Саясаттану пәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 18:41, доклад

Описание работы

Саясаттану курсының негізгі мақсаты студенттерге саяси өмір саласындағы күрделі құбылыстар мен тенденцияларға өз бетінше талдау жасау дағдысын ұялату, саясат туралы қажетті білім беру, студенттердің санасында ұғымдық ақпаратты қалыптастыруға ықпал ету.
“Саясаттану” пәнін оқып білу студенттердің саяси дүниетанымы мен саяси мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, олардың Қазақстан Республикасы алдында тұрған міндеттерді шешуге белсенді қатысуына септігін тигізеді.

Работа содержит 1 файл

sayasattanu.doc

— 696.00 Кб (Скачать)

Өкілдік демократияда халықтың еркі депутаттарға және биліктің өкілетті органдарына беріледі. Азаматтар  өздерінің көзқарастарының, мақсаттарының, бағдарламаларының жақындығына байланысты депутаттарды сайлайды, оларға өз мүдделерін қорғауды сеніп тапсырады. Оның жақсы жақтары – еңбектің айқын бөлінуі, шешім қабылдайтын адамдардың құзыреттілігі мен жауапкершілігі. Осал жағы – сайлау аралығында халықтың биліктің шеттетілуі, басқарудың бюрократиялануы, авторитарлық үрдістің өрістеуі және т.б.

 

6- т а қ ы р ы п 

ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ САЯСИ ЖҮЙЕЛЕР

Ж о с п а р ы:

Саяси жүйе ұғымы, құрылымы және түрлері

Саяси жүйенің дамуы, саяси тұрақтылық және тұрақсыздық

 

Саяси жүйе ұғымы, құрылымы және түрлері

Саяси жүйе дегеніміз қоғамдағы  адамдардың саяси іс-әрекеттерін  анықтайтын, бағыттайтын және бақылайтын институттар мен ұйымдар, нормалар мен принциптер жиынтығы.

Саяси жүйе төмендегідей құрылымнан тұрады:

Институционалды, мұнда мемлекет, саяси партиялар мен ұйымдар кіреді;

Нормативті құрылым, бұған заңдар, жазылған немесе жазылмаған нормалар мен принциптер жатады;

Мәдени құрылым, саясаттың ішкі эмоционалды жақтарын қарасырады

Коммуникативті құрылым қоғамдағы  саяси билік қатынастарын қамтиды;

Функционалды құрылымға әр түрлі  саяси рөлдер мен қызметтер жатады.

Саяси жүйенің жұмыс жасап, дамуы  оның «кірісі» мен «шығысына» байланысты. Кіріске жататындар: талап тілектер, мүдде, мұқтаждықтар, қолдаулар немесе кеілпеушіліктер. Осы кіріске жауап ретінде саяси жүйе жұмыс жасайды. Ол шығыс деп аталады. Оған жататындар: заңдар, шешімдер, бұйрықтар, реформалар және тағы жа басқалары. Саяси жүйенің басқа қоғамның жүйелерден айырмашылығы, онда күш көрсету құқы бар.

Батыс саясаттанушыларының арасында саяси жүйені келесі түрлерге жіктейді: ағылшын-америкалық, құрылықтық-еуропалық, индустрияланбаған немесе жартылай индустрияланған, тоталитарлық.

Саяси жүйенің ағылшын-америкалық түрі ондағы саяси мәдениеттің бірыңғайлылығымен, біртектілігімен сипатталады. Бұл елдерде мемлекеттің алдына қойған саяси мақсат-мұратын және оған жетудің жолдары мен әдіс-тәсілдерін халықтың бәрі қолдайды. Ол мәдениет еркіндік, тиімді есепқорлық, пысықтық, ұқыптылық, сяаси либерализмге негізделген.

Құрылықтық-еуропалық саяси жүйенің ұсынатын құндылықтары әр түрлі келеді. Онда ескі мәдениеттің жұрнақтары мен жаңа мәдениет астарласып жатады.

Индустрияланбаған немесе жартылай индустрияланған  саяси жүйеде батыстың құндылықтары, этникалық салт-дәстүрлер, діни әдет-ғұрыптар шоғарланған. Мемлекет биліктері анық бөлінбеген.

Тоталитарлық жүйеде саяси мәдениеттің  таптық сипаты бар. Сырттай қарағанда  ол біртектес сияқты. Оның құндылықтарын  қоғамның барлық мүшелері қолдай бермейді. Бірақ ол мойындауды еріксіз жасайды. Билеуші партия саяси жүйенің барлық элементтерінің іс-әрекетіне бақылау жасайды.

Саяси жүйенің дамуы, саяси тұрақтылық және тұрақсыздық

Саяси тұрақтылық дегеніміз – қоғамның саяси жүйесінің қоғамдық өзгерістерге уақытында жауап беріп, шиеленістерді  дер кезінде шеше алу жағдайын айтамыз.

Саяси тұрақтылықтың үш түрі бар: абсолютті, статикалық, динамикалық.

