Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 12:40, курсовая работа
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Зерттеудің өзектілігі ғалымдардың ғылым метатілі теориясына деген зерттеу талпыныстарының өсуімен тығыз байланысты. Атап айтқанда, кез келген ғылым саласын бейнелейтін терминдердің тілдік табиғатын тану үшін кешенді, жүйелі түрдегі зерттеу жұмысын жүргізу қажеттілігі қазіргі таңдағы тіл ғылымының жаңа бағыттарымен тығыз байланысты. Бұған бүкіл рухани қазынасын жинақтап сақтайтын ұлттық тілді халықтың тарихымен, мәдениетімен, ой танымымен, жан ілімімен бірлікте қарау мәселесі тіл ғылымында өзіндік өріс алып келе жатқан этнолингвистика, психолингвистика, когнитивтік лингвистика,
Когнитивтік лингвистика терминдерді зерттеуде жаңа бағыттарға жол ашады. Өйткені бұған дейінгі дәстүрлі семантикалық, жүйелі-құрылымдық парадигмалар жоққа шығарылмай, қайта керісінше, терминологиялық процестерді жаңа тұрғыдан зерттеп ұғынуға ұмтылыс жасайды. Когнитивтік лингвистика жалпы лингвистиканың аумағынан шыға отырып, философия, психология, логика, әлеуметтану пәндерімен байланыс жасап, осы саладағы ғылымның ауқымын кеңейтеді.
Терминдер – өзіндік құрылымдық, семантикалық, деривациялық, функционалдық ерекшеліктері бар тілдің өзгеше категориясы. Аталған ерекшеліктерді ескерусіз термин жасау, басқа тілден терминдер алу, калькалау, терминдерді ұтымды қолдану мүмкін емес. Терминдер адам қызметінің ерекше түрін атап көрсететін болса, ең алдымен, ғылыми, кәсіби деңгейлерін айқындайды. Сондықтан терминдер ғылым мен техниканың, кәсіби және өндірістік салалардың, ғылыми таным мен әлем көрінісінің дамуын бейнелейді. Терминдер мен терминологиялық жүйелер қоғамның әлеуметтік құрылымының біртекті еместігін, әр түрлі топтарға, бірлестіктерге бөлініп, әрқайсысының өз тілі, өзіне ғана тән әрі түсінікті терминологиясы барлығын айқындайды. Термин тілдің ерекше негізін құрайды, себебі терминсіз, терминологиялық жүйесіз бірде-бір ғылымның, техникалық, кәсіби, өндірістік саланың дамуы мүмкін емес. Яғни, терминдерде әлем түсінігі жайлы арнайы білім, ұғымдар қамтылған, сонымен қатар, терминдер адамның ойлау қабілетінің, танымының, ақиқат шындықтың бейнеленуі мен көрінісінің ерекше бір түрдегі негізін сипаттайды.
Қазақ дәстүрлі
терминологиясында қазақ
Әр ұлт тілінде дүние, әлем туралы түсініктер, ұғымдар түрлі тілдік фактілер арқылы таңбаланып, қоршаған әлемнің тілдік бейнесі, негізінен, адамдар санасындағы дүниенің логикалық бейнеленуі жағынан ұқсас болып келеді. Құбылыстар арасындағы ұқсастықтар ұғым категорияларын жасайтын лексемалардың толығуына әсер етеді. Сол ұғым түрлерінің тұтастай алғандағы атаулары тілдің негізін құраса, құбылыстардың тілдегі бейнесінен ұлт ерекшеліктерін танып-білуге болады.
