Арғындар

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 00:59, реферат

Описание работы

Тақырыптың деректік базасына шолу. Тақырыптың деректік базасына келер болсақ. Бұл тақырыпқа байланысты деректер қатарына “Моңғолдың құпия шежіресі”, Рашид-ад-диннің “Жылнамалар жинағы”, Өтеміс қажының “Шыңғыснамасы”, Тарихи Абулхайрхани. // МИКХ, Таварихи гузида-и нусрат наме. // МИКХ, Фазлаллах ибн Рузбихан Исфахани. Михман намә-и Бухара (Записки Бухарского гостя) жатады
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бұл тақырыпқа қалам тартқан кісілер көп болды. Олардың қатарына

Содержание

КІРІСПЕ



I ТАРАУ
Арғындардың Қазақстан аумағына қоныс аударуы



ІІ ТАРАУ.
XIV-XV алғашқы жартысындағы Шығыс Дешті Қыпшақ тайпалары және
Арғындар




ҚОРЫТЫНДЫ



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Арғындар Office Word.docx

— 69.13 Кб (Скачать)

Осы деректерге сүйене отырып зерттеушілердің барлығы дерлік Арғындардың «Көшпелі өзбектер»  мемлекетінің негізгі халқын құраған ру-тайпалардың бірі болғандығын мойындайды. Г.Е. Грумм-Гржимайло XV ғасырдағы Әбілхайыр хан басқарған өзбек ұлысының ру-тайпалық құрамын құраған қаңлы, қыпшақ, қырғыз, ұйғыр, қарлық, арғын, -алашын, тоғыс, жүз, құсшы, керейіт, найман, қытай, барут, қоралас, нүкіз, қият, жалайыр, ойрат ру-тайпаларын атайды.

Сонымен негізгі орналасу аумағы жағынан XIV-XV ғасырларда Ақ Орда мемлекетінің негізгі халқын құраған  Арғындардың 1428 жылы Ақ Орданың соңғы  ханы Барақ қаза тауып, Шығыс Дешті- Қыпшақтағы саяси билік Жошы ханның үлкен ұлы Орда Ежен ұрпақтарынан, оның бесінші ұлы Шибан әулетіне көшкен кезеңдегі тарихын баяндауға көшейік. Мұнда негізгі мәселе ретінде іргелі де, елеулі күш болып табылған Арғындардың даланың жаңа билеушісімен ара-қатынасы, олардың сол замандардағы тарихи оқиғаларға тигізген әсері мен ондағы орны қарастырылмақ.

Тарих ғылымында «Көшпелі өзбектер» мемлекеті немесе Әбілхайыр  хандығы деп аталған бұл мемлекеттің тарихына қатысты даулы мәселелер көп. Зерттеушілердің кейбір тобы оны жеке дербес мемлекеттік құрылым ретінде қарастырса (Б.А. Ахмедов), екіншілері  оның жаңа қалыптасып келе жатқан, өтпелі кезеңдегі мемлекеттік құрылым (В.Трепавлов), үшіншілері Әбілхайыр хандығын «көшпелі өзбектер» мемлекеті деп танудан бас тартады (З.Қинаятұлы). Аталған мәселе біздің негізгі зерттеу нысанымыз болмағандықтан оларға тоқталмаймыз. Дегенмен Әбілхайыр хан Ақ Орданың бұрынғы астанасы Сығанақта 20 жыл отырып, Сібірдің оңтүстік шебінен Сырдария жағалауы, Қаратау бөктеріне дейінгі аумақта 40 жыл билік құрғаны тарихтан белгілі. Біздің мұндағы мақсатымыз Әбілхайыр билікке келген кезеңнен бастап, оның қайтыс болған уақытына дейінгі аралықтағы Арғындардың осы оқиғаларға қаншалықты қатыстылығын анықтау болып отыр.

