азияға кетпей, орындарында қалып, Керей мен Жәнібек жағына шығуына еебеп болса керек.

Жалпы алғанда өздерін  Шығыс Дешті Қыпшақтың заңды  мұрагерлеріміз деп санаған бұрынғы Ақ Орда билеушілері, яғни Жошының үлкен ұлдарынан тарайтын ұрпақтары Шайбанидтер билігіне қарсы тынымсыз күрес жүргізді. Бұрынғы Ақ Орда мемлекетінің негізгі халқын құраған «көшпелі өзбектерге» 40 жыл билік жүргізгеніне қарамастан Әбілхайыр хан мемлекеті саяси жағынан тұрақты, күщті мемлекет бола алған жоқ. Сондықтан да болар бұл мемлекет Әбілхайыр қайтыс болысымен бірден ыдыраи кетті. Керей мен Жәнібек султан бастаған топ ата-баба жұртындағы билікті қайтарып алуға ұмтылды. Дерек тілімен айтсақ «бүлік пен бұзақылық туын көтеріп, бағынбау және құлақ аспау жағында тұрған»365 Жошы ұрпақтары Ахмад хан, Махмүд хан Әбілхайырға көп қарсылық көрсетті. Бұл жағдай ең соңында Әбілхайыр хан қайтыс бола салысымен ол құрған мемлекеттің ыдырап кетуіне әкеліп соқты.

Әбілхайыр хандығының ыдырау кезіндегі Арғындардың Қазақ  хандығы құрамына қосылу бірнеше  кезеңдерден тұратын оқиға. Ол жоғарыда атап өткеніміздей Әбілхайыр хандығының ыдырауы, Шығыс Дешті Қыпшақтағы саяси билік үшін күрестің сипаты мен нәтижелеріне байланысты болды. Арғындардың Әбілхайыр хандығы мемлекетіндегі саяси оқиғаларға белсене араласқан, хан билігіне қарсы елеулі саяси күш болғандығын айтып өттік. Әбілхайыр хандығы мен Моғолстанның әлсіреуі және ыдырауы жағдайында аталған кең байтақ аймақтың рулары мен тайпаларының ең ықпалды көсемдері саяси тәуелсіздікке үмтылды немесе әлдебір Шыңғыс ұрпағы арқылы қамқоршы іздестірді. Олардың көбісі алғашқы қазақ хандарының біртұтас мемлекет құру мен оны нығайтуға бағытталған іс-әрекеттерін қолдады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Сонымен, “ XIIІ – XV ғасырлардағы Арғындар ” атты баяндама жұмысымды қорытындылауға көшсек.

Біріншіден,Арғындардың  Қазақ ру тайпаларының құрамына енуі, одан бұрын, яғни Қазақстан аумағына қоныс аударуы  моңғол шапқыншылығы есебінен болды деген тұжырымға  келдім. Бұл еш талассыз деп ойлайм.

Екіншіден, Арғындар Шығыс  Дешті Қыпшаққа көшіп келгелі  олар жергілікті түркі тектес тайпалармен  қарым-қатынаста болды.

Жалпы бұл тақырыпты мен  мейлінше толық меңгеруге тырыстым. Зерттеу барысында Қазақстан  тарихында алатын орнының маңыздылығына  көз жеткіздім. Бұл тақырып әлі  де болса толық, тиянақты зерттеулерді қажет етеді


Информация о работе Арғындар