Ғаламның ғылыми бейнесі мен тілдік бейнесі арасындағы айырмашылықтар турасында ғалым В.В.Воробьев төмендегідей тұжырымдаманы ұсынады [8, 9]:
1) когнитивтік
жүйе әмбебап сипатта болады,
оның көлемі мен
2) функционалдық айырмашылықтарға келсек, когнитивтік жүйе тану процесі мен еңбек әрекетіне бағытталған болса, лексикалық жүйе коммуникацияға бағытталған (Терминдер аталған екі қызметті де атқаруымен ерекшеленеді);
3) генетикалық
тұрғыдан когнитивтік жүйе
4) когнитивтік жүйе
лексикалық жүйеге және жалпы
тілдік жүйеге қарағанда
Терминдердің
концептуалдық құрылымын
Егер терминді тек жеке сөз ретінде ғана қабылдамай, оны белгілі бір терминологиялық жүйе бірлігі ретінде қабылдайтын болсақ, онда ол өзінің негізінде бүкіл сол жүйенің құрылымдық және мазмұндық жақтарын сипаттауымен қоса, онымен семантикалық қатынаста болуы тиіс. Яғни, бір жеке терминнің концептуалдық құрылымын айқындау арқылы сол терминологиялық жүйенің де концептуалдық құрылымын анықтауға болады. Термин концептуалдық құрылымының жалпы сұлбасын былай көрсетуге болады:
Интенсионал топтық сема + +даралаушы сема
саласы +жекелік сема факультативті элементтер
өзекті семалар
Импликационал перифериялық семалар
саласы
Ұсынылған сұлбаны терминнің концептуалдық құрылымының матрицацы ретінде қабылдауға болады, ал оның элементтері кез келген терминологиялық жүйенің тұрақты параметрлері болып табылады.
Біздің зерттеуімізде «концептуалдық құрылым» термині сөздің терминологиялық мағынасының семантикалық белгілер жиынтығын, олардың иерархиялық құрылымын көрсетеді.
Концептуалдық құрылым мазмұн межесінің жүйелік негізін белгілейді. Осы негізде аударматану терминологиясының концептуалды құрылымын төмендегідей көрсетуге болады:
Кесте 6– Аударматану терминологиясының концептуалды құрылымы
Сема категориясы |
Сема атауы |
Семаның белгіленуі |
Өзекті семалар жекелік |
Тіл білімімен қатынасы
Аудармамен қатынасы |
Тіл білімі терминэлементтері
Аударматану терминэлементтері |
Даралаушы семалар |
Шектес ғылым салалары ұғымдарымен қатынасы |
Шектес терминологиялардың терминэлементтері |
Концептуалдық құрылым категориясы жекелік (жеке термин) пен жалпылық (терминологиялық жүйе) арасындағы диалектикалық байланысты экспликациялауға мүмкіндік береді. Жеке термин концептуалдық құрылымының семантикалық негізі жалпы терминологияның мазмұн межесіндегі жүйелілік сипатын айқындайды.
Концептуалдық құрылымның жұмсалымдық негізі терминнің когнитивтік-семантикалық ерекшелігін айқындауға, лингвистикалық логикалық (білім) бірлігін көрсетуге бағытталады.
Терминологиялық жүйелердің
концептуалдық құрылымын
Зерттеу жұмысымыздың «Аударматану терминдерінің семантикалық-уәжділік негізі» деп аталатын екінші бөлімінің «Аударматану терминдерінің әр түрлі аспектіде қаралу сипаты», «Аудару процесін талдау барысында қолданылатын ұғымдық аппараттың тілдік ерекшелігі», «Аударматану терминдерінің лексика-семантикалық құрылымы», «Аударматану терминдерінің уәжділік ерекшеліктері» атты тараушаларында аударматану терминдерінің семантикасы, олардың концептологиялық құрылымы мен уәжділік қасиеттері терминологиялық лингвоконцептология тұрғысынан қарастырылады.
Когнитивтік семантика тілді түсіну және қолдану мәселесін негізгі назарға ала зерттеп, мағына санада кодталатын процесс, ғаламның тілдік, ғылыми бейнесін құрушы элемент екені ескеріледі. Соның нәтижесінде когнитивтік процестің «әрекет етуші ® әрекет ® мақсат ® нәтиже» қатынасы негізінде ғана жүзеге асатыны мойындалады. Әрекет етуші (сана, аралық әлем) әрекетті белгілі бір мақсат көздеп жасайды және ол белгілі бір нәтижеге бағытталады. Ал нәтиже – обьективтік шындықтың тілдік бейнеленген формасы (мағына, мазмұн), концептуалды жүйесі (семантикалық құрылымдар – терминдер, терминдік бірліктер, кәсіби атаулар т.с.с.), ал ол мағына – санада кодталатын процесс. Ғылыми танымның кодталуы әрекет түрінде сөз, дыбыстық құрылым мен мазмұн бірлігі арқылы ойша және бейвербалды емес, вербалды түрде жүзеге асады. Вербалды түрде кодталған ғылыми, тілдік таным мағынасы (терминдер, терминдік бірліктер т.б.) ғаламның ғылыми бейнесі ретінде көрініс береді. Ал обьективті дүниені тану, яғни, тілдің шындықты тануға бағытталуы мақсат ретінде анықталады.
