Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 22:15, курсовая работа
Табиғи тіршілік орталарын қорғаудың әр түрлі формаларының ішінен қорықтардың орны ерекше. Себебі, қорықтар алуантүрлілікті қамтамасыз ететін маңызды звено болып табылады. Бірақ, ХХ ғасырдың екінші жартысында «қорық - өзгермеген табиғаттың эталоны» деген принцип бұзылып отыр. Атмосфераның өндірістік улы қосылыстармен, радиациялық ластану, олардың тасымалдануы – біздің планетамыздың кез – келген бөлігіне міндетті түрде әсер етеді. Мемлекеттік қорғалымдар табиғаттың жекелеген немесе бірнеше компоненттерін сақтау, қалпына келтіру, көбейту және жалпы экологиялық балансты ұстап тұру мақсатында құралды.
Кіріспе 3
1 Қорықтар – табиғи лаборатория 5
1.1 Мемлекеттік табиғи ескерткіштер 5
1.2 Мемлекеттік қорғалымдардың маңызы 7
1.3 Қазақстанда жаңа қорықтар ұйымдастыру 8
2 Мемлекеттiк табиғи парктердің туризм дамуындағы рөлі 11
2.1 Қазақстандағы қорықтар 11
2.2 Қорықшалар 19
2.3 Биосфераны қорғаудың «Қызыл кітабы» 21
Қорытынды
| |||||||||||||||
| |||||||||||||||
|
Кіріспе
Халық
санының өсуіне байланысты барлық негізгі
табиғи бірлестіктердің бөліктерін
бастапқы түрінде сақтап қалудың
маңызы артып отыр. Тек адам қолымен
өзгерілмеген бірлестіктер болғанда ғана
адамның жасаған, оларды болдырмауға
мүмкіндік туады. Кез – келген
мемлекеттің ерекше қорғалатын табиғи
территорияларды құрып, дамыту стратегиясы
негізгі екі міндеттің
Қорықтар - табиғатты қорғаудың бір түрі. Қазіргі кезде қорықтық территориялар Жер шарының шамамен 1,6 – 2,0% - ын құрайды. Дүние жүзіндегі ең ірі ұлттық саябақ Гренландияда. Оның ауданы шамамен 7 млн. гектар; Ботсванадағы орталық Калахари резерваты: 5,3 млн. гектар; Вуд – Баффало (Канада) - 4,5 млн. гектар; Үлкен Гобий қорғаны (Монғолстан) – 4 млн. гектар. Қорықтар – толық қорғаудың жетілдірілген түрі, себебі, оған табиғи комплекске кіреді де табиғат ресурстарын шаруашылықта пайдалануға рұқсат берілмейді. Белгілі бір шаруашылық жұмыстарын жүргізе отырып, табиғаттың ерекше объектілерін қорғауға алынған жүйені ұйымдастыру түрі қорғалымдар болып табылады.
Табиғи тіршілік орталарын қорғаудың әр түрлі формаларының ішінен қорықтардың орны ерекше. Себебі, қорықтар алуантүрлілікті қамтамасыз ететін маңызды звено болып табылады. Бірақ, ХХ ғасырдың екінші жартысында «қорық - өзгермеген табиғаттың эталоны» деген принцип бұзылып отыр. Атмосфераның өндірістік улы қосылыстармен, радиациялық ластану, олардың тасымалдануы – біздің планетамыздың кез – келген бөлігіне міндетті түрде әсер етеді. Мемлекеттік қорғалымдар табиғаттың жекелеген немесе бірнеше компоненттерін сақтау, қалпына келтіру, көбейту және жалпы экологиялық балансты ұстап тұру мақсатында құралды. Қорғалымдар ландшафтық, биологиялық, гидрологиялық, геологиялық, палеонтологиялық болуы мүмкін. Тірі табиғат ескерткіштеріне жекелеген ұзақ өмір сүріп келе жатқан ағаштар да жатады. Бұл ағаштардың жылдық сақиналарын зерттей отырып, климотологтар бірнеше ғасырлар барысындағы ауа райының өзгерулерін, астрофизиктер – жаңа жұлдыздардың пайда болуы уақытын, физиктер – жердің магнит өрісінің өзгерістерін анықтайды.
