Жер-су аттарын аудару

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2012 в 16:21, курсовая работа

Описание работы

Жер-су аттары – халық тілі мен мәдениетінің кемел байлығы, мәңгілік тарихи мұрасы. Кез-келген елдің өткені мен бүгінінің сабақтастығы оның жер-су атаулары – топонимдері арқылы көрініс табады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................3
І. ЖЕР-СУ АТТАРЫНЫҢ МӘНІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК...................4
1.1. Топонимика дегеніміз не?.............................................................................4
1.2. АҚШ-тың топонимика мәселесі...............................................................4-5
ІІ. АМЕРИКАНЫҢ ТОПОНИМДЕРІ...................................................................8
2.1. Америка Құрама Штаттарының тарихы..................................................6
2.2. Американың ірі қалалары мен штаттарының атауының шығу тарихы....................................................................................................................6-10
2.3. АҚШ-тағы су, өзен-көл аттарының шығу тарихы..........................10-11
ІІІ. ЖЕР-СУ АТТАРЫН АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...................................................................................................12
3.1. Қазақстан мен АҚШ-тағы жер-су аттарының мағынасын
салыстыру.................................................................................................................12
3.2. Топонимдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аударуда қолданылатын әдістер.......................................................................................12-13
3.3. Қазіргі заманғы географиялық атауларды қазақ тіліне
аударудағы проблемалар..................................................................................13-14
3.4. Қазақ тілі топонимикасының өзекті мәселесі..................................14-18
ҚОРЫТЫНДЫ .......................................................................................................19
ПАЙДАЛАНЫЛДҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........

Работа содержит 1 файл

курстық жумыс.doc

— 219.50 Кб (Скачать)


2

 

ЖОСПАР:

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

І. ЖЕР-СУ АТТАРЫНЫҢ МӘНІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК...................4

    1.1. Топонимика дегеніміз не?.............................................................................4

    1.2. АҚШ-тың топонимика мәселесі...............................................................4-5

ІІ. АМЕРИКАНЫҢ ТОПОНИМДЕРІ...................................................................8

  2.1. Америка Құрама Штаттарының тарихы..................................................6

2.2. Американың ірі қалалары мен штаттарының атауының шығу тарихы....................................................................................................................6-10

2.3. АҚШ-тағы су, өзен-көл аттарының шығу тарихы..........................10-11

ІІІ. ЖЕР-СУ АТТАРЫН АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...................................................................................................12

              3.1. Қазақстан мен АҚШ-тағы жер-су аттарының мағынасын            

          салыстыру.................................................................................................................12

     3.2. Топонимдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аударуда қолданылатын әдістер.......................................................................................12-13

3.3. Қазіргі заманғы географиялық атауларды қазақ тіліне

аударудағы проблемалар..................................................................................13-14

     3.4. Қазақ тілі топонимикасының өзекті мәселесі..................................14-18

ҚОРЫТЫНДЫ .......................................................................................................19

ПАЙДАЛАНЫЛДҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...............................................................20

ПРИЛОЖЕНИЕ.......................................................................................................21

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

        Жер-су аттары – халық тілі мен мәдениетінің кемел байлығы, мәңгілік тарихи мұрасы. Кез-келген елдің өткені мен бүгінінің сабақтастығы оның жер-су атаулары – топонимдері арқылы көрініс табады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.

Зерттеудің негізгі мақсаты – Америкадағы штаттар, қалалар және өзен-көлдер атауының шығу тарихын зерттеп этностың ұлттық танымымен байланысты концепт ретінде тұжырымдау, сондай-ақ, оның қазақ тіліне  аударылуын  анықтау. Бұл мәселелерді анықтау үшін мынадай міндеттер қойылды:

      Жер-су аттарының шығу тарихының мәні неде болатындығын анықтау.

      Америкадағы ірі  қалалардың, өзен-көлдердің, штаттардың атауының тарихына қысқаша шолу жасау.

      Қазақ тілі мен ағылшын тіліндегі жер-су аттарының шығу тарихын  салыстырып зерттеу.

      Жер-су аттарының ағылшын тілінен қазақ тіліне берілу ерекшеліктерін көрсету.

Жұмыстың практикалық және теориялық мәні.

        Әрбір топоним белгілі бір мағынаға, алуан түрлі қүбылысқа ие, семантикасы жағынан жеке объектілерді атайтын жалқы есімдердің ерекше тобына тән. Әрбір географиялық атау тарихи, әрі, оның мағыналық өрісі де кең. Олар замана қүбылысына, өзгерісіне қарай әр түрлі мағлұматқа: түрлі соғыстар, халықтық әдет-ғұрып, салт-сана, халықтардың қарым-қатынасына және т.б. тарихи оқиғаларға бай.

