Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 18:41, доклад
Саясаттану курсының негізгі мақсаты студенттерге саяси өмір саласындағы күрделі құбылыстар мен тенденцияларға өз бетінше талдау жасау дағдысын ұялату, саясат туралы қажетті білім беру, студенттердің санасында ұғымдық ақпаратты қалыптастыруға ықпал ету.
“Саясаттану” пәнін оқып білу студенттердің саяси дүниетанымы мен саяси мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, олардың Қазақстан Республикасы алдында тұрған міндеттерді шешуге белсенді қатысуына септігін тигізеді.
Билік құрылымы: билік институттары, функциялары және билік ресурстары. Биліктің ұйымдастырылуы мен өмір сүруінің принциптері. Биліктің легитимді типтері:
дәстүрлі, харизматикалық және ұтымды- жариялы, патриархалды, азаматтық және белсенділік.
Қоғамда және оппозицияда саяси
бәсекелстіктің қажеттігі. Билік және
оппозиция, олардың Қазақстан
Әлеуметтік- этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты
Этнос және ұлт. Ұлт этностың жоғары типі. “Ұлт” категориясын түсіндірудегі екі амал: этнолингвистикалық және мемлекеттік- құқықтық. Қоғамдағы ұлттық және этникалық қатынастар.
Ұлт мәселесі және оның құрылымы. Ұлт мәселесін шешудің принциптері. Ұлтаралық қарым- қатынас мәдениеті және оның азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді нығайтудағы рөлі.
Ұлттық мемлекеттік құрылыс формалары: унитарлық, федерация, конфедерация.
Ұлт саясаты мемлекеттік саясаттың маңызды құрамдас бөлімі ретінде. Этносаралық келісімге жетудің Қазақстандық үлгісі (моделі). Қазақстан халықтары Ассамблеясы жүйелі қоғамдық-саяси институт ретінде. Қазақстан халқы этно-саяси қауымдастық ретінде.
Қазақстан көп конфессионалды қоғам ретінде. Конфессиялар диалогы және Қазақстан конфессия аралық келісім тәжірибесі.
Қоғамның саяси жүйесі
Саяси жүйе ұғымы қоғам мен биліктің өзара әрекеті ретінде. Д.Истон, Г.Алмонт пен К.Дойчтың саяси жүйе теориялары.
Саяси жүйенің құрылымы. Институционалдық, нормативтік, коммуникативтік, мәдени, функционалдық жүйешелер.
Әлеуметтену, бейімделу, реттеу, керісінше жауап қайтару және коммуникация функциялары.
М.Вебердің, Г.Аптердің, Г.Алмондтың
жүйені типтеу мен
Дәстүрлі және қазіргі саяси жүйелер (өкілетті, модернистік, постмодернистік).
Саяси жүйе институттары: мемлекет, саяси партиялар, мүдделі топтар және үкіметті емес ұйымдар. Қазақстан Республикасы саяси жүйесін реформалаудың мәселелері және оның дамуының тенденциялары. Қазақстан Республикасы партиялық саяси және сайлау жүйелерін одан әрі дамыту проблемасы.
Мемлекет және азаматтық қоғам
Мемлекет қоғамның саяси жүйесіндегі өзегі ретінде. Мемлекеттің шығуы және оның мәні. Мемлекеттің белгілері, оның функциялары мен және мақсаттары. Мемлекеттің типтері. Мемлекеттік жүйелердің типологиясы. Қазіргі мемлекет және оның ерекшелікті белгілері. Азаматтық қоғам ұғымы. Азаматтық қоғам идеясының пайда болуы мен дамуы. Азаматтық қоғам ұғымының кең және тар мағынасы. Азаматтық қоғамның құрылымы.
Құқықтық мемлекет ұғымы және оның ерекшелікті белгілері. “Әлеуметтік” мемлекет және оның эволюциясы. әлеуметтік мемлекеттің функциялары мен демократияның жаңа тұжырымдамалары. Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру проблемалары.
Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар
Мүдделі топтар: ұғымы, функциялары, типологиясы. Қысымшы топтар. Қазақстандық лобизмнің ерекшеліктері.
Саяси партиялар ұғымы. Партиялар генезисі және партиялар жүйесі. Саяси партиялардың мақсаттары, міндеттері және функциялары. Саяси партиялар генезисінің кезеңдері: аристократиялық котериелер, саяси клубтар, бұқаралық партиялар. Партиялардың типологиясы. Партияларды типологиялаудың өлшемдері (критерийлері).
Партия жүйелері ұғымы. Партия жүйелерін жіктеу. Бірпартиялық, екіпартиялық, көппартиялық. Қазақстанда партия жүйелерінің ерекшеліктері мен даму тенденциялары. Қазақстан Республикасының саяси партиялардың қызметін заңымен реттеу.
