Мектепке дейінгі балаларды санауға үйретудің әдістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 19:42, реферат

Описание работы

Өндірістік орындар қайта түлеп, жаңа әлемдік технологиялармен жабдықталып, қарқынмен дамуда, ауылшаруашылық саласы артып, халқымыздың әлеуметтік жағдайы жақсаруда.
Қазақстан бүгінде әлем таныған өркениетті елдер қатарына қосылуға бет бұрған жағдайда демократиялық жолмен дамушы мемлекетіміздің қалыптасуы жағдайында өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімдерін арттыру қажеті туындап отыр.

Содержание

Кіріспе
I Қазақстандағы мектепеке дейінгі ұйымдарда қарапайым математиканың ғылым болып қалыптасу тарихы.
1.1 Мектеп дейінгі қарапайым математиканың басқа ғылымдармен байланысы............................................................................................................
1.2 Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.......................................................................................................
II Мектеп жасына дейінгі балаларға санауды үйретудің тиімді әдістері.
2.1 Мектеп жасына дейінгі баплаларға санауды үйретудегі психологиялық әрекеттер..............................................................................................................
2.2 Ммектеп жасына дейінгі балаларға ауызшап санауды үйретуде халық педагогикасын пайдалану..................................................................................
Қорытынды ........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................

Работа содержит 1 файл

Аннотация саулеш.docx

— 64.40 Кб (Скачать)

                            26

                            Қорытынды

   Қорыта  келгенде балаларды санрауға үйретудің  түрлі жолдары бар.

Кез-келген ата-ана  баласының өсіп-жетілуінде, рухани күшті етіп тәрбиелеу жолында  алуан түрлі қуаныш пен қиыншылықтарды бастарынан өткізе отырып, оның рухани және ақыл-ойы мен дене құрлысы  жағынан жан-жақты даму дәрежесіне жеткізуге баулиды. Мұғалім баланы оқуға дайындауда ата-анасымен бірлесе  отыра жүргізеді. Оларға іс-әрекеттің  мазмұны өзгерген кезде баланың  мінез-құлқы да, ішкі психикалық өмірі  де өзгеретінін және осы кезде  баласына аса қажет екендігі түсіндірілуі керек.

   Балабақшадағы тәрбиешілермен  тәрбиеленушілерге     математика сабқтарында математикалық сауаттылықты сақтай отырып және өз сабақ барыстарында қолдану дайындығын қалыптастыру мақсатында жүргізіліп оқытудың әдіс-тәсілдері, оқушылардың белсенділіктерін арттыру, оқу құрал-жабдықтарын ұқыпты қолдануға үйрету жолдарында қарастыру болып табылады.

   «Математика оқыту әдісінде сан алуан жетілдірулері  болатындығына қарамастан, шәкірттер  үшін әрдайым қиын жұмыс болып  қала береді», - деп жазған атақты ғалым  Д.И. Писарев. Сондықтан математиканың  қиындығына, күрделілігіне қарамастан, болашақ ұрпақты осы пәнге  қызықтыру, білім деңгейін көтеру біз  үшін орасан зор жауапкершілікті  қажет ететін оқыту әдісі болуы  тиіс. Бұл бастауыш сыныпта оқытуда  орындалады.

   Оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыру мәселесі бүгінгі таңда біздің мемлекетіміздің  білім саласында тұрған басты  мәселелердің бірі болып табылады. Себебі кез келген оқушының сабаққа  немесе оқуға деген қызығушылығы болмаса, онда оның алған білімі тұрақты  болмайды, және ол алған білімін  болашақта пайдалы бағытта қолдана  білмейді. Сондықтан математикалық  сауаттылықты қалып-тастырудың жолдарын және ерек-шеліктерін қарастыра келіп  соңғы он шақты жылдың төңірегінде  қаншама жұмыстар істеліп жатыр.

   Баланың мектептегі оқуға дайындығы біртіндеп  қалыптасатын аса күрделі үрдіс  және бұл үрдісті жүзеге асырудың бірден бір жолы - ата-ананың, мұғалімнің және психологтың бірігіп жұмыс  істеуі. Бала балалық шақтан өзіне  белгісіз, таныс емес дүниенің есігін ашқаннан кейін, баланың өмір сүру тіршілігін түбегейлі өзгертеді. Яғни, баланың  мектеп өміріне еніп және өзінің әлеуметтік ортада «МЕН» дегенін қалыптастыра алып, жоғарыдан көріне алуы, баланың  білімді, табысты және нәтижелі игеріп кетуіне ықпал жасайды. Түйіндей келе, бұл баланың жеке тұлғасының қалыптасуы және ақыл-ойының, таным  үрдістерінің дамуы болып табылады. Демек, баланы мектепке даярлау мәселесі өз өзектілігін жоғалтпайтын әлі  де зерттеуді қажет ететін міндетті мәселелердің бірі болып қала бермек.

   Мектепке  дайындау бағдарламасымен жұмыс  жүргізіп, таныса келе балабақшамен қамтылмаған  балалары бар ата- аналары үшін өте  тиімді және пайдасы көп екенін айта кеткім келіп отыр. Бұл бағдарламаның ұнаған жағы ең негізгі балаға керегі ортаға бейімделуі, өз ойын жеткізуге дағдылануы және ойнай отырып математикадан қарапайым түсініктер алу, сонымен қатар сауатын ашып, тілдерін дамытатын жаттығулар, ойындар көп. Балалардың жалпы адамгершілік, өнегелік, өзін-өзі ұстауы, жан-жақты білім алуы, қоғамдық, ортадағы көзқарасы, қоршаған орта өзгерістерін байқауы, сезінуі қазіргі заман стандартын меңгеруге шақырады. 
      «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші бала тәрбиелеудегі осындай міндеттерді іске асырушылар мектепке дейінгі мекемелер мен отбасы. Осы екі арнада жүргізілетін тәлім-тәрбие сабақтаса, ұштаса өткізілгенде ғана көзделген мақсат нәтижелі болары сөзсіз. Ақын, философ, қоғам қайраткері Жүсіп Баласұғынның зерделі ойлары біздің өрбітіп отырған мәселеміздің келешегін айқындағандай: 
Балам білім жолын қусын десеңіз, 
Бесігінде ақ ілім шоғын көсеңіз. 
Білім үйрет сәбиіңе сарыла, 
Уыздай ұйыт, сүттей сіңір қанына!
 

                                   27 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Мектепке дейінгі балаларды санауға үйретудің әдістері