Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстанның арасындағы қарым-қатынастар

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 16:15, курсовая работа

Описание работы

Менің курстық жұмысымның тақырыбы – Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстанның арасындағы қарым-қатынастар.
Өзектілігі: Қазіргі уақыттағы ең беделді, әрі күрделі құрылымды халықаралық ұйымдардың арасында 1945 жылы құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымының саяси салмағы басым.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………...…..…………...3
1 БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ…………………………………………………………...............……5
1.1 БҰҰ-ның Жарғысы…………………………………………………...…………5
1.2 Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы………………….…….………5
1.3 Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы……………………........................7
1.4 Бірікке Ұлттар Ұйымының қоғамдық ақпарат департаменті…………...........7
1.5 Біріккен Ұлттар Ұйымының дамыту бағдарламасы………………….………8
2 ҚАЗАҚСТАН МЕН БҰҰ-НЫҢ АРНАЙЫ МЕКЕМЕЛЕРІ………………..........9
2.1 Қазақстан мен БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы(ПРООН)…………….….........9
2.2 Қазақстан мен БҰҰ-ның ББҒММҰ (ЮНЕСКО) ………………………........10
2.3 Қазақстан мен БҰҰ-ның ЕЗБҚААБ (УКНСПП ООН)…………………........11
2.4 Қазақстан мен АЭХА (МАГАТЭ)……………………………………….........12
2.5 Қазақстан мен БҰҰ ЖКБІБ (УВКДБ ООН)…………………………….........13
2.6 Қазақстанмен БҰҰ- ның ӨДҰ (ЮНИДО) ……………………………….......14
3 ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ…………………….........15
3.1 Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қазакстанның қызметі…………………......15
3.2 ҚР-дағы Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдіктері……………………….......21
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………….......30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………….......32

Работа содержит 1 файл

всемирная курсовая.doc

— 247.50 Кб (Скачать)


Мазмұны

 

 

Кіріспе……………………………………………………………...…..…………...3

1 Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы мен   құрылымы…………………………………………………………...............……5

1.1  БҰҰ-ның Жарғысы…………………………………………………...…………5

1.2  Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы………………….…….………5

1.3 Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы……………………........................7

1.4  Бірікке Ұлттар Ұйымының қоғамдық ақпарат департаменті…………...........7

1.5  Біріккен Ұлттар Ұйымының дамыту бағдарламасы………………….………8

2 Қазақстан мен БҰҰ-ның Арнайы Мекемелері………………..........9

2.1  Қазақстан мен  БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы(ПРООН)…………….….........9

2.2  Қазақстан мен БҰҰ-ның ББҒММҰ (ЮНЕСКО) ………………………........10

2.3  Қазақстан мен БҰҰ-ның ЕЗБҚААБ (УКНСПП ООН)…………………........11

2.4  Қазақстан мен АЭХА (МАГАТЭ)……………………………………….........12

2.5  Қазақстан мен БҰҰ ЖКБІБ (УВКДБ ООН)…………………………….........13

2.6  Қазақстанмен БҰҰ- ның ӨДҰ (ЮНИДО) ……………………………….......14

3 ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ Біріккен Ұлттар Ұйымы…………………….........15

3.1  Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қазакстанның қызметі…………………......15

3.2  ҚР-дағы Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдіктері……………………….......21

Қорытынды………………………………………………………………….......30

ҚОЛДАНЫЛҒАН әдебиеттер тізімі…………………………………….......32

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

              Менің курстық жұмысымның тақырыбы – Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстанның арасындағы қарым-қатынастар.

Өзектілігі: Қазіргі уақыттағы ең беделді, әрі күрделі құрылымды халықаралық ұйымдардың арасында 1945 жылы құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымының саяси салмағы басым.  Қазақстан Республикасы үшін БҰҰ – мен бірлесіп әрекет етуі – еліміздің сыртқы саяси қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі болып табылады. АҚШ президенті Франклин Рузвельт ұсынған «Біріккен Ұлттар» атауы, алғаш рет бірінші қаңтар 1942 жылы «Біріккен Ұлттар Декларациясында» қолданылды, бұл кезде екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы жиырма алты мемлекеттің өкілдері, өз мемлекеттерінің атынан соғысқа қарсы бірігіп күрес жүргізетіндерін хабарлады.

              Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысы 1945 жылы 25 сәуір мен 25 маусым айлар аралығында Сан-Франциско қаласында өткен «халықаралық ұйымды құру» жөніндегі Біріккен Ұлттар конференциясында 50 мемлекеттің өкілдерімен дайындалды. Конституциялық құжат болып табылатын Жарғы - халықаралық ұйым ретіндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметін реттейді және әр түрлі салалар бойынша жүргізілетін барлық қатынастарда мемлекеттердің жүріс-тұрысын бақылап, қадағалауда басты роль атқарады.

              Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы –халықаралық құқықтың жалпы мақсаттары мен қағидаларын анықтайтын, әскери, экономикалық, әлеуметтік, мәдени қатынастардағы мемлкеттің жүріс-тұрысының кодексі болатын, барлық мемлекеттер үшін міндетті халықаралық құжат.

              Біріккен Ұлттар Ұйымы ресми түрде 1945 жылдың 24 қазанынан бері қызмет жасайды. Оны құрып, негізін салушылар деп АҚШ, Ұлыбритания, Қытай және Кеңес Одағы мемлекеттері аталды. Жыл сайын жиырма төртінші қазан Біріккен Ұлттар Ұйымының күні деп тойланады.

              Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары төмендегідей:

              - Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

              - Халықтар теңдігі қағидасы негізінде ұлттар арасындағы достық қарым-қатынастарды дамыту;

              - Экономикалық, әлеуметтік, мәдени, гуманитарлық сипаттағы халықаралық проблемаларды шешуге көмектесу;

              - Осы аталған мақсаттарға жетудегі ұлттардың іс-әрекеттерін біріктіретін орталық болу.

              Біріккен Ұлттар Ұйымы мынадай қағидаларға сай қызмет жасайды:

              - Оның барлық мүшелері тәуелсіз теңдікке ие.

              - Мүшелердің барлығы Жарғыдағы міндеттемелерін толық әрі дұрыс орындаулары тиіс. 

              -Олар өздерінің халықаралық дауларын бейбітшілік құралдарымен шешулері тиіс.

              - Басқа мемлекетке қарсы қару қолдану ойынан аулақ болулары тиіс.

              Жұмысымның мақсаты таңдаған тақырыптың – БҰҰ-дағы Қазақстанның қызметін ашу, еліміздің БҰҰ даму бағдарламаларын жүзеге асырудағы ролі, белсенділігіне қатысты өзекті мәселелерді толық қамтып оларға тоқталып кету:

              Осы мақсатқа  жүту барысында жұмыстың негізгі міндеттері анықталды олар төмендегідей:

              - Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуына ұйытқы болған тарихқа тоқталу;

              - Біріккен Ұлттар Ұйымының құрамын ашып көрсету; оның қызметіне тоқталу;

              - Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысының қабылдануы, бас ассамблеясының өкілеттігін көрсету, бас хатшысының  қызмет бабына тағайыналуын қарастыру;

              - Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы мекемелерінің  еліміздегі атқарып жатқан қызметі, олардың бағдарламалары назар аудару;

              - Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қазақстанның қызметі жайлы тарихи маңызды аспектілеріне тоқталып оларға сипаттама беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы мен құрылымы

 

1.1 БҰҰ-ның Жарғысы

 

БҰҰ-ның негізгі документі ол - оның Жарғысы. Оның жобасы 1944 жылы тамыз-қазан айларында Думбартон-Оксте(Вашингтон) КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Қытай өкілдері қатысқан конференцияда жасалды. Жарғы Сан-Франциско конференциясында дайындалып, 1945 жылы 26 Маусымда оған 51 мемлекеттің өкілдері қол қойды.Жарғы 1945 жылы 24 қазанда КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Қытай және Сан-Франциско конференциясында қатысқан мемлекеттердің көпшілігі ратификациялауы-на байланысты күшіне енді. БҰҰ-ның Жарғысы кіріспеден және 19 тараудан тұрады. Жарғы бойынша БҰҰ өз міндетін орындауы үшін оның мүше-лері мына принциптерді басшылыққа алуы қажет: барлық барлық мүшелердің дербестік теңдігі; ұлы державалардың бірауыздылығы; барлық мүшелердің халықаралық талас мәселелерді бейбіт келіс сөз арқылы шешу; ұйым мүшелерінің халықаралық қатынастарда күш көрсету саясатынан және қандай елдің болмасын территориялық тәуелсіздігіне немесе саяси бостандығына қарсы күш қолдану саясаттан бас тартуы; барлық мушелерді БҰҰ-ның Жарғысы бойынша жүргізген іс-әрекетін, бейбітшілікке қауіп төнген, не ол бұзылған жағдайда төтенше жүргізген шараларды қолдауы; басқа елдің ішкі ісіне БҰҰ-ның қол сұқпауы. Жарғы бойынша БҰҰ мүшелігіне тек бейбітшілік сүйгіш дербес мемлекеттер кіре алады. БҰҰ мүшелерінің Ұйымнан шығуына хақысы бар.                