Қоғамдық ұйымдар мен
Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың орны және рөлі.
Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар арасындағы өзара қарым- қатынас проблемалары.
Саяси режимдер
Саяси режим ұғымы. Саяси режимдердің типтері.
Тоталитаризм саяси феномен ретінде. Тоталитаризм, оның негізгі типтері мен алуан түрлері. Диктатураның тарихи формалары. Тоталитарлық жүйенің формалары. Тоталитарлық режимнің саяси практикасы. Тоталитарлық жүйелердің негізгі белгілері. Авторитаризм. Авторитарлық саяси жүйенің тоталитарлықтан өзгешеліктері. Авторитарлық жүйелердің негізгі типтері және формалары. Дәстүрлі абсолюттік монархиялар, олигархиялық және әскери режимдер. Авторитаризмнен демократияға өту жолдары. Демократия ұғымы. Қазіргі кезеңдегі демократия проблемалары саяси ғылымдар мен практиканың маңызды мәселелерінің бірі.
Қоғамды демократияландыру және саяси жаңару
Демократия мемлекеттік
Саяси жүйені жаңалау мәселелері. Саяси жаңалау ұғымы. Жаңалау және тоталитаризмнен демокроатияға өту. Дәстүрлі саяси мәдениет және оны жаңалау проблемалары. Демократиялық саяси жүйені қалыптастыру саяси жүйелерді жаңалау процесінің мәні ретінде.
Қоғамның саяси жаңалау
Саяси процесс және саяси қызмет
Саяси процесс ұғымы, оның мәні және негізгі сипаттамасы. Саяси процестің құрылымы. Саяси процестің өмір сүруінің режимі. Саяси процесс сатылары (фазалары).
Саяси процестің типологиясы. Сыртқы және ішкі саяси процестер. Ашық және жасырын саяси процестер.
Саяси процесс субъектілер қызметінің жиынтығы ретінде. Саяси әрекеттер сипаттамасы. Саяси әрекеттердің түрлері. Саяси жүріс- тұрыс және оның формалары. Әлеуметтік топтардың жүріс- тұрысындағы стихиялық пен ұйымшылдықтың арақатынасы. Саяси шешім: дайындау, жете зерттеу және жүзеге асыру. Саяси бағытты анықтау мен іске асырудағы саяси институттар рөлі.
Қазақстан Республикасындағы саяси процестер.
Саяси сана және саяси мәдениет
Саяси сананың мәні. Саяси сана қалыптасытрудың жолдары. Саяси сананың формасының қалыптасуы: саяси теория, мемлекеттік- паритиялық және бұқаралық саяси сана. Саяси сананың құрылымы. Қоғамдық пікір.
Саясат және мәдениет. Саяси мәдениет ұғымы. Саяси мәдениет тұжырымдамасы. Саяси мәдениетті қалыптастырудың құрылымдық элементтері: саяси сана, саяси жүріс-тұрыс, саяси тәжірибе. Саяси субмәдениеттер: аймақтық, социоэкономикалық, этнолингвистикалық, діни, жас шамасы.
Саяси мәдениет функциялары: реттеушілік, ықпалдастық, танымдық, коммуникативтік, тәрбиелік және т.б.
Саяси мәдениеттің типологиясы. Саяси мәдениеттің үш типі: патриархалды, азаматтық, белсенділік. Саяси мәдениеттің авторитарлық және демократиялық типтері.
Саяси әлеуметтену ұғымы. Демократиялық саяси мәдениетті қалыптасытру. Қазіргі Қазақстан саяси мәдениетінің ерекшеліктері және Қазақстан Республикасындағы әлеуметтену проблемалары.
Саяси элита және саяси көшбасшылық
Саяси элита ұғымы. Элитаның классикалық теориялары. Саяси элиталар өмір сүруінің факторлары. Саяси элиталардың функциялары: стратегиялық, ұйымдық, интегративтік және т.б. Саяси элитаның жіктелуі. Қазіргі элита теориялары. Бюрократизм саяси феномен ретінде.
Элиталар мен көшбасшылар саясат субъектілері ретінде. Саяси элитаны қалыптастыру тәсілдері. Саяси көшбасшылықтың теориялары: белгі теориясы, жағдайлық тұжырымдама, психолгиялық тұжырымдамалар, интегративтік амал.
Саяси көшбасшылықтың типологиясы. Саяси көшбасшылықтың түрлері.
Қазіргі Қазақстандағы саяси көшбасшылық институты және саяси элита.
Қазақстан Республикасының президенттік институты мемлекеттік басқарудың тарихи қажетті формасы ретінде. Қазіргі Қазақстанның саяси көшбасшылары.
Саяси технологиялар
Саяси технологиялар ұғымы. Саяси
технологиялар саясаттанудың
Саяси технологиялардың қоғамдық- саяси өмірді танып білудегі маңызы. Саяси технологиялардың типтері.