Аударма коммуникациялық қарым-
А.Попович аударма процестерін зерттеу барысында қолданылып отырған терминдер мен ұғымдарды енгізді. А.Попович енгізген «мәтін Ò түпнұсқа мәтіні Ò протомәтін», «екінші деңгейдегі мәтін Ò аударма мәтіні Ò метамәтін» деген терминдер тілде түпнұсқа және аударма мәтіндерін жіктеу әдістемесі деп аталатын зерттеу аппаратына кірді. А.Поповичтің пікірі бойынша, протомәтін-метамәтін қатынасы инвариант пен вариант арақатынасы бойынша құрылады. Ғалымның пайымдауынша, «метамәтін жоғары деңгейде протомәтінді қайталай алмайды. Себебі мұнда ең басты рөлді атқаратын – автор-аудармашы, ал метамәтін авторлық стратегияның құндылығы болып табылады» [9, 184].
Бұл терминдер денотаттағы ақпаратты дәлірек ашып беруге және аударма процесін талдау барысында дұрыс бағытты ұстануға септігін тигізеді. Протомәтіндер мен метамәтіндер арасындағы байланысты төмендегі кестеден көре аламыз.
Кесте 7 – Түпнұсқа және аударма мәтіндерін белгілейтін терминдер
Түпнұсқа |
Ú |
Оның басқа тілге аудармасы (Аударма мәтіні - 1) |
Ú |
Аударма мәтіні – 1-ден жасалған аударма мәтіні - 2 |
Протомәтін |
Ú |
Метамәтін 1 Протомәтін 2 |
Ú |
Метамәтін 2 |
Қазіргі таңда кез келген ғылым
саласының концептуалдық-
Біздің ойымызша, бұл тілдік құбылыс терминологияның бір ұғым – бір таңба деген негізгі қағидасын жоққа шығарады. Сондықтан да синонимдік терминдердің терминологиялық жүйедегі жұмсалымдық қажетсіздігі жайлы пікірлер туындайды. Алайда бұл мәселенің екінші жағы тағы бар. Кез келген ғылым саласының терминологиясы сол сала мамандарының қарым-қатынас құралы қызметін де атқарады: ғылыми конференциялар мен симпозиумдардағы баяндамалар, ғылыми мақала жазу, түрлі ғылыми және техникалық құжаттамаларды құрастыру, ғылыми-көпшілік басылымдарға қатысу, ғылыми тақырыптағы ауызша әңгіме және т.б. Осыған байланысты, бір ғылыми-техникалық ұғымды бірнеше терминдермен белгілеу қажеттілігі пайда болады. Мысалы, терминологиялық жүйе және терминдер жүйесі; таңбалық жүйе, семиотикалық жүйе және таңбалар жүйесі; лексика және сөздік қор т.с.с.
Біз қарастырып отырған материал негізінде бір ұғым – бір таңба шартын қатаң сақтаумен ерекшеленетін синонимді терминдер мағына жағынан біршама ұқсас болып келгенімен, семалық тұрғыдан ұғымдары айқын ажыратылады. Мысалы, аударма барабарлығы – барабар аударма – толыққанды аударма (түпнұсқа мазмұны мен пішін бірлігінің берілуі – түпнұсқаға сәйкес келетін аударма және т.б. – аударма мәтінінің түпнұсқаға жұмсалымдық-стилистикалық жағынан сәйкес келуі); баламасыз лексика – реалийлер (білім алушылардың ана тілінде тең мағынасы жоқ лексикалық бірліктер – нақты бір әлеуметтік қоғамдастықтың, этникалық топтың ерекшеліктерін құрайтын заттар, құбылыстар, дәстүрлер және оларды білдіретін сөздер мен сөз тіркестері); дәлме-дәл аударма – нақпа-нақ аударма (сөйлем, синтагма, фраза деңгейінде орындалатын аударма – сөзбе-сөз аударма) және т.б.
Информация о работе Аударматану терминдерінің когнитивтік-семантикалық құрылымы