Қазақстанда қазіргі уақытта 10 ұлттық парк ұйымдастырылған. Тірі табиғат ескерткіштеріне жекелеген ұзақ өмір сүріп келе жатқан ағаштар да
Оңтүстік
Қазақстан облысының
Қорықша – жануарлардың, өсімдіктердің жеке түрлері, су, орман, жер нысандары қорғалатын және табиғи ресурстары шектеулі түрде пайдаланылатын аумақ. Ол мемлекеттің табиғи қорық қорының бір немесе бірнеше нысандарын сақтауға және толықтыруға арналады. Қорықша жерінде шаруашылық жұмыстары шектеулі түрде жүргізіледі. Қорықшаның қорықтан айырмашылығы онда бүкіл табиғат кешені емес, оның тек белгілі бір бөлігі ғана қорғалады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының туризмін дамытудағы ұлттық парктер мен қорықтардың рөлін анықтау.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасының ұлттық парктері мен қорықтарының рөлін анықтап, қазіргі жағдайына сараптама беру.
Курстық
жұмыстың міндеттері: мемлекеттік табиғи
ескерткіштер мен қорғалымдардың, қорықтардың
маңызын анықтап, мемлекеттік табиғи парктердің
туризм дамуындағы рөлін көрсету.
1
Қорықтар – табиғи лаборотория
1.1 Мемлекеттік табиғи ескерткіштер
Биосферада
қазынасы сарқылмайтын дүние емес.
Оның адам игілігі үшін ұзақ мерзім
пайдалану үшін өсіп-өнуі үшін адамның
қамқорлығын керек етеді. Айналаны
қоршаған орта тазалығы, орман-тоғай, қазба
байлықтар, су байлығы, жануарлар дүниесі
мен өсімдіктер әлемі ғалым биологтар
назарында тұрған басты мақсаттың
бірі. Табиғи ресурстарды рационалды
түрде пайдалану, оны қорғау-өте
күрделі мәселе. Ол үшін ең алдымен
адам мен биосфера арасындағы өзара
қатынасты дұрыс шешу, биосфера байлдығын
ысырапсыз пайдалануға ат салысу,
оның байлығын арттыра түсу ісіне
қатынасу, күтіп-баптау шараларының
дұрыс жолға қойылуы керек
етеді. Бір сөзбен айтқанда биосферадағы
экологиялық-биологиялық тепе-
Онда
болатын өзгерістерді зерттеу нәтижелеріне
қарай алдын-ала шамалауға
Қазақстанның бірнеше табиғи - географиялық аймақтары – солтүстігінен өңтүстігіне қарай орманды дала, шөлейтті, шөлді өңірлерді қамтиды. Қазақстан жерінде Д.И. Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің бәрі дерлік кездесетін біздің республикамыз табиғи ресурстарға аса бай өлке. Жоғарғы сатылы өсімдіктердің 5777 түрі, аңның 150, құстың 480, бауырмен жорғалаушылардың 150, қос мекенділердің 12 түрі тіршілік ететін айтпай кетуге болмайды. Бұл бай өлкені шын мәнінде табиғи байлықтарының қайнар көзі деп ғалымдар бекерден – бекер айтпаған
Бұл салада Қазақстан Республикасында соңғы жылдар ішінде қыруар ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізіп келдік. 1962 жылы Кеңес одағының биосфераны қорғау заңы шықты. Мұнда табиғи ортаны көркейтудің бірнеше нақты шаралары анық көрсетілген. Олар – қорықтар, парктер, заказниктер мен табиғат ескерткіштерді сақтау ережесі (1962). Сонымен бірге 1972 жылы Кеңес одағы кезіндегі мемлекеттік қорықтарының ережесі жарық көрді. Міне, бұл көрсетілген құжаттарда қорықтар мен табиғат ескерткіштерін ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері және биосфераны қорғау тәртібі айқын көрсетілген. Қазақстан Республикасындағы қорықтардың жұмысын жақсартуына үлкен көңіл бөлінген. Оған бұрынғы КСРО соңғы жылдары қабылдаған бірнеше арнаулы қаулы – қарарлары дәлел бола алады. 1969 жылы 9 шілдеде «Наурызым мемлекеттік қорығының орманын қалпына келтіру мен қорғау шаралары туралы», 1972 жылы 2 тамызда «КСРО мемлекеттік қорықтарының қызметін жақсарту шаралары туралы» қаулы жарыққа шықты. Бұл шараларды өлкеміздегі қорықтардың ғылыми – ұйымдастырушылық жұмыстарын жақсартуда зор маңызы болғанын айтпай кетуге болмайды. Қазақстан Республикасының Қорықтарында қол жеткен табыстары мен орын алып отырған кемшіліктерде олардың жоюдың нақты жолдары айқын көрсетілген [1, 25 б.].
