Мемлекеттiк табиғи парктердің туризм дамуындағы рөлі

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 22:15, курсовая работа

Описание работы

Табиғи тіршілік орталарын қорғаудың әр түрлі формаларының ішінен қорықтардың орны ерекше. Себебі, қорықтар алуантүрлілікті қамтамасыз ететін маңызды звено болып табылады. Бірақ, ХХ ғасырдың екінші жартысында «қорық - өзгермеген табиғаттың эталоны» деген принцип бұзылып отыр. Атмосфераның өндірістік улы қосылыстармен, радиациялық ластану, олардың тасымалдануы – біздің планетамыздың кез – келген бөлігіне міндетті түрде әсер етеді. Мемлекеттік қорғалымдар табиғаттың жекелеген немесе бірнеше компоненттерін сақтау, қалпына келтіру, көбейту және жалпы экологиялық балансты ұстап тұру мақсатында құралды.

Содержание

Кіріспе 3
1 Қорықтар – табиғи лаборатория 5
1.1 Мемлекеттік табиғи ескерткіштер 5
1.2 Мемлекеттік қорғалымдардың маңызы 7
1.3 Қазақстанда жаңа қорықтар ұйымдастыру 8

2 Мемлекеттiк табиғи парктердің туризм дамуындағы рөлі 11
2.1 Қазақстандағы қорықтар 11
2.2 Қорықшалар 19
2.3 Биосфераны қорғаудың «Қызыл кітабы» 21
Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Новый.doc

— 582.44 Кб (Скачать)

                 «Ақсу-Жабағылы» қорығы 1926 жылы құрылған, ертеден келе жатқан қорық. Талас Алатауының солтүстік батыс бөлігін алып жатыр. Ауданы 73 мың гектар. Бес өсімдік белдеулеріне бір мыңнан астам өсімдіктер, құстардың – 130 дан астам түрлері, сүтқоректілерден арқарлар, маралдар, суырлар және кіреді. (Сурет 3), территория құрамында тұрғын жерлер жоқ. Физико – географиялық ерекшеліктеріне байланысты екі бөлікке бөлінеді. (сурет 3).   

       

     Сурет 3 - «Ақсу-Жабағылы » қорығы

         

