Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 22:15, курсовая работа
Табиғи тіршілік орталарын қорғаудың әр түрлі формаларының ішінен қорықтардың орны ерекше. Себебі, қорықтар алуантүрлілікті қамтамасыз ететін маңызды звено болып табылады. Бірақ, ХХ ғасырдың екінші жартысында «қорық - өзгермеген табиғаттың эталоны» деген принцип бұзылып отыр. Атмосфераның өндірістік улы қосылыстармен, радиациялық ластану, олардың тасымалдануы – біздің планетамыздың кез – келген бөлігіне міндетті түрде әсер етеді. Мемлекеттік қорғалымдар табиғаттың жекелеген немесе бірнеше компоненттерін сақтау, қалпына келтіру, көбейту және жалпы экологиялық балансты ұстап тұру мақсатында құралды.
Кіріспе 3
1 Қорықтар – табиғи лаборатория 5
1.1 Мемлекеттік табиғи ескерткіштер 5
1.2 Мемлекеттік қорғалымдардың маңызы 7
1.3 Қазақстанда жаңа қорықтар ұйымдастыру 8
2 Мемлекеттiк табиғи парктердің туризм дамуындағы рөлі 11
2.1 Қазақстандағы қорықтар 11
2.2 Қорықшалар 19
2.3 Биосфераны қорғаудың «Қызыл кітабы» 21
Қорытынды
Қызыл кітап халықаралық табиғат қорғау
одағының “Қызыл кітабы” — халықаралық
дәрежедегі құжат. Қызыл кітапқа сирек
кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып
бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды
қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің
түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық
дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас
кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж
қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың
халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның
жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы
ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат
қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш
рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің
211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы
деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе
парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер
4 категорияға топтастырылды. 1966 — 71 ж.
Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы
мәліметтер қайта толықтырылып, 2-басылымы,
1972 ж. 3-басылымы жарияланды. 1978 — 80 ж. 4-басылымы
5 том болып жарық көрді. Оның 1-томы сүтқоректілерге
арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі
мен 79 түр тармағы, 2-томында құстардың
181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-томында қосмекенділердің
41 және бауырымен жорғалаушылардың 105
түрі, 4-том балықтарға арналып, балықтардың
194 түрі, ал 5-томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің
түрлеріне арналып, 25000 түрі тіркелді.
1980 жылдары бұрынғы томдар негізінде “Қызыл
кітап” қайта шыға бастады. 1983 ж. шыққан
Қызыл кітапта омыртқасыз жануарлартуралы
мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі төнген
түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық
парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары
қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы
Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің
97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен
жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүзілік зоологиялық парктерде қолдан көбейтілген. Қызыл
кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің
16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи
қорығының аумағында тіркелген. Алайда
Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері
Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде
сирек, осалдау және жойылып бара жатқан
түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.
Қызыл кітапқа енген сүтқоректілер қатарына:
жоңғар сальпинготусы, жалман, сары алақоржын,
сабаншы, Роборовский атжалманы, тас сусары,
шұбар күзен, Түркістан сілеусіні, Қазақстан
арқары, Алтай арқары және тағы басқа кіреді.
Ал жойылып бара жатқан соның негізінде
қызыл кітапқа енген құстардың қатарына:
қызғылт бірқазан, бұйра бірқазан, жалбағай,
қалбағай, қара дегелек, жекдуадақ, тарғақ,
кіші шалшықты құс, сүйір тұмсықты, жұртшы,
ақсұңқар, ителгі, қоқиқас, сұңқылдақ аққу,
қутұмсық қаз, қара тұрпан, ақбас үйрек,
Алтай ұлары, ақ тырна, ақбас тырна, дуадақ,
безгелдек, қарабас өгіз шағала,балықшы
тұйғын және тағы басқалар. Халықаралық
табиғат қорғау одағының Қызыл кітабын
шығаруға Құстарды қорғау жөніндегі халықаралық
кеңес, Су құстарын зерттейтін халықаралық
бюро, Жануарларды қорғау жөніндегі бүкіләлемдік
федерация тағы басқа ұйымдар қатысады.
Қызыл кітап табиғат қорғаудың негізгі
іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие
берудің қайнар көзі болып саналады. Жердің
әр түрлі аймақтарының табиғи комплекстерінің
(биоцеоздардың) эталоны болып табылады.
Олар экожүйелерге жыл бойы және көпжылдық
зерттеулер жүргізу мен биосфераға антропогенді
әсердің мониторингін жасау үшін жақсы
база болып табылады. Биосфералық қорықтық
белдеу (биорезерваттың ядросы), буферлік
белдеу мен интенсивті шаруашылық белдеуінен
тұрады. Аталған белдеулердің барлығы
бір типті ландшафтта және бір – бірінен
онша алыс емес арақашықтықта орналасуы
қажет. Биосфералық қорықтар өзара толықтырушы
үш функцияны атқаруы керек: генетикалық
ресурстарды, биологиялық түрлер экожүйелер
мен пейзаждарды сақтауға бағыт талған
қорғау функциясы; тұрақты экономикалық
және адамзаттық дамуға көмектесу үшін
даму функциясы; зерттеу жұмыстарын қолдау
үшін материалдық – техникалық қамтамасыз
ету функциясы; сонымен қатар, білім беру,
мамандарды дайындау, жергілікті, ұлттық
және ғаламдық сипаттағы іс – шараларға
байланысты монитрингті жүзеге асыру.
