Мектепке дейінгі балаларды санауға үйретудің әдістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 19:42, реферат

Описание работы

Өндірістік орындар қайта түлеп, жаңа әлемдік технологиялармен жабдықталып, қарқынмен дамуда, ауылшаруашылық саласы артып, халқымыздың әлеуметтік жағдайы жақсаруда.
Қазақстан бүгінде әлем таныған өркениетті елдер қатарына қосылуға бет бұрған жағдайда демократиялық жолмен дамушы мемлекетіміздің қалыптасуы жағдайында өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімдерін арттыру қажеті туындап отыр.

Содержание

Кіріспе
I Қазақстандағы мектепеке дейінгі ұйымдарда қарапайым математиканың ғылым болып қалыптасу тарихы.
1.1 Мектеп дейінгі қарапайым математиканың басқа ғылымдармен байланысы............................................................................................................
1.2 Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.......................................................................................................
II Мектеп жасына дейінгі балаларға санауды үйретудің тиімді әдістері.
2.1 Мектеп жасына дейінгі баплаларға санауды үйретудегі психологиялық әрекеттер..............................................................................................................
2.2 Ммектеп жасына дейінгі балаларға ауызшап санауды үйретуде халық педагогикасын пайдалану..................................................................................
Қорытынды ........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................

Работа содержит 1 файл

Аннотация саулеш.docx

— 64.40 Кб (Скачать)

                                               Аннотация

       С.Найманбаеваның курстық жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен  пайдаланылған әдебиеттен тұрады.

       Кіріспе бөлімі зерттеудің  көкейкестілігінен, мақсаты, міндеті, пәні, әдісі нысаны, жаңашылдығы, көздері мен зерттеудің ғылыми педагогикалық әдістерінен тұрады.

      1 тарауда Қазақстандавғы мектепке дейінгі ұйымдарда қарапайым математиканың ғылым болып қалыптасу тарихы. Сондай-ақ, мектеп тжасына дейінгі қарапайым математиканың басқа ғылымдармен байланыстылығы  туралы жазылған.

      2 тарауда Естияр топтағңы балаларға санауды үйретудің тиімді әдістері. Мектеп жасына дейінгі балаларға санауды үйрету барысында қолданылатын тиімді әрекеттер. Мектеп жасына дейінгі балаларға ауызша санауды үйретуде халық педагогикасын пайдалану қарастылған.

      Қорытынды бөлімінде жалпы екі тараудың  қорытынды нәтижелері көрсетілген.

      Пайдаланылған әдебиеттер тізімі -  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

               Мазмұны

Кіріспе

I Қазақстандағы мектепеке дейінгі ұйымдарда қарапайым математиканың ғылым болып қалыптасу тарихы.

1.1 Мектеп дейінгі қарапайым математиканың  басқа ғылымдармен байланысы............................................................................................................

1.2 Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.......................................................................................................

II Мектеп жасына дейінгі балаларға  санауды үйретудің тиімді әдістері.

2.1 Мектеп жасына  дейінгі баплаларға санауды үйретудегі  психологиялық әрекеттер..............................................................................................................

2.2 Ммектеп жасына  дейінгі балаларға ауызшап санауды  үйретуде халық педагогикасын  пайдалану..................................................................................

Қорытынды ........................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................... 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                   3

   Зерттеудің  өзектілігі:Қазақстан Республикасының  президенті Н.Ә. Назарбаев 2007 жылы “ Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” ы халыққа жолдауында атап өтілгендей, әлем елдері арасында қуатты дамушы елу елдің қатарына қосылу межесі барша қазақстандықтарға қуат беруде.

   Өндірістік  орындар қайта түлеп, жаңа әлемдік  технологиялармен жабдықталып, қарқынмен дамуда, ауылшаруашылық саласы артып, халқымыздың әлеуметтік жағдайы жақсаруда.

   Қазақстан бүгінде әлем таныған өркениетті елдер қатарына қосылуға бет бұрған  жағдайда демократиялық  жолмен дамушы  мемлекетіміздің қалыптасуы жағдайында өскелең ұрпақтың рухани байлығы  мен мәдениетін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі  мен білімдерін  арттыру қажеті туындап отыр.