Абсолютті тұрақтылық тек теориялық  тұрғыдан зерттелген жағдай. Статикалық тұрақтылық дегеніміз мемлекеттің  тарапынан орнатылатын тұрақтылықты айтамыз. Ал динамикалық тұрақтылық дегеніміз халық тарапынан да, мемлекеттік билік тарапынан да сол тұрақтылықты орнатуға деген мүдде мен белсенділікті айтамыз.

Саяси тұрақтылықты орнатудың екі  жолы бар. Олар: дамыған демократия арқылы орнату және диктатура арқылы. Екі жолдың қайсы жағымды, қайсы жағымсыз екені қазіргі таңдағы ең даулы мәселелердің бірі болып табылады.

Саяси тұрақсыздық дегеніміз –  қоғамның саяси жүйесінің сыртқы және ішкі саяси шешімдерге байланысты тәуекелділікке баруы. Саяси тұрақсыздықтың екі түрі болады: экстрозаңды және өкіметтік. Экстрозаңды тұрақсыздыққа жататындар: терроризм, соғыс т.б. Ал өкіметтік тұрақсыздыққа жататындар: мемлекеттің ішкі саясатына байланысты қабылданған шешімдерге байланысты, мысалы: сайлау, реформа, заң, болатын өзгерістер.

Кез келген саяси тұрақсыздықты алдын ала байқап білуге болдады. Оның негізгі белгілері:

Қоғамның құндылықтарын үлестірудегі әлеуметтік теңсіздік деңгейі;

Этносаралық және діни шиеленістер  деңгейі;

Конституциялық құқықтың бұзылу деңгейі;

Солшыл радикалды идеялар деңгейі;

Саяси плюрализм деңгейі.

 

 

7- т а қ ы р ы п 

МЕМЛЕКЕТ ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНІҢ  НЕГІЗГІ ИНСТИТУТЫ РЕТІНДЕ

Ж о с п а р ы:

Мемлекет ұғымы, пайда болуы, негізгі  тұжырымдамалары

Мемлекет түрлері мен қызметі

 

Мемлекет ұғымы, пайда  болуы, негізгі тұжырымдамалары

Г. Гегель «Әрбір мемлекет өзіне сәйкес, сай келетін мемлекетті құрады».

Мемлекет ұғымы екі мағынада қолданылады. Біріншісі, «ел», «жұрт» деген  мағынада тұтас территориясы халқымен алып түсіндірілсе, екіншісінде тек  жоғарыды қолында билігі бар басшылар тобын ғана айтады.

Мемлекеттің белгілері:

Территория

Тәуелсіздік немесе егемендік

Мемлекеттік билік

Халық

Салық салу құқығы

Мемлекеттің пайда болуы туралы бірнеше тұжырымдамалар бар. Олар:

Қоғамдық келісім теориясы (Дж. Локк, Т. Гоббс);

Т. Гоббс: Мемлекет әлеуметтік келіспеушіліктерді шешуге және күш көрестуді легитимді қылдыру үшін құрылған.

Дж. Локк:  Мемлекет билікті шектеу мақсатында құрылған

Зорлық-зомбылық тұжырымдамасы (Л. Гумплович);

Маркстік концепция (К. Маркс);

Теологиялық тұжырымдама (А. Августин);

Патриархалдық теория (Конфуцийден  бастау алады).

Мемлекет түрлері мен  қызметі

Мемлекет бірнеше түрлерге бөлінеді.

Басқару түріне байланысты: монархия (абсолюттік, дуалистік және конституциялық) және республика (президенттік, парламенттік және аралас).

Абсолюттік монархияға Сауд Аравиясы, Катар, Кувейт, Оман, Бруней жатады.

Конституциялық монархияға Бельгия, Испания, Люксембург, Монако, Ұлыбритания, Дания, Швеция, Нидерланды, Жапония, Норвегия жатады.

Дуалистік монархияға жататындар: Иордания, Марокко, Тунис.

Абсолютік монархияның белгілері:

    • монарх билігі Конституция немесе заңдармен шектелмеген;
    • Парламент жоқ, немесе оның іс-қимылы барынша шектелген.

Конституциялық монархияның белгілері:

    • Конституция монарх билігін шектейді;
    • монарх мемлекет символы ретінде, бірақ нақты биліктік құзыреті жоқ;
    • үкімет монарх алдында жауапты емес.

Дуалистік монархия белгілері:

    • билік монарх пен парламент арасында бөлінген;
    • монарх үкіметті тағайындайды;
    • монарх парламент шығарған заңға вето жариялай алады.

Парламенттік республикаға жататындар: Италия, Германия, Израиль, Индия, Греция, Австрия.

Президенттік республикаға жататындар: АҚШ, Индонезия, Иран, Ирак, Кипр, Швейцария (бұл мемлекетте үкіметтің міндетін президент атқарады, ол Парламент (Федералдық Жиын) арқылы Федералдық Кеңес (Үкімет) мүшелерінен бір жыл мерзімге сайланады, бір-ақ рет).

Президенттік республика белгілері:

    • Президент мемлекет басы және атқарушы билікті басқарады;
    • Президент үкіметті құрады;
    • Үкімет президент алдында жауапты;
    • Президент парламент шығарған заңдарға вето қоя алады.

