Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстанның арасындағы қарым-қатынастар

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 16:15, курсовая работа

Описание работы

Менің курстық жұмысымның тақырыбы – Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстанның арасындағы қарым-қатынастар.
Өзектілігі: Қазіргі уақыттағы ең беделді, әрі күрделі құрылымды халықаралық ұйымдардың арасында 1945 жылы құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымының саяси салмағы басым.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………...…..…………...3
1 БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ…………………………………………………………...............……5
1.1 БҰҰ-ның Жарғысы…………………………………………………...…………5
1.2 Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы………………….…….………5
1.3 Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы……………………........................7
1.4 Бірікке Ұлттар Ұйымының қоғамдық ақпарат департаменті…………...........7
1.5 Біріккен Ұлттар Ұйымының дамыту бағдарламасы………………….………8
2 ҚАЗАҚСТАН МЕН БҰҰ-НЫҢ АРНАЙЫ МЕКЕМЕЛЕРІ………………..........9
2.1 Қазақстан мен БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы(ПРООН)…………….….........9
2.2 Қазақстан мен БҰҰ-ның ББҒММҰ (ЮНЕСКО) ………………………........10
2.3 Қазақстан мен БҰҰ-ның ЕЗБҚААБ (УКНСПП ООН)…………………........11
2.4 Қазақстан мен АЭХА (МАГАТЭ)……………………………………….........12
2.5 Қазақстан мен БҰҰ ЖКБІБ (УВКДБ ООН)…………………………….........13
2.6 Қазақстанмен БҰҰ- ның ӨДҰ (ЮНИДО) ……………………………….......14
3 ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ…………………….........15
3.1 Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қазакстанның қызметі…………………......15
3.2 ҚР-дағы Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдіктері……………………….......21
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………….......30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………….......32

Работа содержит 1 файл

всемирная курсовая.doc

— 247.50 Кб (Скачать)
ign:justify"> 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

1. Қорыта келгенде, қазанның 24-і күні осыдан 61 жыл бұрын 1945 жылы қазанның 24-інде Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы өз күшіне енді. 1948 жылдан бері осы күн Біріккен Ұлттар Ұйымының күні ретінде атап өтіле бастады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы – халықаралық бейбітшілікті, қауіпсіздікті қолдау және нығайту, әлем елдері арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатымен құрылған халықаралық ұйым.

1945 жылы маусымның 26-сында Сан-Франциско конференциясына қатысушы 51 мемлекет БҰҰ Жарғысына қол қойған болатын. Жарғының кіріспе бөлімінде Біріккен Ұлттар халықтарының «болашақ ұрпақты соғыс зардаптарынан құтқару» туралы бұлжымас шешімге келгендігі айтылған. БҰҰ мүшелері мемлекеттердің егемендік теңдігі; халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу; халықаралық қатынастарда күш қолдану қаупін төндіруден немесе кез келген мемлекеттің аумағына қол сұқпаушылық пен саяси тәуелсіздігіне күш қолданудан бас тарту принциптеріне сәйкес іс-қимыл жасауға міндеттенген болатын.

Бүгінгі таңда әлемнің 191 мемлекеті БҰҰ-ға мүше болып отыр. БҰҰ-ның басты органдары: Бас Асссамблея, Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және әлеуметтік кеңес, Халықаралық сот. БҰҰ-ның өзінің мамандандырылған мекемелері ( ЮНЕСКО, ХВҚ, БДҰ және т.б) және БҰҰ-ның жалпы жүйесіне енетін дербес ұйымдар Дүниежүзілік Сауда Ұйымы (ДСҰ) , Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) бар.

2. БҰҰ-ның негізгі документі ол - оның Жарғысы. Оның жобасы 1944 жылы тамыз-қазан айларында Думбартон-Оксте(Вашингтон) КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Қытай өкілдері қатысқан конференцияда жасалды. Жарғы Сан-Франциско конференциясында дайындалып, 1945 жылы 26 Маусымда оған 51 мемлекеттің өкілдері қол қойды.Жарғы 1945 жылы 24 қазанда КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Қытай және Сан-Франциско конференциясында қатысқан мемлекеттердің көпшілігі ратификациялауы-на байланысты күшіне енді. БҰҰ-ның Жарғысы кіріспеден және 19 тараудан тұрады.