   Бүгінгі таңда ағымдық ақпараттық құралдар  мен компьютерлік технология жақсы  дамып отырған кезде қоғам  талабына сай білім берудің озық технологияларын пайдалана білуі  қажет. Осы орайда әлемдік білім  берудің озық  үлгісін қолдана  отырып, білім беру деңгейін көтеру, балаларға кәсіби бағдар беруді іс-жүзінде  қуаттандыра біліп,  балабақша  шеберханаларын қажетті матеиалдармен, құрал-жабдықтармен сұраныссыз  жабдықтап  отыр, ең негізгісі – жеке тұлғпны  жауапты етіп тәрбиелеуді талап  етіп отыр.

   Демек, бүгінгі күні балабақшаларда қарапайым  математкалық түсініктерді қалыптастыру пәнін оқытуда мектепке дейінгі балаларға  саналы тәрбие мен сапалы білім беру деңгейін  көтеру мақсатында  баланың дүниетанымын қалыптастыруда, болашақ жас ұрпақты тәрбиелеуге көп үлесін қосуда.

   Зерттеудің  мақсаты: Мектепке дейінгі мекемелерде қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру жұмысын жоспарлау.

   Зерттеудің  міндеті:

   - Балабақшадағы балаларға  қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру;

   - Мектепке  дейінгі қарапайым математика  пәнін басқа пәндермен сабақтастыра  жүргізу;

   Зерттеудің  теориялық қолданымы: Балалар бақшасындағы балаларға санауды үйретуде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысында, ойындарда баланың математикалық түсінігін жан-жақты дамыту керек.

   Зерттеудің  практикалық қолданымы: Балабақшадағы балаларға математикалық түсінікті қалыптастыру  жұмысын тәрбиеленушілердің дара және айрықша даму деңгейіне қарвай бағыттай, соны ескере ұйымдастыру, олардың ой-ебегіне қызығушылық, бір іске құштарлық, еліктеушілік, шығарымпаздық ұмтылыс жасауына ұдайы көңіл бөлініп, дарынды баланың талантына бағыт беріп дамытып отыру

   Зерртеудің  пәні: Мектепке дейінгі қарапайым математикалық түсініктерді қалыртастыру пәнін оқытудың өзіндік оқыту үрдісі.

   Зерттеудің  нысаны: мектепке жасына дейінгі балабақшадағы балалар. 
 

                                                          4

   Зерттеудің  жаңашылдығы: Мектепке дейінгі қарапайым математикаклық түсініктерді қалыптастыру пәнін тағы  басқа пәндерді оқыту барсында жаңаша әдіспен түсіндіру. Яғни  ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін түрлі ойындармен, ертегі кейіпкерлерімен, жұмбақ, тағы сол сияқты басқада жолдармен қалыптастыруға болады.

   Зерттеудің  педагогикалық әдісі:Мектепке дейінгі қарапайым математиканы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысында белгілі бір  жоспар бойынша жүргізу, қарапайым математикалық ұғымдарды қоршаған ортамен байланыстыра  үйрету әдісін қолдана отырып үйрету. Зерттеу мәселесі бойынша, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау мен мектепке дейінгі мекемеде оқу-тәрбие үдерісін бақылау; сауалнама, әңгіме жүргізу; зерттеу проблемасы бойынша арнайы курс ұйымдастыру және оны талдау; педагогикалық эксперимент нәтижелерін статистикалық тұрғыдан өңдеу. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                   5

   I Қазақстандағы мектепке  дейінгі ұйымдарда  қарапайым математиканың  ғылым болып қалыптасу  тарихы

   1.1 Мектепке дейінгі  қарапайым математиканың  басқа ғылымдармен  байланыстылығы. 

   Қазақстандағы мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру әдістемесінің дамуы. Н.Құлжанова, М.Сәтімбекова оқу-әдістемелік кешендері. 1996-2000-2005 жылдардағы "Балбебек" бағдарламасының құрылысы және қарапайым математикалық түсініктерді  қалыптастыру әдістемесінің мазмұны. (Балбөбек  1996 ж.) Сорос бағдарламасы - балалардың шығармашылығын дамытудың негізгі кұралы. Математика орталығы және ерекшелігі. 1999 жылғы Астана-Алматы балабақшада 5-7 жастағы балаларды мектепалды дайындау бағдарламасындағы қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру мазмұны.