Саяси технологияларды қалыптастыру және олардыі қазіргі дүние жүзінде рөлінің артуы.
Саяси талдаудың мәні және ерекшеліктері. Саяси талдау процесі және оның негізгі кезеңдері. Саяси талдаудың әдістері. Саяси ақылдасу. Ақылдасудың сатылары және тәсілдері. Саяси шешімдерді қабылдау. Мемлекеттік саясатты қалыптастыру технологиялары. Дағдарыстық технологиялар. Саяси жанжалдарды реттеудің технологиялары. Ақпаратты технологияларды қалыптастырудың факторлары. Шешім жасау мен қабылдауды ақпараттық технологиялары. Ақпаратты рыноктағы технологияның ерекшеліктері. Ақпаратты рыноктағы мемлекеттің стратегиялық тәртібі.
Үгіт- насихат типті ақпараттық технологиялар. Паблик технологиялар (PR).
Ақпараттық саяси рыноктағы компьютерлік технологиялар. Интернет мазмұны және технологиялары.
Сайлау жүйесі. Пропорционалды сайлау жүйесі. Мажоритарлық сайлау жүйесі. Аралас сайлау жүйесі, сайлау науқаның ақпараттық талдаумен қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы сайлау жүйесінің типін анықтау проблемасы. Сайлау науқанының стратегисы. Сайлау науқанының тактикасы.
Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар
Дүниежүзілік саясат ұғымы. Халықаралық қатынастар жүйесі. Саяси, экономикалық, идеологиялық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени және басқа да байланыстар мен халықаралық қатынастар субъектілерінің арасындағы қатынастардың жиынтығы ретінде. Халықаралық қатынастар субъектілері (мемлкет, халықаралық ұйымдар). Халықаралық қатынастардағы қажеттіліктеро мен мүдделер, нормалар және құндылықтар. Халықаралық қатынастардың типтері мен түрлері. Геосаясат.
Халықаралық институттар, олардың
түрлері, мақсаттары және өмір сүру ерекшеліктері.
Халықаралық қатынастардың
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты, оның көпбағыттылық сипаты.
Қазіргі заманның жаһандық проблемалары
Қазіргі заманның жаһандық проблемалары ұғымы және типтері: ядролық соғысты болдырмау және жаппай қырып-жоятын ядролық қаруды қолданбау мен қысқарту, экологиялық, демографиялық және азық- түлік проблемалары. Лаңкестік және экстримизм проблемалары, есірткіні өндіру және тарату (есірткі бизнесі және есірткі трафигі), дамушы елдердің артта қалуы мәселелері. Жаһандық проблемаларды шешудегі халықаралық ынтымақтастық. Адамзаттың XXI ғасырдағы әлеуметтік- саяси дамуына болжам жасау. Жаһандық проблемалар, халықаралық ұйымдар.
Қазіргі заманның жаһандық проблемалары жүйесіндегі Қазақстан.
Саяси болжамдау
Саяси болжамдау ұғымы, мәні мен ерекшеліктері. Саяси болжам аясы және негізгі принциптері. Саяси болжамдаудың мақсаты, объективті негіздері және міндеттері. Болжамдаудың кезеңдері және типтері. Ғылыми болжамның әдістері және құралдары. Саяси болжамдаудың негізгі әдістері және олардың өлшемдері (критерийлері).
Саяси болжамның функционалдық
міндеттері. Негізгі функциялары: нормативтік,
шамамен алу, алдын ала істеу (сақтық).
Қазіргі Қазақстанда саяси
Егемен Қазақстанның саяси проблемалары
Егемен Қазақстанның саяси
нақтылық ретіндегі қалыптасуы
мен дамуы. Қазақстан
Қазақстанда егемендік пен демократияның қалыптасу кезеңдері:проблемалар және қиындықтар. Қазақстан қоғамының қазіргі кезеңдегі даму тенденциясы тұрғысынан саяси жаңарудың ерекшеліктері.
Ұлттық идеяны және мемлекеттік идеологияны жасаудың проблемалары.
Қазақстан Республикасында плюралистік демократияны қалыптастыру жолдары. Посттоталитарлық қоғамның саяси даму тәжірибесінің халықаралық маңызы.
1.2. «Саясаттану» жалпы білім беру курсы бойынша
СИЛЛАБУС
1. Ибраев Ержан Ерсайынұлы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультеті, «Саясаттану» кафедрасының аға оқытушысы
Байланыс телефоны: 353738 (40-27, 40-22)
Ғылыми қызығушылығы: саясаттану, саяси партиялар, сыртқы саясат, ұлттық қауіпсіздік
Ғылыми мектеп: Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультеті, «Саясаттану» мамандығы
2. Оқу пәнінің атауы, коды және кредиттер саны: «Саясаттану», 2 кредит