Әбілғазы ханның хабарлауынша Батый жеті жылдық жорығынан кейін  бауырларына жер бөліп берген. Сонда «Інісі Шибан ханға он бес мың үйлік ел берді. Ағасының орнында отырған кіші ағасы ол сапарда алған олжа елдерден Кәрелді Сайын ханға берді, тағы да байырғы елдерден құсшы, найман, қарлық, бүйрек деген төрт рулы елді берді. Және оған Отырар жерін ағам Алшын мен менің арамда болсын, жазда Ырғыз, суықта Ор, Електен Орал тауына шейін Жайықтың күн шығыс тарапын жайла, қыста Арақұм, Қарақұм, Сыр суының бойы, Шу, Сарысудың аяғын қыста»,- деді. Шибан хан кәрел жұртына бір үлкен жақсы бектері және елімен көшіріп жіберді. Ол жұрт Шибан ұрпағының қолында қалды. Осы уақытта да Кәрел жұртының патшалары Шибан хан нәсілінен делінеді. Егер зерттеуші Б.Ахмедовтың сөзімен айтсақ XV ғасырдың 20-шы жылдарына дейінгі Шайбан ұлысының тарихы туралы деректер жоқтың қасы. Ал XV ғасырдың алғашқы ширегінде Алтын Орда мемлекетінің одан әрі әлсіреуі мен ыдырауы күшейе бастаған тұста Жайықта және оның батысына қарайғы аумақты иеленген Ноғай Ордасы дербестеніп, күшейгенін жоғарыда айтып өттік. Осы кезде Жайықтың шығыс жағында Ырғыз, Елек, Торғай, Сарысу бойында, Тобыл мен Еділдің жоғарғы ағысында Шайбани ұрпақтары, Сарысу, Жем аралығы мен Арал өңірінде Жұмадық хан, Тобыл мен Есілдің оң жақ саласы

Атбасар аралығында Махмуд қожахан және т.б. күшейеді. Бастапқы кезеңінде Батыс Қазақстан мен Орталық Қазақстан аумағының бір бөлігін иеленген Шайбани ұрпақтары Алтын Орда, ал оның әлсіреу кезеңінде Ақ Орда хандары билігін мойындаған еді. Бірақ Ад Орданың әлсіреу кезеңі мен жоғарыда айтып өткеніміздей Дешті Қыпшақ даласының әр өңірінде дербес билікке ұмтылған билеушілер заманында Шайбани ұрпағы Әбілхайыр олардың барлығын 20 жылға созылған күрестің нәтижесінде жеңіп шығып, өз билігін орнатады. Шайбани ұрпағы Дәулет-Шайхтың баласы Әбілхайыр Тура өңірінде (Батыс Сібір) хан деп жарияладцы. Хижраның 833 жылы (1428-1429 жж.) 17 жасында хан тағына отырған Әбілхайырды Алаша бахадүр мен оның аймағына қарасты ру-тайпа өкілдері қолдайды. Олар қият, маңғыт, дурман, кошчи, утаджи, найман, өкіреш-найман, тубай, таймас, джат, хытай, ұйғыр, қарлық, үйсін, құрлауыт, ички, туман-минг, тангут, қоңырат, чинбай, иджан, құсшы, барак, кенегес тайпаларының басшылары және Құл-Мұхаммед-Саййид, Қара Саййид сияқты дін басылары да еді. Ал, 1428-1429 жылғы Әбілхайырдың Тура қаласын алғаны туралы хабар бүкіл Дешті Қыпшақ даласына лезде тарап кетеді. Бұл жеңіс Әбілхайыр маңына басқа да ру-тайпалардың көптеп топтасуына жағдай жасады. Жалпы, Әбілхайыр 1428-1431 жылдар аралығында бүкіл Шайбан ұлысына өз билігін толықтай орнатуға мүмкіндік алады. Сондықтан болар, орналасу аумағы жағынан Шайбан ұлысынан біршама тысқары орналасқан Арғындар Әбілхайыр ханның билік құрған алғашқы жылдарында оны қолдаған ру-тайпалар қатарында айтылмайды. Дегенмен 1446 жылы Мәуереннахр мен Моғолстандағы ішкі саяси тұрақсыздықты тиімді пайдалана білген Әбілхайыр хан Сырдың өн бойында орналасқан Аққорған, Үзгенд, Сығанақ, Созақ қалаларын басып алады. Осы кезеңнен бастап Сығанақ Әбілхайыр ханның астанасына айналады. Мұны баса айтып отырған себебіміз Әбілхайыр хан ұзаққа созылған күрестен кейін бұрынғы Ақ Орда аумағына толық өз билігін орнатқанын көреміз. Ал Арғындар да Ақ Орда мемлекетінің Ертістен батысқа қарайғы кең байтақ аумақты, ішінара Сырдария аумағына дейін орналасқан негізгі халқын құраған тайпалардың бірі ретінде Әбілхайыр билігіне қараған.

