Саясаттану пәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 18:41, доклад

Описание работы

Саясаттану курсының негізгі мақсаты студенттерге саяси өмір саласындағы күрделі құбылыстар мен тенденцияларға өз бетінше талдау жасау дағдысын ұялату, саясат туралы қажетті білім беру, студенттердің санасында ұғымдық ақпаратты қалыптастыруға ықпал ету.
“Саясаттану” пәнін оқып білу студенттердің саяси дүниетанымы мен саяси мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, олардың Қазақстан Республикасы алдында тұрған міндеттерді шешуге белсенді қатысуына септігін тигізеді.

Работа содержит 1 файл

sayasattanu.doc

— 696.00 Кб (Скачать)

«БЕКІТЕМІН»

Журналистика және саясаттану

                                                                                 факультетінің деканы

                                                                Н.О.Омашев

                                                                        ________________

                                                                                          «___»    _____________2010ж.

                                                           №1 хаттама

 

 

 

 

 

 

 

 

 

САЯСАТТАНУ

 

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ КУРСЫ  БОЙЫНША 

 

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана - 2010

 

ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН  - ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША 2007ж. дайындалған типтік оқу бағдарламалары негізінде құрастырылды

 

Оқу әдістемелік кешенді жасаған

                                                                                 аға оқытушы Е.Е.Ибраев

 

Оқу -әдістемелік кешеннің мазмұны

 

  •  Пәннің типтік оқу бағдарламасы немесе ГОСО;
  •  Силлабус;
  •  Студент үшін оқу пәнін игеру бағдарламасы;
  •  Оқу пәні бойынша тапсырмалардың орындалуы мен тапсыру кестесі;
  •  Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы;
  •  Дәріс кешені (дәріс тезистері, иллюстрациялық және қолға берілетін материал, ұсынылған әдебиеттердің тізімі);
  •  Семинар сабақтарының жоспары;
  •  Пәнді оқытудағы әдістемелік ұсыныстар;
  •  Курстық жобаларды орындаудағы әдістемелік ұсыныстар;
  • Студенттің өзіңдік жұмысына арналған материалдар (үй тапсырмасының терілген мәтіні, әрбір тақырып бойынша өзін-өзі бақылауға арналған материалдар, рефераттар);
  • Студенттердің оқу жетістіктерін бақылау мен бағалауға арналған материалдар (жазбаша бақылау тапсырмалары, тест тапсырмалары, өзіңдік дайындыққа арналған сұрақтар тізімі, емтихан билеттері және т.б.);
  • Оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық қамтамасыз етуі;
  • Арнайы аудиторялар, кабинеттер және лабораториялардың тізімі; 
  •  

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    1.1. САЯСАТТАНУ ПӘНІНІҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

    Авторлар:

    Философия ғылымдарының докторы, профессор  Әбсаттаров Р.Б.

    Философия ғылымдарының докторы, профессор  Балғынбаев А.С.

    Саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Романова Н.В.

    Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Дакенов М.

    Философия ғылымдарының кандидаты, доцент Хан И.Г.

     

    Алғы сөз

    Саясаттану курсының негізгі мақсаты  студенттерге саяси өмір саласындағы  күрделі құбылыстар мен тенденцияларға өз бетінше талдау жасау дағдысын ұялату, саясат туралы қажетті білім беру, студенттердің санасында ұғымдық ақпаратты қалыптастыруға ықпал ету.

    “Саясаттану” пәнін оқып білу студенттердің саяси дүниетанымы  мен саяси мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, олардың Қазақстан Республикасы алдында тұрған міндеттерді шешуге белсенді қатысуына септігін тигізеді.

    Курстың міндеттері студенттерді Қазақстандағы  және одан тыс жерлерде жүріп жатқан саяси процесстерді ұғынуға және еркін бағдарлай алу ептілігіне тәрбиелеу.

    Курсты оқу нәтижесінде  студент мынаны білуі қажет:

    • саясаттың мәні, мүмкіндіктерін, шекараларын, келешегін және негізгі түрлерін;
    • саяси биліктің мәнін, жүйесін, көздері мен функцияларын;
    • саяси процестердің мәнін және саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың олардағы рөлін, соның ішінде Қазақстан Республикасындағы саяси процестерді.