        Жер-су атауларын жинау, олардың шығу, пайда болу себебін анықтау, әрбір атаудың мән-мағынасын ашу, әсіресе, жастардың туған өлкеге деген ыстық ынта, патриоттық сезімін күшейтпек. Сонымен қатар белгілі бір өңірдің топониміне қарап қарап сол өңірде мекен еткен ұрпақтың тарихы туралы, тіршілік көзі жайында, ой-өресі хақында, тіптен сезім сұлулығына дейін тамаша хабардар болып, белгілі бір қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

        Жұмыстың өзектілігі. Жер-су аттарынының шығу тарихын түсіндіріп, есепке алып хаттау, ағылшын тілі мен тарихының сыр-сипатын, халқының этномәдени құбылыстарын зерделеп зерттеу үшін де аса қажетті, өте қымбат бағалы дерек болары сөзсіз.

        Ағылшын тілінің қанша уақыттан бергі ғаламдық статусына қарамастан, тіл білімінің топонимика саласында не топонимик ғалымдар тарапынан, не қазақшадан ағылшын тіліне  аудару жұмыстары барысында аудармашы-зерттеушілер тарапынан күні бүгінге дейін бұл тілде қазақ атауларын қалай жазу керек деген мәселе назарға ілікпеген. Сол себепті мен бұл тақырыпты өзекті деп санаймын.

 

 

 

І. ЖЕР-СУ АТТАРЫНЫҢ МӘНІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

1.1.Топонимика дегеніміз не?

        Жалқы есімдер деп белгілі бір ғана затты арнай, даралай атайтын зат есімдерді атаймыз.

Мысалы:

                    кісі аттары (Асқар, Арлан, Ағыбай т. б.)

                    үй хайуандарына берілген арнаулы аттар (Тайбуырыл, Теңбілкөк, Ақтабан, Таймас т. б.)

                    өндіріс, мекеме, ұйым аттары ("Еңбек", "Қайрат", "Түрксіб" т. б.)

                    газет, журнал, фильм, кітап аттары мен жеке шығармалардың аттары ("Егемен Қазақстан", "Өркен", "Менің атым Қожа", "Қан мен тер" т. б.)

                    географиялық атаулар (Алатау, Қаратау, Іле, Ертіс т. б.)

                    қала, көше, алаң аттары (Теміртау, Абай даңғылы, Республика алаңы т. б.)

тағы басқа жалқы атаулар жатады.

Жалқы есімдер мағына жағынан белгілі бір ұғымды білдірмейді, тек бір жеке-дара затты басқа заттардан ажырату үшін қойылған белгі - ат ретінде ғана жұмсалады.

Ішіндегі әр қилы ұсақ топтарды сөз етпегенде, жалқы есімдер ең әуелі үлкен-үлкен екі салаға бөлінеді: оның біріншісі - кісі аттары (ономастика), екіншісі - географиялық атаулар (топонимика).

        Топонимика географиялық атауларды зерттейтін ономастиканың бір бөлімі. Топономика гректің topos - орын + опума - есім, ат деген сөздерінен алынған. Ол өзен, су, бұлақ, көл, теңіз аттарын (гидронимдерді); тау, сай-сала, қырат, жоталар, асулар, орман-тоғай, жайлау аттарын (оронимдерді); елді мекендердің аттарын (ойконимдерді) жан-жақты зерттейді. Әрбір атаудың өз тарихы, дүниеге келу себебі бар. [1, 5]

        Демек, топоним атаулы тарихи, географиялық және лингвистикалық мәннен хабар беріп тұрады деген сөз. Мұның өзі белгілі бір өңірдің топониміне қарап сол өңірде мекен еткен ұрпақтың тарихы туралы, тіршілік көзі жайында, ой-өресі хақында, тіптен сезім сұлулығына дейін тамаша хабардар болып, белгілі бір қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

1.2.           АҚШ-тың топонимика мәселесі.

