Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2012 в 16:21, курсовая работа
Жер-су аттары – халық тілі мен мәдениетінің кемел байлығы, мәңгілік тарихи мұрасы. Кез-келген елдің өткені мен бүгінінің сабақтастығы оның жер-су атаулары – топонимдері арқылы көрініс табады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
І. ЖЕР-СУ АТТАРЫНЫҢ МӘНІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК...................4
1.1. Топонимика дегеніміз не?.............................................................................4
1.2. АҚШ-тың топонимика мәселесі...............................................................4-5
ІІ. АМЕРИКАНЫҢ ТОПОНИМДЕРІ...................................................................8
2.1. Америка Құрама Штаттарының тарихы..................................................6
2.2. Американың ірі қалалары мен штаттарының атауының шығу тарихы....................................................................................................................6-10
2.3. АҚШ-тағы су, өзен-көл аттарының шығу тарихы..........................10-11
ІІІ. ЖЕР-СУ АТТАРЫН АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...................................................................................................12
3.1. Қазақстан мен АҚШ-тағы жер-су аттарының мағынасын
салыстыру.................................................................................................................12
3.2. Топонимдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аударуда қолданылатын әдістер.......................................................................................12-13
3.3. Қазіргі заманғы географиялық атауларды қазақ тіліне
аударудағы проблемалар..................................................................................13-14
3.4. Қазақ тілі топонимикасының өзекті мәселесі..................................14-18
ҚОРЫТЫНДЫ .......................................................................................................19
ПАЙДАЛАНЫЛДҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........
Осы тұрғыда The Great Britain-нің қазақша атауы Ұлыбритания емес, Ұлы Британ болып қалыптанғаны жөн тәрізді. Оның үстіне британдықтар сөзі қолданысымызда бар, британиялықтар деген сөзқолданыс жоқ. Рим дипломатиясы µз дєуірінде Еуропа дипломаттарына ұзақ уақыт бойына идеал болып, атауларды жасауда өз дәстүрін өткізген, қазіргі орыс тіліндегі Дания, Испания сияқты атаулардағы екпіні алдынғы буынына түсетін сонғы -ия осы дәстүр жалғастығынан мұра болып қалған екен [9, 12].
3.4. Қазақ тілінің топонимикалық өзекті мәселесі.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк ономастикалық жұмыс тұжырымдамасында былай деп жазылған: «Қазiргi уақытта ономастика республикадағы ұлттық тiл саясатының жетекшi бағыттарының бiрi ретiнде тек ғылыми-практикалық, мәдени-тарихи ғана емес, сондай-ақ қоғамдық-саяси маңызға ие болып отыр.
Қоғам дамуының кез келген кезеңiнде ономастикалық атаулардың тарихи маңызы зор болды. Адам қоғамдастығының бiр де бiрi, бiр де бiр мемлекет өзiнiң даму үдерiсiнде өзiнiң антропонимдерi мен топонимдерiнiң жинағынсыз өмiр сүрген емес. Сондай-ақ, қазақстандық қоғамдастықтың да ежелгi тарихи дәуiрде қалыптасқан ұлттық ономастикалық жүйесi бар.
Қазақстанның көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ономастика жүйесi ХIХ ғасырдың екiншi жартысынан бастап түбегейлi өзгерiстерге ұшырады және патша үкiметiнiң отаршылдық мүдделерiне, кейiннен Кеңес жүйесiнiң тоталитарлық саясатына қызмет етуге мәжбүр болды. Отаршылдық пен тоталитарлық режимдердiң идеологтары ономастиканы қоғамның тарихи-мәдени санасына әсер етудiң саяси құралына айналдырды. Нәтижесiнде қазақ ономастикасының өзiндiк болмысына, ұлттық ерекшелiгiне, әсiресе оның топонимикалық және антропонимикалық жүйелерiне орасан зиян келтiрiлдi. Қазақстан картасы едәуiр бұрмалауларға ұшырады».
Қазiргi қазақ ономастикасының жай-күйiн осыдан артық бағалау қиын. Ал тiлдiң өзi қоғамдық құбылыс болып табылатындықтан, оның бiр саласы ономастика да қоғамнан тыс қала алмайтыны белгiлi жағдай. Тiлшi-ғалымдар ол туралы бiршама айтып та кеткен. Мәселен, В.Н.Топоров: «...жалқы есiмдер тек адамзат қоғамында ғана өмiр сүрiп, қызмет етедi... Оның үстiне, Геродот пен Плинийдiң пiкiрлерiне қарамастан, жалқы есiмi жоқ адамзат қоғамы болмайды», - десе, ал В.А.Никонов: «Атау нысанға таңылып қалған нәрсе емес, бiрақ ол тек қана қоғамда өмiр сүредi және әрбiр әлеуметтiк құбылыс сияқты әрқашан тарихи заңдылықтарға бағынады», - деген.
