Жер-су аттарын аудару

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2012 в 16:21, курсовая работа

Описание работы

Жер-су аттары – халық тілі мен мәдениетінің кемел байлығы, мәңгілік тарихи мұрасы. Кез-келген елдің өткені мен бүгінінің сабақтастығы оның жер-су атаулары – топонимдері арқылы көрініс табады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................3
І. ЖЕР-СУ АТТАРЫНЫҢ МӘНІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК...................4
1.1. Топонимика дегеніміз не?.............................................................................4
1.2. АҚШ-тың топонимика мәселесі...............................................................4-5
ІІ. АМЕРИКАНЫҢ ТОПОНИМДЕРІ...................................................................8
2.1. Америка Құрама Штаттарының тарихы..................................................6
2.2. Американың ірі қалалары мен штаттарының атауының шығу тарихы....................................................................................................................6-10
2.3. АҚШ-тағы су, өзен-көл аттарының шығу тарихы..........................10-11
ІІІ. ЖЕР-СУ АТТАРЫН АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...................................................................................................12
3.1. Қазақстан мен АҚШ-тағы жер-су аттарының мағынасын
салыстыру.................................................................................................................12
3.2. Топонимдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аударуда қолданылатын әдістер.......................................................................................12-13
3.3. Қазіргі заманғы географиялық атауларды қазақ тіліне
аударудағы проблемалар..................................................................................13-14
3.4. Қазақ тілі топонимикасының өзекті мәселесі..................................14-18
ҚОРЫТЫНДЫ .......................................................................................................19
ПАЙДАЛАНЫЛДҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........

Работа содержит 1 файл

курстық жумыс.doc

— 219.50 Кб (Скачать)

      Сан-Франциско  - елдің солтүстік бөлігінде орналасқан АҚШ-тың ірі қалаларының бірі. Сан-Франциско әлемдік туристік орталық болып табылады. Өзінің қазіргі заманғы әдемі архитектурасымен, жазғы суық тұмандарымен белгілі. Бұл қаланың атауы католик пірадары Франциско Ассизкидің құрметіне қойылған, және san испан тілінен аударғанда әулие-әнбие дегенді білдіреді. [5, 439]

      Хьюстон – Техас штатының ірі қаласы.  Қаланың ресми лақап аты «Space city», яғни «ғарыштық қала». Өйткені, бұл жерде Линдон Джонсонның ғарыштық орталығы орналасқан.  Қаланың аты Техас революциясы кезіндегі әскердің көшбасшысы болған Сэм Хьюстонның құметіне қойылған. «Хьюстон» сөзі ирланд тілінен аударғанда «төбеге қоныстану» дегенді білдіреді. [5, 229]

Штаттар:

        Көптеген есімдер осы жерлерді зерттеген саяхатшылардың, жергілікті үндістердің, испан, француз қоныс аударушыларының тілінен енген.

АҚШ-тың елу штатының атауы көптеген басқа тілдерден енген. Жиырма бес штаттың атауы солтүстікамерикалық үндістер тілінен енген. Ал қалғандары еуропалық тілдерден енген: жетеуі латын тілінен, бесеуі француз тілінен.

 

 


 

 

      Калифорния – солтүстік Американың батысында Тынық мұхитының жағалауында орналасқан штат. Ол көлемі жағынан Аляска мен Техастан кейінгі үшінші орынды иеленеді. «Калифорния» атауын ең алғаш 1542 жылы солтүстік америкалық жағалауды зерттеген испандық зерттеуші Хуан Родригес Кабрильо берді. Мүмкін, Кабрильо бұл жағалауға, 1510 жылы жарық көрген атақты испан романында айтылған «Калифорния» атты жұмақ аралының атын берген болар. Бұл жердің керемет ауа-райы және гүлденген табиғаты, сонымен қатар табылған алтындарға бола, Калифорнияны дәстүрлі түрде «Алтын штат» деп атайды. [5, 85]

      Алабама –  Американың оңтүстігіндегі штат. Бұл штат Алабама өзенінің атына қойылған. «Алабама» сөзі Чокто тайпасының alba – өсімдік, amo – жинаушы деген екі сөзінен құралған. Чокто үндістері жерді де, өзенді де осылай атады. Сонымен  қатар бұл штатты «Yellowhammer State» деп атайды. Бұлай аталу себебі, Ұлы Отан соғысы кезінде бұл конфедерацияның солдаттары киімдеріне алтын түсті тоқылдаққа ұқсас жамаулар тіккен. Бұл құс Алабама штатының символы болып табылады.[5, 23]

