Саясаттану пәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 18:41, доклад

Описание работы

Саясаттану курсының негізгі мақсаты студенттерге саяси өмір саласындағы күрделі құбылыстар мен тенденцияларға өз бетінше талдау жасау дағдысын ұялату, саясат туралы қажетті білім беру, студенттердің санасында ұғымдық ақпаратты қалыптастыруға ықпал ету.
“Саясаттану” пәнін оқып білу студенттердің саяси дүниетанымы мен саяси мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, олардың Қазақстан Республикасы алдында тұрған міндеттерді шешуге белсенді қатысуына септігін тигізеді.

Работа содержит 1 файл

sayasattanu.doc

— 696.00 Кб (Скачать)

 

1.4. ОҚУ ПӘНІ  БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ  ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ

Сабақтың тақырыбы

СӨЖ тапсырмалары

Бақылау түрі

апта

Бағалау

1

Саясаттану пәні, саясат түсінігі. Саясат ғылым. Саясат әлемі.

Саясат ұғымына 10 анықтама жазып, жаттау

Ауызша жауап және конспект

1

50/100

2

Өркениет тарихындағы саяси  ойдың даму кезеңдері.

Қазақ ойшылдарының еңбектеріндегі саяси  көзқарастар

Ауызша жауап және конспект

2

50/100

3

Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі  саяси билік

Тақырыпқа байланысты 10 саяси терминге анықтама жазу

Ауызша жауап және конспект

3

50/100

4

Билік және саяси режимдер.

Тақырыпқа байланысты 10 саяси терминге анықтама жазу

Ауызша жауап және конспект

4

50/100

5

Демократия теориясы: тарих және бүгін

Тақырыпқа байланысты 10 саяси терминге анықтама жазу

Ауызша сұрақ-жауап және конспект

5

50/100

6

Қазіргі кездегі саяси жүйелер.

Тақырыпқа байланысты 10 саяси терминге анықтама жазу

Ауызша сұрақ-жауап және конспект

6

50/100

7

Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің  негізгі институты ретінде.

ҚР парламенті: қалыптасу тарихы, қызметі

Ауызша сұрақ-жауап және конспект

7

50/100

8

Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам.

Қазақстандағы құқықтық мемлекет пен  азаматтық қоғамның қалыптасу ерекшеліктері

Ауызша сұрақ-жауап және топпен жұмыс түрлері

9

50/100

9

Саясаттағы дау-жанжал және дағдарыс.

Қазақстандағы ұлтаралық шиеленістер  және олардың алдын алу жолдары

БАҚ материалдары бойынша

10

50/100

10

Саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар  мен қозғалыстар және олардың  ҚР-дағы орны мен рөлі.

Қазақстандағы саяси партиялардың бағдарламаларымен, ҚР «Саяси партиялар  туралы» заңымен танысу және өз партияларын  ың бағдарламаларын жасау

Партия бағдарламасын  презентациялау

11

50/100

11

Саясат субъектілері: тұлға, әлеуметтік топтар, әлеуметтік бірлестіктер.

Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесінің ерекшеліктері

Ауызша сұрақ-жауап және конспект

12

50/100

12

Саяси мәдениет пен саяси әлеуметтену.

Саяси идеология түсінігі, мәні түрлері, қызметі

Ауызша сұрақ-жауап және конспект

13

50/100

13

Саяси элита және көсемділік.

Өзіңіз ұнататын саяси жетекшінің сипаттамасын жасаңыз

Ауызша сұрақ-жауап және конспект

14

50/100

14

Әлемдік саясат және қазіргі халықаралық  қатынастар.

Қазақстанның сыртқы саясатының басты  бағыттары. ҚР әскери доктринасы

Ауызша сұрақ-жауап және топпен жұмыс түрлері

15

50/100

15

Саяси үрдіс және саяси модернизация.

Қазақстандағы жастар саясатына талдау жасау

Мини - конференция

16

50/100


 

 

1.5. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК  ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ

Авторы

Әдебиеттің атауы

Қай жерден

табуға болады

Саны

Жамбылов Р.Ә.