   Құлжанова Назипа Сағызбайқызы ХХ ғасырдың басында  өз халқын ілімге, мәдениетке шақырып, жаңалықтың жаршысы болған халқымыздың  көрнекті ағартушысы, алғашқы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізін  қалаған тұңғыш педагог, әрі –  журналист-публицист.      
      Н. Сағызбайқызы 1888 жылы Торғай облысы, Жангелдин ауданында қазіргі «Торғай» кеншары жерінде дүниеге келген. Балалық шағы қазақ ауылында, еңбекші бұқараның ортасында өткен. Ол Торғай қаласындағы қазақтың тұңғыш ағартушы-педагогі, демократ, ақын-жазушысы Ы. Алтынсарин іргесін қалаған орыс-қазақ мектебін бітірген. 1902 жылы Қостанай қаласының Қыздар гимназиясын бітіріп, 1903-1904 жылдары қайта Торғай қаласына келіп, өзінің жастығына қарамастан 15 жасында әйелдер училищесінде мұғалімнің көмекшісі болып еңбек еткен. Одан кейін Орынбор қаласындағы Мұғалімдер семинариясын бітірген. 1905-1920 жылдары сол Семей Мұғалімдер семинариясында мұғалімдік қызметте болған. 
      Назипа Құлжанова 1923 жылы мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жайлы «Мектептен бұрынғы тәрбие» кітабын жазған. Бұл Қазақстан оқу комиссариатының тәрбие бөлімінің нұсқауымен және арнайы тапсырысымен жазылған алғашқы авторлық туынды. 
     Аталмыш кітапқа алғысөз жазған қазақ халқының ұлы перзенті Ахмет Байтұрсынұлы былай деген: «Заман амалының жарысынан, заман көшінің қатарынан қалмай өмір сүру үшін бүгінде адамға көп өнер – білім даярлау

                                   6

   керек».     Автордың бұл еңбегі мынадай тараудардан тұрады :1. «Күллі жер жүзінде»2«Мектеп жасына толмаған бала»3. «Мектеп жасына толмаған балаға тәрбие не керек?»4. «Мектептен бұрынғы тәрбиенің Россиядағы түрі»5. «Бала бақшасы деген не?»      Сол кездің өзінде шет елдердің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жұмыстарын зерделеу жүргізілгендігін осы кітаптың мазмұнынан айқын көруімізге болады. Мысалға, «Күллі жер жүзінде» атты алғашқы тарауында дүние жүзін мекен еткен Автор дамыған елдердегі бала бақшалардың мән-жағдайын көрсетіп баяндай келе, қазақ тұрмысында бала бақшаның болашақ ұрпақты тәрбиелеуде зор қызмет атқаратындығына зор сеніммен қарайды.       
     Сонымен қатар, Италия балабақшаларының балаларға арналған құрал-жабдықтармен талапқа сай қамтамасыз етілгендіктерін, Швицарияның Цюрих қаласындағы тастан жасалған мектептің бір жағында мектепке жасы толмаған балалардың үйі бар екендігін және оның балалардың жас шамасына сай құралдармен жабдықталғандықтарын бейнелейді.       
      Шотландиядағы Эдинбург қаласындағы балалар бақшасын өз алдына ерекше етіп көрсеткен. Ол жерде күнделікті, таңертең ашық далада балалар бастары қосылғанда, кешкісін үйлеріне қайтарда бір-біріне «Амандық өлеңдерін» айтады дейді.        
     Н. Құлжанова Европа елдеріндегі балалар бақшаларының өмірін үлгі ете отырып, күншығыстағы Жапония мемлекетіндегі балалар тірлігін де әңгімелейді.        
     Автор бұл еңбегінде ең бастысы бірігіп ойын ойнау, еңбекке дағдыландыру, тазалыққа, реттілікке, ұйымшылдыққа баулу, балалардың ойына, жас межесіне, қабылдау ерекшеліктеріне барлық жұмысты бағындыру, дәрігерлік бақылауда болуын қадағалау, өлең айту, сурет салу тағы басқа өнерлерін дамыту мәселелеріне көңіл бөледі. Болашақтағы қазақ балалар бақшасы сондай болса екен деп армандайды.        
     Нәзипа Сегізбайқызы мектеп жасына толмаған бала тәрбиесінде оның жас ерекшеліктеріне назар аудару қажеттігін нақты мысалдармен түсіндірген. Ол баланың қалыппен дамуы үшін оған айтылатын сөз де, көрсетілетін қимыл да, үйретілетін тағылым да шамадан тыс көп болмау керек және тым ауыр болмауы ескерілуі шарт дейді. Мөлшерден артық тапсырмалар баланың дамуына кері әсерін тигізуі мүмкіндігін және баланың дамуы үнемі дәрігер мен педагогтың бақылауында болуы қажет дейді. Сол кездің өзінде оқымысты ғалымдардың үш жасар баланы зерттеу объектісі етіп алғандығын мысал етеді. Үш жастағы баланың даму ерекшелігін, білімге, зерттеуге, құпия ашуға құмарлығын мәлімдейді. Назипа Құлжанова баланың бойындағы білуге, тануға, ұғынуға,

