Аударматану терминдерінің когнитивтік-семантикалық құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 12:40, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Зерттеудің өзектілігі ғалымдардың ғылым метатілі теориясына деген зерттеу талпыныстарының өсуімен тығыз байланысты. Атап айтқанда, кез келген ғылым саласын бейнелейтін терминдердің тілдік табиғатын тану үшін кешенді, жүйелі түрдегі зерттеу жұмысын жүргізу қажеттілігі қазіргі таңдағы тіл ғылымының жаңа бағыттарымен тығыз байланысты. Бұған бүкіл рухани қазынасын жинақтап сақтайтын ұлттық тілді халықтың тарихымен, мәдениетімен, ой танымымен, жан ілімімен бірлікте қарау мәселесі тіл ғылымында өзіндік өріс алып келе жатқан этнолингвистика, психолингвистика, когнитивтік лингвистика,

Работа содержит 1 файл

РЕФЕРАТ.doc

— 220.50 Кб (Скачать)

                                                      

Аударматану

Лексикография


 

 

 

Тіларалық коммуникация

Мәдениаралық коммуникация

 

АУДАРМА


 

Терминжасам

Терминшығармашылық


 

 

Терминология

 

Терминография


 

Салғастырмалы стилистика




 

 

 

Сурет 1 – Аударманың тіл білімі салаларымен байланысы

 

Осы тұрғыдан алғанда, терминнің мағынасы мәселесі арнайы зерттеуді қажет етеді, себебі бұл аударматану метатілінің дамуына маңызды үлес қосады. Мағына мәселесін зерттейтін тіл білімінің семантика саласы орыс тіл білімінде М.М.Покровский, А.А.Потебня, В.В.Виноградов есімдерімен байланысты.

Тіл білімінде  семантика теориясының жүйелілік  мәселесін зерттеуші Л.А.Новиков  өзінің зерттеуінде мағына түрлерінің мынадай жіктемесін ұсынады [2]:

1) Сигнификативтік мағына (сигнификативтік мағына таңбаның сигнификатқа (ұғымға, мән-мағынаға) қатынасы арқылы айқындалады). Ол сөздің толық семантикалық мүмкіндігін, сөздің мән-мағыналық көрінісін айқындайды. Мысалы, аударматану – аударманы лингвистикалық құбылыс ретінде зерттейтін тіл білімінің саласы; жағдаят – сөйлеу әрекеті сәтінде болатын немесе айтылымда сипатталатын шындыққа сай болмыстың құрамдас бөліктерінің жиынтығы; түпнұсқа – аудармадағы бастапқы мәтін (аударма осы мәтіннен жасалады) т.б.;

2) Құрылымдық мағына (лексикалық мағынаның құрылымдық аспектісі). Бұл мағына семиотика теориясына сәйкес белгілі бір таңбалық жүйе шеңберіндегі таңбаларға деген қатынасы арқылы анықталады. Осы негізде ол өз ішінде синтагматикалық құрылымдық мағына және парадигматикалық құрылымдық мағына түрлеріне бөлінеді:

а) синтагматикалық құрылымдық мағына (лексикалық мағынаның құрылымдық-синтагматикалық аспектісі). Құрылымдық мағынаның бұл түрін валенттілік деп те атайды. Мысалы, аударма тілі, аударма теориясы, аударма процесі, аударма бірлігі, аударма лингвистикасы, аударма нормасы, аударма баламалығының нормасы және т.б.

ә) парадигматикалық құрылымдық мағына (лексикалық мағынаның құрылымдық-парадигматикалық аспектісі). Ол белгілі бір топ құрайтын лексикалық бірліктердің өзара байланысын және қарама-қарсы мағыналарын белгілейді. Мәселен:        аударма

                                                ¯

                                    жазбаша аударма

                                                ¯

                                     көркем аударма    

3) Прагматикалық мағына (лексикалық мағынаның прагматикалық аспектісі). Мағынаның бұл түрі, негізінен, сөздің эмоционалды және экспрессивті-стилистикалық сипатын көрсетеді. Сондықтан бағалаудың спецификалық тілдік көрінісін белгілейтін лексикалық мағынаның бір түрі болып саналады. Ол аталымның экспрессивті түрінде ғана орын алады;

4) Сигматикалық (заттық, денотативтік, жағдаяттық) мағына (лексикалық мағынаның сигматикалық, заттық, жағдаяттық аспектісі). Сигматикалық мағынаның атқаратын негізгі қызметі тілдік бірліктердің нақты жұмсалуы мен белгілі коммуникативтік міндетті атқаруымен байланысты. Мысалы, «Жоғарыда айтылғандай сорақы кемшіліктер осы аудармалардың көпшілігінде-ақ бар» (Қ.Аманжолов, Шығ.жин.); «Бірақ та, мен де бір кезде асқан ақындық шеберлікті керек қылатын аудармашылық өнерге ден қоярмын деген игі тілектің жетегінде болатынмын» («Қаз.әдебиеті»); «Абайдың өз шығармалары мен аударушылық еңбегі қатар жүріп отырған» (Ғ.Мүсірепов). Байқап отырғанымыздай, метатілдік бірліктердің мағынасы лексикалық мағынаның үш түрінде ғана көрініс табады.

