Мектепке дейінгі балаларды санауға үйретудің әдістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 19:42, реферат

Описание работы

Өндірістік орындар қайта түлеп, жаңа әлемдік технологиялармен жабдықталып, қарқынмен дамуда, ауылшаруашылық саласы артып, халқымыздың әлеуметтік жағдайы жақсаруда.
Қазақстан бүгінде әлем таныған өркениетті елдер қатарына қосылуға бет бұрған жағдайда демократиялық жолмен дамушы мемлекетіміздің қалыптасуы жағдайында өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімдерін арттыру қажеті туындап отыр.

Содержание

Кіріспе
I Қазақстандағы мектепеке дейінгі ұйымдарда қарапайым математиканың ғылым болып қалыптасу тарихы.
1.1 Мектеп дейінгі қарапайым математиканың басқа ғылымдармен байланысы............................................................................................................
1.2 Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.......................................................................................................
II Мектеп жасына дейінгі балаларға санауды үйретудің тиімді әдістері.
2.1 Мектеп жасына дейінгі баплаларға санауды үйретудегі психологиялық әрекеттер..............................................................................................................
2.2 Ммектеп жасына дейінгі балаларға ауызшап санауды үйретуде халық педагогикасын пайдалану..................................................................................
Қорытынды ........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................

Работа содержит 1 файл

Аннотация саулеш.docx

— 64.40 Кб (Скачать)

Жүз көлеміндегі  сандардың нөмірленуін оқытуда  қолдануға болатын мынадай жұмбақтарды  алуға болады.

                    Ұлағатпен жұмбақ қылып сөз  бастайын,

                     Жаралы бір мақұлық үлкен жайын,

                     Өзінің басы – жеті , қолы –он екі,

                     Отыздан саусағы бар қол бас сайын,

                     Жиырма төрт құлағы бар бір басында ,

                    Жолдас боп жүрер оның кім қасында ?

/ 12 қол -12 ой, 30 саусақ – 30 күн, 24 құлақ –  24 сағат /. Ауызекі халық шығармашылығында мақал – мәтелдер елеулі орын алады. Қазақ халқының мысалдап, мәтелдеп, мақалдап сөйлейтін ұлттық ерекшелігіне сәйкес мақал – мәтелдері мол. Ауыздан –ауызға тарайтын бұл жанрды халық жыл сайын толықтырып отырадв. Мақал – мәтелдер жас өрендерді еңбекке , адамгершілікке , елін сүюге, достыққа, бірлікке тәрбиелейді.Ұлы Абай атамыз мақал – мәтелдерді жоғары бағалай келіп, «он да талғап пайдалану керек » дейді. Бастауыш мектептегі

                                   18

кез келген сабақта  мақал – мәтелдерді пайдалану  мүмкіндігі мол. Мәселен , «Жеті    

жұрттың тілін  біл, жеті түрлі ілім біл», «Жеті  атасын білген ер, жеті жұрттың қамын  жер» т.с.с.мақал – мәтелдер 7 санының  қазақтарда қасийетті сан болғанымен байланысты айтылып тұр, сондықтан  оларды 7 санын өткен кезде тиімді пайдалану оқушылардың халықтық салт – дәстүрлер туралы білімдерін молайтады. Шешендік сөздер баланы сөз қадірін білуге үйретеді, ата – бабаны ардақтауға тәрбиелейді, философиялық , данышпандық ой мен өткір сөздің мән – мағынасын сезініп, терең ойлауға, тауып сөйлеуге құлшындырады, ой қисандарын кеңейтіп, сөз өнеріне қызықтырады.Жиренше , Сырым батыр ,Төле би ,Қаз дауысты Қазбек би, Байдалы шешендермен қатар қазақ ақындарының шешендік сөздері-ұлы мұраа, терең философия..Мысал, оқушыларыды оқыту процесінде адамгершілікке тәрбиелеуде шешендік сөздері-ұлы мұра, терең философия.Мысалы, оқушыларды оқыту процесінде адамгершілікке тәрбиелеуде шешендік сөздерді қолдануға болады: «Дүниеде не қымбат?»

                                                                  Алтын үйім – Отан қымбат ,

                                                                   Құт-береке – Отан қымбат,

                                                                   Аймалайтын анаң қымбат,

                                                                    Мейірімді апаң қымбат ,

                                                                   Асқар тауың-әкең қымбат,

                                                                   Туып - өскен жерің қымбат,

                                                                   Кіндік кескен елің қымбат.(Қазбек  би) 

  Математика пәнін оқытудың жаңа әдістемелік жүйесі, мектептерде пәнді оқытып үйретудің тиімді жолдарының бірі оқушылардың іс-әрекеттерін белсендіру мен білім алуға құштарлығын арттыру. Осы тұрғыда негізгі мектепте оқытуды ұйымдастыру мәселесіне, оқу-тәрбие жұмысының деңгейін көтеруге және оның беделін жоғарылатуға көңіл бөлу қарастырылған. Қазіргі кезде оқытудың тиімді әдістерін зерттеп, оны іс жүзінде қолдануға ұсыну күрделі мәселелердің біріне айналды. Оқушыларды қоршаған орта заттарымен, құбылыстарымен таныстырып, олар жайында ғылыми ұғымдарын жүйелеп, көз-қарастарын қалыптастыруда негізгі мектепте оқытылтын математика - физика пәндерінің мәні зор.

