Аударматану терминдерінің когнитивтік-семантикалық құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 12:40, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Зерттеудің өзектілігі ғалымдардың ғылым метатілі теориясына деген зерттеу талпыныстарының өсуімен тығыз байланысты. Атап айтқанда, кез келген ғылым саласын бейнелейтін терминдердің тілдік табиғатын тану үшін кешенді, жүйелі түрдегі зерттеу жұмысын жүргізу қажеттілігі қазіргі таңдағы тіл ғылымының жаңа бағыттарымен тығыз байланысты. Бұған бүкіл рухани қазынасын жинақтап сақтайтын ұлттық тілді халықтың тарихымен, мәдениетімен, ой танымымен, жан ілімімен бірлікте қарау мәселесі тіл ғылымында өзіндік өріс алып келе жатқан этнолингвистика, психолингвистика, когнитивтік лингвистика,

Работа содержит 1 файл

РЕФЕРАТ.doc

— 220.50 Кб (Скачать)

Кез келген тілде терминжасам  процесі, ең алдымен, сол тілдің өз сөздік құрамы, ұлттық лексикасы негізінде жүзеге асырылады. Демек, терминдер тілде бұрыннан бар сөздер мен түбірлерден жасалады. Осыған орай, терминдер қатарында сол тілге тән әр түрлі құрылымдық түрлер кездеседі: түбір сөз, туынды сөз, күрделі сөз, сөз тіркесі және т.б.

Туынды терминдердің терминжасам процесінің семантикалық нәтижелері төменде келтірілген  түрлерде болуы мүмкін:

1)   таза транспозиция (сөздің бір сөз табынан басқа  сөз табына ауысып, мағынасының  ешбір өзгеріссіз қалуы): аударылған мәтін ® аударма мәтін;

2) транспозиция (туынды  сөздің синтаксистік сипаты мен  мағынасының бірдей өзгеруі): кеңесші ® кеңесшілдік; балама ® баламалық;

3)    модификация  (бір сөз табына жататын сөз  тудыруға негіз болатын және  туынды терминдер арасындағы  айырмашылықтар): аударма ® аудармашы.

Осы орайда, біздің ойымызша, семантикалық өзгерістердің біріншісі  синтаксистік деривация, екінші және үшінші түрлері  лексикалық және терминдік деривация  ұғымдарына сәйкес келеді.

Терминологиялық жүйеде уәжді терминдермен қатар бейуәжді терминдер де болады. Уәжді терминдер арасында уәжділік деңгейі әр түрлі терминдер кездеседі. Уәжді терминдердің ішкі құрылымының айқындығы нақты белгілерінен көрінеді. Жалпы, уәжділіктің төмендегідей түрлері бар: сөзжасамдық-морфологиялық, семантикалық және синтаксистік. Сондықтан уәжді терминдер қатарына төмендегідей тұлғалар жатады:

  1. аффиксті терминдер;
  2. күрделі сөз терминдер;
  3. сөз тіркесі терминдер;
  4. семантикалық тасымалдаудан пайда болған терминдер.

Осы тұжырымға сәйкес аффикстік терминдер: барабарлық, аударма, аудармашы, жөнелтуші, сәйкессіздік, сәйкестіктер, балама, баламалық және т.б.; күрделі терминдер: қостілділік, дереккөз, мәнмәтін, тіларалық, метатіл, көптілділік, түпнұсқа, референт-аудармашы, аударма-реферат, аударма-реминисенция, аударма-бейімдеу, аударма – диктант, аударма –девальвация, микроаударма және т.б.; терминдік тіркестер: ауызекі аударма, нұсқалық сәйкестік, баламасыз лексика, қысқаша аударма, өзі туындайтын сөзбе-сөздік, ықтималды болжам, баламалық түрлері, уақытша баламасыз терминдер, уақытша семасиологиялық байланыстар және т.б. уәжді терминдер қатарына жатады.

Бейуәжді  терминдер деп басқа тілдерден алынған терминдерді және калька-терминдерді атаймыз. Метонимиялық жолмен пайда болған терминдер де бейуәжді терминдер қатарына жатады.

Ал бейуәжділік сипатын кірме  терминдер көрсетеді: дескриптор, детерминатив, дискурс, инофон, интенция, клише, конвергенция, конкорданс, калька, лакуна, селектор және т.б.