      Флорида – Американың оңтүстік-шығысында орналасқан штат. «Гүлдердің отаны» дегенді білдіретін  «Ла Флорида» атауын испандық зерттеуші Хуан Понсе де Леон 1513 жылы алғаш бұл жерге келгеннен кейін берген. Ол бұл атты таңдау себебі, түрлі-түсті жерді безендіріп тұрған өсімдіктердің әртүрлілігіне бола қойса керек. Штаттың екінші атауы «Күн штаты» Флориданың маңызды табиғи ресурсы екендігін көрсетеді. [5, 178]

      Коннектикут – Ертеректе «Жаңа Англия» деп аталған, Американың солтүстік-шығыс аумағында орналасқан алты штаттың бірі. Яғни Жаңа Англиялық штаттарға Вермонт, Нью-Хемпшир, Коннектикут, Массачусетс, Род-Айленд және Мейн жатады. «Кoннектикут» үндінің «ұзын, суы мол өзен»дегенді білдіретін «Quinnehtukqut» деген сөзінен алынған болар. Және де 1959 жылдан бастап бұл штат «Конституция штаты» деп те аталады. [5, 122]

      Аляска – ең үлкен штат. Алясканың жері 1867 жылы штаттар құрамына кірді. Ресей империясы бұл жерді америкалықтарға сатып жіберді. «Аляска» сөзі түбектiң атауы бойынша, алеутше «үлкен жер» дегенді бiлдiредi. [5,25]

      Аризона – АҚШ-тың оңтүстік батысында орналасқан штат. Аризона штаты 1912 жылы ғана штаттар құрамына кірді. Сол себепті, штат ең жас штат болып саналады. Үндіс тайпаларының тілінен аударғанда «кілт, қайнар көз» деген мағынаны білдіреді. [5, 37]

      Айдахо – Американың батыс бөлігінде орналасқан штат.  Үндістердің тілінен аударғанда «Тау маржандары» деген мағынаны білдіреді. [5, 234 ]

      Айова - үндi тайпаларының атауы.[5, 244]

      Арканзас – оңтүстік-батыстық орталық штаттарының бірі. Арканзас табиғи ресурстарға бай. «Арканзас» атауы француз қоныс аударушыларының тілінен енген.[5,38]

      Вайоминг – батыс Америкадағы штат. «Құбылмалы таулар және алқаптар» деген мағына береді. [5, 564]

      Вашингтон – Американың тұңғыш президенті Джордж Вашингтонның құрметіне қойылған. [5, 541]

      Вермонт - французша «жасыл тау»[5, 530]

      Виргиния,  Батыс Виргиния – королева І Елизаветаның құрметіне қойылған. [5. 533, 550]

      Гавайи - полинезиялық лашықтардың атауы. [5, 216]

      Делавэр – индустриялдық штат. Бұл штат 1775-1783 жылғы Америкалық Революция кезінде басты рөл атқарды. Штаттың аты губернатор лорд Де Ла Вэрраның атына қойылды.[5, 143]

      Джорджия - ағылшын королі І Георгтің құрметіне қойылған. [5, 195]

      Индиана - штатта үндістер тығыз орналасқандықтан қойылған. [5, 238]

      Кентукки – үнді тілінен «ертеңгі мемлекет» [5, 261]

      Колорадо – штат жыралы тау (Rocky Mountain) табиғи ландшафтымен әйгілі. Осыған орай, штат жазғы туризмнің орталығы балып саналады. «Колорадо» өзен атына қойылған, испан тілінен аударғанда «түрлі-түсті, қызыл, қызылырақ». [5, 116]

      Массачусетс – үнді тілінен «үлкен таудағы кiшкентай орын» дегенді білдіреді. [5, 299]

      Миннесота – үндi тілінде  «аспандай  көгiлдiр су» [5, 317]

      Миссисипи – үндіше «Дария» дегенді білдіреді. [5, 316]

      Мичиган - үндiше «ұлы су». [5, 310]

      Монтана – испан тілінен аударғанда  «таулы мемлекет». [5 324]

      Мэриленд – ағылшын патшайымы король І Карлдың жұбайы Марияның құрметіне қойылған. [5, 297]

      Небраска – үнді өзенінің атына қойылған. [5, 340]

      Невада – испан тілінде «қар басқан». [5, 342]

      Нью-гемпшир – ағылшынның  Гемпшир графтығының атына қойылған. [5, 344]