  Негізгі білім беру мекемелерінің тәрбие беру мен оқыту әдістемелерінің  түрлері көп. Соның бір түрі –  математика пәніне этнопедагогика элементтерін негізге отырып оқыту.

  2. Бүгінгі қазақ мектептерінің  алдында тұрған басты міндет  – оқушының ұлттық сана-сезімін  оятып, тәрбиелеп қана қоймай, оның бойына халықтық педагогиканы, ғасырлар бойы қалыптасқан тіл,  дін, тәрбие, ұлттық салт-дәстүр, үлгі-өнегені сіңірту.

  Ұлт болашағы бүгінгі оқушыларымыздың  білім мен біліктілігіне, санасы мен тәрбиелілігіне байланысты. Халқымыз “сана берсін!” деген тілекті  тегін айтпаса керек. Ал ғұлама ғалым  әл-Фараби балаға ең алдымен тәрбие берілуі керек, онсыз берілген білім  оның өміріне зиян келтіретіні туралы айтқан. Олай болса тәрбиелей 

                                   19

отырып  білім алуға мүмкіншілік туғызу, жағдай жасау негізгі міндет болуы  керек.

   Халықтық  педагогиканың бір саласы – ұлттық ойындар. Қазақ халқының ұлттық ойын түрлерін өтетін тақырыпқа лайықтап пайдалану – тасада қалып келген дәстүрлерімізді қайта жандандырып, ұрпақтар бойына сіңіруге үлкен көмегін  тигізеді. Сонымен бірге оқушылар халқымыздың өткен тарихына ойлы көз тастап, қарым-қатынасты, салт-дәстүрлерді  саналы түрде сезінеді.

     Ауызекі  поэтикалық шығармашылығының бірі  – санамақтар бастауыш мектептің  оқу процесінде басты роль  атқарады.Санамақтарды математиканы  оқытуда сан және санауды үйретудің  құралы ретінде пайдаланудың  мәні зор.

     Халық  ауызекі шығармашылығының аса  бір қызықты саласы – қазақ  халқының ауызша есептері бастауыш  мектепте математиканы оқытудың  қажетті, әрі мазмұнды құралы  болып табылады. Оларда халықтың  әр дәуірдегі әлеуметтік-тұрмыстық  жағдайы, кәсіби еңбегі, дүниетанымы,  болашаққа деген сенімі, есепке жүйріктігі, ақыл-ойының ұшқырлығы айқын бейнеленген. Ауызша есептер аса қарапайымдылығымен , логикалық шымырлығымен, математикалық ойды өмірімен байланыстыру шеберлігімен, қысқа да бейнелі тілінің түсініктілігімен ерекшеленіп тұрады.Қысқа да, тұжырымды қазақ халқының ауызша есептері балалардың дүниетанымын байытады, есепке деген құштарлығын арттырады, танымдық қаблеттерін дамытады, ой-өрісін кеңейтеді.Әртүрлі тақырыптағы есептер арқылы оқушы халықтың тұрмыс-тіршілігінен, нақты түсінік алып, халқымыздың кәсіби еңбегімен танысады. Мұның өзі олардың еңбекке бейімділіктерін, халықтық дәстүрге сыйлы қатынасын тәрбиелейді. мақал-мәтелдерде, шешендік

     Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой-толғаныстары  сөздерде, снамақтарда, жұмбақтар мен жаңылтпаштарда т.б. көптеген шығармалары адамға зор әсерін тигізеді.

  3. Әр жасөспірімнің қалыптасып  дамуына, өздері күнбе-күн өмірден  сезінетін, еститін, көретін заттары  мен құбылыстары, оқиғалары үлкен  орын алады. Соның ең негізгісі  – қазақтың халықтық педагогикасы. Қазақ халқының сан ғасырлар  бойы жинақтаған мол тәжірибесін,  танымдық мұрасын, салт-дәстүр, әдет-ғұрып,  аңыз ертегілері, жұмбақ, мақал-мәтелдер, өлең-жырлары, ұлттық ойындары  ерекше тәрбиелік мәні бар  баға жетпес асыл қазына.

  Халқымыздың тілін, тарихын, ұлттық дәстүрін, ата  салтын ұмыта бастаған

бүгінгі ұрпақты тәрбиелеуге ат салысу жалпы  ұлтымыздың міндеті. Математика пәнін  оқытуда мазмұны қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеудегі өмір тәжірибесінен, салт-дәстүрінен, шаруашылық жүргізу  тәсілдерінен, сондай-ақ ұлттың табиғи, экономикалық, экологиялық ерекшеліктерімен көрініс бере отырып оқытқан тиімді.

