Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 16:15, курсовая работа
Менің курстық жұмысымның тақырыбы – Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстанның арасындағы қарым-қатынастар.
Өзектілігі: Қазіргі уақыттағы ең беделді, әрі күрделі құрылымды халықаралық ұйымдардың арасында 1945 жылы құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымының саяси салмағы басым.
КІРІСПЕ……………………………………………………………...…..…………...3
1 БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ…………………………………………………………...............……5
1.1 БҰҰ-ның Жарғысы…………………………………………………...…………5
1.2 Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы………………….…….………5
1.3 Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы……………………........................7
1.4 Бірікке Ұлттар Ұйымының қоғамдық ақпарат департаменті…………...........7
1.5 Біріккен Ұлттар Ұйымының дамыту бағдарламасы………………….………8
2 ҚАЗАҚСТАН МЕН БҰҰ-НЫҢ АРНАЙЫ МЕКЕМЕЛЕРІ………………..........9
2.1 Қазақстан мен БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы(ПРООН)…………….….........9
2.2 Қазақстан мен БҰҰ-ның ББҒММҰ (ЮНЕСКО) ………………………........10
2.3 Қазақстан мен БҰҰ-ның ЕЗБҚААБ (УКНСПП ООН)…………………........11
2.4 Қазақстан мен АЭХА (МАГАТЭ)……………………………………….........12
2.5 Қазақстан мен БҰҰ ЖКБІБ (УВКДБ ООН)…………………………….........13
2.6 Қазақстанмен БҰҰ- ның ӨДҰ (ЮНИДО) ……………………………….......14
3 ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ…………………….........15
3.1 Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қазакстанның қызметі…………………......15
3.2 ҚР-дағы Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдіктері……………………….......21
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………….......30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………….......32
Ең маңызды міндет - Семей полигонындағы БҰҰ сарапшылары аймақ үшін бұдан былайғы қатерді болдырмауға жәрдемдесетін, ұлттық және халықаралық күш-жігерді жұмсаудың бес басымдық берілетін секторын белгіледі. Олар: деңсаулық сақтау, экология, экономиканы қалпына келтіру, гуманитарлық көмек және ақпарат тарату. Осы аталған басымдықтарды таңдап алу Семей аймағының халқы ұшырап отырған күрделі жағдаймен және өзара байланысты қиыншылықтармен түсіндіріледі. Қазақстанның мемлекеттік құрылымдары бүгінгі күні қаржылық қиындықтарға байланысты аталған аймақ пен оның халқына толық Ауқымда көмек көрсетуге мүмкіндігі жоқ. Сарапшылардың бағалуы бойынша аталған бес басымдық берілетін бағыттарды іске асыру үшін 43 млн. доллар талап етіледі. Семей аймағының халқы мен экологиясын оңалтуды халықаралық әріптестік негізінде тиімді түрде жүргізуге болады.
1998 жылғы қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясының 53-сессиясында "Қазақстандағы Семей аймағының халқын, экологиясын және экономикалық дамуын оңалту мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық пен қызметті үйлеетіру" атты қарар қабылданды.
Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше бірқатар мемлекеттердің делегацияларымен тұрақты кеңесберулер жүргізудің нәтижесінде БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі аталған қарардың мәтінімен келісті. БҰҰ-ның дипломатиялық топтарында Ұйымға мүше 54 мемлекеттің осы қарарға тең автор болуы әлемдік коғамдастықтың тарапынан Қазақстанды кеңінен қолдануы туралы куәландырады. Қарарда Бас хатшыға бағытталған ұсыныс бар, онда Семей аймағын қолдау және БҰҰ Бас Ассамблеясының 55-сессиясына тиісті баяндама әзірлеу мақсатында БҰҰ-ның тиісті бағдарламаларын қатыстыра отырып, консультацияларды жалғастыра беру айтылады.
Қазақстанның барлық халықтарының тендігін, нәсіліне, жынысына, тіліне, дініне, саяси және өзге де көзқарастарына қарамастан адамның негізгі құқықтары мен бостандығын жария еткен біздің еліміздің Конституциясы Вена Декларациясының шешімдеріне және Адам құқығы саласындағы іс-қимыл тұғырнамасына толық сәйкес келеді.
ҚР Президенті жанынан Адам құқығы жөніндегі комиссиясының құрылуын БҰҰ-да адам құқығын қорғау саласындағы халықаралық құжаттарды іске асыруга бағытталған нақты қадам ретінде бағалады.
Отбасын, әйелдерді және балаларды әлеуметтік қорғау Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың басымдық берілетін бағыттарының бірі. Біздің еліміз қатысушысы болып табылатын әмбебап халықаралық шарттардың алғашқыларының Конвенцияға Президент Н. Назарбаевтың қол қоюы және оны кейінрек Парламенттің бекітуі Қазақстанның БҰҰ-ның Балалар Қорымен (ЕНИСЕФ) тиісті ынтымақтастықты орнатуына және оны кеңейтуіне мүмкіндік берді.
