Мемлекеттiк табиғи парктердің туризм дамуындағы рөлі

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 22:15, курсовая работа

Описание работы

Табиғи тіршілік орталарын қорғаудың әр түрлі формаларының ішінен қорықтардың орны ерекше. Себебі, қорықтар алуантүрлілікті қамтамасыз ететін маңызды звено болып табылады. Бірақ, ХХ ғасырдың екінші жартысында «қорық - өзгермеген табиғаттың эталоны» деген принцип бұзылып отыр. Атмосфераның өндірістік улы қосылыстармен, радиациялық ластану, олардың тасымалдануы – біздің планетамыздың кез – келген бөлігіне міндетті түрде әсер етеді. Мемлекеттік қорғалымдар табиғаттың жекелеген немесе бірнеше компоненттерін сақтау, қалпына келтіру, көбейту және жалпы экологиялық балансты ұстап тұру мақсатында құралды.

Содержание

Кіріспе 3
1 Қорықтар – табиғи лаборатория 5
1.1 Мемлекеттік табиғи ескерткіштер 5
1.2 Мемлекеттік қорғалымдардың маңызы 7
1.3 Қазақстанда жаңа қорықтар ұйымдастыру 8

2 Мемлекеттiк табиғи парктердің туризм дамуындағы рөлі 11
2.1 Қазақстандағы қорықтар 11
2.2 Қорықшалар 19
2.3 Биосфераны қорғаудың «Қызыл кітабы» 21
Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Новый.doc

— 582.44 Кб (Скачать)

     Мемлекеттік табиғат ескерткіштеріне айрықша немесе белгілі бір жерге тән, ғылыми, мәдени – танымдық және денсаулық сақтау тұрғысынан бағалы табиғат объектілері кіреді. Оларға: ормандар, көлдер, жазықтар мен жағалаулардың бөліктері, тау, тау жыныстары, сарқыламалар, сирек геологиялық жыныстар және тағы басқа жатады [2, 19 б.].  

     1.2  Мемлекеттік қорғалымдардың маңызы

                

     Мемлекеттік қорғалымдар табиғаттың жекелеген  немесе бірнеше компоненттерін сақтау, қалпына келтіру, көбейту және жалпы  экологиялық балансты ұстап тұру мақсатында құралды. Қорғалымдар ландшафтық, биологиялық, гидрологиялық, геологиялық, палеонтологиялық болуы мүмкін. Тірі табиғат ескерткіштеріне жекелеген  ұзақ өмір сүріп келе жатқан ағаштар  да жатады. Бұл ағаштардың жылдық сақиналарын  зерттей отырып, климотологтар бірнеше  ғасырлар барысындағы ауа райының  өзгерулерін, астрофизиктер – жаңа жұлдыздардың пайда болуы уақытын, физиктер – жердің магнит өрісінің өзгерістерін анықтайды. Оңтүстік Қазақстан облысының территориясында 39 табиғат ескерткіштері орналасқан. Палеолит пен неолиттің материалдық және рухани мәдениетінің ескерткіштері – үңгірлер. Дәубаба шатқалындағы үңгірлердің бірінде Қазақстандағы ең бірінші жер асты мешіті орналасқан. Биологиялық алуан түрлілік конвенциясы — биологиялық алуан түрлілікті сақтау жөніндегі халықаралық келісім. 1992 жылы 22 мамырда Найробиде өткен БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының конференциясында қабылданды. 1993 жылы Конвенцияға 168 мемлекет (оның ішінде Қазақстан Республикасы) қол қойды. Конвенцияға қол қоюшы мемлекеттер мынадай негізгі баптарды орындауға міндеттенді:

әрбір мемлекет өз ресурстарын табиғат қорғау саласындағы саясатының негізінде қолдана алады және іс-әрекеттері өзге мемлекеттер мен өңірлердің табиғатына зиян келтірмеуін қамтамасыз етуге жауапты;

биологиялық алуан түрлілікті сақтау және тұрақты  әрі тиімді пайдалану мақсатында басқа да ортақ мүддесі болған жағдайда мүмкіндігіне байланысты бірігіп  іс-әрекет жасайды;

биологиялық алуан түрліліктің құрамдарына, оны сақтауға және тұрақты әрі  тиімді пайдалануға кері ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін процестерге, оның зардаптарына тұрақты бақылау (мониторинг) жүргізіледі [3, 24 б.].