Сонымен, тіл  білімінде «термин-мағына-ұғым» мәселесіне қатысты үш түрлі көзқарас қалыптасты:

1.Терминдердің лексикалық мағынасы бар, бірақ ол сол ұғыммен толық сәйкес келе бермейді (Л.С.Ковтун, Д.Н.Горский, К.Н.Левковская);

2.Терминдердің лексикалық  мағынасы бар және ол сол  ұғымды толық сипаттайды (Е.М. Галкина-Федорук, П.С.Попов, А.Шафф);

3.Терминдер – ұғыммен  сәйкес келетін лексикалық мағынаға  ешбір қатысы жоқ тілдік бірліктер  (В.А.Звегинцев, А.А.Реформатский, Л.Н.Капанадзе).

Сонымен бірге, «Терминнің ерекшелігі оның тұрпат межесінде емес, мазмұн межесінде, яғни, оның мағына сипатында. Ғылыми термин – бұл ғылыми ұғыммен байланысты мағынасы бар тілдік бірлік. Бірақ бұл мағына ғылыми ұғымның тек негізгі және маңызды белгілерін ғана көрсетеді» деген пікірлер бар екені белгілі [5, 37].

Біздің ойымызша, термин-сөздер – ғылыми ұғымдарға  сәйкес келетін арнайы терминологиялық  лексикалық мағынасы бар тілдік құрылымдар.

Аударматану саласының  терминологиялық жүйесіне жататын  терминдердің барлығына бірдей ортақ  сема (архисема) – «аудару ісі» болып табылады. Бұл – «аудару» мағынасын білдіретін өзекті сема. Жалпылаушы сема барлық терминдік атауын «аударма» деген жалпы атау төңірегіне топтастырса, даралаушы сема әр терминдік бірліктің «көркем аударма», «сөзбе-сөз аударма», «төлтума аударма», «толыққанды аударма», «еркін аударма», «баламалы аударма» секілді мағыналық ерекшеліктерін көрсетеді.

Осы негізде  айқындалған терминдердің сема түрлерін, жалпылаушы және даралаушы белгілерін төмендегі кесте үлгілерімен  көрсетуге болады:

 

Кесте 1 – Терминдік бірліктердің когнитивтік-семантикалық талдауы

Терминдік бірліктердің когнитивтік  –

семантика-

лық

белгілері

 

 

Терминдік

бірлік

 

 

 

Түпнұсқаның

мазмұнның

пішін

бірлігінің

басқа тілдік құралдары

арқылы

қайта

құрылуы

тілдің тілдік нормалары мен  заңдылық-

тарының

сақталуы

баламалық деңгейлерінің

бірінде

берілетін

аударма

Барабар аударма

+

+

-

+

-

+

-

Баламалы аударма

+

-

+

-

+

-

+


 

Көріп отырғанымыздай, бұл екі түрлі аударманың жеті когнитивтік-семантикалық белгілерінің біреуі ғана сәйкес келеді.

 

 

 

 

Кесте 2 – Терминдік бірліктердің когнитивтік-семантикалық талдауы

 

Терминдік бірліктердің когнитивтік-

семантикалық 

белгілері

 

 

Терминдік

бірлік

Бастапқы

мәтіннің

формалды

және семанти-

калық компо-

ненттерді

ескермейтін

баламалықтың

біршама төмен

деңгейіндегі

аударма

Әдетте

ауызша

жүзеге

асырылатын

таңдап

аударылатын

 Еркін аударма

+

+

 

+

 

+

-

-

Нақты аударма

-

-

 

-

 

+

+

+


 

Бұл кестеден де байқайтынымыз, алты когнитивтік-семантикалық белгілердің  тек біреуі ғана сәйкестік табады.