Егер БҰҰ-дағы жұмысының алғашқы жылдарында Қазақстан делегациясы Ұйым шеңберінде өткізілетін халықаралық құқықты жүйелеу және оны прогрессивті түрде дамыту процесін жалпы шолумен ғана шектелсе, ұлттық құқықтық базаның дамуына және құқықтық тәжірибенің жинақталуына байланысты осы тұрғыдағы елдің мүмкіндігі нығайды. Қазақстандық делегация қазірдің өзінде сарапшылық деңгейде болашақ конвенциялардың баптарының жобалары бойынша пікірталасқа, Халықаралық құқық туралы, халықаралық сауда құқығы туралы БҰҰ комиссиясы өткізетін зерттеулерге қатысады. Осы жылдар ішінде біздің еліміз Қарусыздануға, саудасаттыққа және көлікке, экологияға, терроризмге қарсы күреске қатысты, гуманитарлық дипломатиялық құқық саласындағы негізгі халықаралық шарттардың қатысушысы ретінде көрінді.
Ғарыштық кеңістікті игеру саласында БҰҰ-мен ынтымақтастықтың маңызы зор. 1999 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясының 49-сессиясында Қазақстан бейбіт мақсаттарда ғарыш кеңістігін пайдалану жөніндегі комитетке сайланды (КОПУОС). Мұны Қазақстанның ғарыш кеңістігін игеруге қосқан үлесін тану ретінде қарауға болады. Біздің еліміз Тұрғын елді мекендер бойынша БҰҰ комиссиясының мүшесі болып табылады, оның шеңберінде Қала құрылысын салу мен тұрғын үйді жоспарлау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі жұмыстар жүргізіледі (ХАБИТАТ).
БҰҰ комиттерінде бірлескен жұмыс БҰҰ шеңберінде мемлекеттердің өзара іс-қимылында айрықша рөл ойнайды.
Бірінші комитте біздің еліміздің күш-жігері "Ядролық сынықтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт", "Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қатысты 2000 жылғы мүше мемлекеттердің конференциясы", "Аймақтық қарусыздану", "Қару-жарақтағы транспаренттілік", "Қарусыздану мен даму арасындағы өзара байланыс" сияқты маңызды проблемалар мен құжаттар бойынша жұмысқа жұмылдырылды.
Екінші комитетте Қазақстандық өкіл өтпелі экономикасы бар елдердің әлемдік экономикаға интеграциялану проблемаларына қатысты жұмыс істейді. Өкілдің осы комитетегі жұмысы қаралатын проблемалардың сипатына байланысты Қазақстан үшін аса маңызды болып табылады. Пікірталасты халықаралық экономикалық қоғамдастықтың - сауда, сыртқы борыш, ғылым мен технология, қаржы сияқты басты аспектілерінің төңірегінде жүріп жатыр. Ішінара ашық теңізде шығатын жолы жоқ Орталық Азияның транзиттік жүйесі туралы қарар бойынша, Қазақстандық өкіл Қазақстанның ашық теңізге шығуын, яғни, тиісінше әлемдік нарыққа шығуын қамтамасыз ететін шаралардың маңыздылығына назар аударып, біздің еліміздің ұзақ мерзімді мүдделерін баяндайды.
Қазақстанның ұзақ мерзімді мүдделеріне қатысты БҰҰ БА-ы қызметінің оң сипаттағы аспектілерінің бірі 1994 жылы Екінші комитеттің теңізге шығатын жолы жоқ Орталық Азия елдеріне көмек көрсету жөніндегі арнайы қарарлар қабылданды, мұндағы мақсат өтпелі экономикасы бар елдердің көлік жүйесін дамыту және оларды әлемдік көлік пен транзит саласындағы келісімдерді, демеуақы мен жеңілдікті заемдар нысанындағы ақшалай көмекті құқықтық ресімдеу жөніндегі техникалық жәрдемді қоса алғанда, Қазақстан мен басқа да Орталық Азия елдеріне көмек көрсетудің қосымша мүмкіндіктері мен перспективаларына жағдай жасайды. Содан Қазақстанның стратегиялық мүдделері жолында сыртқы саяси проблемаларды шешуде біздің дипломатияның "экономикалық сипаттағы" көзқарасы айқын байқалады.
Үшінші комиттегі пікірталас барысында біздің еліміз адам құқығы, әлеуметтік даму, халықаралық бақылау жасау сияқты өзекті проблемалар бойынша Қазақстан адам құқығы, есірткі құмарлық және трансұлттық қылмыс проблемаларын шешу, жастар, әйелдер, балалар, егде адамдар мен мүгедектер сияқты халықтын "әлсіз" топтарына қатысты әлеуметтік бағдарламаларды жүргізу жөнінде БҰҰ Жоғары комиссарының қызметіне жәрдем көрсетуге өзінің дайын екенін мәлімдеді.