 

                              1.3  Қазақстанда жаңа қорықтар ұйымдастыру

             Қазақстан Республикасындағы территорияларвының  кейбір жерлеріне қорық ұйымдастыруға қандай мүмкіншілік бар деген  сауалға біраз тоқталып өткенді мен жөн көрдім. Жер құнарын, орманның әсем келбетін, өзендер мен көлдердің  мөлдір сәулетін, аңдар мен құстардың тіршілігін, өсімдіктер әлемі қымбат қазынадай қадірлеп, қастерлеп, аялап сақтайтын қорықтар Қазақстан Республикасының орманды – дала, дала, шөл және шөлейтті аймақтарда жоқтың қасы. Алтай, Жоңғар, Қарқаралы тауларында, Ертіс, Орал, Сырдария, Іле өзендері жағалауында да қорықтың болмауы жасырын нәрсе емес. Ғалым – биологтардың назарын аударып отырған осы жайт. Өйткені, Қазақстан Республикасында тың және тыңайған жерлерді игеру (1953) мен таулы, шөлді жерлерді мал шаруашылығы үшін кеңінен пайдалануға байланысты қара құйрық, аққұрай, орақтұмсық сияқты хайуанаттармен қатар, гүлтобылғы, қараған, қара қандыағаш, дәрмене бидайықтың біраз түрлерінің қоры күрт төмендеп кеткені ғалым – ботаниктерге белгі беріп отыр. Осындай бағалы жабайы жануарлар мен  өсімдіктер түрлерін, түрлі табиғат аймақтарындағы көрік, ландшафтылар келбетін бірнеше мемлекеттік, тіпті дүние жүзілік маңызы бар қорықтар ұйымдастыру бүгінгі таңда кезек күттірмейтін жайт. Ол туралы бұрынғы Қазақ КСРО Ғылым академиясының «Табиғатты қорғау және оның ресурстарын рационалды түрде пайдалану» мәселесімен шұғылданатын ғылыми кеңесінің жылғы болған арнайы отырысында кеңінен талқыланғаны туралы қолымызда ғылыми деректер бар. Бұл отырыста Қазақстанның ірі ғалым – биологтары қорықтар санын көбейту және оларды ұйымдастыру және оларды ұйымдастыру жолдарын ғылыми тұрғыдағы егжей – тегжейлі талқылаған болатын Қазақстанның ғалым - биологтары келешекте Қазақстан Республикасының барлық географиялық зоналарын қамтитын 21 қорық ұйымдастыру қажет деген ғылыми қорытындыға келіп жүр. Олардың жер көлемі қазіргі кездегі қорықтардың жер көлемімен бірге есептегенде, 2149 мың гектарға жетуі сөзсіз, яғни республика жер көлемінің  75% алмақ. Республикамыздың табиғи ресурстарын қорғайтын жаңа қорықтарды ұйымдастыру үшін алдымен ол маңда арнайы түрде ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Қорықтарды ұйымдастыру үшін ғылыми деректер керек. Бетпақ дала қорығы территориясында Шу өзенінің солтүстігінде жатқан ұсақ тасты шөлді аймақты енгізу жоспарланып отыр. Бетпақдаланың шөлді даласында жусан, баялыш, бұйрығын өссе, ал үстіртті жерлерде қараған, теріскен өседі. Өте көне заманның ескерткіштеріндей болып, реликті бұта (спиреантус) көзге шалынады. Ауа – райы өте құбылмалы, жазы ыстық, қысы аязды келеді. Жауын – шашын де жерге өте аз түседі. Небары 90-100 мм. Бетпақ дала қорығын тезірек ұйымдастыруды өмірдің өзі асықтырып отыр. Бұл қорықта сүтқоректілердің 40, құстардың  150 - 200 – дей түрі, бауырмен жорғалаушылардың 15 – тен астам түрі тіршілік етеді. Міне, осылардың бәрі қорғалуы тиіс. Жезқазған облысына қарасты Ағадыр селосының батысындағы бұталы дала жатады. Көлемі 40-50 мың гектар болуы мүмкін. Мұндағы қорғалатын негізгі объектілер жұпар, қамшат, орман сусары, құр, емен, шегіршін  сияқты сирек кездесетін аң, құс, өсімдіктер. Бұл қорықтарда ең көлемділері - Үстірттің Батыс тік жарлы қыраттары Үстірт қорығына