Зерттеулердің көпшілігі Әбілхайыр ханның 10 жыл хан болғанына қарамастан, өз мемлекетінің ішіндегі алауыздықты жоя алмаған билеуші болғанына назар аударады. Мәселен, Б.Ахмедов Бүреке сұлтан, Ибақ-хан, Керей мен Жәнібек сұлтан сияқты Ақ Орданың бұрынғы билеушілерінің ұрпақтары Әбілхайыр ханның бірде-бір әскери жорықтарына қатыспағандығын жазады. Бұл дегеніміз Орда Ежен, Тоқай-Темір сияқты Жошы ұрпақтарының Әбілхайыр хан билігіне қарсы болғандығын көрсетсе керек. Осыған орай, біз де, Арғын тайпалық бірлестігін құраған рулар көбінесе осы топты жақтаған болса керек деп топшылай аламыз. Қазақстанның оңтүстік аудандарында Керей мен Жәннібекке рулар мен тайпалардың едәуір бөлігі бағынды, олардың төңірегіне көшпелі рулық-тайпалық шонжарлардың айтарлықтай топтары, әсіресе үстем таптың Барақ ханды қолдаған және Сырдариядағы қалалармен байланысты бөлігі топтасты. Ал, егер Арғындар, соның ішінде Қанжығалы руы қазақтың алғашқы хандарының бірі Жәнібек ханның әкесі, Ақ Орда мемлекетінің соңғы күшті билеушісі Барақ ханның 1420 жылғы, Ташкент пен Ходжентке жасаған жорығына қатысқандығын ескерсек, онда негізінен алғашқы кезеңінде Сыр бойы мен Қаратау өңірлерінде  шоғырланған Арғындар Керей мен Жәнібек қасына топтасқан ру—тайпалардың ішінде негізгі орынды иеленген.

Арғын тайпалық бірлестігінің Әбілхайырды қолдаған ру-тайпалар қатарында ешбір жерде аталмауының және олардың Керей мен Жәнібек сұлтандардың қасынан табылуының себептерін қолда бар дерек мәліметтері мен халық жадында сақталған, сонау артта қалған алыс замандардан еміс-еміс хабар беретін бүгінде аңыз- әңгіме желісіне айналған оқиғалар тізбегі негізінде баяндасақ. Солардың алғашқыларының бірі - Әбілхайыр есіміне қатысты айтылатын Қотан ақын - Ақжол би оқиғасы.