Қоғамдағы әрбiр саяси-экономикалық өзгерiс сол қоғамның топожүйесiнде терең iз қалдырып отырады дегенде, бiз төрт түрлi экстралингвистикалық жағдайды екшеп аламыз: 1) Бiр ел екiншi елдi жаулап алғанда, мiндеттi түрде жергiлiктi атаулар өзгертiледi. Алыс тарихқа бармай-ақ, кешегi Ұлы Отан соғысы кезiнде немiс басқыншылары ауыстырып жiберген кейбiр топонимдердi Польша мен Чехословакия күнi бүгiнге дейiн қалпына келтiруде екенiн айтсақ та жеткiлiктi. 2) Бiр ел екiншi елдi отарлап алған жағдайда, жергiлiктi атаулар өзгерiске ұшырайды. Өткен ғасырлардағы iрi капиталистiк державалардың отарлау саясаты бұған дәлел. 3)Үлкен елдiң кiшi елдi немесе күштi елдiң әлсiз елдi бейбiт қалыпта ассимиляциялап жiберуi (тiлдедiң ассимиляциялануы да осы топқа жатады). Бұған ҚХР-дың маңындағы ұсақ мемлекеттердiң, Ресейдегi ұсақ ұлттардың тағдыры толық мысал бола алады. 4) Бiр елдiң iшiндегi идеологиялық, таптық, дiни күрестердiң, азамат соғыстарының әсерi болуы мүмкiн. Бұл тарихты да ұмыта қоятын уақыт өткен жоқ. Атап өткен төрт жағдай екi түрлi себептен ғана тұрады: бiрi - тiлдерi келмегендiктен атауларды өзгерту; екiншiсi - меншiктеп алу саясатын көздеп, әдейi өзгерiске ұшырату. Көптеген жағдайда екiншi себептiң үлес салмағы басым болып келетiнi ешкiмге жасырын емес.
Қазақ тiлi мен оның лексикасы осы төрт жағдайды да бастан кештi. Атап айтқанда, моңғол, жоңғар шапқыншылығын көрдi; патшалық Ресей отаршылдығын бастан өткердi; Азамат соғысы да бiздi айналып өткен жоқ; кеңестiк ассимиляциялау саясатын да жоққа шығаруға болмайды. Соңғы, төртiншi жағдай, тағы алдымыздан шығуы мүмкiн. Жаһандану үдерiсi кезiнде ұлттық келбет, әр ұлттың тiлi не кең тараған тiлдiң бiрiне (мәселен, ағылшын тiлi), не жан саны көп тiлдiң бiрiне (мәселен, қытай тiлi) жұтылып кету қаупi бар. Еуропаның белдi тiлдерiнiң бiрi швед тiлiнiң өзi ағылшын тiлiнiң ықпалына төтеп бере алмай отыр, жан саны басым болса да, Үндiстан ағылшын тiлiне өзiнiң хинди тiлiн қарсы қоюда. Соған байланысты әр ұлттың, әр тiлдiң алдында не бар, не жоқ болуы деген дүниежүзiлiк мәселе тұр.
Қазiргi кезде әлем тiлдерiнiң арасында, тiптi «халықаралық тiлдер» (ағылшын, араб, испан, қытай, орыс т.б.) арасында өзара бәсеке жүрiп жатқаны жасырын емес. Тiлдiң дамуына оның ареалының кең, қолданатын жан санының көп, экономикасының мықты болуы қажет десек те, сол тiлдiң белсендi қолданылуы да маңызды факторлардың бiрiне жатады. Кезiнде тiл бiлiмi тарихында қалыптасқан «Натуралистiк (биологиялық)» мектептiң өкiлдерiнiң бiрi Макс Мюллер айтқан: «Тiл күнделiктi тұрмыста қолданылса - өмiр сүргенi, ал адам қолданбаса - өлгенi» деген пiкiрiнiң жаны бар. Бүгiнде Украина мен Белоруссия үкiметiнiң өз тiлдерiне деген алаңдауы заңды құбылыс, өйткенi ол елдердiң 40-50 пайызы орыс тiлiнде сөйлейдi. Қазақстанның, сол сияқты ТМД елдерiнiң өз тiлдерiн сақтап қалудың бiрден-бiр жолы: мемлекет аумағында, қоғамның барлық саласында ана тiлiн белсендi қолдану болып табылады. Ал қолдану белсендiлiгi қалай төмендейдi, солай ол тiл құлдырай бередi. АҚШ ғалымы Дэвид Харрисонның есептеуiнше, қазiр жер бетiнде бар 7000-дай тiл мен диалектiлердiң үстiмiздегi ғасырдың ортасына дейiн тең жартысы өлi тiлдерге айналады екен (11, 148). Ал ол жоғалуға бет алған тiлдер ғасырлар бойы өз бойына жинаған қаншама құнды мәлiметтердi, тiлде сақталатын ұлттық дүниетанымды бiрге ала кететiнi айтпаса да түсiнiктi.