        АҚШ аумағы топонимиялық зерттеудің өзекті мәселесі болып табылады. Өйткені, біріншіден, ағылшын тілінің топонимиялық жүйесі жақында ғана, яғни XVIII ғасырда толық қалыптасты. Және оның барлық қалыптасуының кезеңдері жақсы бақылауға алынған және құжаттанған.Екіншіден, топонимиялық тұтастық аумаққа басқа ұлт өкілдерінің кіргізілуі салдарынан болғандықтан, еуропалықтардың меңгеруіне қиындық туғызды. Бұдан әрі, тағы бір себебі, АҚШ-қа  миграциялық ағылдар  әртүрлі аумақтан келіп тұрды, осы жерде «Топонимикалық үлгі» мен «Топонимикалық талғам» араласып кетті. [2, 54]. Американдық топонимияға әр түрлi тiл салаларының сабақтас материалдары қатысады, соның ішінде бастапқыда ағылшын тілімен байланысты емес, кейінірек тілмен теңестіріліп кететін материалдар болады. Сайып келгенде, американдық топонимияның зерттеуi ағылшын тiлдi ортаға бөгде топонимдардың ену  мәселесімен және кеңiрек, тiлдердiң өзара әрекеттесу мәселесімен тығыз байланысты.

        Жаңа есімдерді жасаушылар тек қана аумақтың өлшемін ғана емес, сонымен қатар ат шығару өнерін басшылыққа алды: «Жаңа жерлерді зерттеуде біз ең бастысы жер –судың аттарын қоюда үлкен жауаптылықпен қараймыз, оларды асқан тәптіштілікпен, саналы өнермен және маңызды ниетпен таңдауға тырысамыз».

        У.Зелинский американдық топонимияның «экзотикасының» пайызы кез келген басқа елмен салыстырғанда анағұрлым жоғары екенін атап көрсетеді. Ол «экзотикамен» атаулардың әртүрлілігін түсіндіргісі келеді, яғни ешқендай байланысы жоқ жердің басқа бұрыштарынан енген (Ангола, Одесса, Пекин, Каир, т.б.); тарихи кітаптардан, көркем әдебиеттен соның ішінде Библиядан енген; және де атаулардың сол тұрған жерінде қасақана қойылған атаулар. (3, 469)

        К.Кеглердің мына сөздерін байқамауға болмайды: « .... дәл осылай қысқа мерзім ішінде соншама аз адам  атау қойып шыға алмайтын еді, Және біз бұны «экзотиканың анасы» екенін жоққа шығара алмаймыз».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. АМЕРИКАНЫҢ ТОПОНИМДЕРІ

2.1.           Америка Құрама Штаттарының тарихы.

        Америка Құрама Штаттары  — Батыс жарты шарындағы ірі ел. Оның барлық жері түгелдей дерлік Солтүстік Америкада. Шығысында Атлант мұхитымен, батысында Тынық мұхитпен шайылады. Солтүстікте Канадамен, оңтүстікте Мексикамен шектеседі.

        АҚШ – көптеген атақты тұлғалардың отаны. Соның ішінде аса көрнекті саяси қайраткерлер Бенджамин Франклин, Авраам Линкольн, Роберт Фултон, Томас Эдисон, Марк Твен және т.б. бар

        Америка Құрама Штаттары (АҚШ), Америка – Солтүстік Америкадағы мемлекет, федеративтік республика. Аумағы 9363,2 мың км2. Халқы 302 млн. Астанасы – Вашингтон қаласы. Мемлекеттік тілі – ағылшын тілі.

        16 ғ. Колумб Американы ашқаннан кейін еуропалықтар Солтүстік Америкаға көшіп келе бастады. Олар осы құрлықтың негізгі халқы – үндістерді аяусыз қырғынға ұшыратты. Тірі қалған үндістер түк шықпайтын тақыр жерлерге – резервацияларға ығыстырылды.

        17 ғ. негізінен Ұлыбританиядан көшіп келгендер Атлантика жағалауында өздеріне тұрақ салды – отар деп аталды. 18 ғ. аяғында 13 отар ағылшын үстемдігінен құтылып, тәуелсіз мемлекет – Америка Құрама Штаттарын құрды. Америка жалауының сол жақ жоғары бұрышындығы көк төрт бұрышқа салынған 50 ақ жұлдызша АҚШ-тың қазіргі күндегі штаттарының санына сай келеді.

        Америго Веспуччи  -  италиялық теңіз саяхатшысы. Оңтүстік Американы, Амазонканы, Венесуэлла шығанағын алғашқы ашқан зерттеушілердің бірі.

1507 жылы картограф Мартин Вальдземюллер Колумб және Веспуччи  «төртінші жердің бөлігін» ашқандығын  жазып кетті. Бұл континентті Америго Веспуччидің құрметіне Америка деп атады.  1538 жылы бұл қойылған атау Меркатор картасына және Солтүстік Америкаға жайылды. [4, 184]

 

2.2.           Американың ірі қалалары мен штаттары атауының шығу тарихы.