кекілік, құлан болса, гепард, бұлдырықтар да көзге жиі – жиі шалына береді. Шөлейтті аймақтық қорықтардың бірі – Аңдысай қорығы. Оның көлемі 330 мың гектар жерді қамтуы мүмкін. Қорғалатын объектілері арқар, құлан (қайта жерсіндірілген), қара құйрық, киік, жалман, реликті гүлтобылғы, Регель қызғалдағы. Шөлейтті аймақтық қорық, оған торғай өзенінің төмегі ағысы, Нұра мен Тәуіп учаскесіндегі көптеген алқаптар кіреді. Жер көлемі шамамен алғанда,    20-30 мың гектар. Қорғалатын объектілері – ақбөкен, дуадақ, безгелдек, су құстары, бидайықтар өсетін ойлы жерлер. Алматы облысы, Балқаш ауданындағы Күрті өзенінің Ілеге құяр жерінде тоғайлы алқапта да шамамен алғанда 20-30 мың гектар жер бос жатыр. Ол жерлерге қорық ұйымдастыруға болатыны анықталып отыр. Іле өзені тоғайлы қорығын ұйымдастыру ғалымдардың ойында. Мұндай мекендейтін жабайы шошқа, тоғай бұғысы (қайта жерсіндірілген), шұбар бұғы, сарғыш күзен, қырғауыл және сирек кездесетін тоғай өсімдіктері қорғалуға тиіс. Балқаш ауданынында тағы бір қорық ашылмақ, ол – Бақанас – сексеуіл қорығы. Мұнда 40-50 мың гектар жер бар. Егер қорық ұйымдастырыла қалған күнде негізгі қорғалатын объектісі сексеуіл, қызылша, жусан, жорға торғай, қарақұйрық, құлан секілді басқа да өсімдік, құс, аңдар болмақ. Шөлейтті аймақта тағы да бірнеше жерде қорықтар ұйымдастыруға болатынын ғалымдар дәлелдеп отыр. Олар Шарын (Алматы облысы Шарын өзенінің төменгі ағысы) бұл жерде көлемі 20 мың гектар келетін қорық ұйымдастыруға жарайтын ғажап «Жер жанаты» өлке бар.  Свентас (Ақтөбе облысының Шалқар ауданында) 30 мың гектар жер қорық ұйымдастыруға жарайды, Қызылқұм (Қызылорда облысының Шиелі және Жаңа Қорған аудандарының территориясында) көлемі 50 -60  мың гектардай жер қорық ұйымдастыруға жарайды. Бұл жерлерде қорғалатын объектілер – шетен реликті орманы, тораңғы торғайы, сортаңды шөл, хайуанаттар түрлері – қарақұйрық, дуадақ, жүзгін, сексеуіл және тағы басқа өсімдік түрлері. Қазақстан Республикасында алдағы уақытта ұйымдастырылатын қорықтардың бір тобы – тау қорықтары болуы тиіс. Бұл қорықтардың көлемдісі (250 мың гектар) – Жоңғар Алатауы, Басқан өзені, Сарқанд ауданының территориясын қамтиды. Қорғалатын негізгі объектілер – марал, ақтырнақты аю, барыс, тау сусары, қызыл қасқыр (сирек кездесетін аң), арқар, таутеке, ұлар, сабыншы, құр, май қарағай, шыршалы ормандар, алый шабындықтары, оларда өсетін сирек кездесетін өсімдік түрлері. Ал Сауыр тауларында Шығыс Қазақстан облысы, қорық ұйымдастыратын көлемі 200 мың гектар жерлер кездеседі. Мұнда қорғалатын объектілер өте көп – марал, қоңыр аю, таутеке, тұндра шілі, меңіреу құр, шұбар шіл, тырбақ қайың, жапырақты орман. Ал, Шыңғыстау, Тарбағатай (Шығыс Қазақстан облысы) бұл өңірде қорық ұйымдастыруға келетін көлемі 50 - 60  мың гектардай жер бар. Қоғауға алынуға тиіс, объектілер мыналар – бадам, жабайы алма бағы, субальпі шабындығындағы өсімдіктердің кейбір түрлері. Зайсан ойпатында да қорық ұйымдастыруға болатын жерлердің бар екенін ғалымдар дәлелдеп отыр. өйткені бұл өңірде өте сирек кездесетін хайуанаттардың өкілдері бар. Олардың ішінде елік, қарақұйрықты жерсіндіруге болатыны толығымен анықталып отыр [4, 17б.].  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     2. Мемлекеттiк табиғи парктердің туризм дамуындағы рөлі