Ш. Құдайбердіұлы мынандай оқиғаны баяндайды: «1455 жылы әз Жәнібек хан немере інісі Керей ханмен тәмәм қазақты алып, Әбілхайырға өкпелеп Шудағы Шағатай нәсілінен Есен Бұғаның баласы Тоқлуқ Темірханға қарады. Әбілхайырға өкпелеген себебін біздің қазақ былайша айтады. Біздің осындағы арғындардың арғы атасы Дайырқожа ханның сүйікті қазысы екен, әділ айтқандықтан Ақжол атаныпты. Және Қара Қыпшақ Қобыланды батыр да Әбілхайырға сүйікті екен. Екеуі ішінен жауласып жүргенде, бір күні далада Қобыланды батыр Дайырқожаны өлтіріп кетіпті. Әз Жәнібек хан біліп, Қобыландыны шариғат бойынша қысас қылып өлтіруге сұрапты. Әбілхайыр хан берейін десе, көп қыпшақ бұзылатұғын болған соң, бере алмай үш кісінің құнын алып бітім қыл деген соң, әз Жәнібек хан өкпелеп кеткені біздің қазақта мақал болып жүрген «Қара Қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным» деген сөз Дайырқожаның сүйегін айналып жүріп жылаған әкесі Қыдан тайшы деген кісінің сөзі, аты Қыдан еді, тайшы дегені - өлеңші, ақын дегені. Біздің қазақтың арғын атасы Қотан ақын дейтүғыны осы». Осы арада айтылатын Қыдан тайшы ортағасырлардағы қазақ поэзиясының 14 ғасырдағы өкілі - Қотан ретінде аталады. Ақынның Қара қыпшақ Қобыландының қолынан қаза тапқан ұлының сүйегін айналып, жылап жүргендегі айтқаны:

Қара Қыпшақ Қобыландыда  нең бар еді құлыным!

Сексен асып таянғанда  тоқсанға,

Түра алмастай үзілді ме жұлыным!

Адасқанын жолға салдық бұл ноғайлы ұлының!

Аққан бұлақ, жанған шырақ жалғыз күнде құрыдың,

Қара Қыпшақ Қобыландыда  нең бар еді кұлыным, - деген зарлы жыры қазақ әдебиетінің аталған кезеңдегі ең көне үлгілерінің әрі Қодан ақын мұрасынан бізге жеткен асыл мұраның аман қалған бір үзігі ретінде бағаланып отыр.

Қазақ хандығы құрылар  қарсаңындағы оқиғаларға қатысты тарих  бетіне түскен Қодан тайшының тарихы мен орны ғана емес, жалпы қазақ  поэзиясының тарихы мен кезеңдері туралы маңызды қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Мәшһүр Жүсіп Арғынның түп атасы саналатын Қотан туралы мынандай мәліметтер береді: «Арғынның бәйбішесінің аты Аргүл бәйбіше. Мұнан Қотан, Ботан деген екі ұл туған. Ботан қыршын жасында өліп қалып, нәсіл- тұқым қапмаған, Қотаннан Мейрам сопы жалғыз:

Сұрасаң арғы атамды ер Қотанды,

Сұлтанбек Әзіден ол бата алды.

Мейрамұлы Қарашаш бір қыз туып,

Қуандық, Сүйіндік боп сонда  атанды, - дей келе, одан әрі Қотан  ақын туралы өз заманынан жеткен мына мәліметті келтіреді.

Уақ Жарқын би Көтеш ақыннан  сұраған екен: «Бұл ақындық ата-бабаңызда бар ма еді, нағашы тегіңізде бар ма еді» деп. Сонда Көтеш ақын айтыпты:

Қазақта арғын аға болған зерек,

Басқадан ол кісінің жөні бөлек.

Біздердің түп атамыз ақын Қотан,

Өзгеден өлеңге үстін болса  керек.

Осындай сөздерден біздің Қотан деген бабамыздың болғанын білеміз. Бүқарекең айтыпты деген  бір сөз бар:

Бәрімізді сұрасаң,

Қотанбайдың баласы,

Арғындардың сабасы.

Қарақожа бас болып,

Қабыл болсын дуасы.

Мәшһүр Жүсіп айтып отырған бұл Қотан ақын кейде ел аузында сақталған аңыз-әңгімелерге қарағанда, бүкіл қазақтың түп атасы ретінде де көрсетіледі.