              «Барса – келмес» қорығы Арал теңізінің солтүстік бөлігінде Барса – келмес аралында орналасқан. 1939 жылы құрылған. Аралдың ауданы  198 шаршы км. Аралдың флорасында  130 – дан астам өсімдіктердің түрлері кіреді. Жануарлар түрлері көп емес. Сүтқоректілердің алты түрі, амфибиялардың екі түрі және құстардың  110 түрі тіршілік етеді. Олардың барлығы 1927 жылы сырттан әкелінген сайғақтар, қарақұйрықтар, құландар, құм сарышұнағынан басқалары аборигенді түрлер болып табылады  [9, 22 б.]. 1982 – 1991 жылдар аралығында 260 астам құландар республиканың басқа қорықтарына ауыстырылған. 137 бастардағы жемiсi қалған 50 ерекшерек қиырлар. Қазіргі таңда жылдық қорытынды бойынша құлан саны 20-25 басқа көбейді. Барсакелмес қорығында флора және фаунаның сирек кездесетін түрі бар. Балықтар саны жылдан жылға өсуде. Жуырда Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеттің ғалымдары студенттермен бірлесіп экономика,экология және ботаниканы жаңартуда. Қорық бай кiтапхананы арқасында өз оқырмандары және оны табады жануартану және өсiмдiктануды табиғи лабораторияға айналып кетедi. Бүгінгі күннің басты мәселесі: 100-150 000 га және 400 000 га жерді сақтап, өсімдіктерді көбейту. Барсакелмес – республикадағы 9 қорықтың ішіндегі ең ерекшесі және оның өркендеуіне барлық қазақстандықтар қызығуы керек. Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы Арал теңізінің ортасындағы осы аттас жерде алғаш 1929 жылы қорғалым ретінде пайда болса, 1939 жылдың 10 желтоқсанынан бері өзіне лайық статусқа ие. Сол уақытта Қазақ КСР Халық Комиссарлары кеңесінің №973 қаулысы негізінде қаз тұрған бұл құрылымның тұрақ тепкен жері өте қолайлы мекен болатын. Оның ең биік бөлігі теңіз деңгейінен 100 метрге дейін баратын. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының басынан Сырдария және Әмудария өзендері арқылы Арал теңізіне келіп құятын судың мөлшері күрт азая бастауына байланысты теңіздің бірте-бірте тартыла түсуі мұндағы қорықтың да жағдайын нашарлата берді. Ақырында мұндағы Барсакелместің “арал” атанғаны тарихтың тұнбасында қалды. Өйткені, теңіздің шығыс жағалауы құрлықпен қосылып кетіп, қорықтың елден ерек ерекшелігі естен шықты. Соған қарамастан осындағы өз істеріне ерекше берілген жайсаң жандардың жанқиярлық еңбектерінің арқасында атақты қорық жай тіршілік етіп қана қоймай, алғы күнге асқақ міндеттер тұрғысынан қарауда. Бүгінде құрылғанына жетпіс жылға жуық уақыт болған Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы осындай жаратқанның өзі жарқыратып жасап берген жалпақ жайуаттан жай тапқан. Қорықта бүгінде өсімдіктің 165 түрі өседі. Олардың арасында бұйырғын, жусан, адыраспан, рауғаш, итсигек, сексеуіл секілді сортаң шөптер бар. Жануарлар әлемінен құлан, ақбөкен, қарақұйрық, ор қоян сынды арал табиғатына бейім хайуанаттар түрлері кездеседі. Заманында еліміздің жазық даласында зыр қағып жүрген “қазақ құланы” деп аталған аң да болыпты. Оның ең соңғы тұяғы 1936 жылы оспадар оқтың құрбаны болғанға ұқсайды. Сосын 1953 жылдың қысында Түркіменстанның Бадхыз мемлекеттік қорығынан 14 құлан жеткізілді. Әкелінген жануарлар жаңа мекенді бірден жерсініп, ұрпақ жая бастады. Қорықта ұлы көш басталған 1982 жылға дейін олардың саны 300-ге жеткен екен. Өкінішке қарай, 1997-1999 жылдары Барсакелместің арал болудан қалып, тұщы су көздерінің жоғалуы бұл жануарлардың жарамдыларын түгел басқа жақтарға жөнелтуге мәжбүр етті. Сол уақыттан бастап бұл жерден ұзын-саны 250 қаралы құлан көшіріліп әкетіліп, негізгі бөлігі Алматы маңындағы Алтынемел ұлттық паркіне жіберілсе, тағы бір тобы Маңғыстау маңындағы Үстірт жоталарына аттандырылды. Ал қорықтың өз басында алыс жолға шығуға жарамайтын, кәрі-құртаң елу шақты құлан алып қалынған еді [7, 14 б.].                 

      

               Наурызым 1931 жылы құрылған. Қостанай облысының Жетісу ауданында орналасқан. Ауданы 100 мың гектар. Қорықта  151 құстардың, 25 сүтқоректілердің, рептилиялардың 5 түрі, амфибиялардың 2 және балықтардың 8 түрі кездеседі (қосымша А 1).

              Алматы қорығы 1934 жылы құрылған. Алматы облысының Шелек ауданында орналасқан. Іле Алатауының тау жотасының топырақ жабыны альпілік өсімдіктер жабыны бар таулы – шалғындық топырағына жатады. Өсімдіктердің 1300 түрінен астамы кездеседі. Жануарлар әлеміне құстардың 200 түрі, сүтқоректілердің 62 түрі, амфибиялардың 3 түрі, рептилиялардың 16 түрі және балықтардың 8 түрі кездеседі (қосымша А 2).