 

1.2  Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы

 

              Ол БҰҰ-ның басты органдарының бірі. БҰҰ-на мүше мемлекеттердің барлығы тең құқылы түрде Бас ассамблеяны құрайды. Мүшелерінің әрқай-сысы  1 дауыс қана иеленіп, делегаттар мәжіліс залына мемлекеттердің ағлшын тіліндегі ресми атауына орай алфавиттік ретпен жайғасады. БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес, Ассамблея халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау ісіндегі ынтымақтастықтың ортақ қағидаларын талқылауға, сондай-ақ, бүкіл мәселе бойынша мүдделі мемлекттерге және Қауіпсіздік Кеңесіне нақты ұсыныстар жасауға өкілетті. Қандай да болмасын, әрекет жасауды қажет ететін істің кез келгенін талқылаған соң немесе талқыламай-ақ ол істі Қауіпсіздік Кеңесіне жолдай алады. Сонымен қатар халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіретін ахуалды Қауіпсіздік Кеңесінің қатеріне салуға құқы бар (БҰҰ Жарғысы, 11-, 13-бап). Осы баптарға сәйкес, Бас ассамблея экономикалық-әлеуметтік саладағы, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау аясындағы халықаралық ынтымақтастықты өрістетіп, адам құқылары мен бостандықтарын жүзеге асыруға жәремдесу мақсатымен, сондай-ақ, халықаралық прогрессивті даму бағытында зерттеулер жүргізіп, нұсқаулар береді. Халықтар арасындағы ортақ игіліктер мен достық қарым-қатынастарға нұқсан келтіруі ықтимал шараларды жоюды ұсынады.[1]

Бас Ассамблея Қауіпсіздік Кеңесінің және БҰҰ-ның басқа да органдарыныңжыл сайынғы, арнайы баяндамаларын талқылауға, БҰҰ бюджетін қарап, бекітуге міндетті, сонымен қатар, мамандандырылған мекемелер арасындағы қаржылық және бюджеттік келісімдерді бекітеді. Бас Ассамблеяның Жарғының 18-бабында атап көрсетілген маңызды мәселелер боынша шешімдері мәжіліске қатысушы әрі дауыс беруші мүшелерінің үштен екісінің басым көпшілігінің дауысымен қабылданады. Өзге мәселелер жөніндегі, әсіресе, процедуралық шараларға қатысты шешімдер кәдуілігі басым көпшілік дауыспен қабылдана береді. Шешімдерді қабылдау үшін Бас Ассамбпеяға БҰҰ-ның барлық мүшелерінің кемінде жартысы қатысуы шарт.

Бас Ассамблея жыл сайын, әдетте, қыркүйектің алғашқы сейсенбісінде кезекті және арнайы сессияларын өткізеді. Арнайы сессияларды Қауіпсіздік Комитетінің, БҰҰ-на мүше елдердің көпшілігінің талап етуіне орай немесе БҰҰ-на мүше бір елдің (егер оны қалған мүшелердің кемінде жартысы қолдаса) талап етуі бойынша Бас хатшы шақырады.

Әр сессияда төраға және оның 21 орынбасары сайланады. Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты мүшелердің төрағасы сессия төрағаларына сайлана алмайды. Бұған қоса екі процедуралық комитет құралады, құрамына сессия төрағасы, оның орынбасарлары және Ассамблеяның негізгі 7 комитетінің төрағалары енетін Бас комитет пленарлық мәжілістің күн тәртібін әзірлеумен, қаралатын мәселелер кезегін белгілеумен, Бас Ассамблеяның барлық комитеттерінің қызметін үйлестірумен, ал екінші комитет өкілеттіліктерітексерумен айналысады.

Бас Ассамблеяның негізгі 7 комитетінің мынадай міндеттері бар: Бірінші, комитет саяси мәселелермен және қарусыздандыруды қоса алғанда, қауіпсіздік мәселелермен, Арнаулы саяси комитет Бірінші комитетке қатысты мәселелермен; Екінші комитет экономикалық және қаржы мәселелермен; Үшінші комитет әлеуметтік-гуманитарлық және мәдени мәселелермен, Төртінші комитет Қамқорлық және өзін-өзі басқара алмайтын территорияларға жәрдемдесу мәселелерімен, Алтыншы комитет құқықтық мәселелермен айналысады. Сонымен қатар, Ассамблеяның үш жылға тұрақты сайланатын әкімшілік, қаржы мәселелер жөніндегі Кеңесі және Жарналар жөніндегі комитетібар. Бас Ассамблея өзінің қызметтік міндетін толық жүзеге асыруға ықпал ете алатын басқа да қосымша органдарды құру мүмкіндігіне ие.