Саясаттану: оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2003. 288 б.

Оқу залы

Оқу абонементі

 
 

Казахско-русский, русско-казахский терминологический словарь: Алматы: Рауан, 200. 288 б.

Ғылыми абонемент

Оқу залы

 

Қуандық Е.К.

Саясаттану негіздері: оқу құралы. Алматы, 2004

Оқу залы

Оқу абонементі

 

Кенжебаев А.С.

Саясаттану негіздері: оқу құралы. Алматы, 1995

Оқу залы

 

Жамбылов Д.А.

Саясаттану: оқу құралы. Алматы, 1998, 2000

Оқу абонементі

 

Мухаев Р. Т.

Теория политики.Уч.пособие для  ст. Вузов.М., 2005

Оқу залы

Оқу абонементі

 

Мухаев Р. Т.

Политология. Уч. М., 2005

Оқу залы

Оқу абонементі

 

Булуктаев Ю. О.

Политические партии РК. А., 2004

Оқу залы

Оқу абонементі

 

 

 

 

1.6. ДӘРІС КЕШЕНІ

1- т а қ ы р ы п

САЯСАТТАНУ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ

Ж о с п а р ы:

    1. Саясаттың мәні және табиғаты
    2. Саясаттанудың пәні, қызметі, әдістері және парадигмалары
    3. Саясаттану ғылымының маңыздылығы

 

Саясаттың мәні және табиғаты

«Саясат» термині (грекше politika –  мемлекеттік және қоғамдық істер, polis – қала-мемлекет) Аристотельдің  «Саясат» атты еңбегінде алғаш зерттеліп, қарастырылған. Сол кездің өзінде саясатты зерттеудің екі басты бағыты қалыптасты: функционалды және құндылықты. Функционалды зерттеу бағыты көбіне саясаттағы мақсат пен соған жету және нәтижесіне көңіл бөледі. Ал құндылықты бағыт сол саясаттың негізінен идеялық құрылым мен адамгершілік критерийлерді іздейді. Саясатты зерттеген әрбір зерттеуші өзінің бағыты бойынша келесі анықтамаларды берген. Біз олардың кейбіреулеріне тоқталайық. Мысалы:

«Саясат мемлекет ішілік немесе мемлекет аралық билікті үлестіруге ықпал  ету немесе билікке қатысуға ұмтылысты  білдіреді»

(М. Вебер)

«Саясат – қоғам ішіндегі құндылықтарды билік арқылы реттеу»

(Д. Истон)

«Саясат принциптер күресін жамылған мүдделер күресі. Жеке бастың пайдасы  үшін қоғамдық істерді басқару»                                               (А. Бирс)

«Саясат – жоғары мәнде өмір, ал өмір саясат»                      (О. Шпенглер)

«Саясатты зерттеу – ықпал мен  ықпал етушіні зерттеу, басқаша  айтқанда, кім не пайда табады, қашан  және қалай»                          (Г. Лассуэл)

«Саясат онымен айналысқан адамдардан ақыл шеберлігін талап етеді; ол тәртіпке мәңгі берілген өзгермейтіндерді білмейді»                      (Г. Плеханов)

Бұл анықтамалардың әрқайсысы шындыққа негізделген және саяси өмірдің  көп қырларын ашып береді, анықтамалардың әртүрлілігі саясаттың көпқырлылығын  және күрделі құбылыс екндігін білдіреді.

Саясаттың мәні бірнеше деңгейде жүзеге асырылады:

Төменгі деңгейі жергілікті мәселелерді  шешуді қарастырады. Саясатты бұл деңгейде жекелеген индивидтер жүргізеді, алайда жекелеген мәселелер жергілікті ассоциациялар арқылы шешіледі.

Аймақтық деңгей мемлекеттің араласуын талап етеді. Өз аймағындағы экономикалық дамуға мүдделі топтар мен ассоциациялар саясатты белсене жүргізеді.