Қазақстан топонимикалық кеңiстiгiнiң әлi шешiмiн таппаған мәселесi көп. Бiз күнi бүгiнге дейiн жалқы есiм мен жалпы есiмдi айыра алмай жүрмiз. Лексикамыздың негiзiн құрайтын бұл екi сала туралы В.А.Суперанская былай деген: «Жалпы есiммен аталған нысан анық емес және шексiз болып келсе, жалқы есiммен аталған нысан әрқашан да анық және нақты болып келедi». Жалпы есiмдердiң топонимикалық мiндеттi алып жүре алмайтынын атауларды ауыстыру жағынан республикада алдыңғы орында тұрған Оңтүстiк Қазақстан облысының топонимиясынан мысал келтiре отырып қарастырайық. Аталған облыста атауларды қалпына келтiру жұмысы өз уақытында және сәттi жүргiзiлгенiн атап өту керек. Мәселен, Калинин - Иасы, Ленин - Көкарал, Қызыл Октябрь - Киелiтас, Ворошилов - Қосқұдық, Победа - Сарқырама т.б. Тарихи топонимдердi заңды орнына қайтару деп жүргенiмiздiң өзi - осы. Сонымен бiрге кеңестiк дәуiрде енiп, жадымызға сiңiп кеткен Алғабас, Еңбек, Жаңадәуiр, Жаңаүлгi, Қызылжұлдыз тәрiздi ұраншыл атаулардан құтыла алмай отырғанда оңтүстiк облыстағы Ономастикалық комиссия Ынталы, Ынтымақ, Береке, Өркениет, Бейбiтшiлiк, «Халықтар достығы» ауылы, Мәдениет, Өргебас, Арайлы, Шұғыла, Бақыт ауылы, Шаттық ауылы сияқты жалқы есiмге ешқандай қатысы жоқ ойконимдердi бектiп жiберген. Мұнда Алғабасты Өргебасқа айырбастағанда не ұттық деген заңды сұрақ туады? Топонимиканың заңдылығын бiлмегендiктен, ойға келген атауды қоя салу барлық облыстарға тән «ауру» болып отыр.
Қоғамның өтпелi кезеңдерiнде адамдар абдырып, қолда барын талан-таражға салып, бейберекеттiк орнайтынын тарих дәлеледеп келедi. Мұндайда тұтастық пен тұрақтылықты сақтап қалу үшiн, тiл, дiн жер және экономика тұтастығын бұзбау керек. Бiзде жердiң жекеменшiкке сатылуы қоғам дамуының талабы десек, жер-су аттарын сақтап қалу баршамыздың мiндетiмiз. Ол ата-бабадан қалған асыл мұралардың бiрi. Қазiргi кезде жер-су аттары иесiз, қараусыз қалған сала болғандықтан, әркiм өз тегiнiң атын шығаруға пайдаланып, көкпарға тартқан лақтай тоздырады. Мысалы, Ақмола облысының Қарабұлақ аулының Қарауыл Қанай би ауылы, Шұбарқұдық кентiн Төлепберген батыр ауылы деп ауыстырғаннан не таптық? Мұнда, бiрiншiден тарихи атауларды қолданыстан шығарып тастадық. Сол Қарабұлақ «бұл жерде жазда салқын, қыста қатпайтын қарасу бар» деп көшпелi қазаққа ғасырлар бойы ақпарат берiп тұратын аса құнды атау екенiн ұмыттық. Екiншiден, «жер-су аттары ұзын, шұбалаңқы болмау керек, өйткенi оның қолданысын қиындатады» деген талапқа қайшы келдiк.
Сайып келгенде, қандай атақты адам болса да жерден артық емес. Қоғамға, елге еңбегi мен ерлiгi сiңген адамдардың есiмiн тәрбиелiк мақсатта мәңгiлеу керек болса, ауыл, қала көшелерi, мектептер мен алаңдарға беруге болады. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк ономастикалық жұмыс тұжырымдамасында «қалаларға, қала үлгiсiндегi кенттерге, аудандарға бұдан былай адам аттары берiлмейдi» деген тармақ енгiзiлген. Жалпы бұл талапты «елдi мекендердiң және географиялық нысандардың барлық түрлерiне адам аттары берiлмейдi» деп толықтырған жөн болар едi. Өйткенi тұжырымдамада адам аттарын «ауылға беруге болмайды» деген тармақ жоқ деген желеумен ауыр аттары әлi күнге дейiн өзгертiлiп жатыр.