Осы кезде Қазақстан Республикасы жерінде (1980 жылғы мәлімет бойынша) 531 мың гектар алқапты алып жатқан 6 қорық (Ақсу-Жабағылы, Алматы, Наурызым, Барсакелмес. Қорғалжын және Марқакөл) көлемі 4288 мың гектарға жететін 50 - дей аңшылық заказниктер, көлемі 3644 мың гектардай 26 зоологиялық және ботаникалық объектілер, қорғалатын заказниктер және 3 табиғат ескерткіштері бар. Олар (Павлодардағы «Гусиный перелет», Шарын бойындағы көне заманнан бері қарай жойылып кетпей өсіп - өніп келе жатқан ағаштар, Іле Алатауындағы шыршалар). Қорғауға алынған учаскелерді, әсіресе, қорықтарда, бұрын осы аймақты мекендеген, бірақ соңғы жылдары саны азайып кеткен жабайы хайуанаттар мен сирек кездесетін өсімдік түрлері есепке алынған. Мұндай түрлердің Шығыс Қазақстанның далалық аймақтарында өсімдіктердің 1600 түрі тек осы аймаққа тән болғандығын және сирек кездесетінін айтуға болады. Ал Мұғалжар далалы ауданында 15 – ке жуық сирек кездесетін эндемик өсімдіктер Бетпақдаладағы өсімдіктің 1800 түрінің 15 – і, жуық сирек кездесетін эндемик өсімдіктер., Каспийдің оңтүстік жағалауындағы өсімдіктердің 1800 түрінің 7 – і Республикамыздың басқа жерлерінде кездеспейді. Сондай – ақ, Оңтүстік Алтайда өсімдіктердің 1740 түрі кездессе, оның 18 – і, Жоңғар Алатауында 2021 түрі кездессе, 58 – і, Қаратауда 500 түрі өссе, оның 100 – і сол аймақтарға ғана тән сирек кездесетін түрлер. Адамның үнемі қамқорлығымен аялы алақаны болмаса, мұндай бағалы түрлердің биосферадан жойылып кетуі мүмкін екендігін естен шығаруға болмайды. Сондай – ақ, қорықтар өзінің табиғи сұлу көрінісі мен онда өсетін алып түрлердің ерекшеліктері мен де құнды. Қорықтардың кейбіреулері ЮНЕСКО – ның жанындағы биосфераны қорғаудың халықаралық Одағының құрамына Ақсу – Жабағлы қорығы. Оларда тек саны Қазақстан Республикасының қорықтарында алдағы уақытта табиғи ресурстарды пайдалану және олардың қайталанбас сұлулығын сақтаудың ғылыми негізін жасау жөніндегі үлкен мақсат пен міндеттер тұр. Бұл мақсат пен міндеттердің биосфера компоненттерін қорғап, оларды халық шаруашылығына рационалды түрде пайдалану үшін зор маңызы бар. Бұл мақсат пен міндеттердің Қазақстан Республикасы жағдайында да алып жатқан көкейтесті екендігі аян. Көлемі 2,7 миллион шаршы километр жерді алып жатқан байтақ өлке өзінің саялы да аялы қалың орман – тоғайы оның мекендеген сан түрлі хайуанаттары, өзендерімен көрікті өлке. Қазақстан Республикасы территориясында 34 -35 миллион гектар егін егуге, бау – бақша өсіруге жарайтын құнарлы жер бар. 186 -187 миллион гектар шабындықтар мен жайылымдықтар 22 миллион гектар орман (оның ішінде 4-5 миллион гектар аса бағалы сексеуіл орманы бар). Д. И. Менделеевтің периодтық кестесінің барлық элементтерін жинақтаған түрлі қазба байлықтардың ірі кен орындары, 11 мың өзен, 7 мыңнан астам көлдер мен су қоймалары бар. Сондай – ақ, туған өлкеміз менің Қазақстаным елім менің, алуан түрлі жан жануарларға өте бай. Осымен биосфера қазыналарын көздің қарашағында сақтап, қорғауға Қазақстан Республикасындағы жоғарыда айтылған Ақсу – Жабағлы, Алматы, Қорғалжын, Наурызым, Марқакөл, Баянауыл, Үстірт, Алтын Еміл және тағы басқа қорықтардың маңызы орасан зор. Қазақстанда қазіргі уақытта жалпы ауданы 4600 мың гектар 80 қорықша бар. Олар қорғалатын нысандарына байланысты геологиялық, ботаникалық, хайуанаттар қорықшалары тағы басқа деп бөлінеді.
Информация о работе Мемлекеттiк табиғи парктердің туризм дамуындағы рөлі