  Халқымыздың асыл қазынасын тиімді пайдалану, оның салт-дәстүрі мен мәдениетіне  құрметпен қарауға үйретуі сөзсіз.

  Халықтық  педагогиканың математика пәнінің  есептері мынандай түрлерге бөлінеді:

  - мақал-мәтелдер;

  - жұмбақтар;

  - ойлан тап отауы;

  - халық есептері;

                                   20

  - ертегі есептер;

  - санамақтар;

  - жаңылтпаштар;

  - матемаикалық сиқырлар;

  - тоғыз құмалақ ойыны;

  Халықтық  педагогика мен ұлттық психология тағылымдарын пайдалана отырып, математика-физика пәндерінің әр тарауларынан өткізілген сабақ түрлері оқушылардың пәнге  қызығушылығын, белсенділігін арттырып, тарауды пысықтау кезеңін сапалы өткізуе, материалды толық меңгеруге  көмектеседі. Сонымен бірге, оқушылардың  ойын дамытып, өзіндік пікір айтуға үйретеді. Оқушыларды құрғақ жаттандылықтан бойын аулақ салып, дербес ойлап, әрекет етуге жетелейді.

  Дәстүрлі  емес сабақ түрлерін өткізу мұғалімнің берген тапсырмасы бойынша оқушылардың  үлкен мақсатты жұмысының нәтижесі. Оқушылардың қосымша әдебиеттермен  жұмыс істеуі, ізденістері, өз бетінше  бақылаулары қорытындыланады. Жекелеген  тақырыптарда ұлттық бұйым, ұлттық ұғымдарды  пайдалануға болады.

  Мысалы, мынадай логикалық есептерді  оқушыларды ойлануға үйрету арқылы ізденулеріне, ұлттық салт-дәстүрлерді еске түсіріп  отыру үшін пайдалануға болады.

  Халықтық  дәстүрлі ойындар:

  “Бәйге” ойыны. Бәйге ойыны ат жарысы. Оған жүйрік, бапталған атпен шабандоздар қатысады.

  “Ақсүйек  ойыны”. Оқулықпен жұмыс жасауға.

  “Ақ серек, көк серек ойыны”. Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге жаттықтыру.

  “Қазақша  күрес ойыны”. Бұл ойында «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» дегендей білімдерін есеп шығару арқылы көрсетеді.

  “Сақина салу ойыны”. Бұл ойынға қатысушылар екі-екіден қатар отырады. Ойын бастаушы адамның қолында сақина болады.

  Ол  сақинаны қолдан қолға, жүгіртіп отырғандардың  біреуінің қолына салу керек. Алақанына  сақина түскен адам мұны қасындағы  көршісіне білдірмей орнынан  шапшаң тұру керек. Егер ол тұра алмай  қалса айып төлейді. Ал біз ойын ретінде  білім және еңбек туралы мақал-мәтелдер айтамыз.

  “Қыз  қуу” ойыны. Тақтаға бір ұл мен бір қыз шығып, тездетіп есеп шығарады. Егер ұл бала бұрын шығарса, қызды қуып жеткен болып есептеледі, ал қыздан қалып қойған жағдайда айып төлеу ретінде қыздың қойған сұрағына жауап береді. 

   Санға қатысты мақал-мәтелдер:

   1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті  түрлі білім ал)

   2. Білекті бірді жығады, (білімді  мыңды жығады)

   3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман  дос болмас)

   4. Досыңды үш күн сына ма, (үш  жыл сына)

   5. Бір елі ауызға – (екі елі  қақпақ)

   6. Жүз теңгең болғанша, (жүз досың  болсын)

   7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз  елге тарайды)

                                   21

   8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің  тоқсан тоғыз)

   9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың  кісі су ішеді)

   10. Ер бір рет өледі, (қорқақ мың  рет өледі)

   11. Қырық кісі бір жақ (қыңыр  кісі бір жақ)

   12. Жалқаудың екі досы бар: (бірі - ұйқы, бірі – күлкі)

   13. Бір түйір дәнде, (бір тамшы  тер бар)

   14. Бес бармақ жиылса, (жұдырық болады)

   15. Алдына бір қарасаң, (артына он  қара)

   16. Досының мың болғанына мақтан, (дұшпаның жалғыз болса да сақтан)

   17. Алты аға бірігіп әке болмас, (жеті жеңге бірігіп ана болмас)

   18. Дос сегіз болса, (дұшпан сегіз)

   19. Бермегенге бесеу де көп, (алғанға  он болса да аз)

   20. Бір құмалақ, (бір қарын майды  шірітеді)

   Жұмбақтар: (математикалық атаулар мен ұғымдарға  байланысты)

   1. Доп емес, дөңгелек емес,

      Ұқсас бірақ достарым.

      Фигура  ол ең негізгі,

      Дәл жауапты қостадым.

                                              (Шеңбер)

Информация о работе Мектепке дейінгі балаларды санауға үйретудің әдістері