      Нью –Джерси – Джерси аралының атынан шыққан. [5, 346]

      Нью – Мексико – ацтек тілінен аударғанда «соғыс құдайы». [5, 348]

      Род – Айленд - нидерландтық «roodt eylandt» (бұрынғы емледе) «Қызыл арал» деген мағынада. [5, 420б]

      Солтүстiк Каролина, Оңтүстiк Каролина – ағылшын королі І Карлдың құрметіне қойылған. [5. 359, 471]

      Техас - үндi тілінен «достар, одақтастар» деп аударылады.[5, 502]

      Юта - үндi тайпасының атауы. [5, 526]

 

2.3.           АҚШ-тағы су, өзен-көл аттарының шығу тарихы.

        Біз топонимдерге қалалар атауымен қоса өзен-көлдердің атуын да жатқызамыз.

 

      Гурон – Канада мен Ақш-та орналасқан өзен. Солтүстікамерикалық атақты өзендердің бірі. Бұл өзеннің атауы ертеде осы жерде өмір сүрген үндіс тайпаларының аты. Бұл өзеннің басқа зендерден айырмашылығы Бұл өзенде Манитулин аралы орналасқан. [5, 233]

      Ниагара – Солтүстік Америкадағы өзен. «Ниагара» атауы үндістердің «тарсылдайтын су» дегенді білдіретін «Onuguiaahra» сөзінен шыққан. Бұл өзен сарқырамасының шулы дауысы бірнеше километрге дейін естіледі. [5, 357]

      Миссури – Америкадағы өзен. Жергілікті үндістердің сөзі қазақша аударғанда «лас өзен» дегенді білдіреді. [5, 322]

      Миссисипи – АҚШ-тағы өзен. Дүниежүзілік ең ірі өзендердің бірі. Оджибве тілінің «үлкен өзен» дегенді білдіретін misi-ziibi деген сөзінен шыққан. [5, 320]

        Техас штатының территориясында Рио-Гранде өзенінен басқа Ред-Ривер өзені, Тринити өзені, Бразос өзені және Колорадо өзені бар. Бұлардың барлығы — ірі өзендер. Штаттың орталығы мен батысында маусымдарға байланысты тартылып қалатын өзендер де кездеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. ЖЕР-СУ АТТАРЫН АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ

АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

3.1.           Қазақстан мен АҚШ-тағы жер-су аттарының мағынасын салыстыру

        Географиялық атаулар - материктер, мұхиттер, теңiздер, ағымдар, өзендер, көлдер, аралдар, құмдар, қалалар, ауылдар, көшелер және тағы басқалары. Географиялық атаулардың шығу тарихы әр елде әртүрлі. Соған сәйкес қазақ тілі мен ағылшын тілінің географиялық атауларының мәні әрқилы. Америкаға үнді, француз, испан тілдерінен енген болса, бізге көбіне қырғыз, монғол, қалмақ тағы басқы түркі тектес тілдерден  енген. Мысалы,

      Созақ – Шымкент облысындағы аудан және ауыл аты, Тарихи деректерде Қазақстанның оңтүстігінде орта ғасырларда осы аттас қала болғандығы туралы мәлімет бар. «Созақ» сөзі көне түркі тілінде «елді жер, халық орналасқан мекен» деген мағынаны білдіреді.[6, 47]

      Тараз – Жамбыл облысында орналасқан қала. Араб тіліндегі «тараз» дыбыстық құрамдағы сөз қазақ тілінде, біріншіден, «кебу; тобарсу», екіншіден, «қатты» мағыналарына меңзейді. Парсы тілінің дерегінде «тараз» және «тэраз» тұлғалы сөздер басқа да ұғымдармен бірге біздегі «жазық, тегіс» түсініктерін береді. [6, 51]

        Сонымен қатар, Америкадағы жер-су аттары мен Қазақстандағы жер-су аттарының шығу тарихының ұқсастықтары да бар. Олардың ішіне атақты адамдардың құрметіне қойылған жерлердің атауын жатқызуға болады. Мысалға, Вашингтон қаласы,Оңсүстік Каролина штаты, Абай ауылы, Жамбыл облысы.

3.2.           Топонимдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аударуда қолданылатын әдістер.

