Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 12:40, курсовая работа
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Зерттеудің өзектілігі ғалымдардың ғылым метатілі теориясына деген зерттеу талпыныстарының өсуімен тығыз байланысты. Атап айтқанда, кез келген ғылым саласын бейнелейтін терминдердің тілдік табиғатын тану үшін кешенді, жүйелі түрдегі зерттеу жұмысын жүргізу қажеттілігі қазіргі таңдағы тіл ғылымының жаңа бағыттарымен тығыз байланысты. Бұған бүкіл рухани қазынасын жинақтап сақтайтын ұлттық тілді халықтың тарихымен, мәдениетімен, ой танымымен, жан ілімімен бірлікте қарау мәселесі тіл ғылымында өзіндік өріс алып келе жатқан этнолингвистика, психолингвистика, когнитивтік лингвистика,
«Тұран-Астана» университеті
Аударматану
терминдерінің когнитивтік-
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Зерттеудің өзектілігі ғалымдардың ғылым метатілі теориясына деген зерттеу талпыныстарының өсуімен тығыз байланысты. Атап айтқанда, кез келген ғылым саласын бейнелейтін терминдердің тілдік табиғатын тану үшін кешенді, жүйелі түрдегі зерттеу жұмысын жүргізу қажеттілігі қазіргі таңдағы тіл ғылымының жаңа бағыттарымен тығыз байланысты. Бұған бүкіл рухани қазынасын жинақтап сақтайтын ұлттық тілді халықтың тарихымен, мәдениетімен, ой танымымен, жан ілімімен бірлікте қарау мәселесі тіл ғылымында өзіндік өріс алып келе жатқан этнолингвистика, психолингвистика, когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану, лингвистикалық елтану ғылымдарының пайда болуына негіз болды. Бұл ғылымдардың тығыз қарым-қатынаста болуы тілдің құрылымдық, жұмсалымдық жүйесінің кешенді үлгілерін айқындауды мақсат етеді. Бұл жағдай қазіргі таңдағы мемлекеттік мәртебесіне сәйкес әлеуметтік, қоғамдық, коммуникативтік қызметі ерекше өзектелу үстіндегі қазақ тіліндегі терминологиялық жүйеге де тікелей қатысты.
Осы орайда қазіргі кездегі қазақ тіл білімі метатілінің бір құрамдас бөлігі, жеке бір терминологиялық жүйе, жаңа ғылым саласы – аударматану терминологиясын даралап, когнитивтік-семантикалық құрылымын зерттеудің маңыздылығы өте зор.
Сондықтан біздің зерттеу жұмысымыздың арқауы мен негізгі ұстанымы тілдік танымның бір бөлшегі ретіндегі тіл білімі метатілінің бір саласы – аударматану терминдерінің аталуы концептологиямен байланысты анықталады.
Қазіргі тіл білімінде ғаламның тілдік бейнесі туралы мәселе Н.Хомский, М.Джонсон, Дж. Лакофф, Р.Лангакер, Ю.Д.Апресян, Т.В.Колшанский, А.А. Леонтьев, Б.Касевич, Е.М.Кубрякова, Ю.Н. Караулов, В.Н.Телия, Б.Н.Серебренников, А.А.Уфимцева, қазақстандық лингвистикада Э.Д.Сүлейменова, Г.Г.Гиздатов, Ж.Манкеева, .Ж.Шаймерденова,С.Сәтенова, Г.Смағұлова, А.Алдашева, Б.Хасанов, Қ.Жаманбаева, Г.Б.Мәдиева және т.б. ғалымдар еңбегінде қарастырылып жүр.
Адамзат өзін қоршаған шындықты, әлемдегі сан алуан құбылыстарды санада қалыптастырып қана қоймайды, оған жауап қайырады, ақпаратты өзінше жаңғыртып, жаңа сапада қайта жасауға саналы-санасыз күйде талпыныс жасайды, өңдейді, қорытады, баға береді, тәжірибеде қолданады, бұлардың тұтас көрінісі ретінде ғаламның тілдік бейнесі жасалады.