Ұлттық ономастика мәселелерiн әр ұлт тек өзi шешуге тиiс. Ол туралы басқадан сабағат сұрап керек жоқ. Осы орайдан келгенде кейбiр азаматтардың қазақ тiлiндегi топонимдердi орыс тiлiне транскрипциялап шаршап жүргенi түсiнiксiз жағдай. Мемлекеттiк тiлi қазақ тiлi деп танылған Қазақстан үшiн атаулардың орысша немесе ағылшынша транскрипциясының, аудармасының қажетi бар ма деген заңды сұрақ туады? Әлемде басқа ешбiр елде топонимдер екi немесе үш тiлде қатар жазылмайды. Бұл - ұлттық құндылықты бағаламау ғана емес, жалқы есiмдердiң қолданысын қиындатып жiберетiн қажетсiз, артық талпыныс. Қазақстанның көптеген қалаларында Тәуелсiздiк (Независмость), Жеңiс (Победа) түрiнде жазылған көше аттарын кездестiруге болады.
Мемлекеттiң тағы бiр айбыны Республикалық топографиялық карталар болса, мұнда да «өзiм бiлемдiкке» салынуға жол берiлген. Қазақстан картасын қазақша сөйлетемiз деп жүрген азаматтар тiлдi жетiк бiлмегендiктен және тiлшi-мамандармен ақылдаспағандықтан, көптеген өрескел қателiктер жiберген. Мәселен, бiр ғана Шығыс Қазақстан облысының топокартасында Үржар - Ұрыжар, Өрел - Өргiел, Берел - Бергiел, Шанағаты - Шанағатты болып заңсыз өзгерiске ұшыраған. Ал Листвяга тау жотасын Қоржынтау, Тарбағатай сiлемiн Таутекелi деп өзгерту - аймақты жақсы бiлмеуден туған қателiктер. Орыс саяхатшлары Листвяга түрiнде картаға түсiрмес бұрын және қазiр де ол тау жотасы Қоңыржон деп аталады. Таутекелi болса, Тарбғатай тау сiлемiнiң бiр ғана саласы екенi жергiлiктi тұрғындардың бәрiне аян.
Топонимика бiрнеше ғылым саласымен тоғысатындықтан, географтарға да мамандықтың талабына байланысты топонимдермен айналысуға тура келедi. Алайда атаулар арасында белгiлi бiр диалектiден, көне, кiрме тiлдерден жасалғандары кездесiп қалса, оны дұрыс транскрипциялау, мағынасын түсiну географ-мамандардың қолынан келе қоймауы мүмкiн. Қазақстан карталарында қаптап жүрген қателiктер дәл осыдан, яғни тiлшiлермен, тарихшылармен бiрлесiп жұмыс iстемеуден туындап отыр. Республикамыздың барлық аймақтарындағы топонимдер бiршама толық зерттелiп, қаншама ғылыми еңбектер жазылып жатса да, картограф-мамандар көз қырын да салмайтыны белгiлi болды. Мемлекеттiк карта - әлемге ұсынатын ұлттық маңызы бар құжат. Оны жасауды бiрер ғана адамға сенiп тапсыруға болмайды. Осы орайда Йан Маклеодтың «Тарих - тым жауапты iс, тарихшыларға сенiп тапсыруға болмайды» деген қанатты сөзi еске түседi.
Ономастикалық жұмыстарды үйлестiру, оны үнемi қадағалап отыру Қазақстан Республикасы сияқты дамушы елдерге ғана емес, әлемдегi өркениеттi елдердiң барлығына тән болып келдi. Мәселен, АҚШ-та Географиялық атаулар бюросы, Канада Географиялық атаулардың тұрақты комитетi, Германияда Географиялық атаулардың ұлттық комитетi, Англияда Британия география қоғамының географиялық атаулардың тұрақты комиссиясы, Ресейде Геодезия, Аэрофототүсiру, картография бас басқармалары жұмыс iстейдi. Олардың барлығына да географиялық атауларды дұрыс пайдалануды бақылап, түзетiп, жүйелеп отыруға бағатталған түрлi құқықтар берiлген.