Әрбір биосфералық қорық үш элементтен
тұруы қажет. Қорықтық белдеу биологиялық
алуантүрлілікті сақтау мақсатында ұзақ
уақыттық қорғауға алынған экожүйелерді
бақылау, ғылыми – зерттеулер, зиян келтірмейтін
қызмет, мысалы білім беру саласында жүргізіледі.
Буферлі белдеу әдетте, қорықтық белдеудің
айналасында, шектесіп жатады. Адамдар
мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар
дүниесін пайдаланып келді және де өзінің
жан - жақты тіршілігінде жануарлар мен
өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып
ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты
өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір
сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа
антропогенді ықпал етудің әсерінен жер
бетінде өсімдіктер мен жануарлардың
кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.
Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың
қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті
құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты
пайдалы болса, соншалықты зиянды. Сондықтан
да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі
дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл
мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік
мәселе ретінде қаралады [ 10, 25б.].
Қорытынды
Курстық жұмысымды қорытындылай келе, алға қойылған мақстаттар мен міндеттерді жұмысымның барысында көрсетуге тырыстым. Қазақстан Республикасының туризмін дамытудағы ұлттық парктер мен қорықтардың маңыздылығын, рөлін барынша ашып бердім. Қорықтар мен ұлттық парктердің рөлін анықтай келе, олардың қазіргі жағдайына барынша назар аудардым. Біздің еліміздегі табиғат қорғау шаралары жануарлар дүниесін одан әрі көбетуге мүмкіндік беруде. Қазақстаның экологиясына, табиғатына барынша назар аударған жөн. Біздің елге өзге елдерден туристер келіп, тамашалауына негіз болады. Біздің жеріміз кең байтақ. Елімізде жоғарыда айтып кеткен ұлттық саябақтарымыз бен қорықтарымыз бар. Қаншама түрлі жан-жануарлар мен қатар құстар мекендейді. Сирек кездесетін және азайып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктерді қызыл кітапқа енгізу арқылы оларды сақтауға мүмкіндік туып отыр. Қазақстандағы туристік ресурстарға – туристік қызмет көрсету нысандарын қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру нысандары, сондай-ақ туристердің рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын, олардың күш-жігерін қалпына келтіріп сергітуге жәрдемдесетін өзге де нысандар жатады. Олар мәдени-танымдық, экологиялық, спорттық, әлеуметтік тағы басқа туризм түрлеріне бөлінеді.
Қазақ адамдары жабайы жануарлар мен өсімдіктерді өздерінің ұлттық байлығы ретінде санайды. Олар белгілі маусым кезінде ғана белгілі мөлшерде ғана ауланады. Табиғатты қорғау туралы Қазақстан Республикасының Заңы бар. Онда қолда бар табиғат байлығын еселеп молайту, қоғау туралы шаралар белгіленген. Біздің елімізде кейінгі жылдары туризм қалың бұқараны қамтитын демалыстың бір түріне айналып келеді. Нарықтық қатынасқа көшкен кезде туризм бизнестің тамаша көзіне айналып отыр. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің бәрінде туризм жақсы дамыған. Туған өлкеге саяхат жасау адамдардың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттырады.
Жаңа қоғам орнатушы Қазақстан азаматтары сан алуан міндеттерді шешумен бірге, табиғатты қадірлеу, оны қорғау керек. Бұл үшін қазіргі биология ғалымы мен техника салаларындағы жетістіктер әбден жеткілікті. Соларды әрбір азаматтың білуі, өзі ісінде жүзеге асырып отыруы қажет. Сонда ғана болашақ ұрпақ ата – бабаларына риза болады. Ол үшін табиғатты айалайық. Табиғат қорғау – баршаның ісі.
Табиғатты қорғау мен табиғат қорларын
тиімді пайдаланудың екі бағыты бар: мемлекеттік
және жалпыхалықтық.Бұл біздің үйіміз
және ондағы тыныштықты тек қана өзіміз
ұйымдастыра аламыз. Алға сеніммен қарап,
қажетті іс-шараларды орындай отырып,
Қазақстандағы туризм саласын дамытуымыз
қажет! Бұл үшін барлық күш
– қуатымызды, жігерімізді жұмсауымыз
керек.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
Қосымша A 1 – «Наурызым» қорығы
Қосымша A 2 – «Алматы» қорығы
Қосымша А 3 – «Марқакөл» қорығы
Информация о работе Мемлекеттiк табиғи парктердің туризм дамуындағы рөлі