                   

     2.1 Қазақстандағы қорықтар 

     Мемлекеттiк ұлттық табиғи парк — ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

                «Іле-Алатауы» ұлттық табиғи Іле Алатауының әсем ландшафтарын қорғау, өсімдік жамылғысы мен жануарлар әлемін сақтау, туризмді дамыту мақсатында ұйымдастырылған. 1996 жылы Алматы обл. Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарының аумағында орналасқан Қаскелең, Пригород, Түрген орман негізінде құрылған. Орталығы. – Таусамалы ауданы 202 мың гектар, ол Алматы қаласынан оңтүстікке қарай Іле Алатауының (Тянь-Шань) солтүстік беткейінде, батыста Шамалған өзені., шығыста Түрген өзенінің аралығындағы ұзындығы 120 км, ені 30 – 35 км аймақты алып жатыр. Оның құрамына 4-Ақсай, Медеу, Талғар және Түрген орман аумағындағы аласа, орташа және биік тау ландшафтары енеді. (Сурет 1) климаты биіктік белдеулер бойынша өзгереді: тау етегіндегі далалық белдеу ылғалды, жазы құрғақ әрі ыстық, қысы жылы, қары жұқа; аласа және орташа тау аймағы ылғалды әрі ыстық; альпі және субальпі шалғындары белдеуінде ылғалд. өте жоғары. Орт. жылдық жауын-шашын мөлш. 550 – 600 мм. Саябақ теңіз деңгейінен 600 – 4540 м биіктікте орналасқан. Ең биік шыңы – Конституция (4540 м) және Қазақстанның 25 жылдығы шоқысы (4494 м). Ең үлкен мұздық – Дмитриев мұздығы. Түрген, Есік, Талғар, Кіші және Үлкен Алматы, Қарғалы, Ақсай, Қаскелең өзендері ағып өтеді. Олардың бастауларында моренді көлдер бар, көпшілігі маусым айында суға толып, қысқа қарай тартылып қалады. 2500 м биіктікте Үлкен Алматы көлі орналасқан, тереңдігі 39,3 м. Үлкен Алматы өзенінің су алабында орналасқан радонды Алмаарасан және кремнийлі-термалды Горельники мен Таутүрген бастаулары бар. Жері негізінен қара топырақты. Саябақтың флорасында 1 мыңнан астам өсімдік түрі бар, оның 500-ден астамы жапырақты орман, 400-ден астамы – қылқан жапырақты орман алқаптарында өседі. Бұл өсімдіктердің 36 түрі Қазақстанның “Қызыл кітабына” тіркелген (мысалы, Алматы кекіресі, Сиверс алмасы, Мушкетов түйесіңірі, тағы басқа.). Қоректік өсімдіктерден: Тянь-Шань сұлыбасы, шалғын қоңырбас, беде, сиыржоңышқа ; илік – қымыздық, рауғаш, таран, дәрілік – түймешетен, өгейшөп, шырғанақ, бақба ; эфирлі-майлы – аюбалдырған, арша, жусан, жеміс-жидектерден – өрік, алма, таңқурай, бүлдірген, бөріқарақат, долана  өседі [5, 19 б.].

