Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 16:15, курсовая работа
Менің курстық жұмысымның тақырыбы – Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстанның арасындағы қарым-қатынастар.
Өзектілігі: Қазіргі уақыттағы ең беделді, әрі күрделі құрылымды халықаралық ұйымдардың арасында 1945 жылы құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымының саяси салмағы басым.
КІРІСПЕ……………………………………………………………...…..…………...3
1 БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ…………………………………………………………...............……5
1.1 БҰҰ-ның Жарғысы…………………………………………………...…………5
1.2 Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы………………….…….………5
1.3 Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы……………………........................7
1.4 Бірікке Ұлттар Ұйымының қоғамдық ақпарат департаменті…………...........7
1.5 Біріккен Ұлттар Ұйымының дамыту бағдарламасы………………….………8
2 ҚАЗАҚСТАН МЕН БҰҰ-НЫҢ АРНАЙЫ МЕКЕМЕЛЕРІ………………..........9
2.1 Қазақстан мен БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы(ПРООН)…………….….........9
2.2 Қазақстан мен БҰҰ-ның ББҒММҰ (ЮНЕСКО) ………………………........10
2.3 Қазақстан мен БҰҰ-ның ЕЗБҚААБ (УКНСПП ООН)…………………........11
2.4 Қазақстан мен АЭХА (МАГАТЭ)……………………………………….........12
2.5 Қазақстан мен БҰҰ ЖКБІБ (УВКДБ ООН)…………………………….........13
2.6 Қазақстанмен БҰҰ- ның ӨДҰ (ЮНИДО) ……………………………….......14
3 ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ…………………….........15
3.1 Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қазакстанның қызметі…………………......15
3.2 ҚР-дағы Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдіктері……………………….......21
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………….......30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………….......32
2. Дәстүрлі емес қызмет: бұл негізінен миграция саласында жоғары маманды ұлттық кадрлерді дайындауға көмектесу. Бұл салада ЖКБІБ – сы босқындармен байланысты жұмыс істейтін органдарға техникалық – материалдық көмек көрсету. ЖКБІБ – сы адам құқықтары, халықаралық баспана, халықаралық құқық туралы семинарлар мен конференцияларды, оқыту курстарын жиі өткізу арқылы мемлекеттік органдарға халықаралық стандарттарды жеткізуге әрекеттер жасайды. Қазақстан Республикасының арнайы органдарымен босқындар жөніндегі жұмыстарды өткізудің заңдылықтарын қалыптастыруда.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Өндірістік Даму Ұйымы БҰҰ – ның өндірістік саласындағы қызметін бағыттауы үшін 1966 жылы Бас Ассамблеясының резолюциясында қабылданған. Қазіргі таңда ӨДҰ – ның 170 – тей мүше елдері бар. ӨДҰ өтпелі экономикалы және дамушы елдерде өндірістің қалыпты дамуымен айналысады.
Қазақстан Республикасы БҰҰ –ның ӨДҰ қатарына 1997 жылы кірген.
Қазақстанның оған кіріунен бұрын бұл ұйым елімізде әр түрлі бағдарламалар жүргізген. Олардың ішіне:
1995 жылдың өзінде ӨДҰ мен БҰҰДБ – ның бірлескен жобалары Қазақстанның кіші қалаларындағы мемлекеттік өндірістердің реструктуризациясын бастаған. Мысалы ретінде, Алматы облысындағы Текелі қаласындағы қорғасын – мырыш комбинатының қайта ашылуы. ӨДҰ өндіріспен ғана шектелмей, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға да үлес қосады. Алматыда Шағын және Орта кәсіпкерліктің Қолдау Орталығы ашылды.
Американдық «Шеврон» компаниясының қаржылық қолдауымен, ӨДҰ – ның сарапшылық қолдауымен және БҰҰДБ – ның координациясымен Атырау қаласында «Бизнесті Дамыту Орталығын» және оның микронесиелік мехаизмін құрған. ӨДҰ Әлемдік Банкі, БҰҰДБ мен ТАСИС - тің «Каспий экологиялық бағдарламасына» да қатысушы жақ болып шықты.
Қазіргі таңда БҰҰ – ның ӨДҰ Қазақстан Республткасы үшін арнайы интегралданған бағдарламаны құруға жұмыс істеуде. Оған келесі бағыттар кіредә:
3 ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ Біріккен Ұлттар Ұйымы
3.1 Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қазакстанның қызметі
1992 жылы 2 наурызда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына кіруі өзінің маңызы жағынан тарихи акция болды. Осы қадам біздің еліміздің шынайы тәуелсіз мемлекет ретінде әлемдік қоғамдастық қатарына қабылдануын рәміздік тұрғыдан ресімдеді.