                                    7

   көруге, байқауға, өзінше қайталауға әуестігін  тыйып тастамау керектігін, оларды бағыттап, алдында тұрған сауалдарды бірігіп шешуге ұмтылу қажеттігін, бала мүмкіндігіне қарай тұқым 

қуалаған  мінездің әртүрлі құбылуын дәлелдеп көрсеткен. Мектеп жасына дейінгі балаларды  мектепке баруға дайындауды, оларға «Мен»  түсінігін қалыптастыруды және де жас  шамаларына байланысты даму деңгей ерекшеліктерін ғылыми түрде негіздеген. Сонымен  қатар, балаларды мектепке толыққанды дайындау мәселелері бойынша қойылған сауалдарды жауапсыз қалдырмаған, ғылыми тұрғыда негіздеп берген. 
      Н. Құлжанова мектеп жасына толмаған бала тәрбиесінде ойынның ерекше қызмет атқаратындығына айрықша көңіл бөліп былай деген: «Балаға керегі – ойын. Ең мағыналы, пайдалы мектебі, бар қызығы ойын. Ойында бала көрген-білгендеріне еліктейді, үйренгендерін нығайтып, бекітеді». 
      Н.С. Құлжанованың ағартушылық, ұстаздық, қайраткерлік еңбегінің тағы бір ірі көрінісі 1927 жылы Қызылорда қаласында 5000 данамен басылып шыққан – «Ана мен бала тәрбиесі» кітабы. Бұл кітап педагогтарға, тәрбиешілерге, ересектер мен балалар дәрігерлеріне анықтамалық кітап ретінде ұсынылған.

   Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиенің ғылыми теориялық және әдістемелік мәселелерін зерттеген: Б.Баймұратова, Қ.Меңдаякова,Ә.Әмірова, М.Тұрыскелдиева,А.Е Манкеш, М. Жиенбаева т.б. педагог-ғалымдардың еңбектеріне атауға болады.

   Мектепке  дейінгі тәрбие мазмұнын қоғам мүддесіне  лайықты жаңартып, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан  ертеңгі қоғам иесін дайындау мақсатында Ы.Алтынсарин атындағы қазақ  білім академиясында қызмет ететін  ғалымдардың ( Н.Нұрахметов, М.Сәтімбекова, Б.Баймұратова, Ә.Әмірова, Ғ.Дүкенбаева, Ф. Жұмабекова, С.Бәтібаева, Г.Өтебаева) еңбектері нәтижесінде 1996 жылы  « Балбөбек»  бағдарламасы жарық көрді. 
 

       1.2. Мектеп  жасына  дейінгі   балаларға  қарапайым математикалық   ұғымдарды қалыптастыру. 

       Кіші жастағы баларға математиканы оқытудың әдістемелік ерекшеліктерін сипаттайтын әдістемелік ережелер, сондай-ақ оқытуға тұлғалық-іскерлік және дамытушылық тұрғыдан қарау әдістемелік құрал мазмұнын құрайды.

       Бастауыш сыныптардағы математиканы оқыту материалының мазмұны кіші жастағы оқушылардың математикалық дайындығына, білім, білік және дағдылар деңгейіне қойылатын талаптардың өзгер-уімен байланысты дәстүрлі модельге елеулі түзетулер енгізген жаңа мектеп бағдарламасымен анықталады.

Информация о работе Мектепке дейінгі балаларды санауға үйретудің әдістері