Ұлттық деңгей саясат теориясында  орталық орынға ие болған, бұл мемлекетті ресурстарды үлестірудегі негізгі  институт екендігін анықтайды.

Халықаралық деңгей, мұнда саяси  іс-қимылдың негізгі субъектілері ретінде  егемен мемлекеттер қатысады.

 

2. Саясаттанудың пәні, қызметі, әдістері және парадигмалары

Саясатты түсіну ежелден бастау алады. Оны ғылыми тұрғыда шешу кейінгі  ғасырларға келеді.

Саяси ғылым қазіргі кездегі  мәнін ХІХ ғ. екінші жартысында иеленеді, ол жеке білім саласы ретінде бөлініп  шықты. Лондон университетінде ХІХ  ғ аяғында Лондонның экономика  және саясат ғылымдарының мектебі ашылды. 1857 жылы Колумбия университетінде Америка тарихында алғаш саяси ғылымдар кафедрасы ашылды. Ал

Батыста саясаттану ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін дами бастады. Бұған  көбіне 1948 ж Парижде ЮНЕСКО басшылығымен өткен саяси ғылымның сұрақтары  жөніндегі халықаралық коллоквиум себеп болды. Онда саясаттанудың негізгі мәселелерін, мәнін ашатын құжаттар қабылданды. Құжатқа сая саясаттанудың зерттеу және оқыту мәселелері анықталды. Олар:

Саяси теория (оның ішінде саяси идеялар  тарихы);

Саяси институттар (орталық және жергілікті өкіметтік органдар, мемлекет билік тармақтары, саяси және қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер);

Саяси мәдениет және сана;

Саяси даму және модернизация;

Саясат субъектілері;

Халықаралық қатынастар.

Қазақстандағы саяси ғылымның негізгі пәніне бұдан басқа, құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам, геосаясат, ұлттық мүдде және ұлттық қауіпсіздік мәселелері кіреді.

Саясаттану басқа ғылымдар сияқты, келесі қызметтерді атқарады:

Танымдық қызмет саяси  өмір және биліктік қатынастар туралы жүйелі түсінік қалыптастыру және дамудың  тенденциялары мен заңдылықтарын анықтайды.

Практикалық қызмет, саяси  теориялар мен тұжырымдар негізінде, мақсатқа жетуге байланысты нақты әдіс-тәсілдерді ұсынады.

Саяси өмірді рационализациялау  қызметі, мемлекеттің шешімдері  мен жүргізіп жатқан реформаларын қарапайым халыққа түсіндіру.

Әлеуметтендіру қызметі, азаматтық, патриоттық сезімді қалыптастыру және саяси мәденитетті көтеруге байланысты қызмет.

Болжам жасау қызметі, саяси үрдістің даму тенденциялары  мен жетістіктерін анықтайды.

Саясаттану әдістері:

Саяси құбылыс пен үрдістер көптеген әдістер арқылы танылады. (грекше metodos – зерттеу жолы). Әдістер – бұл, теорияға баға беру жәнетексерудің тәсілдері, сараптау құралы.

Институционалды әдіс арқылы Конституция, мемлекеттің заңдар мен  қоғамның нормалары мен тәртібін зерттеу арқылы тұтас дамудың мәнін ашады.

Салыстырмалы әдіс ежелден  таныс, саяси объектілерді салыстыра  отырып, олардың ұқсастығы мен  айырмашылығын білу.

Әлеуметтенулық әдіс арқылы нақты саяси құбылысқа әлеуметтанулық зерттеу жүргізу арқылы қоғамның саясатқа қатынасын білуге болады.

Антропологиялық әдіс адам табиғаты ерекшелігінен туындайды. Бұл әдіс адам типі мен саясат байланысы, ұлттық сипаттың саяси дамуға әсер етуі немесе керісінше, саяси дамудың ұлт  сипатына әсер ету мәселелерін шешуге көмектеседі.