Қазақстан БҰҰ-ға әлемдік қоғамдастықтың қатардағы жаңа мүшесі ретінде ғана емес, сонымен бірге қазіргі заманның ең бір өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстататын, ядролық қарусыздану жолындағы қозғалыстың алғы шебінде тұрған мемлекет ретінде енді. 1991 жылы Семей ядролық сынақ алаңының жабылуы және 1991 жылы Лиссабонда ядролық қаруы жоқ мемлекет ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылу жөнінде міндеттеме алуы Қазақстанға үлкен бедел сыйлады және БҰҰ Бас Ассамблеясының жоғары мінберінен халықаралық қауіпсіздік саласындағы жеке бастамаларын көтеруге моралдық құқық берді.
1992 жылы күзде өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясы, тәуілсіз мемлекет өкілі ретінде Қазақстандық делегация қатысқан алғашқы форум өткізілді. Осы сессияда Президент Н. Назарбаев Қазақстанның халықаралық саясаты туралы сөз сөйледі.
Әлемдік қоғамдастықтағы өзгерістерді және әлемдегі БҰҰ-ның жаңа рөлін назарға ала отырып, Н. Назарбаев былай деп мәлімдеді: Болып жатқан Бас Ассамблея сессиясында қазірдің өзінде әлемнің тұтастығы үшін жаңа күн тәртібін белгілеуді талап ететін жаңа өмір болмысын түсіну байқалады. Бұл орайда мен ықтималды щиеленіс ошақтарының отқа айналуын болдырмауға бағытталған саяси, әлеуметтік-экономикалық шаралар жүйесі ретінде тікелей жария дипломатияны қолдаймын. Мұндай дипломатияда көзге анық байқалатын, сондай-ақ, пайда болуының өзі жан-жақты болжамдық талдауды талап ететін проблемалар қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтаудың шарты ретінде маңызды орын алады. Осы форумда Н. Назарбаев екі маңызды ұсыныс жасады, екі ұсыныста әлемдік қоғамдастыққа біздің еліміздің сыртқы саяси бағытының жасампаздық сипатын паш етті.
Біріншіден, Қазақстандық басшы барлық үкіметтерге ізгі ниет білдіру тәртібімен "бір қосу бір" формуласы бойынша БҰҰ-ның бітімгершілік күш-жігерінің қорын құруды бастауды ұсынды. Бұл формула төмендегіні білдіреді, әрбір мемлекет оған өзінің қорғаныс бюджетінен бір пайыз бөліп, жыл сайын өзінің ақша аударуын сол баяғы бір пайызға үлғайтады. Осындай жолмен 10 жылдан кейіносы бітімгершілік сомасы он есе өтеді.[3]
Екіншіден, Қазақстан басшысы Азиядағы іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі кеңесті шақыру туралы бастама көтерді. Азия құрылығының орасан зор кеңістігінде қауіпсіздік құрылымын құруға бағытталған осы ұсыныс біздің еліміздің басшасын халықаралық сахнада кеңінен танымал етіп, Қазақстанның сыртқы саясатының арқауына айналады.
Сонымен қатар, Н. Назарбаев өзінің сөзінде экология және қоршаған ортаны қорғау сияқты өмірлік маңызды мәселелерге де тоқталды. Бұл мәселелерге Арал мен Семей проблемалары жатады.
БҰҰ-да қарусыздану және ядролық қаруды таратпау режимін нығайту саласындағы Қазақстан басшылығының белсенді рөлі, осы саладағы жасалған барлық халықаралық келісімдерге мемлекетіміздің адалдығы жоғары бағаланды. Ядролық қаруды сынауды толық тоқтату жөнінде Қазақстанның табанды позициясы және іс жүзіндегі қадамдары әлемдік қоғамдастықтың үлкен құрметіне бөленді. Қазақстанның СНВ-1 шартына және Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуын БҰҰ Бас Ассамблеясының 49-сессиясында, сондай-ақ, ядролық қаруды таратпау туралы іс-қимылды үзарту жөніндегі БҰҰ конфёренциясында мемлекеттер мен үкіметтер басшылары өздерінің сөздерінде құттықтады. БҰҰ Бас Ассамблеясы қараусыздану және ядролық қаруды таратпау туралы өзі қабылдайтын барлық қарарларында жоғарыда аталған фактіні қанағаттанғандықпен атап өтті.