Осы қағидаға сәйкес терминдерді де адамның табиғи танымына белгілі деңгейде өлшем бола алатын когнитивтік құрылым ретінде арнайы қарастырамыз. Термин біздің зерттеуімізде субъектінің қабылдауы, ойлауы, танымы және практикалық әрекеті арқылы тілде тұтылған білімдердің байланысы, адам санасында ғаламның ғылыми бейнесіндегі ұйғарылған түсінігі ретінде анықталады.
Сонымен қатар, бұл тектес зерттеулер тілдік құрылымды тереңдеп қарастыруды мақсат етеді, өйткені қазіргі кезде тілді антропоөзектік бағытта зертеу тілді «өз ішінде» ғана емес, тілден тыс, яғни, ақиқат шындықпен тығыз байланыста қарауды қажет етеді.
Осыған орай жұмыстың өзектілігін айқындауда тақырыпқа сай тілдік бірліктердің семасиологиялық, ономасиологиялық, когнитивтік қырларын сабақтастықта зерттеудің мәні ерекше. Яғни, жұмысымыздың өзегі – аударматану терминдеріне когнитивтік-концептуалдық талдау жасау мен сол атаулардың ономасиологиялық негізін уәжтанумен байланысты сабақтастыра зерттеу.
Қазақ тіл біліміндегі
аударматану ұғымдарын
Зерттеу жұмысының нысаны. Қазақ тіліндегі аударматану терминдері.
Зерттеу жұмысының пәні. Қазақ тіліндегі аударматану терминдерінің когнитивтік-семантикалық құрылымы.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты - қазақ тіліндегі аударматану ұғымындағы терминдердің тілдік табиғатын семасиологиялық, ономасиологиялық және когнитивтік лингвистика тұрғысынан зерттеу. Осы мақсатқа сай мынадай міндеттер көзделеді:
– аударматану терминдері мен олардың тақырыптық топтарына терминологиялық өріс және терминологиялық жүйе тұрғысынан талдау жасау;
– аударматану
терминдерінің табиғатын «
– қазақ тіліндегі
аударматану терминдерінің
– аударматану
терминдерінің лексика-
– ұғым мен таңба
арасындағы байланысты ашатын уәжділік
құбылысының теориялық
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Зерттеу барысында алға қойған мақсат-міндеттерді орындау үшін мынадай әдістер мен тәсілдер басшылыққа алынды:
– негізгі дереккөздерді жинау барысында жаппай сұрыптау, жүйелеу, талдау тәсілдері;
– терминдердің концептуалдық құрылымы мен когнитивтік семантикасын анықтауда когнитивтік, концептуалдық талдау жасау;
– аударматану
терминдерінің лексика-
Зерттеу жұмысының материалы ретінде қазақ тіліндегі аударматану ұғымындағы 2000-нан астам терминдік бірліктер алынды.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Қазақ тілінде осы кезге дейін аударма теориясы мәселелері бойынша қорғалған зерттеу жұмыстары, Лингвистикалық терминдердің орысша-қазақша сөздігі (І.Кеңесбаев, Т.Жанұзақов, 1967), Атаулар сөздігі (1931), Тіл білімі сөздігі (1998), Тіл білімінің түсіндірме сөздігі (Б.Қалиев, 2005), Толковый переводоведческий словарь (Л.Л.Нелюбин, 2003) т.б. пайдаланылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалықтары мен нәтижелері:
– қазақ тіл білімінде аударматану терминдері алғаш рет когнитивтік тұрғыдан зерттелді;
– аударматану ұғымдарындағы терминдік бірліктердің терминологиялық өрісі мен терминологиялық жүйесі когнитивтік лингвистика және лингвоконцептология тұрғысынан талданды;
– аударматану терминдерінің қазақ тіл білімі метатілінің белгілі бір қабатын білдіретін концептілік-ұғымдық жүйе екендігі дәлелденді;
– терминдердің когнитивтік мәні семасиологиялық, ономасиологиялық әдістермен ұштастырыла зерттелді;
– терминдер мен терминдік тіркестердің аталуына себепші болған уәждік белгілер уәждеуіш топтарға жіктеліп қарастырылды;
– аударматану терминдерінің негізінде ұғым-термин-дефиниция-уәжділік қатарларының ерекшеліктері лингвистикалық, танымдық, когниция тұрғысынан нақтыланды.