3. БҰҰ-на мүше мемлекеттердің барлығы тең құқылы түрде Бас ассамблеяны құрайды. Мүшелерінің әрқай-сысы  1 дауыс қана иеленіп, делегаттар мәжіліс залына мемлекеттердің ағлшын тіліндегі ресми атауына орай алфавиттік ретпен жайғасады. БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес, Ассамблея халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау ісіндегі ынтымақтастықтың ортақ қағидаларын талқылауға, сондай-ақ, бүкіл мәселе бойынша мүдделі мемлекттерге және Қауіпсіздік Кеңесіне нақты ұсыныстар жасауға өкілетті.

4. БҰҰ-ның Бас хатшысы БҰҰ хатшылығының күнделікті жұмысына басшылық жасайтын лауазым иесі. БҰҰ Бас хатшысын Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынысымен Бас Ассамблея 5 жыл мерзімге тағайындайды. Мерзім тағы да 5 жылға созылуы мүмкін. БҰҰ-ның Бас хатшысы жыл сайын Бас Ассамблеяда БҰҰ-ның әр саладағы қызметі туралы баяндама жасайды, БҰҰ шеңберінде ұйымдастырылған халықаралық конференцияларға қатысады.

5. Біріккен Ұлттар Ұйымының қоғамдық ақпарат департаменті. Ол – БҰҰ-ның ақпараттық мекемесі, Бас Ассамблеяның 1946 жылғы жазғы сессиясында құрылған. Мақсаты - әлем халықтарын БҰҰ-ның қызметі және ұйымдық мәселелері туралы толыққанды ақпаратпен қамтамасыз ету. Штаб-пәтері Нью-Йоркте. Департамент БҰҰ-на мүше мемлекеттердің 80-нен астам қалаларында өз бөлімшелерін ашқан.

6. БҰҰ-ның дамыту бағдарламасы – аса ірі қаржыландырушы ұйым. Әр түрлі даму шараларына, сондай-ақ, БҰҰ-ның дамыту ісін үйлестіріп отыратын негізгі органдарына қаражат бөледі. Мақсаты – нашар дамыған елдерге жә-не шаруашылық жүргізудің жоспарлы тәсілінен нарықтық экономикаға көшкен мемлекеттерге жәрдемдесу.

7. 1965 жылы құрылған  Біріккен Ұлттар Ұйымының Дамыту Бағдарламасы (ПРООН) өзіннің Қазақстанмен ынтымақтастықтағында басты назарды ұлттық мамандарды дайындауға, нарықтық реформаларды іске асыруға, экономикамыздың әр түрлі секторларындағы жаңа құрылымдары жөнінде консультативті көмек көрсетуге аударады.

8. Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім Беру, Ғылым және Мәдениет Мәселелері жөнінддегі Ұйымына (ББҒММҰ) 1992 жылдың мамырында кірді.

9. 1993 жылдың Желтоқсанында республикамыздың «Ядролық Қаруды Таратпау жөніндегі Келісімге» қол қоюы – оның 1994 жылдың 14 Ақ-панында Атомдық Энергия жөніндегі Халықаралық Агенттікке (АЭХА) 121 мүшесі ретінде кіруге жағдай жасаған.

10. Біріккен Ұлттар Ұйымының Жоғарғы Комиссарының Босқындар Ісі жөніндегі Басқармасы (БҰҰ ЖКБІБ) Тәжікістандағы азамат соғысы салдарымен байланысты Орталық Азияда 1993 жылдың Ақпанынан бастап қызмет етуде. ЖКБІБ – сы Душанбе мен Ташкенттегі өз өкілет-тіктерің ашып, тәжік босқындарының Ауғанстаннан репатриациялауға және отанына оралған соң, бұрын тұрған аймақтарына реинтеграция-лауға нақтылы шаралар жүргізген.