2001 жылғы 29-30 тамызда Алматыда өткен "XXI ғасыр: ядролық қарудан азат әлем жолында" атты халықаралық конференцияда БҰҰ Бас хатшысының орынбасары В. Петровский: "Халықаралық қоғамдастық үшін Қазақстан жауапты саяси ерік-жігермен, салмақты сөзбен және нақты істермен адамзат өзін өзі жоятын құралдардан ғаламшарды қалай азат етуге болатындығының жарқын мысалын көрсетті", - деп мәлімдеді.
1996 жылы 30 қыркүйекте Сыртқы істер министрі Қазақстан атынан Ядролық сынаққа жан-жақты тыйым салу туралы шартқа қол қойды (ЯСЖТШ). 160 мемлекет осы шарттың қатысушылары болып табылады. Осы тарихи құжаттың жасалуына Қазақстан да лайықты үлесін қосты, осы орайдағы біздің республикамыздың принципті ұстанымы және нақты қадамдары кеңінен мәлім және қолдау тауып жүр. Аталған шартқа қол қойып, біздің еліміз ғаламдық мониторингтік жүйені құруға елеулі үлес қосты.
Сейсмикалық оқиғаларды қадағалау мақсатында жабдықтарды калибрлік өлшеу үшін бірегей инфрақұрылым - Семей полигоны пайдаланылады. Бұл, Қазақстандық мамандардың осы саладағы халықаралық жұмысқа толық деңгейде қйтысуына мүмкіндік береді.
Біздің еліміз Орталық Азияда бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға зор маңыз береді және осы географиялық аумақта ядролық қарудан азат аймақ құру жөніндегі бастамасы іске асыруға мүдделі. Қазақстан осындай аймақ құруға қатысты келіссөздер процесіне сындарлы түрде қатысып жүр. БҰҰ-ның жәрдем көрсетуімен қазірдің өзінде болашақ шарттың мәтінін келісу жөнінде бес Орталық Азия елдерінің сарапшылар тобы елеулі жұмыс жүргізді. Орталық Азияда осындай аймақтың болуы ядролық қаруды таратпауды және ғаламдық қауіпсіздік режимін нығайту.[4]
Қазақстан халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыруға зор маңыз бере отырып, БҰҰ-ның бітімгершілік қызметін белсенді түрде қолдайды. Ұйымға мүше мемлекеттердің БҰҰ-ның бітімгершілік күш-жігерін кеңейту және нығайту қажеттілігі туралы пікірлерін бөлісе отырып, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан 1995 жылғы желтоқсанда БҰҰ аясында Орталық Азия бірлескен бітімгершілік батальонын құру туралы келісімге қол қойды.
VIII Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары БҰҰ Бас хатшысына жазған өздерінің өтінішінде бірлескен батальонның БҰҰ-ның болашақтағы бітімгершілік операцияларына қатысу мүмкіндігі туралы мәселені қарауды ұсынды.
Орталық Азияның бітімгершілік батальонының құрылуы БҰҰ-дан қолдау тапты және Бас хатшы мұны халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі аймақ мемлекеттерінің үлесі ретінде бағалады. 1996 жылдың басында Қазақстан бейбітішлікті қолдау жөніндегі операцияларға қатысу мүмкіндігімен БҰҰ-ның резервтік келісімдер жүйесіне қосылған 51-ші мемлекет болды. Бүгінгі күні Ұйымға мүше 65 мемлекеттер резервтік келісімдерге қатысады және олар БҰҰ-ның бітімгершілік операциялары үшін ресурстар ұсынуға өздерінің дайын екендіктерін білдірді.
БҰҰ-ға мүше бола отырып, Қазақстан көптеген саяси проблемалардың, бірінші кезекте Орталық Азия аймағының қауіпсіздігін қозғайтын проблемалардың шешімін іздестіруге тартылды. Ауғанстандағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты 1996 жылғы қазанда Алматыда Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның, Қырғызстанның және Тәжікстанның саяси басшыларының кездесуі өтті. Олар аталған мәселе бойынша бірлескен мәлімдеме қабылдады. Саммитте қабылданған шешімге сәйкес Қазақстан 1996 ж. 16 қазанда аталған мемлекеттермен бірге Ауғанстандағы жағдай туралы мәселе бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің арнайы мәжілесін өткізуге бастамашы болды. Оның қортындысы бойынша БҰҰ ҚК 1076 белгілі қарары қабылданды, қарардың тең авторлары Алматы кездесуіне қатысушы мемлекеттер және АҚШ-ты, Германияны, Италияны, Чилиді және Корея Республикасын қоса алғанда, бірқатар басқа да мемлекеттер болды.
Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей Президентінің арнайы өкілінің тағы бір кездесуі 2000 жылғы тамызда өтті. Онда ауған жанжылының Орталық Азияға таралуына және аймақ елдерінің аумағына қарулы бандылық құрылымдардың енуіне байланысты қалыптасқан жағдай қаралды. Кездесуге қатысушылар Орталық Азияның қауіпсіздік саласындағы жағдайын нашарлататын ауған проблемасын шешу жөнінде шұғыл шаралар қабылдауға шақырып, БҰҰ, ЕҚЫҮ және басқа да халықаралық және аймақтық Ұйымдарға арналған үндеу қабылдады.
Әлемдік саяси проблемаларға Қазақстанның тепе-теңдік сақтаған және шынайы көзқарасы БҰҰ Бас Ассамблеясының күн тәртібіндегі өткір мәселелер бойынша дауыс берген кезде осы халықаралық форумда оң бағаланып жүр.
Біздің еліміз Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның, Ислам Конференциясы Ұйымының, Парламентарлық Одақ пен Экономикалық ынтымақтастық Ұйымының мүшесі болғандықтан осы бірлестіктердің БҰҰ-мен ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған Бас Ассамблея қабылдайтың қарарлардың тең авторы болып табылады.
Қазақстанның БҰҰ-дағы ұстанымы Біріккен Ұлттар Ұйымы қарайтын мәселелердің бүкіл кешені бойынша Қазақстанның мүдделерін ескерудің негізінде қалыптасады. Бұл орайда экономика, экология, әлеуметтік даму, халықаралық құқықты прогрессивті дамыту, адам құқығын сақтау саласында, Ұйымдасқан қылмыс пен есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында БҰҰ-мен өзара іс-қимылды нығайтуға айырықша көңіл бөлінеді.[5]
БҰҰ Бас Ассамблеясының 53-сессиясында Қазақстан Орталық Азиядағы транзит мәселесі бойынша қарар қабылдауға бастамашы болды. Еуропа мен Азия елдерінің арасында ынтымақтастықты кеңейту үшін өзара байланысты ұлттық және аймақтық көліктік инфрақұрылымды дамыту проблемасы уақыт озған сайын маңызды бола түсуде.
Қарарда қозғалатын мәселелерге қатысты БҰҰ-ға мүше-мемлекеттер тарапынан өсе түсіп отырған мүдделіліктің, сондай-ақ, аймақта тиімді транзит жүйесін қалыптастыру проблемасының маңыздылығын түсінудің куәсі - бірқатар Шығыс Еуропа елдерінің
БҰҰ БА-ның 53-сессиясында осы қарардың тең авторларының қатарына қосылуы болды. Қазақстанмен бірге БҰҰ-ға мүше 13 мемлекет осы құжаттың тең авторлары атанды, олар: Әзербайжан, Армения, Ауғанстан, Беларусь, Болгария бұрынғы Югославия, Македония, Грузия, Иран, Қырғыстан, Монғолия, Полыпа, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікментсан, Түркия, Өзбекстан және Украина. Қарар Екінші комитеттің жалпы мәжілісінде дауыс берместен-ақ қабылданды.
Орталық Азия аймағындағы транзит жүйесі бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясы қарарының қабылдануы - БҰҰ мамандандырылған мекемелерінің, басқа да халықаралық Ұйымдардың және біздің аймағымыздағы транзиттік көлік жүйесін, сондай-ақ Еуропа мен Азия арасындағы көлік қатынастарын дамыту бағдарламаларын әзерлеу мен іске асыру жөніндегі донор елдерінің тарапынан болатын іс-шаралардың халықаралық-құқықтық негізін құрды. Қарардың ережелерін Қазақстан Үкіметі, тиісті министрліктер мен ведомстволар халықаралық Ұйымдар мен донор-елдермен және басқа да мүдделі тараптармен келіссөздер барысында пайдалануы мүмкін.
1997 жылғы 16 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының Семей
аймағы қатысты мәселелерді қарау үшін 1998 жылдың басында Ведомствоаралық комиссия құрылды. Комиссияның құрамына министрліктер мен ведомстволардың, жергілікті басқару органдарының, Ұлттық ядролық және екі үкіметтік емес Ұйымдардың "Невада-Семей" және "Полигон-23" өкілдері кірді.
Информация о работе Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстанның арасындағы қарым-қатынастар