Зерттеу
жұмысының теориялық
Зерттеу барысында қол жеткен ғылыми нәтижелер мен тұжырымдар когнитивтік лингвистика, терминологиялық лингвоконцептология, терминологиялық семиотика т.б. ғылыми пәндердің нысанасындағы теориялық мәселелерді айқындауға, дәйектеуге және әрі қарай дамытуға өз септігін тигізеді.
Зерттеу
жұмысының практикалық
Зерттеу жұмысы бойынша ұсынылатын тұжырымдар:
– когнитивтік лингвистика тұрғысынан аударматану терминдері өзіндік терминологиялық өріс пен терминологиялық жүйе құрайтын тілдік бірліктер ретінде қазақ тіліндегі терминологиялық қор мен тіл білімі метатілінің сүбелі қабатын білдіретін концептілік-ұғымдық жүйе;
– аударматану терминдері өздерінің кумулятивтік қызметі негізінде ғылыми ұғымдардың когнитивті-менталды құрылымдары, «ғаламның ғылыми бейнесін» айқындаушы тілдік (терминдік) бірліктер;
– тілдік сананың лингвоменталды құрылымы ретінде тілдік жүйеде концептуалдық құрылым негізінде обьективтендіріліп, терминдік бірліктер қалпында вербалданатын ғылыми ұғымдарды концептуалдық жүйе арқылы «ғаламның ғылыми бейнесіндегі» белгілі бір ұғымды басқа бір ұғымнан ажыратып айқындайтын когнитивтік бірлік;
– аударматану терминдерінің тілдік және танымдық табиғаты, оның лингвистикалық және экстралингвистикалық факторларға сәйкес лексика-семантикалық ерекшеліктері мен уәжділік дәрежелері семасиологиялық және ономасиологиялық сабақтастықтағы талдау жасау негізінде анықталады;
– аударматану
терминдерінің лексика-
Негізгі бӨлім
Зерттеудің кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі, нысаны, мақсаты мен міндеттері айқындалып, ғылыми жаңалығы мен зерттеудің теориялық және практикалық мәні көрсетілді. Сондай-ақ зерттеуге негіз болған материалдар мен дереккөздер, зерттеу әдістері мен қорғауға ұсынылған тұжырымдар, жұмыстың мақұлдануы мен жариялануы баяндалады.
Диссертацияның «Аударматану терминдерінің когнитивтік негіздері» деп аталатын бірінші бөлімінің «Аударматану ғылымының жалпы тіл біліміндегі сипаты», «Аударматану концептуалды терминологиялық аппаратының ерекшелігі», «Когнитивтік зерттеулердегі терминнің танымдық сипаты», «Аударматану терминдерінің когнитивтік-менталды сипаты» атты тараушаларында аударматану ұғымындағы терминдердің когнитивтік табиғаты, концептуалдық құрылымы және термин ұғымына қатысты теориялық мәселелері қарастырылады.
Қазіргі таңда қазақ тіл білімі ғылымында арнайы зерттеуді талап ететін салалардың бірі – аударманың лингвистикалық теориясы. Бұл сала – қазақ тілтанымы үшін әлі жетілмеген, тиісті деңгейдегі ғылыми сипатын ала қоймаған тіл білімі салаларының бірі. Сондықтан бұл ғылымның негізгі бағытын айқындап бере алатын бірқатар ұғым-түсініктердің даралана қоймау себептері де осыған тікелей байланысты. Қазіргі қазақ тіл білімінде аударма мәселесімен түбегейлі айналысып жүрген ғалым А.М.Алдашева докторлық диссертациясында «…қазірге дейін аударма теориясының басты дәйектемелері, шешуші негіздері, аударматану ғылымының басты обьектісі мен ұстанымдары, әдіс-тәсілдері мен бірлік тұлғалары, аударманың нормасы, тәржіма ісіне қойылатын талаптар сияқты маңызды жағдаяттардың анық-қанығы ғылыми тұрғыдан анықталған емес»,– деп атап өткен [1, 3]. Қазақ тіл білімінде аударматану мәселесі – ХХ ғасырдың соңғы жылдары ғана қолға алынған жаңа салалардың бірі. Сондықтан қазақ тіл біліміндегі аударма теориясы да, аударма практикасы да, аударма іс-тәжірибесінің теориялық тұғыры да енді қалыптасып келе жатыр.