Осындай зерттеу нәтижесінде  қазақ тіліндегі аударматану  терминдерінің мынадай уәжділік түрлерін анықтадық:

1) «Жалпы және жеке теориялық негіздері» уәждеуіш тобы: аударманың денотативтік теориясы, аударманың денотативтік жағы, аударманың дескриптивтік теориясы, аударманың ақпараттық теориясы, аударманың лингвистикалық теориясы, аударманың әдебиеттанымдық теориясы, аударманың жалпы теориясы, аударманың прагматикалық аспектісі, аударманың қолданбалы теориясы, аударманың жағдаяттық теориясы, аударманың арнайы теориялары, аударманың стилистикалық аспектісі, әскери аударма теориясы, заңды сәйкестіктер теориясы, машиналық аударма теориясы, аударманың қоғамдық маңызы туралы теория, аударма теориясы, ретті аударма теориясы, арнайы аударманың коммуникативтік-жұмсалымдық теориясы, аударма теориясы, баламалық деңгейлерінің теориясы, көркем аударма теориясы және т.б.;

2) «Аударма түрлері» уәждеуіш тобы: абзацты-фразалық аударма, абзацты-фразалық ретті аударма, авторланған аударма, авторлық аударма, бейімделген аударма, барабар аударма, қысқаша аударма, антонимдік аударма, бинарлық аударма, сөзбе-сөз аударма, ауызекі аударма, әскери аударма, вокалды аударма, газеттік-ақпараттық аударма, екі жақты аударма, диахрониялық интралингвальды аударма, диахрониялық аударма, құжаттық аударма, доминантты аударма, дәлме-дәл аударма, расталған аударма, көзшолу-жазбаша аударма, көзшолу-ауызша аударма, интервербалды аударма, интерлингвалды аударма, интерлингвистикалық аударма, интерлинеалды аударма, интерсемиотикалық аударма, интервербалды аударма, интралингвистикалық аударма, ақпаратты-коммуникативтік аударма, ақпараттық аударма және т.б.;

3) «Амал, тәсіл, әдіс және үлгі» уәждеуіш тобы: талдау, қабылдау, аударманың герменевтикалық үлгісі, аударманың гипонимиялық тәсілі, грамматикалық трансформация, аударманың динамикалық үлгісі, алмастыру, аударманы таңбалық тәсілмен беру, сәйкестендіру, интерпретация, калькалау, жинақталу, нақтылау, ұғымдардың нақтылануы, контекстуалды алмастыру, лексикалық алмастырулар, лексикалық жайылма, лексикалық ықшамдау, жазба әдісі, мәтінді құрақтау әдісі, семантикалық өрісті қысқарту әдісі, аударманың трансформациялық үлгісі, аударманың жұмсалымдық-прагматикалық үлгісі, тұтастай қорыту, тұтастай өзгерту, баламалы алмастырулар, сөйлем деңгейіндегі аударма, сөздер деңгейіндегі аударма, сөз тіркестері деңгейіндегі аударма, мәтін деңгейіндегі аударма және т.б.;

 4) «Аударма бірліктері» уәждеуіш тобы: штамптар, клише, жағдаяттық клише, терминдер, мақал-мәтелдер, бейнелі құрылымдар, сөз, сөз тіркесі, синтагма, сөйлем, абзац, мәтін, шығыс сөйлем, ірі құрылым бірліктері (машиналық аудармада), инвариантты бірлік, бастапқы мәтіннің интонациясы – мағыналық бірліктері, мәнмәтін, бастапқы бірлік, бастапқы мәтін, лексикалық калька, семантикалық калька, синтаксистік калька, фразеологиялық калька, ұлттық реалийлер, прецизионалды сөздер, реалий сөздер, транслитерленген сөз және т.б.

Сонымен, әрбір термин атауының астарында ұғым тұрады, ал ұғым зат немесе құбылыстар жөнінде  пайымдаудың жиынтығынан қалыптасады. Яғни, терминологиялық уәждеме таныммен тікелей байланысты ұғымның қалыптасуына қандай уәждердің негіз болатындығын зерттейді, анықтайды.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

1. Зерттеу барысында  қазақ тілінің терминологиясында  ерекше терминологиялық жүйе  ретінде орын алатын аударматану  терминдері тек тілдік тұрғыдан  ғана емес, когнициямен байланысты  зерттеліп, олардың экстралингвистикалық қырлары когнитивтік  лингвистика аясында концептологиялық қасиеттерінің анықталуы арқылы және «ғаламның тілдік бейнесі» теориясына сай  лингвокогнитивтік негізде кешенді түрде анықтала алатындығы айқындалды.