Парламенттік республика белгілері:

    • Мемлекеттегі басты күш Парламент болып табылады;
    • Президентті парламент сайлайды;
    • Үкімет парламент алдында жауапты;
    • Үкімет парламентте көп орын иеленген партия арқылы құрылады;
    • Парламент үкіметке сенімсіздік вотумын жариялай алады.

Аралас республикаға жататындар: Франция, Перу, Португалия, Финляндия, Исландия.

Оның белгілері:

    • Президент жалпы сайлау арқылы сайланады;
    • Президент кең құзыреттерге ие;
    • Президент пен атқарушы билікті басқаратын премьер-министр Парламент алдында жауапты.

Мемлекеттік құрылымына байланысты: унитарлық (Польша, Франция, Турция, Египет, Япония, Швеция), федеративтік (Россия, АҚШ) және конфедеративтік болып  бөлінеді.

Унитарлық мемлекетті біріктіреді:

    • ортақ Конституция;
    • ортақ заң шығарушы орган;
    • ортақ әкімшілік-территориялық бөліну;
    • ішкі шекараның болмауы;
    • ортақ саясат.

Унитарлық мемлекеттің кемшіліктері:

    • заң шығарушы аппараттың икемсіздігі;
    • аймақтардың мәселелерін ескермеу;
    • этностық топтардың пікірімен санаспау.

Федеративті мемлекет белгілері:

    • бірнеше Конституция, азаматтық құқық бар;
    • федеративті және аймақтық сот және атқарушы билік қатар жұмыс істейді;
    • территориялық бірліктердің өз бетімен федерациядан шығуға құқығы жоқ;
    • саяси салада орталыққа бағынған.

Конфедерация белгілері:

    • ортақ Конституция жоқ, тек құжаттарды қабылдағанда бірігеді;
    • азаматтық ортақ емес;
    • ортақ конфедеративтік сот жүйесі жоқ.

Діни белгісіне байланысты: зайырлы  және діни болып бөлінсе, саяси режимнің қалыптасуына байланысты демократиялық, авторитарлық және тоталитарлық болып үшке бөлінеді.

Негізгі приоритетті қызметіне  байланысты құқықтық және әлеуметтік деп бөлеміз.

Қазақстан Республикасы осылырдың  ішінде қайсына жатады?

Мемлекет негізгі екі қызмет атқарады: ішкі және сыртқы. Ішкі қызметіне  жататындар:

    • экономикалық салады мемлекет кәсіпкер, жоспаршы, уйлестіруші ретінде мәселелерді шешеді;
    • әлеуметтік өмірді ұйымдастырады;
    • заңдылықты қамтамасыз етеді;
    • мәдени-тәрбиелік салада жұмыс атқарады;
    • Сыртқы қызметіне жататындар:
    • мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау;
    • өзін-өзі билеу, егемендігін сақтау;
    • ауқымды мәселелерді шешуге араласу;
    • басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасау;

Сайып келгенде мемлекеттің басты  міндеті – қоғамның тұрақтылығын орнатып, қалыпты тіршілігіне жағдай жасау.

 

 

 

 

 8- т а қ ы р ы п

ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ

Ж о с п а р ы:

Құқықтық мемлекет пен азаматтық  қоғам мәні

Қос ұғымның бір-біріне қажеттілігі  мен өзара қатынасы

 

Құқықтық мемлекет пен  азаматтық қоғам мәні

Бұл екі ұғым көптің аузына соңғы жылдары ғана ілікті. Бұрын 20-жылдары, кейінірек алпысыншы жылдардың басында біршама қолға алынып, кейін ұмыт болған-тын. Оның есесіне жалпы халықтық мемлекет және қоғамдық өзін-өзі басқару тіркестері қолданыла бастаған.

Қазір азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет қайтадан құжаттарға еніп, ғалымдар ден қоя бастады. Ал шындығында бұл екі ұғымның мән-мазмұны неде, ара-қатынасы қандай, шығыстық ойда қандай көрініс тапқан? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрелік.

Азаматтық қоғам тарихи жағынан  мемлекеттен бұрын пайда болған,\. Азаматтық қоғам-адамдардың өмір сүруіне, тіршілік етуіне қажетті өзара қарым-қатынасының шарты. Өйткені адам тіршілік ету үшін бір-бірімен қатынас жасап, өзара қауымдасып еңбек етеді. Сөйтіп адамдар жаңа материалдық игіліктер жасайды, сол игілікті бөлісу, айырбастау, бірлесіп пайдалану үшін, бір сөзбен айтқанда, тіршілік тоқырап қалмау үшін түрлі әрекеттер жасайды, отбасы құрылып, бала сүйеді, топтарға, ұйымдарға бірігіп өз мүдделерін қорғайды. Адамдардың қауымдасуы өзінің белгілі бер даму кезеңінде өз қауымдастарының жеке бастары мен отбасы мүшелерінің, бірлестіктері мен ұжымдарының мүддесін қорғау, тыныштығын қамтамасыз ету үшін саяси күшті қажет етеді. Мұндай күш ретінде өмірге мемлекет келеді.

Информация о работе Саясаттану пәні