Соңғы жылдары өз ру-тайпапарының тарихы мен шежіресіне ден қойып, тың зерттеулер жазып жүрген зерттеушілер қатары көбейіп келеді. Дегенмен бұл авторлардың басым бөлігі кәсіби тарихшы- ғалым болмағандықтан, көбінесе көркем-публицистикалық сипаттағы тарихты жазудың үлгісін қалыптастырды десек те болады.

Мәселен, Т. Рымжановтың Арғын  тайпасының тарихына шолу жасаған еңбегінде  ауыз әдебиеті үлгілерінде Арғынның түп атасы деп аталатын Қотан  ақынның тарихи бейнесін қалпына  келтіруге талпыныс жасап, Арғындар тарихындағы Қотан аталған бірнеше  тарихи тұлғалар туралы пайымдаулар жасайды. Біз талдап отырған жоғарыда келтірілген Шәкәрім келтіретін аңыз-әңгімелердегі Арғын Қотан ақынның баласы, Әбілхайыр ханның бас биі болған-мыс. Дайырқожа немесе Ақжол би туралы қолда бар басқа жазба деректерде мәліметтер кездеспейді. Қ.Жалайыридың «Жылнамалар жинағында» Әбілхайыр ханның бас биі туралы мынандай мәліметтер сақталған: «Бұлхаир хан (Әбілхайыр) Ташкент, Түркістан уәлаятында патша еді. Оның қабірі Сығанақ қаласында. Оның ұлы Шах Бутақ сұлтан еді. Бұлхаир хан Нурад- Дин мырзаның ұлы Уақас бимен шексіз көп достығы бар еді. Олар туралы «бір кесенің бір жағынан бірі әселді ішер еді, екіншісі екінші жағынан ішер еді» дейтін546. Осы арада бір мәселе оқырман назарын аударсақ дейміз. Алтын Орда мемлекетінің ыдырау процесімен бірге сонау Шыңғыс дәуірінен қалыптасқан салт-дәстүрлер де өзгере бастады. Мұның бірден-бір себебі моңғол шапқыншылығынан бірнеше ғасыр өткен кезеңде жергілікті түркі және түркіленген моңғол тайпалары саяси билікке ие болып, ендігі жерде жергілікті жердегі бар билікті өз қолдарына шоғырландыра бастауы еді. Осы кезден бастап әлсіреген Шыңғыс ұрпақтарының номиналды билігі сақталып қалды. Мысалы, Моғолстандағы дулаттар Шағатай ұрпақтарынан хан сайлау дәстүрін сақтап қалғанымен, іс жүзінде саяси билікті өз қолдарына алғаны сияқты, Жошы ұлысында құрылған Алтын Орданың ыдырау тұсында құрылған Ноғай Ордасының негізін салушы, маңғыт тайпасынан шыққан Едіге тұсынан бастап, оның келісімінсіз хан сайламайтын дәстүр қалыптасып, бұл оның ұрпақтары тұсында да жалғасты. Соның нақты көрінісі осы кезеңде ыдырауға ұшырап жатқан Алтын Орданың қай бөлігінде болмасын хан сайланса, оның уруғ деп аталған төрт ұлынан тараған ұрпақтың ғана хан сайлануын заңдастырған чингизизм идеологияның әлсіреуі нәтижесінде пайда болған өзгеріс еді. Біз қарастырып отырған кезеңде маңғыт тайпасынан шыққан Едіге ұрпақтары маңғыттармен қатар, деректерде кейде қыпшақтар деген жалпы атаумен берілген этно-саяси қауымдастыққа сүйенген күшті саяси күш еді. Олар Шыңғыс ұрпақтарынан хан сайлау дәстүрін шартты түрде сақтай отырып, өздеріне қолайлы басшыға ғана қолдау көрсетіп отырды. Сондықтан 1428 жылы Ақ Орда мемлекетінің соңғы билеушісі, әрі сол замандағы күшті билеуші Барақ тұсында Едігенің ұлы Мансүр беклербек (ханның биі) дәрежесін иеленген еді. Қадырғали Жалаири Мансур бидің Барақтың қолынан қаза тапқанын жазады.