           Қорғалжын қорығы Ақмола облысы Қорғалжын ауданында орналасқан мемлекеттік қорық. 1958 жылы ұйымдастырылған. Оған Теңіз – Қорғалжын көлдер жүйесінің біразы енеді (Қорғалжын; Теңіз). Жер аумағы 258,9 мың га (2003). 125 – 130 күндей аязсыз жайма шуақ болады. Жылына 200 мм шамасында жауын-шашын түседі. Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 331 түрі, атап айтқанда, жусан, көкпек, боз селеу, қызғылт, тобылғы, бидайық, бозшөп өседі. Әсіресе, суда өсетін өсімдіктердің 22 түрі мұндағы көлдерге ерекше әсемдік береді. Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай. Қосмекенділердің 2, балықтардың 10-нан астам түрлері тіршілік етеді. Сондай-ақ, дала суыры, қоян, күзен, борсық, ақбөкен, тағы басқалар мекендейді. Қорғалжында 32 мыңдай қасқалдақ, 10 – 12 мыңдай үйрек, аққу, қаз тағы басқа құс түрлері ұя салады. Қорықтан ақ құтан, қызыл жемсаулы қарашақаз, тұрпан, қара дегелек, бірқазан сияқты саны жылдан жылға азайып бара жатқан құстарды кездестіруге болады. Мұнда ұя салатын қанаттылардан гөрі мамырлауға келген құстар саны бірнеше есе көп болғандықтан қорықты Құс базары деп те атайды. Қорықта дүние жүзінде өте сирек кездесетін – қызғылт қоқиқаз бар. Ол Қазақстан жерінде тек Теңіз көліненде ұя салып, жұмыртқа басады. Түсі қызғылт қанатты қоқиқаздар топталып аспанға көтерілген кезде бүкіл көл айдыны қызыл алау өрттей лаулап, ерекше шұғылаға бөленеді (сурет 4).     
 

                     

          

     Сурет 4 - «Қорғалжын» қорығы

          

             Марқакөл қорығы 1976 жылы құрылған. 71 мың гектар территорияны алып жатыр, оның 44 мың гектарын Марқа көлі алып жатыр. Қорық территориясына Азутау жотасының оңтүстік беткейлері және Күршім тау жотасының оңтүстігі кіреді. Марқакөл ойпатының өсімдіктер жабыны өте бай және алуан түрлі. Оның құрамында жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің  бір мыңнан астам түрлері кіреді. Жануарлар дүниесі де өте бай, құстардың  232 түрі мекендейді,  олардың 125 түрі ұя салады (қосымша А 3).

                  Қаратау (Қызылқұм) қорығы. Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс және Шардара аудандарының территориясында орналасқан. Көлемі 150,6 мың гектар.1990 жылы Шымкент облыстық Атқару Комитетінің шешімімен құрылған. Қаратау қорығы Қаратау тау жоталарының өте бай табиғатын қорғауға арналған. Мұнда өсімдіктердің шамамен   1,5 мың түрлері кездеседі. Өсімдіктердің  эндемик түрлерінің саны бойынша Қаратау жоталары республикада бірінші орында тұр [8, 16 б.] .  

                Үстірт қорығы 1984 жылы құрылған. Ауданы 223,3 мың гектар. Маңғыстау облысында орналасқан. Қызыл кітапқа енген шөл зонасының 12 түрлі аң мен құстарды қорғау үшін құрылды. Маңғыстау обласыңдағы Ералы ауданы жерінің аумағы 223,3 мың га. Ол Үстірттегі Кендірлі сорын қоршаған таға пішіндес бірнеше ғажайып қыраттарда орналасқан. Мұндай қыраттар ғасырлар бойы жел, су эрозиясына ұшырап, қатты өзгерген. Қорықтағы жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі солтүстік шөлді аймақтарға тән. Сүтқоректілердің 27, құстардың 111, бауырымен жорғалаушылардың 30 түрі бар. Сыртынан қарағанда, табиғаттың өзі салған керемет бір құрылысқа ұқсайды: мұнда пышақ кескендей тік, биіктігі 200 м-ден астам құлама жартастар, төбелері теп-тегіс не конус (сурет 5). 

      

       

                                            

                                                  Сурет 5 – «Үстірт» қорығы 

           Батыс Алтай 1992 жылы құрылған. Ауданы 56 мың гектар. Шығыс Қазақстан облысының, Глубокое ауданында орналасқан.  Құстардың 131, түрі, сүтқоректілердің 50 түрі,  өсімдіктің 564, балықтардың 5 түрі кездеседі. Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы Кенді Алтайдың солтүстік- батыс бөлігінде Шығыс Қазақстан облысының Риддер (Лениногор), Зырян, Глубокое (Орталық кеңсе - үй- жайы Глубокое ауданының Риддер қаласында орналасқан) аудандарының аумағында Поперечное ауылының оңтүстік шығысында табиғатты пайдаланудан алынып қойылған жерлерде орналасқан. Қорықтың ландшафтық кешеніне Иванов (2800 м), Холзун (2500 м), Көксін (2300 м), Тигирецк (2300 м), жоталарының таулы жер бедерлерінің бөлігі қосылады. Қорықтың мұхиттан және ашық теңіздерден алыс жатуы оның климатының континентальды болуына негіз болады.  
Қорықтың климаты географиялық жағдай мен жер бедеріне байланысты. Қорық Азия материгінің ең түкпірінде орманды, далалы, шөлді табиғи- климаттық аймақтардың түйіскен жерінде; Оңтүстік Сібір және Орта Азияның әр түрлі таулы аймақтарында, Батыс Сібірдің байтақ жазықтық кеңістігінде, Қазақстан мен Орта Азияның далалары мен шөлдерінде орналасқан (сурет 6).
 