     Омыртқасыздардың 8 класқа бірігетін 2 мыңнан астам түрі белгілі. Барылдауық қоңыздардың 252, стафилинидтердің 180, жапырақ жегіштердің 102, күндізгі көбелектердің 145, жарғаққанаттылардың 110, қазғыш жабайы аралардың 97, құмырсқалардың 33, шаншарлардың 30 түрі анықталған. Омыртқасыздардың 24 түрі (мысалы, Түркістан туркомиласы, әшекейленген жүйрік қоңыз, шығыс ахраноксиясы, Іле хош иісті отын кескіш қоңызы, тағы басқа) Қазақстанның «Қызыл кітабына» тіркелген. Омыртқалы жануарлардың 245 түрі, олардың 8 түрі балықтар; 4-еуі – қосмекенділер; 8-і – бауырымен жорғалаушылар; 178-і – құстар; 47-сі – сүтқоректілер. Бұлардың ішінде балықтардың 4, қосмекенділердің 2, құстардың 11, сүтқоректілердің 7 түрі Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Саябақ аумағында Талқыз және Түрген ескі қалашықтарының орны сақталған. Түрген шатқалында ертедегі темір дәуірінің зираттары мен Есік өз-нің бойында сақ қорғандары бар. Бутаков сарқырамасы, реликті мүк басқан Шыңтүрген шыршалары да табиғат ескерткіштері болып саналады. Соңғысында мүк астында, 30 – 40 см тереңдікте қалыңд. 2 – 3 м болатын мәңгі мұз қабаты бар. Әсем табиғаты, алуан түрлі флорасы мен фаунасы бар саябақтың қоршаған ортаны қорғауда алатын орны ерекше (сурет 1).  
 

                                                                                                                                                                                                                                                                               

     Сурет 1 – «Іле-Алатауы» ұлттық табиғи саябағы 

                  «Алтын Емел» ұлттық табиғи паркі Жоңғар Алатауының бөктерінде 520 мың ауданды алып Қазақстандағы ең ірі – “Алтын Емел” ұлттық табиғи паркі орналасқан. “Алтын Емел” МҰТП ҚР Өкіметінің қаулысы бойынша 1996 жылдың 10 сәуірінде құрылды. Парк оңтүстігінен Іле өзені мен Қапшағай су қоймасымен, батыстан Шолақ, Матай, Дегерес тауларымен, солтүстіктен Алтын – Емел, Қоянды тау-тауларымен, ал шығыстан Қатутау тауының шығыс бөктерінен Іле өзеніне дейін шектесіп жатыр. Парк 520 га ауданында Кербұлақ және Панфилов аудандарының территориясын алып жатыр. Парк территориясында келесі ланшафт түрлері бөліп көрсетілген: таулар, таулы плато, жазықтар және жоталар. Негізгі бөлігі таулы массив болатын олардың биіктігі теңіз деңгейінен 1200 – 2500 м. Терең жыралар да кездеседі, жер беткейінің 26 түрі бар. Флора 1800 түрге жуық өсімдіктерден тұрады, олардың 21 түрі Қызыл кітабына енген. Сонымен қатар паркте эндемикалық және сирек кездесетін өсімдіктердің 60 түрі бар. Парк территориясына өте бай фауна орналасқан. Омыртқалы жануарлардың өзінің 260 түрі бар, ал Қазақстандағы барлық омыртқалы жануарлардың 31,2% пайызын құрайды. Сүтқоректілердің негізгі түрлері Қазақстанның және Халықаралық Қызыл кітапқа енген: жайран, Сібір таулы ешкісі, түркмен құланы, қарлы барс, бүркіт, мануи, сапсан және тағы басқа. Парк аумағында экотуризм обьектілері болатын ерекше табиғи орындар мен ежелгі мәдениет ескерткіштері бар [6, 13 б.].                 