Қазақстан тіл білімінде Ө.Айтбайұлының аударма ғылымы және оның қалыптасуы туралы зерттеулері, А.Алдашеваның аударматанудың лингвистикалық және лингвомәдени негіздерін айқындауға арналған ғылыми зерттеулері мен Б.Хасанов, Р.З.Загидуллин, Н.Ж.Шаймерденова және т.б. ғалымдардың еңбектері аударма теориясы мәселелеріне арналды.
Тіл білімінің арнаулы салаларының қайсысын алсақ та, сол салалардың әрқайсысының өзіне тән ұғымдар жүйесі, терминологиялық аппараты болады. Ондай арнаулы ұғымдардың атаулары, ұғымдар жүйесі мен терминдері арнайы зерттеуді қажет етеді. Сонымен қатар, аударматану саласындағы терминологиялық жүйенің тілдік, соның ішінде, лексикалық ерекшеліктерін айқындау, аталған терминологиялық жүйе шеңберіндегі ұғымдар жүйесі мен сипаты сияқты тілдік фактілерге талдау жасау бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелері болып табылады.
Терминологиялық лексиканы зерттеп, оның теориялық мәнін, маңызын анықтауда жоғарыда аталған қазақ ғалымдарының және орыс тіл білімінде А.Реформатский, В.В.Виноградов, Н.А.Баскаков, В.И.Сифоров, Р.А.Будагов, О.С.Ахманова, В.Ф. Журавлев, В.П.Даниленко, Г.В.Степанов т.б. ғалымдардың еңбектерін атауға болады.
Бұл зерттеулерде терминжасамның ғылыми принциптері мен шарттары анықталып, сөздік жасау, салалық терминжасам мәселесі арнайы қарастырылды. Дегенмен қазіргі кездегі ғылыми лексиканың бір құрамдас бөлігі, жеке бір терминдік жүйені – тіл білімі терминологиясын даралап зерттеудің маңыздылығы өте зор.
Тілдің өзі нысан ретінде алынатын зерттеулерде тіл білімі терминдері жүйесінің бірлігі «метатіл» деп аталады. Мамандар арасында «метатіл» анықтамасы туралы пікірлер көп: метатіл – «екінші дәрежедегі» тіл [2, 7]; «метатіл» – ерекше семиологиялық жүйе [3, 3]; тіл білімінің «метатілі» – терминдер арасындағы жүйелі қатынастар мен жалпы ғылыми лексиканы білдіретін күрделі құбылыс [4, 297] және т.б.
Әрбір ғылым
саласының дамуы тіл білімі метатілінің
дамуын талап етеді. Белгілі бір
ғылымның, оның ішінде, аударматану
саласы метатілінің қалыптасуы мен дамуына
өзара байланысты бірнеше себептер ықпал
етеді: аударма теориясы бағытындағы зерттеулердің
күрделенуі мен тереңдеуі; аударма теориясында
жаңа бағыттардың пайда болуы; жаңа терминдік
бірліктердің пайда болуы; жаңа концептуалдық
аппараттың қалыптасуы мен белгілі терминдердің
жаңа мазмұнмен толығуы. Соңғы жылдары
аударма мәселесі көптеген лингвистикалық
қырларынан қарастырылып келеді. Мысалы,
психолингвистика, этнолингвистика, лингвомәдениеттану,
контрастивті лингвистика, мәдениаралық
коммуникация, салғастырмалы стилистика
және т.б. Олардың негізгілерін төмендегі
сызбадан көруге болады:
Информация о работе Аударматану терминдерінің когнитивтік-семантикалық құрылымы