                         

                                     

                                             Сурет 6 – «Батыс Алтай» қорығы 

           Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы Тентек өзені сағасының табиғатын және Алакөл аралдарындағы сирек кездесетін жануарларды сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылған. Алматы облысының Алакөл және Шығыс Қазақстан облысының Үржар аудандарында орналасқан. Аумағы 20743 га. Қорықтың аумағы 7 телімге бөлінген. Қорықта өте сирек кездесетін реликті шағаланың ұя салып, балапан өрбітетінін қазақ орнитологы Е.Әуезов 1968 – 69 жылдары жүргізген ғылыми жұмыстары кезінде анықтады. Қорық аумағындағы аралдар құстардың топталып ұя салуына өте қолайлы. Сондықтан да қорықты нағыз «құс базары» деп атауға болады. Қорық жануарлар дүниесіне өте бай. Мұнда балықтардың 15, қосмекенділердің 2, бауырымен жорғалаушылардың 14, құстардың 330 және сүтқоректілердің 21 түрі кездеседі. Омыртқасыздардан инеліктердің 34 түрі бар. Құстардың 15 түрі (бұйра бірқазан, қалбағай, қара дегелек, безгелдек, дуадақ, үкі, тағы басқа) және балқаш алабұғасы Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген (сурет 7).

                                                  

                                        

                                                Сурет 7 – «Алакөл» қорығы.

      