        Жер-су аттарын аудару кезінде екі түрлі қарама-қарсы әдіс қолданылады: транскрипция және транслитерация. Транскрипция мен транслитерация өзара туыс ұғымдар болса да транслитерацияны кестедегі орнынан қозғай алмаймыз, себебі транслитерация барысында тілдің орфографиялық ерекшеліктері есепке алына отырып, өзге тілдің сөздері белгілі бір әліпбидің көмегімен, ал әліпбидің шамасы жетпеген тұста үстеме таңбалардың қолданылуы арқылы жазылатын болғандықтан, бұл үстеме таңбалар шартты код есебінде жүреді. Оларды не жаттап алып, не ережеге қарап пайдалануға тура келеді. Мұны уәж деп, уәждемелі (не болмаса уәжді) принциптер қатарына «сүйрей» алмаймыз, транслитерация орнында қалады.

       Осылайша, жұмысымыздың негізгі екі терминінің бірі – транскрипция уәждемелі, екінші бірі – транслитерация уәждемесіз принциптер қатарынан болып анықталды.

Географиялық карталарда көрстеілгендей жер-су атаулары да осы тенденцияны ұстанады. Осыған байланысты, картадағы кейбір атаулар өзгерді. Мысалға, Гринвичтің орнына – Гринич, Вульвичтің орнына – Вулич, Норвичтің орнына – Норидж.

Кейбір географиялық атаулар калькаланады, яғни бөлік бойынша аударылады. Мысалы, Laurence River – Лаврентия өзені, New South Wales – Жаңа Оңтүстік Уэльс. Бұл калькалардың көбісі бұрын шыққан сөздерде болады.

Сонымен қатар, Ағылшын тілінен қазақ тіліне аударуда географиялық атауларды біз өз отанында қалай айтылса солай атауымыз керек. Мысалға, Munich — Мюнхен, Leghorn — Ливорно, Nuremberg — Нюрнберг, Venice — Венеция.

3.3. Қазіргі заманғы географиялық атауларды қазақ тіліне

аударудағы өзекті проблемалар.

        «Орфография собственных имен» атты кітапта жарияланған «Правописание географических названий» деген мақала авторлары Г.П. Бандарук және С.А. Тюриннің «Все географические названия как русские, так и иноязычные транскрибированные должны писаться в соответсвии с действующими правилами орфографии русского языка» [10, 11] деген пікірі де біздің транскрипциялық принципті уәждемелілер қатарына қосу көзқарасымызға қолдау болмаса, кері келмейді. Мұндағы «русского языка» дегеннің орнына транскрипциялау мүмкіндігі бар тілдердің барлығын алуға болады.

        Қазақ халқының ұзақ уақыт Ресеймен тарихтас болғандығының өзіндік із қалдыруы заңдылық делік. Одан „қалған ізден“ қазақ тілін тазарту мүмкіндіктерінің қарастырылып жатуы тағы – заңдылық. Дегенмен, жетпіс жылдық үлкен тарихтың „ізінен“ түгел арылу оңай емес, кей тұстарда мүмкін емес сияқты көрінеді. Соңғы уақытта Москваны Мәскеу деп, Европаны Еуропа деп өзгерткеніміз атаулардың ағылшын тіліндегі [`moskqu], ['juqrqp] болып дыбысталуына жақын келеді. Кей мамандардың орыс тіліндегі нұсқалардың сақталуын жақтайтындығына қарамастан, кейде экзонимдер табиғи «эволюциялық» жолмен өзгеріске ұшырап жатады. Мәселен, Бейжиң деген ҚХР астанасын Пекин деп түпнұсқасына тіптен жанаспайтын орысша жазылуынан айны қатесіз көшіріп алудың қисыны жоқ екенін ұққан қазіргі журналистер арасында бұл топонимді Бейжиң деп айту да, жазу да белең беріп келе жатыр. Анығында, бұл – тәуелсіз мемлекеттің тілінің де осылайша тәуелсіз болып қалыптасқаны жөн екендігінен белгі. 

        Германия, Греция, Франция, Париж, Италия, т.с.с. ғаламдық топонимдер ['GWmqnI], [grJs], ['frRns] (американша ['frxns]), ['pxrIs], ['itqli] яғни,  Джөміни, Гриис, Франс (немесе американша Фрәнс деп), Пәрис, Итәли болып ағылшынша айтылуына ұқсас аламыз ба? Не болмаса, әр тілдің өзінде қалай аталатынына қарай, мәселен, француздардың өздерінің айтуынша Францияны Фғаңс, Парижді Пағи деп атаған жөн бе? Бұ еліміздің өзекті проблемасы болып табылады. Мәселен, түрік, өзбек тілдеріндегі Ингліс тілі деген сөз English дегенге өте жақын алынған.

Информация о работе Жер-су аттарын аудару