    Саясаттануды оқып білу келесі оқу  пәндерінен алынған білімдергі сүйенуі  қажет: философия, әлеуметтану, экономия теориясы, құқық негіздері, тарих  және дін тану, мәдениеттану, психология сияқты оқу пәндерімен қатар өтілуі қажет.

    Қазіргі кезеңде саясаттануды оқытуда  саясаттанудың өз алдына жеке оқу  пәні екенін, оның рөлінің үздіксіз артып отырғанын есепке алу керек.

    Ұсынылып отырған “Саясаттану” курсының бағдарламасы соңғы жылдардағы Қазақстан мен ТМД елдеріндегі пәнді оқыту тәжірибесі негізінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік стандартына сәйкес құрылған.

    Құндылықтарды қайта бағалау жүрді, ең басты құндылық- тұлғаны саясаттанулық  тұрғыдан тану өзгерді.

    Авторлар дүниежүзілік саяси ғылымдардың  маңызды проблемаларын, ғылыми игерілу  деңгейін, сонымен қатар Қазақстан  қоғамын және жалпы  бұрыңғы кеңестік  кеңічстігі елдерінің реформалау  тәжірибесін теориялық қорытындылауды назарға алды.

    Әлеуметтік- гуманитарлық білім жүйесіндегі идеялардың өзіндік катализаторы іспеті ерекше артып отыр.

    Қазақстанда, өзге де ТМД елдеріндегідей, саясаттану тоталитарлық жүйе күйрегеннен  кейін және тәуелсіздік алғаннан соң барып дами бастады. Сол кезден бастап ол жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына енді. Сол тұста типтік бағдарламалар дайындалды және алғашқы оқулықтар жасалды. Алайда саяси практика мен ғылым дамуының жаңа кезеңінде оларды елеулі  жаңалаудың қажеттілігі туды. Жаңа типтік бағдарламаны дайындаудың өзі де осымен байланысты, ал оның мазмұны төменде баяндалып отыр. Кафедралар жоғары оқу орындары мен факультеттердің  бағдарларын ескеріп, тақырыптар бойынша сағаттарды анықтап бөлуге құзырлы.

     

     

    Негізгі бөлім

    Саясаттану- ғылым

    Саясаттанудың объектісі  мен пәні. Саясаттану саясат туралы, билік, саяси жүйелер, процестер жөніндегі ғылым. Саясаттанудың пәнін анықтаудағы негізгі амалдар.

    Саяси философия, саясат әлеуметтануы, саяси этика, саяси тарих саяси  ғылымдардың құрамдас бөлімдері  ретінде. Саясаттанудың заңдары  мен категориялары, әдістері мен функциялары. Салыстырмалық, жүйелік, бихевиористік, әлеуметтанулық, психологиялық, институционалдық, тарихилық әдістер. Антропологиялық амал.

    Саясаттанудың функциялары: прогматикалық, түсіндірушілік, болжам жасаушылық, аксиологиялық, тәжірибелі және т.б.

    Саясаттанудың әлеуметтік- гуманитарлық білімдер жүйесіндегі орны. Саяси  ғылымдардың құрылымы оның парадигмалары. Саяси ғылымдардың және  практиканың  байланысы.

    Саяси ғылымдардың негізгі  кезеңдері мен қалыптасуы

    Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар (буддизм, конфуцийшылдық, досизм, легизм). Каутиль Маккиавелизмнің негізі. Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римдегі саяси ойлар (Платон, Полибий, Аристотель, Цицерон). Орта ғасырлық Шығыстағы саяси ойлар (әл-Фараби, Ганджеви, Низами, Әлішер Науаи). Саяси ойлар тарихындағы Еуропалық орта ғасыр (Марк Аврелий, Фома Аквинский, Мартин Лютер). Қайта өркендеу дәуіріндегі зайырлы саяси ойлар (Н.Макиавелли, Томас Мор, Жан Боден).