        Тұрғын халқының саны жағынан ірі қалалары: Нью-Йорк, Чикаго, Лос-Анджелес, Сан-Франциско, Филадельфия, Детройт, Бостон, Хьюстон, Вашингтон, Даллас, Питсбург, Балтимор, Сиэтл, т.б. 50 штат пен 1 федералдық (астаналық) округке бөлінеді. Бірімен-бірі шектесіп жатқан 48 штаттан және құрлықтың солтүстік-батысындағы Аляска, Тынық мұхиттың орталығындағы Гавай аралдарынан құрылған Гавай штаттарынан тұрады.

        Жоғарыда атап кеткеніміздей, Американың жер-су аттары басқа тілден енген, және сонымен қатар зерттеуші саяхатшылар жердің сипатына қарап қойып кеткен аттар сақталып қалған.

 

Қалалар:

 

      Нью-Йорк - АҚШ-тағы ең тығыз мекенделген, ең ірі қаласы, әлемдегі ең урбандалған қала. Ол 1970-жылдан бері АҚШ-тың ең ірі қаласы болып табылады, әрі АҚШ-тың алғашқы астанасы болды, мұнда Джордж Вашингтонның алғашқы ел президенті ретіндегі инаугурациясы өтті. Бір ғасырдан аса уақыт бойы әлемнің ең негізгі коммерция және қаржы орталығы болып келеді. Әлемге бұқаралық ақпарат құралдары, саясат, білім, көңіл көтеру, саясат, өнер және сән салаларындағы ықпалы бойынша көшбасшы орталық болып есептеледі. БҰҰ бас кеңсесі Нью-Йоркте орналасқан. Ал қаланың атауының тарихына келер болсақ, 1664 жылы ағылшын кемелері қаланы қаланы қамауға алды, және осы жағдайда губернатор Стейвесанттан еш көмек болмады. Сол кезде, бұл қаланың аман қалуына көп көмегі тиген герцог Йоркский және осы қала сол адамның құрметіне қойылды. [5, 352]

      Чикаго —  АҚШ-тағы қала тұрғындарының саны бойынша Нью-Йорк және Лос-Анджелестан кейінгі үшінші орынды иеленеді. Мичиган өзенінің солтүстік батысында орналасқан, Чикагоны шын мәнінде Орта Батыстың астанасы деп атауға болады. Бұдан 150 жыл бұрын Ұлы көлдер мен құнарлы прерийлердің түйіскен жерінде пайда болған бұл қала көптен бері американ индустриясының қуаты мен динамизмінің символы, астық пен малдың басты рыногы болып келеді. Бұл, сонымен қатар, аса ірі қаржы, сауда және мәдениет орталығы, ол АҚШ-тағы ең үлкен көлік жолы торабы. Чикаго субурбандалудың өте жарқын мысалы. Оның агломерациясына ондаған серік қалалар, "жатын" қалалар кіреді.1674 жылы Чикаго қаласының орнында француз иезуиті Жак Маркетт құрған миссионерлік пост болған. «Чикаго» атауы жергілікті үндістердің тілінен алынған  «shikaakwa» «жабайы жуа» дегенді білдіретін сөзі. [5, 101]

      Лос-Анджелес (Періштелер қаласы) – Калифорния штатының оңтүстгінде орналасқан үлкен қала. Лос-Анджелес – ең ірі дүниежүзілік мәдени, ғылыми және экономикалық орталықтардың бірі. Және қала дүниежүзілік ірі көңіл көтеру (кино, музыка, телевидение) орындарының бірі. Калифорния штатының оңтүстігінде Тынық мұхиты жағасында орналасқан. Штаттың ең үлкен қаласы. Американ фильмдері түгелдей дерлік Лос-Анджелес қаласының жанындағы Голливудта шығады.1781 жылдың 4 қыркүйегінде бұл қала орналасқан жерде Фелипе де Невенің басшылығымен 46 адамнан тұратын испандық коллонистардың посты құрылды. Ол пост  El Pueblo de Nuestra Señora la Reina de los Ángeles sobre El Río Porciúncula,яғни періштелер патшайымы Дева Марияның  Порсьюнкула өзеніне қоныстануы деп аталды. Осыған орай, қаланың атауы Лос-Анджелес болса керек. [5, 281]

Информация о работе Жер-су аттарын аудару