              Бас Ассамблеяның функциялары мен құзыреттері:

              1.Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдаудағы қатынастардың басты қағидаларын қарастыру.

              2.Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатысты барлық сұрақтарды реттеу, олар бойынша өз ұсыныстарын әзірлеу. Қауіпсіздік кеңесі қарастырып жатқан мәселелер бойынша, егер Қауіпсіздік кеңесі өзі ұсыныс білдірмесе, араласа алмайды.

              3.Біріккен Ұлттар Ұйымының кез келген органдарының құзыреттері мен функциялары бойынша сұрақтарды шешу.

              4.Қауіпсіздік кеңесінің баяндамаларын алып, тыңдау.

              5. БҰҰ-ң бюджетін бекіту.

              6.БҰҰ-ң Бас хатшысын бес жылға сайлайды. Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелерін, экономикалық және әлеуметтік кеңестің мүщелерін, Қауіпсіздік кеңесімен біріге отырып, халықаралық соттың судьяларын сайлайды.             

 

 

1.3  Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы

 

     БҰҰ-ның Бас хатшысы БҰҰ хатшылығының күнделікті жұмысына басшылық жасайтын лауазым иесі. БҰҰ Бас хатшысын Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынысымен Бас Ассамблея 5 жыл мерзімге тағайындайды. Мерзім тағы да 5 жылға созылуы мүмкін. БҰҰ-ның Бас хатшысы жыл сайын Бас Ассамблеяда БҰҰ-ның әр саладағы қызметі туралы баяндама жасайды, БҰҰ шеңберінде ұйымдастырылған халықаралық конференцияларға қатысады. Ол әкімшілік қызметімен және күнделікті жұмыстарды басқарумен қатар, БҰҰ-ның басқа да органдарының шешімдерінің орындалуын қадағалайды, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіретін екз келген мәселені Қауіпсіздік Кеңесінің назарына қояды, мемлекеттер арасындағы шиеленісттерді шешудің бейбіт жолдарын ұсынады. БҰҰ құрылғалы бері Бас хатшылар: Т. Ли (Норвегия, 1946 - 53), Д. Хаммаршельд (Швеция, 1953 – 61), У. Тан (Бирма, 1961 – 71), К. Вальдхайм (Австрия, 1972 – 81), Х. Перес де Куэльяр (Перу, 1982 - 91), Б. Бутрос Гали (Египет, 1992 - 96), Кофи Аннан (Гана, 1997-2006) болды. Қазір Бас хатшылықты 2007 жылдың 1қаңтарынан бері корейлік Пан Ги Мун атқаруда, саны жөнінен сегізінші хатшы болып табылады.

 

1.4  Бірікке Ұлттар Ұйымының қоғамдық ақпарат департаменті

 

     Ол – БҰҰ-ның ақпараттық мекемесі, Бас Ассамблеяның 1946 жылғы жазғы сессиясында құрылған. Мақсаты - әлем халықтарын БҰҰ-ның қызметі және ұйымдық мәселелері туралы толыққанды ақпаратпен қамтамасыз ету. Штаб-пәтері Нью-Йоркте. Департамент БҰҰ-на мүше мемлекеттердің 80-нен астам қалаларында өз бөлімшелерін ашқан. Олар БҰҰ-ның қызметін халыққа танытумен қатар, жергілікті тұрғындардың назарын әлемдік мәселелерге аударумен айналысады. 1993 жылы қаңтарда департамент өз бөлімін Қазақстанда да ашып, қоғам өмірімен, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен, оқу мекемелерімен, іскер топтармен және бұқаралық ақпарат орталықтарымен байланыс орнатты. Ол республикадағы мерзімді басылымдарға ұйым қызметі туралы хабарламаның бағдарламалар жасауға көмектеседі, Бұұ-ның республикаға келген сапаршы мамандарымен, ресми тұлғалары мен конференциялар, кездесулер ұйымдастырылды. Аталмыш құрылым Қазақстан жұртшылығының БҰҰ-ның қызметі жөніндегі ой-пікілерін штаб-пәтерге хабарлап отырады және БҰҰ-ның ресми құжаттарының республикадағы бірден-бір дерек көзі болып табылады. 

Информация о работе Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстанның арасындағы қарым-қатынастар