Психологиялық әдіс саяси іс-әрекеттің, жеке адами сана, мінез-құлықтық субъективті  механизмдерін және сонымен бірге  психологиялық мотивацияның механизмдерін  зерттеуге бағытталған.

Бихевиористік әдіс, саясат – қоғамдық құбылыс ретінде ең бірінші жекедаралық өлшем арқылы анықталады деген тұжырымға негізделген.

Коммуникативті әдіс саяси үрдістің кибернетикалық модельдерін қалыптастырады.

Саясаттанудың негізгі парадигмалары: әлеуметтік, психологиялық, биосаяси, теологиялық және натуралистік парадигмалар. Парадигма-үлгі деген мағына береді.

 

3.Саясаттану ғылымының  маңыздылығы

 Отандық саясаттану ғылымы  тағдыры өте қиын қалыптасты. ХХ ғасырдың басындағы қоғамда  болған ірі-ірі өзгерістер халық  зиялыларының елдің саяси болашағы  жайлы толғануларына әсер етті. Олар өз еңбектерінде саяси тағдыр, революция, мемлекет, билік мәселелері жайлы ойлар жазды. Кеңес Одағы кезінде саясаттану ғылымымен

айналысуға  тиым салды. Тек ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап, Қазақстанда саясаттану пән ретінде оқытыла бастады.

Жоғары оқу  қоғамдағы ірі салалардың бірі. Студенттер тек қана базалық білімдер жинағын лап қана қоймай, сонымен бірге жаңа білім алуға дағды қалыптастырады. Қоғамның әлеуметтік, мәдени, саяси және құқықтық құндылықтарды меңгереді. Бұл болашақ қоғамның субъектісіне толық тұлға болып қалыптасу үшін мүмкіндік береді. Ал сол жоғары оқуды гуманизациялау мемлекеттік бағдарламада негізгі жолға қойылған.

Студентке саяси білімнің қажеті не деген сұрақ туындайды. Саяси  сауатсыз адам қазіргі қоғамда өзіндік  пікір қалыптастырып, таңдау жасай алмайды. Көптеген идеялық ұстанымдарға сене беруі мүмкін. Ал саясаттан хабары бар, оның заңдылықтары мен тенденцияларын, қыр-сырын білетін және меңгерген адам демократиялық принциптер мен құндылықтарды жете меңгеріп, оның маңыздылығын түсіне алады және соны орнатуда белсенді іс-әрекет ету жолдарын анықтай алады.

 

2- т а қ ы р ы п

 

ӨРКЕНИЕТ ТАРИХЫНДАҒЫ САЯСИ  ОЙДЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ

Ж о с п а р ы:

Ежелгі замандағы саяси ойлардың қалыптасуы

Орта ғасырлар мен Қайта өрлеу  дәуіріндегі саяси идеялар 

Жаңа заман және ХХ ғасырдағы  саяси ілімдер 

Ежелгі замандағы саяси  ойлардың қалыптасуы

Нақтылы бір тарихи дәуірдегі қоғам, мемлекет, құқық, саясат туралы ойларды  дұрыс түсіну үшін сол қоғамның, сол дәуірдің белгілі бір әлеуметтік топтары мен таптары үшін, олардың  қандай мүдделерді қорғағандығын, бұл  ілімнің авторы қандай мақсат пен позиция ұстанғандығын білу шарт. Сонда ғана саяси және сол мемлекеттің ерекшелігіне қарай дұрыс баға беруге болады. Ең алдымен саяси ілімдер тарихының негізгі кезеңдері мен оның ерекшеліктерін және саяси тарихын терең білу шарт.

Саяси ілімдер тарихын хронологиялық және мазмұндық тәртіппен ірі төрт кезеңге бөлуге болады:

Ежелгі замандағы саяси ілімдер  тарихы (алғашқы мифтік көзқарастардың пайда болуынан, б.з.д. 3 мың жылдықтан  – б.з. V ғасырына дейін).

Информация о работе Саясаттану пәні