11.   Біріккен Ұлттар Ұйымының Өндірістік Даму Ұйымы БҰҰ – ның өндірістік  саласындағы қызметін бағыттауы үшін 1966 жылы Бас Ассамблеясының  резолюциясында қабылданған. Қазіргі таңда ӨДҰ – ның 170 – тей мүше елдері бар. ӨДҰ өтпелі экономикалы және дамушы елдерде өндірістің  қалыпты дамуымен айналысады. Қазақстан Республикасы БҰҰ –ның ӨДҰ қатарына 1997 жылы кірген.

12. БҰҰ-ның штаб-пәтері Нью-Йоркта орналасқан. Оның европадағы бөлімінің тұратын орны – Женева. БҰҰ-ға алғаш 51 мемлекет кірді, 1970 жылы мүшелер саны 126-ға жетті. БҰҰ-ның негізгі және тұрақты органдары болып Бас Ассамблея Қауіпсіздік Советі, Экономикалық және Әлеуметтік Совет, Бақылау Советі, Халықаралық сот және Секретариат сайланды.

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.      Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына жолдауы. «Қазақстанның статегиялық дамуы бағдарламасы-2030. Даму, қауіпсіздік және халықтың жағдайын жақсарту»// Қазахстанская правда. Алматы, 1997, 11 қазан

2.      Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан халқына Жолдауы» Астана, 2005 жылғы ақпанның 18-і.

3.      Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 жыл.

4.      Әйтiмбет Қ.А.   Қазақ  қоғамының   Қазақстандағы  азаматтық   қоғамдық  қалыптастырудағы  өзектi  мәселелерi.

5.      Беджауи М. Международный Суд ООН: прошлое и будущее, Московский журнал международного права, 1995, N2, стр. 42

6.      Ермекбаев А.Б. ЮНЕСКО в Казахстане. – Алматы 2002 год

7.      Интернет-сайт представительства ООН в Казахстане (www.mfa.kz)

8.      Құлжабаева Ж.О. Халықаралық жария құқық. Жалпы және ерекше бөлімдер. –Алматы. “HAS” баспа компаниясы, 2003.

9.      Международная  правосубъектность (некоторые  вопросы теории).-М., 1991.

10. Проблемы формирования  гражданского  общества   в  Казахстане.  Сборник  материалов  научно-практической   конференции ( 17 апреля 2002г) - Алматы: Компьютерно-издательский  центр  Института  философии  и   политологии  МОН  РК, 2002.

11. Сборник документов по международному праву.//Под общ ред. К.К. Токаев. –Алматы. 1998. I-том.

12. Степаненко Б.В. Программы ООН в СНГ. – Москва 1999 год

13. Тоқаев Қ. Қазақстан және Ұлттар Ұйымы: ынтымақтастықтың оң жылы //"Егемен Қазақстан", 2002 ж. 2 наурыз

14. Токаев К.К. Под стягом независимости. Очерки  о  внешней политике Казахстана. –Алматы, 1997.

15. Токаев К. Дипломатия Республики Казахстан. – Астана. 2001

16. Токаев К. Внешняя Политика Казахстана в Условиях   Глобализации. – Алматы. 2000

17. Токаев К.К. Дипломатия Республики Казахстан. – Астана 2001 год

18. Токаев К.К., «Под стягом независимости». Очерки о внешней политике Казахстана, Алматы., 1997.

19. «Ұлттық Қазақстан энциклопедиясы».1999

20. Черниченко С. Международное право: современные  теоретические проблемы. –М., 1993.

21. Шреплер Х.А., «Международные организации». Справочник, М., 1995.

 

28

 



[1] В.Н.Федоров, ООН и проблемы войны и мира, М.:Международные отношения, 1988 , стр. 46

[2] Степаненко Б.В. Программы ООН в СНГ. – Москва 1999 год

[3] Токаев К. Дипломатия Республики Казахстан. – Астана. 2001

[4] Әйтiмбет Қ.А.   Қазақ  қоғамының   Қазақстандағы  азаматтық   қоғамдық  қалыптастырудағы  өзектi  мәселелерi.

[5] Токаев К.К. Под стягом независимости. Очерки  о  внешней политике Казахстана. –Алматы, 1997.

[6] Ермекбаев А.Б. ЮНЕСКО в Казахстане. – Алматы 2002 год


Информация о работе Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстанның арасындағы қарым-қатынастар