2. Аударматану терминдерін  «ғаламның тілдік бейнесі» тұрғысынан зерттеуді негізгі мақсаттардың бірі ретінде ала отырып, ұлттық ерекшелікке аса бай лексиканың қатарына жататын тілдің лексика-семантикалық топтары лексикалық жүйемен байланыста қарастырылды, ал ғылыми ұғымдар жүйесімен байланысты терминдік бірліктер концептуалдық жүйе тұрғысынан тіл қызметінің когнитивтік қызметін айқындауда «ғаламның тілдік бейнесі» ұғымына орай кешенді түрде қарастырылды.

3. Ақиқат өмірмен, шындықпен  тығыз байланыстағы тілдік бірліктер  тілдің терминологиялық жүйесінде  орын алады. Осы тілдік бірліктер жүйесін сыртқы экстралингвистикалық мәнділіктермен байланысты қарау белгілі бір терминологиялық өріске жататын ұғымдық атаулар жүйесінің құрылымын, қалыптасу заңдылықтарын, үрдістерін айқындауға мүмкіндік береді.

4. Нақты бір терминологиялық жүйе аясындағы аударматану терминдерінің таңбалануы ономасиологиялық зерттеуді қажет етсе, ал терминнің концептуалдық құрылымы, когнитивтік семантикасы жасанды интеллектінің маңызды ұғымы «ғалам үлгісі», «когнитивтік үлгімен» астасуының концептуалдық табиғатын анықтауды қажет етеді. Сондықтан терминдердің когнитивтік мәні семасиологиялық, ономасиологиялық әдістер мен когнитивтік тұрғыдан ұштастыра зерттелді.

5. Аударматану терминдік  бірліктерінің қазақ тіл білімі  ғылымының ауқымды бір дерекнамасы ретінде ғылыми-танымдық қасиеттерін ашу мақсатында лексика-семантикалық тұрғыдан зерттеу іске асырылды. 

6. Ғылыми ұғымды білдіретін  лексемалардың тілдік санада  қалыптасуын, концептілік танымға  айналу жолдарын айқындау үшін  концептуалдық-менталдық ерекшеліктері мен атау мәнді күрделі құрылымдардың ішкі мағыналық, семалық белгілері анықталып, терминдердің дефиницияларын жасауда пайдаланылды.

7. Терминдер мен терминдік  тіркестердің аталуына себепші  негіз болған уәждік белгілер  бірнеше уәждеуіш топқа жіктеліп, қисындық, синонимиялық, бүтіннің бөлшегі, бөлшектің бүтіні, мағыналық кеңеюі мен тарылуы сияқты түрлі қатынастар бойынша қарастырылды.

Зерттеудің  болашақтағы бағдары. Аударматану терминдері     болашақта терминдер мәселесін салғастырмалы лингвистика, психолингвистика тұрғысынан қарастыруға, кез келген ғылым мен білім саласы терминдерінің когнитивтік концептосферасын қалыптастыру мен біріздендіру мәселелерін шешуге септігін тигізеді. Терминдер мәселесі кез келген тілдер материалында сол халықтың ұлттық когниция ерекшеліктерімен жете танысуға мүмкіндік береді. 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1 Алдашева А.М.  Аударматану: лингвистикалық және  лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.

2  Новиков  Л.А. Семантика русского языка.  – М., 1982. – 173 с.

3 Ахманова О.С.  Предисловие// Словарь лингвистических  терминов. – М., 1966. – 608 с.

4 Лингвистикалық  энциклопедиялық сөздік. – М., 1990. – 685 с.

5 Апресян Ю.Д.  Лексическая семантика. – М., 1974. – 197с.

  6 Мұсатаева М.Ш. Двуязычная лексикография: тенденции и перспективы. – Алматы: РИО ВАК РК, 2000. –204с.

7 Маслова В.А.  Когнитивная лингвистика: Учебное  пособие.–Минск.: Тетра Системе, 2004. –225 с.

8  Воробьев  В.В. О русской национальной  личности в языке и культуре // Язык и культура. – 1998. – ч.1.- С.52-57.

9 Попович А.  Проблемы художественного перевода. – БГК им. И.А.Бодуэна де Куртенэ, 2000. – 280 с.

10 Левицкий В.В.  Виды мотивированности слова,  их взаимодействие и роль в  лексико-семантических изменениях // Материалы семанара по проблемам мотивированности языкового знака. – Л.: Наука, 1969. – С.21-25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Аударматану терминдерінің когнитивтік-семантикалық құрылымы