Міне, осындай жағдайда батысқа  Кішік Мұхаммед ханға қашып, паналауға мәжбүр болған Мансурдың інілері Ғази мен Наурыз хан әскеріне сүйене отырып, Барақты жеңеді.

Осы тұстағы Едіге ұрпақтарының қола астына Барақ сияқты тәуелсіз билеушінің жақпайтыны белгілі еді. Жоғарыда айтып өткеніміздей дәл осы кезенде 17 жасар Әбілхайырды 200-дей ру-тайпа өкілдерінің қолдауы мен оның қасынан Едіге ұрпағы Оқас бидің табылуының себебі де осыдан болса керек. Оқас би Әбілхайырдың маңында жиырма жылдай болды. Қадырғали Жалаиридің жазғанындай хан мен бидің «бір кеседен ішкен» тұсы осы кезең болса керек. Уақыт өте келе Әбілхайыр 17 жасар жас билеушіден бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақты қамтыған күшті мемлекеттің тәжірибелі билеушісіне айналды. Сондықтан 1440 жылдардан бастап Оқастың ұрпақтары өздеріне тиімді билеушіні іздестіруді бастап кетті. Бұл жағдай Әбілхайыр билігінің әлсіреуін одан әрі тездетті. Әбілхайыр билікке келген тұстан бастап оған қарсы оппозицияда болған ағайынды Жәнібек, Керей сұлтандар ендігі тұста ашық бас көтеруге мүмкіндік алды. Осы айтылғандарды ескере отырып, аңызда айтылғандай Ақжол аталған Арғын Дайырқожа Әбілхайырдың биі емес, оны қолдаған немесе кейінірек оның билігіне бағынған өзге ру-тайпалар сияқты Арғындардың сол кездегі басшысы, биі болса керек деп есептейміз. Деректерде Арғындар Әбілхайырды қолдаған ру- тайпалар қатарында айтылмағанын көрдік. Сол сияқты сол кездегі Дешті Қыпшақтағы белгілі адамдарБарақтың ұрпақтары Жәнібек пен Керей есімі де Әбілхайырды қолдаған сұлтан, билер есімі қатарында айтылмайды. Осыған байланысты біз, Арғындар әу бастан Керей мен Жәнібек арқа сүйеген ел болған деп топшылай аламыз. Ал аңыз-әңгімеге арқау болған оқиға расымен-ақ орын алған болуы тиіс. Тек ол кісі өліміне ұласқан Арғын-Қыпшақ дауының әділ төрелік таппауынан туындап, арты үлкен тарихи оқиғаларға ұласуға себеп болған тарихи акт болды. Сондықтан бұл оқиға халық жадында сақталып, бүгінге дейін аңыз түрінде бізге жетті. М.Ж. Көпеев Ақжол туралы мынандай мәліметтер келтіреді: «Болатқожа бар. Бұл Болатқожа Қарақожа атасы деп сөйленеді. Болатқожаның шын аты Жанарыс еді деседі. Және бір аты Ақжол еді деседі... Арғын Бұхарада Ғабдолла ханмен тізерлесіп жүрген. Fабдолла хан оны «Ақыл-баба» дейді екен». Бұл жерден Ақжол деген атаудың Арғынның, Жанарыс, Болатқожаның да жанама есімі ретінде қолданылып отырғанын көреміз. Олай болса, Ақжол жалпы Арғынға ұран болған ғасырлардан жалғасқан қасиетті бабалардың есіміне айналған ортақ атау деп ой түйеміз. Сондықтан Керей мен Жәнібек көшіне ілесіп түп көтеріле көшкен Арғындардың тарихындағы белесті оқиға ішінде Ақжол есімінің аталуы заңды жағдай болып табылады.