                                                         2.2 Қорықшалар

              Қорықша – жануарлардың, өсімдіктердің жеке түрлері, су, орман, жер нысандары қорғалатын және табиғи ресурстары шектеулі түрде пайдаланылатын аумақ. Ол мемлекеттің табиғи қорық қорының бір немесе бірнеше нысандарын сақтауға және толықтыруға арналады. Қорықша жерінде шаруашылық жұмыстары шектеулі түрде жүргізіледі. Қорықшаның қорықтан айырмашылығы онда бүкіл табиғат кешені емес, оның тек белгілі бір бөлігі ғана қорғалады. Мыс., Қапшағай аңшылық қорық ш-нда дәрі-дәрмектік шөптерді жинауға тыйым салынғанымен, аң аулауға рұқсат етіледі. Олар зоология, ботаника, гидрология, геология, геоморфология, гидрогеология, топырақты, ландшафты және кешенді, жергілікті және респ. мәндегі Қорықша болып бөлінеді. Онда белгіленген тәртіппен ғылыми, мәдени-ағарту, үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі. Ботаникалық қорықшалар, Зоологиялық қорықшалар.Қазақстанда қазіргі уақытта жалпы ауданы 4600 мың гектар 80 қорықша бар. Олар қорғалатын нысандарына байланысты геологиялық, ботаникалық, хайуанаттар қорықшалары тағы басқа деп бөлінеді. Ботаникалық қорықшалар өсімдік жамылғысының ерекшелігіне қарай әр зонаның бар ландшафтыларында орналасқан. Мұнда флораны сақтау және қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Қорықшалармен қатар, қоршаған ортаның жан – күйіне қатысты ғылыми жұмыстар жүргізілген биосфералық қорықтар, резерваттар ұйымдастыруға болады. Елімізде болашақта оларды ұйымдастыру жоспарланған. Қазақстандағы маңызды мемлекеттік қорықшалар бар. Алматы мемлекеттік қорықшасы Алматы облысының оңтүстік – шығысында орналасқан. Ауданы 424 мың гектар. Зеренді мемлекеттік қорықшасы. Ақмола облысында орналасқан. Ауданы 39,5 мың гектар. Ал Рахман қайнарлары қорықшасы Алматы облысында орналасқан. Ауданы 109 мың гектар. Мемлекеттік табиғат ескерткіштеріне айрықша немесе белгілі бір жерге тән, ғылыми, мәдени – танымдық және денсаулық сақтау тұрғысынан бағалы табиғат объектілері кіреді. Оларға: ормандар, көлдер, жазықтар мен жағалаулардың бөліктері, тау, тау жыныстары, сарқыламалар, сирек геологиялық жыныстар және тағы басқа жатады. Табиғат ескерткіштеріне, сонымен қатар, жасанды шығу тегі бар табиғат объектілері – ертеден келе жатқан аллеялар мен саябақтарды жатқызуға болады. Ботаникалық қорықша — Қазақстанда өсетін өсімдіктердің сирек кездесетін және бағалы түрлерін қорғау, байырғы қорын қалпына келтіру және экологиялық деңгейін сақтау үшін ұйымдастырылған шағын аумақтар; олар шаруашылыққа пайдаланылмайды, мемлекеттің қорғауында болады. Республикамызда жалпы аумағы 217 мың га болатын 16 Ботаникалық қорықша бар (1991 жылы). Олар: Орлиногор ботаникалық қорықшасы, 1971 жылы ұйымдастырылған, аумағы 3,5 мың га, Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында, мұнда қызыл қау, сәбізшөп сияқты дала өсімдіктері мен қайыңды-қарағайлы селдір орман өседі. Төменгі Тұрғысын қорықшасы (1978 жылы; 2,2 мың га) Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданында, өсімдік жамылғысы Оңтүстік Алтай мен Күршім тауына тән. Шыршалы-қарағайлы ормандар, бұталы өсімдіктер (Алтай доланасы, қызыл долана, итмұрын мен қалампыр) өседі. Қаратал құмы қорықшасы (1978 жылы; 1,3 мың га) Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында, онда Бұқтырма бөгені жағалауының флорасы (шырғанақ, тікенжиде) қорғауға алынған. Қапшағай қорықшасы, Қапшағай аңшылық-қорық шаруашылығы құрамында ұйымдастырылған.Ақдала (1977 жылы; 3 мың га) және Бөріжар (1977 жылы; 1,4 мың га) қорықшалары Оңтүстік Қазақстан облысының Бөген ауданында, Жамбыл (1977; 8,3 мың га) және Шалдар (1977; 2,6 мың га) қорықшалары сол облыстың Бәйдібек ауданында, Темір қорықшасы (1977; 4 мың га) сол облыстың Отырар ауданында. Бұл қорықшаларда — дермене және жусанды-сораңды эфемер өсімдіктер тобы қорғауға алынған. Үржар (1971; 120 га), Атлет (1971; 112 га), Солдат жырасы (1971; 156 га) қорықшалары Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында орналасқан. Оларда Тарбағатай тауының өсімдік дүниесі өседі. Тораңғылы (1971; 48 га), Бектауата (1971; 0,5 мың га) қорықшалары Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында; Қоғашық қорықшасы (1971; 15 мың га) сол облыстың Жаңаарқа ауданында. Бұларда Балқаш көлінің солтүстік жағалауы мен Тоқырауын өзені бойындағы реликтілік тораңғы тоғайлары, Шренк тобылғысы, қайың, көктерек ормандары мен жатаған арша бірлестіктері сақталған. Берікқара қорықшасы (1971; 3,1 мың га) Жамбыл облысының Жуалы ауданында. Онда берікқара терегі, грейк қызғалдағы және т.б. өсімдіктер қорғауға алынған. Қара қоңыз қорықшасы (1971; 3,1 мың га) сол облыстың Қордай ауданында орналасқан. Онда Сиверс алмасы, алша, жабайы жүзім, Семенов үйеңкісі және өсімдіктер өседі. Зоологиялық қорықшалар – Қазақстанда тіршілік ететін жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлерін қорғау мақсатында ұйымдастырылған арнайы аумақтар. Бұл аумақтар шаруашылыққа пайдаланылмайды, мемлекеттің қорғауында болады. Ең алғашқы ұйымдастырылған Зоологиялық қорықшалардың бірі – Аңдасай қорықшасы. 2006 жылы 10 қарашада Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысы бойынша бекітілген елімізде республикалық мәні бар 33 Зоологиялық қорықшалар бар [ 9, 22 б.].

Информация о работе Мемлекеттiк табиғи парктердің туризм дамуындағы рөлі