 

Кесте 3 – Терминдік бірліктердің когнитивтік-семантикалық талдауы

Терминдік бірліктердің когнитивтік  –

семантика-

лық

                         белгілері

 

Терминдік

бірлік

 

 

 

 

 

 

 

Екі тілді

 

 

 

 

 

 

 

тең  дәрежеде

 

 

 

 

 

 

 

меңгеру

Қостілділік

+

+

+

Екітілділік

+

+

+


 

Екі терминнің де семема көлемдері толық сәйкес келуімен ерекшеленеді. Жалпы қолданыстық  мағыналарында болмайтын термин семемасының нақтылаушы кәсіби семаларының  қайталануы бір ғылыми ұғымның тілде  екі түрлі лексемасының болуымен түсіндіріледі.

Осыған байланысты сема табиғатын арнайы зерттеген М.Ш.Мұсатаева еңбегінде семалар классификациясының өзгеше жіктемесін кездестіруге болады [6, 204]:

1) Референттілік  қасиеті тұрғысынан: экстралингвистикалық және лингвистикалық;

2) Міндетті сема (актуалдыланған, интенсионалды);

3) Прагматикалық  мәртебесі мен білдіретін ақпарат  сипатына орай: денотативті және коннотативті;

4) Импликационалды  семалар (жасырынды, қосымша, потенциалды);

5) Білдіретін ақпараттың  категориалдық мәртебесі тұрғысынан: архисемалар мен дифференциалды семалар;

6) Семалардың иерархиялық  қатынасы тұрғысынан: маркерлер мен дистингвишерлер немесе логикалық белгісі бойынша – гиперсемалар мен гипосемалар;

7) Ұғым сипаты  бойынша: терминологиялық және терминологиялық емес семалар;

8) Тіл мен  сөйлеу тұрғысынан: узуалды және окказионалды;

9) Сема құрамының  тіркесімділік қасиеті бойынша: болымды және болымсыз.

Осы тұрғыдан қарастыратын болсақ, біздің зерттеуіміз үшін ең маңыздысы бұл жіктеменің жетінші тармақшасы болып табылады. Яғни, терминологиялық және терминологиялық емес сема түрлері. Осыған орай терминдік емес мағына мен терминдік мағынаның арасындағы семалық қатынасты төмендегі талдау арқылы айқындауға болады:

 

 Кесте 4 –  Семалық талдау

Терминдік

емес мағына

Бір тілден екінші бір

тілге

жазбаша немесе

ауызша

аударылған

мәтін

Терминдік

мағына

Басқа тілдің түпнұсқа мәтіні мазмұнынан

екінші бір  тілге

коммуника-

тивтік

құндылығы

бірдей мәтін

жасау

жолымен берілетін

тілдік делдал-

дықтың

бір түрі

Аударма

+

+

+

-

-

Аударма

+

-

-

+

+


 

Бұл мысалдардан терминологиялық семалардың терминологиялық емес семалардан айырмашылығы кестенің 3 және 4- бөлімдерінде айқын көрінеді.

Кесте 5 –  Семалық талдау

Терминдік

емес мағына

Бір тілден

екінші бір  тілге

 

 

 

 

 

сәйкес келмеген жағдайда қажет болатын

аударумен

шұғылданатын

адам

Терминдік

мағына

 

Хабар

беруші

мен

адресат

пайдаланатын

кодтар (тілдер)

коммуника

цияның

байланыстырушы

буыны

Аудармашы

+

-

+

-

-

Аудармашы

-

+

-

                 +

                +


      Бұл сәйкессіздіктер терминдердің, негізінен, тілдің когнитивті-танымдық қызметін атқаруымен байланысты түсіндіріледі, ал лексикалық сөздердің негізгі қызметі – аталымдық қызмет.

       Қазіргі таңда «тіл мен мәдениет»,  «адам және тіл» байланысын  когнитивтік тұрғыдан қарастыру  өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Когнитивті бағыттың маңыздылығы мен өзектілігі оның тек қана теориялық лингвистикадағы контексті полипарадигматизміндегі доминанттылығында ғана емес, сонымен бірге ауқымды кең ғылыми бағдар ұсынуында, мәселен, тілдік құбылыстарды экспликациялау, тіл мен мәдениет байланысындағы адамның рөлі, адам және тіл мәселесі, басқа тіл құбылыстарын және аппаратын қарастыру (Е.С.Кубрякова, Ю.Д.Апресян, В.З.Демьянков, В.В.Колесов, Е.В.Рахилина, В.Б.Касевич, Ю.С.Степанов және т.б.). «Когнитивтік лингвистика лингвистикалық зерттеулердің шеңберін маңызды түрде күшейте түсетін қазіргі антропоцентристік парадигмалар шегіндегі когнитивизм негізінде туындайды» [7, 9].

Информация о работе Аударматану терминдерінің когнитивтік-семантикалық құрылымы