Әбілхайыр хан Керей мен  Жәнібек сұлтандар мен олар арқа сүйеген ру-тайпалардың иелігі деп саналған Сыр бойы қалаларын алғанын айттық. Міне, осы тұстағы деректерде еміс- еміс сақталған мәліметтер Арғындардың бұдан былайғы әрекеті туралы хабар береді. Бұл ретте Темір ұрпақтарының арасында орын алған алауыздықтардың бірі ретінде көрініс берген 1448 жылы Әбу Саидтің Ұлықбектен жеңіліп, «көшпелі өзбектер» ханы Әбілхайырға барып бас сауғалау оқиғасын айтуға болады. Т.И. Сұлтанов ортағасырлық жазба деректерге сүйене отырып кейінірек Әбу Саид билікке қол жеткізген тұста Сыр бойында орналасқан Арғындардың елеулі бөлігінің Мәуереннахрға көшіп кеткенін жазады. Дешті Қыпшақтан шыққан Арғындардан құрылған әскер Әбу Саидтың 1457-58 жылдары Гератқа жасаған шабуылына қатысқан. Бұл мәліметтерге қарай отырып, 1446 жылы Сыр бойы қалаларына билігін орнатып, Сығанақты өз мемлекетінің астанасына айналдырған Әбілхайыр хан билігіне қарсылық ретіндегі Арғындардың көшіп кету әрекеті арқылыкөрініс берген наразылығын көреміз. Жалпы түтас руымен немесе жартылай топтасып көшіп кету оқиғасы біз қарастырып отырган кезеңде саяси билікке қарсылық ретіндегі оппозициялық әрекеттердің кең тараған түрлерінің бірі болған. Мұндай саяси акт туралы негізгі қорытындылар мынаған келіп саяды: «Қазақ рулары мен тайпалары бөліктерінің 50-60 жылдарда Шығыс Дешті Қыпшақтан Жетісуға көшуі бұл кезеңде жаппай етек алғанымен, әдеттен тыс оқиға емес-ті. Өзара алауыздықтар, бір мемлекеттің күйреп, екіншісінің қалыптасуы, әсіресе көшпелі және жартылай көшпелілердің көші-қоны ширақ халық бұқарасы арасында этникалық, саяси жіктелу және халықтың шоғырлану процесін күшейте түсті. Халық бұқарасының қанауға қарсы наразылығын ақсүйектердің бір топтары екіншілерден есесін қайтару үшін пайдаланды. Жошы әулетіне қарсы күрес кезеңінде Әбілқайыр хандығында көшпелілердің бір билеушіден екіншісіне бұлайша ауысуы тым көп болды». «Көшпелі өзбектер» мемлекеті немесе Әбілхайыр хан билігі тұсында өмір сүрген, алғашқы кезеңнен-ақ оның саналы қарсыластарына айналған, Ақ Орданың заңды мұрагерлері Керей мен Жәнібек туралы тіс жармайтын, бірақ Әбілхайыр ханның тарихына арналған Усман Кухистанидің шығармасына сүйене отырып, Б. Ахмедов XV ғасырдың 40-шы жылдары Керей мен Жәнібек Сыр бойында болмаған, әйтпесе олар Әбілхайырға қарсылық көрсетер еді, - деп жазады. Бірақ, біз, қазақстандық зерттеушілердің аталған кезеңде Сыр бойы мен Қаратау баурайларында орналасқан Созақ, Сығанақ қалаларының Керей мен Жәнібек қолында болуы керек деген пікірімен толық келісеміз. Бұл жағдайды жоғарыда келтірілгендей аталған қалалардың Әбілхайыр қолына өтуінен кейін Арғывдардың елеулі бөлігінің Мәуереннахрға көшіп кетуі де дәлелдей түседі.

Информация о работе Арғындар