Бесінші комитетте Қазақстандық делегация БҰҰ жарналарына, оның қаржылық жағдайына, бейбітшілікті қөрғау жөніндегі операциялардың бюджет-әкімшілік проблемаларына көңіл бөледі.
Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының шеңберіндегі жұмысының ең маңызды бағыты Қазақстан аумағындағы экологиялық апаттарға байланысты проблемалардың шешілуіне дүниежүзілік қоғамдастық тарапынан көмек алдыру және де соның ішінде ең алдымен бұрынғы Семей полигонындағы ядролық сынақтардың салдарын жою болып табылады.
3.2 Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдіктері
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында БҰҰ-ң 15 өкілдіктері бар.
Олар:
1. БҰҰ-ң даму бағдарламасы.
2. БҰҰ-ның Балалар Қоры.
3. БҰҰ-ның халық саны Қоры.
4. БҰҰ-ның Есірткілерге бақылау жасау және қылмыстың алдын алу жөніндегі басқармасы.
5. БҰҰ-нда Босқындар істері жөніндегі жоғарғы комиссар басқармасы.
6. БҰҰ-ның өз еркімен келгендер Ұйымы.
7. БҰҰ-ның Әйелдер Қоры.
8. Халықаралық еңбек Ұйымы.
9. БҰҰ-ң білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша Ұйым.
10. Дүниежүзілік деңсаулық сақтау Ұйымы.
11. Өнеркәсіптік даму жөніндегі БҰҰ.
12. Әлемдік Банк.
13. Халықаралық Валюталық Қор.
14. БҰҰ-ның СПИД ауруы бойынша Біріккен бағдарламасы.
15. Қоғамдық мәліметтер департаментінің өкілдігі.
Енді осы өкілдіктердің әр қайсысына тоқталайық.
1. 1965 жылы құрылған БҰҰ-ның даму бағдарламасы (ДБ). Қазақстанмен ынтымақтастығында бізге ұлттық қарарды даярлауда
және экономиканың түрлі секторындағы нарықтық реформа-лардың, сондай-ақ қайта құрулардың мәселелері бойынша кеңестік көмек беруде жәрдем көрсетуде. БҰҰДБ кеңесшілері Жекешелендірудің ұлттық бағдарламаларын, Қоршаған ортаны қорғау мен тұрақты даму жөніндегі іс-қимылдардың ұлттық жоспарын, Әйелдердің жағдайын жақсарту Мен тұрақты даму жөніндегі іс-қимылдардың ұлттық жоспарын, Әлеуметтік дамуда жәрдемдесу жоспарын, Салауатты өмір қалыптастыру бағдарламасын әзірлейді, жүзеге асырады және Үкіметке көмек көрсетеді.
Қазақстанның тәуілсіздігі жылдары ішінде Бағдарлама нарықтық қайта құруларды жүргізуде, экономиканың түрлі секторлары мен біздің еліміздің аймақтарына нақты көмек көрсетуде Үкіметке қолдау жасады. Бүгінгі күні елімізде бірқатар экономикалық және саяси реформалардың жүзеге асырылғандығын ескере отырып, Қазақстанның дамуының басымдық берілетін бағыттары белгіленді, қазір бірлескен күш-жігер төмендегідей анағұрлым өзекті проблемаларды шешуге жұмылдырылған:
• әлеуметтік салада - білім және жүйесіне қолдану көрсету
және жаңғырту, халықтың әлеуметтік тұрмысы нашар топтарына
және жұмыссыздарға көмек көрсету;
• экономикалық салада - шағын және орта бизнестің, өңдеу
өнеркәсібінің, ауыл шаруашылық, көліктік инфрақұрылымның
және сауданың дамуына жәрдемдесу;
• экологиялық салада - Семей аймағы мен Арал теңізі өңірін
оңалту, Каспий аймағында қоршаған ортаны қорғау.
Таяу болашақта Әлеуметтік даму бағдарламасы, Мемлекеттік басқару жүйесін нығайту және елді одан әрі демократияландыру бағдарламасы, сондай-ақ тұрақты даму мақсатында қоршаған ортаны басқару бағдарламасы шеңберінде БҰҰДБ-мен ынтымақтастықты жүзеге асыру жоспарланып отыр.
2. БҰҰ-ның Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) - БҰҰ жүйесінің
жетекші Ұйымы болып табылады, ол балалардың аман қалуын,
олардың қорғалуы мен дамуын қамтамасыз ету жөніндегі
міндеттерді шешумен айналысады.