Сонымен қатар әр мемлекеттiң картографиялық жүйесiн БҰҰ, Бүкiләлемдiк почта одағы, Халқыралық гидрографиялық бюро, Халықаралық азаматтық авиация ұйымы, Халықаралық картографиялық бiрлестiк, Халықаралық стандарттау ұйымы т.б. iрi қауымдастықтар бақылап отырады. Сондықтан республикамыздың топокеңiстiгiн тәртiпке келтiру мемлекетшiлiк қана емес, халықаралық маңызы бар iс болып табылады.
ҚОРЫТЫНДЫ.
Кез келген елдің өткені мен бүгінінің сабақтастығы оның жер-су атаулары – топонимдері арқылы көрініс табады. Қазақ елінің жер-су атаулары халықтың сан ғасырлық тарихынан сыр шертеді. Осы себепті және еліміздің басынан өткен сан қилы заманда көптеген топонимдердің өзгеріске ұшырауына, ұмыт болуына байланысты жер-су атауларын зерттеу – бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің бірі.
Зерттеу барысының нәтижесінде Америкадағы көптеген ірі қалалар, штаттар мен өзен-көлдердің атауының шығу тарихы этномәдени және әлеуметтік, психологиялық факторлармен байланысты қарастырып, адам санасының танымдық деңгейі мен білімдер жүйесін айқындайтын тілдік қолданыстар ретінде анықталды. Зерттеу барысында қол жеткен нәтиженің бірі – ағылшын тілі мен қазақ тілінің географиялық атауларын салыстырып, олардың шығу тарихы неге байланысты екенін көрсету. Осыған орай, мынадай қорытынды жасауға болады.
Демек, жер-су атаулы тарихи, географиялық және лингвистикалық мәннен хабар беріп тұрады деген сөз. Мұның өзі белгіл бір өңірдің топониміне қарап сол өңірде мекен еткен ұрпақтың тарихы туралы, тіршілік көзі жайында, ой-өресі хақында, тіптен сезім сұлулығына дейін тамаша хабардар болып, белгілі бір сипаттама жасауға мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Абдрахманов С.А. Суверенному Казахстану - независимая топонимическая политика. История земли - история народа. – Алматы, 1997. – 126с.
2. Карпенко, Ю.А. Признаки молодости топонимической системы // Перспективы развития славянской ономастики / Ю.А.Карпенко М., 1980. – 198с.
3. Зелинский Н.Д. Избранные труды . Наука, 1968. - 687 с.
4. Радовель . Страноведение: США. Феникс. 2008г. – 313с.
5. Г.Д.Томахин. США. Лингвострановедческий словарь. – 2-е изд.,Москва. Издательство «Русский язык», 2000. – 576с.
6. Нұрмағанбетұлы Ә. «Жер-судың аты – тарихтың хаты». Алматы. Балауса. 1994ж. 64бет.
7. Бас редактор: Ә.Нысанбаев. «Қазақ ұлттық энциклопедиясы». Алматы. 1198ж. 720бет.
8. Джанузаков Т.С., Рысбергенова К.К., Онгарбаева Н.Б., Турлыкожаев Т.Д. «Топонимия Республики Казахстан». Алматы. КазгосИНТИ. 2000г. 426с.
9. Перкас С.В. Урбанонимы в художественном тексте. - В кн.: Имя нарицательное и имя собственное. М. , 1978.
10. Перкас С.В. Топонимы-американизмы и их стилистическое использование: Опыт лингвострановедческого анализа. - Иностр. языки в школе, 1979.
11. «Қазақстанның ғылымы мен жоғары мектебi» журналы, №6 , 2007
ПРИЛОЖЕНИЕ.
Alabama – Алабама
Alaska - Аляска
Arizona - Аризона
Arkansas - Арканзас
California - Калифорния
Chicago – Чикаго
Colorado - Колорадо
Connecticut - Коннектикут
Delaware - Делавэр
Florida - Флорида
Georgia - Джорджия
Hawaii - Гавайи
Houston - Хьюстон
Huron - Гурон
Idaho - Айдахо
Indiana - Индиана
Iowa - Айова
Kentucky - Кентукки
Maryland - Мэриленд
Massachusetts - Массачусетс
Michigan - Мичиган
Minnesota - Миннесота
Mississippi - Миссисипи
Montana - Монтана
Nebraska - Небраска
Nevada - Невада
New Hampshire – Нью-гемпшир
New Jersey – Нью- Джерси
New Mexico – Нью- Мексико
New York – Нью - Йорк
North Carolina – Солтүстік Каролина
Rhode Island – Род - Айленд
San Francisco – Сан - Франциско
Texas - Техас
Utah - Юта
Washington - Вашингтон
Wyoming - Вайоминг