              Баянауыл ұлттық табиғи паркі – Павлодар облысының оңтүстік-шығысында (Баянауыл ауданында) Екібастұз қаласынан 100 шақырым жерде Орталық-Қазақстандық ұсақ шоқылардың шетінде орналасқан Қазақстан Республикасындағы ұлттық парк. Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының қатарына кіреді. Парк 1985 жылы құрылып, Қазақстанның бірінші ұлттық паркі болып табылады. Баянауыл тау сілемінің табиғи өсімдік әлемі мен жануарлар әлемін сақтау және қалпына келтіру қажеттілігі паркті құрылуына негіз болып табылды. Парктің жалпы аумағы 68 453 га. құрайды. Парктің аумағы Қазақтың ұсақ шоқылары шегінде орналасқан, ол жоғарғы палеозой кезеңінің өзінде ірі таулы мекен ретінде қалыптасып, континенттік құлдыраудың ұзақ тарихын басынан кешірді. 
Құстар әліме де бай, 67 ұя салатын және 100 жуық ұшатын құстардың түрін көруге боады. Құстардан паркте тырнаны, аққуды, құтанды, дуадақты, жыртқыш құстардан – бүркітті, күйкентай мен кезқұйрықты кездестіруге болады.  Ашық-жарқын түсімен италақаз назарды алады,ол, жартастың жарығына немесе түлкі және суырдың індеріне ұя салады. Балалары дүниеге келгеннен соң ғана ұзақ жолды өтіп қана көлге түседі. Орманды алқаптарда жыртқыштар кездеседі – көксары, обашық, қырғи, кезқұйрықты бүркіт, Торғай тобының өкілдері – үлкен көкқұс, орман аты, қызылды, жасымық, бақша сұлысы және т,б. Баянауылдың ең жоғары нүктесі (1027 м) — Ақбет тауы. Аңыз бойынша тау Ақбет деген қыздың құрметіне аталды, өзі сүймейтін адамға тұрмысқа бергені үшін таудан құлаған. Парк аумағында үш ірі тұщы сулы көл  - Сабындыкөл, Жасыбай және Торайғыр көлдері орналасқан.  Олардан басқа шағын көлдер көп, кейбіреуі құрғақшылық кезде тартылып қалады. Ең ірі көл — Сабындыкөл (тура аудармасы — «мыльное озеро»), оның жағасында Баянауыл кенті орналасқан. Көл өзінің ерекше, жұмсақ, сабынды суына байланысты солай аталған. Аңыз бойынша Баян сұлу кезінде әдемі ұзын шашын жуып отырғанда сабынын суға түсіріп алған. Құстардан паркте тырнаны, аққуды, құтанды, дуадақты, жыртқыш құстардан – бүркітті, күйкентай мен кезқұйрықты кездестіруге болады.  Баянауыл таулары Азиаттық материктің ортасында орналасқан, сондықтан климаты континенттік сипатта. Жергілікті жер үшін қатты континенттік климат тиесілі, Баянауылда Павлодар облысының далалық аудандарында болатын қатты желдер мен құмды борандар соқпайды. Орталық және Солтүстік  Қазақстанның жақын маңындағы қалаларының туристері үшін Баянауыл өте тартымды жерлердің бірі (сурет 2).

       

            

     Сурет 2 – «Баянауыл» ұлттық табиғи паркі 

Информация о работе Мемлекеттiк табиғи парктердің туризм дамуындағы рөлі