ЮНИСЕФ Қазақстан Республикасындағы өзінің жұмысын 1992 жылы бастады, негізінен денсаулық сақтау саласында сақтандыру, жұқпалы іш ауруларды және тұмау ауруларды шұғыл көмек көрсетуді насихаттайды. 1994 жылы Қазақстанда ЮНИСЕФ-тің Өкілдігі ашылғаннан кейін
Қордың тұрақты бағдарламалары бойынша жұмыс басталады.
1994 жылғы ақпанда Президент Н.Назарбаевтың Америка Құрама Штаттарына сапары шеңберінде Бала құқығы туралы конвенцияға қол қойылды, Бұл біздің еліміз қатысушысы болған тұңғыш көп жақты халықаралық шарт еді. 1998 жылдан бастап Қазақстан ЮНИСЕФ-тің Атқару Кеңесінің мүшелігіне өтті, мұның өзі БҰҰ-ның осы беделді мамандандырылған мекемесімен ынтымақтастықты кеңейтуге қосымша серпін берді.
3.БҰҰ-ның халық саны Қоры. 1995 ж. Алматыда Қордың ресми түрде ашылуы болды, бірақ Қордың қызметі 1992 жылдан басталды. 1993-1996 жылдар аралығында Қазақстанға ана мен баланың деңсаулығын сақтандыру үшін, түрлі медициналық жабдықтар қамсыздандырылды. Сонымен қатар 20 гинекологтар мен 20 акушерлерге арналған арнайы үйрету курсы өткізілді. Акушерлерді оқыту нұсқауы 1996 ж. Мамыр айында іске асырылды. Осы нұсқауды толығымен Көрнек қаржыландырды және оның құны 1 600 000 АҚШ доллар болды. Ал құны 300 000 АҚШ долларға арнайы медициналық жабдықтар әкелінді.
1999 ж. желтоқсанда Қордың "Қазақстан 2000-2004 жж. үшін" бағдарламасы қабылданды. Оның мақсаты 6 Миллион доллар мөлшерде қаражатпен қамсыздандыру.
4. БҰҰ жүйесін реформалау шеңберінде ЮНДКП БҰҰ-ның Халықаралық қылмыстың алдын алу жөніндегі орталығымен бірікті, сөйтіп, БҰҰ-ның Есерткілерге бақылау жасау және қылмыстың алдын алу жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕБҚ-АБ) құрылды.
1996 жылғы 4 мамырда Ташкенте Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері қол қойған, Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсолардың заңсыз өндірісіне, айналымына, оларды қиянат жасап пайдалануға бақылау жасау саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум Қазақстан мен БҰҰ ЕБҚАБ арасындағы ынтымақтастық үшін негіз қалады.
Қазақстан БҰҰ-ның осы саладағы үш негізгі халықаралық конвенциясына қосылды, олар: 1972 жылғы хаттамасы бар, 1961 жылғы "Есірткі заттары туралы бірыңғай" конвенция, 1971 жылғы "Психотроптық заттар туралы" конвенция және 1988 жылғы "Есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы" конвенция.
ЕБҚАБ-тың ұсыныстарының негізінде "Есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен оларды қиянат пайдалануға қарсы іс-қимыл шаралары туралы" ҚР-ның Заңы қабылданды. Оның үстіне Президент Н. Назарбаевтың Жарлығымен 2000-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы есірткіге және есірткі бизнесіне қарсы күрес стратегиясы, сондай-ақ, 2000-2001 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы есерткіге және есерткі бизнесіне қарсы күрестің мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.
5.БҰҰ-да Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасының (БЖКБ) жұмысына зор маңыз беріледі. БҰҰ БЖКБ-ның Орталық Азияға келуі 1993 жылдың ақпан айынан бастау алады, сол уақытта Тәжікстандағы азамат соғысының салдарына БЖКБ Душанбе мен Ташкентте өзінің өкілдіктерін ашты, ондағы мақсат Ауғанстаннан келген тәжік босқындарын орналастыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру еді. Орталық Азияның басқа елдердегі БҰҰ БЖКБ өкілдіктері 1995 жылы ашылды, ондағы мақсат екі негізгі міндетті орындауды көздейді, олар:
1. БҰҰ БЖКБ мандатына жататын босқындарды халықаралық
қорғауды қамтамасыз ету және оларға гуманитарлық көмек көрсету;
2. Босқындар және тұтас алғанда көші-қон мәселелеріне қатысы бар Қазақстанның мемлекеттік құралымдарының, сондай-ақ үкіметтік емес Ұйымдарының әрекетіне қолдау көрсету және дамыту.
БҰҰ БЖКБ-ның Қазақстандағы қызметі бір бірімен өзара тығыз байланысты екі негізгі бөліктен тұрады, олар:
Информация о работе Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстанның арасындағы қарым-қатынастар