    Еуропалық ағартушылық дәуірдегі  саяси идеялар. (Томас Гоббс, Джон Локк, Шарль Луи Монтескье, Жан-жак Руссо). Т.Джефферсон мен А.Гамильтонның саяси көзқарастары. XIX- XX ғасырлардағы әлеуметтік – саяси идеялар мен ағымдар: либерализм, консерватизм, марксизм.

    XX ғасырдағы шетелдік саяси ой-пікірлер (В.Парето, Д.Истон, Т.Алмонд, М.Дюверже  және т.б.).

    Қазақстан саяси ойларының  тарихы

    Қазақстан саяси ойларының қалыптасуы мен дамуы. Жүсіп Баласағұни, Қорқыт ата, Қожа Ахмет Яссауидің көзқарастары. Фольклор- қазақ типтік бағдарламада саясаттанудың негізгі тақырыптары  мен мәселелері, сонымен қатар  Республикада және басқа да ТМД елдерінде жарық көріп, қазіргі уақытта жинақталған оқу және оқу- әдістемелік әдебиеттер қамтылды.

    Бағдарламаның құрылымы оқу құралдары  және саяси ғылымдар бойынша қолданылып жүрген бағдарламалар құру тәжірибесін  ескерді.

    Типтік бағдарламаны жасаушылар оның жаңа оқу технологияларын, талаптарын, елдің дүниежүзілік білімдік кеңістікте ықпалдасу байланысын және білім саласындағы халықаралық конвенцияларға қосылуын, атап айтқанда, Болон конвенциясына қол қоюын есепке алды. Бағдарлама құрылымға түзетулер енгізумен қатар саяси білімнің мазмұны және жұмыс түрлері бойынша  оқу материалдарын мейілінше  толық бөлуді ойластырған несиелік технологияның талаптарына сәйкес құрылған.

    Лекциялық курстың тақырыптарының сұрақтарымен қатар шамамен  белгіленген семинар сабақтарының  тақырыптары, силлабусты ескеріп, студенттердің өз бетінше орындайтын жұмыстарының сұрақтары мен рефераттарының тақырыптары берілген.

    Бағдарламаны дайындаушылар классикалық  мұраларды, сонымен қатар Отандық  және шетелдік саясаттанушылардың үздік еңбектерін сақтай отырып, библиографикалық аппаратты жаңартуға тырысты.

    Ұсынылған әдебиеттер тізімінің саясаттану ғылымына тікелей қатысы бар, Қазақстан  Республикасында шыққан оқу құралдары  мен монографиялар енгізілді. Қазіргі  талаптарға орай  әдебиеттер негізгі және қосымша болып, бөлініп берілді.

    Бағдарламаның құрылымы жоғары оқу  орындарының және мамандықтардың бағыттарын ескеруге мүмкіндік береді.

    Кез келген бағдарлама саяси ғылымдарды барынша толық қамти алмайды. Сондықтан авторлар ұжымы оны жетілдіру және жаңалау бағытында одан әрі жұмыс істеуді дұрыс деп санайды.

    Пәннің мазмұны

    Кіріспе

    Саясаттану Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы құрылымдық бөлімі Юнеско міндетті түрде оқытылатын пәндер тізіміне енгізіп бекіткен әлуметтік- гуманитарлық білім жүйесіндегі маңызды оқу пәні. Саясат қазіргі қоғамның  тіршілік әрекеті аспектісі ретіндегі оның объектісі болып табылады.

    Саясаттану саясаттың өмір сүру заңдарын, оның тарихи дамуын зерттейді. Саясаттанудың мазмұны сонымен қатар, билік, мемлекетаралық қатынас мәселелерінен де тұрады.

    Саясат теориясы антикалық дәуірден бастап, бүкіл өркениет тарихы бойы дамыса да қоғамдық білім саласы ретінде  саясаттану XIX ғасырдың екінші жартысы  мен XX ғасырдың бірінші жартысында ғана қалыптасты. Қарқынды дамушы ғылым ретіндегі саясаттанудың маңызы бүкіл халқының саяси ой- пікірлерінің қайнар көзі. Тәуке хан заңдары. “Жеті жарғы”- маңызды саяси құжат.

    XIX ғасырдағы қазақ ағартушыларының  саяси көзқарастары (Ш.Уәлиханов,  Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев).

    XX ғасыр басындағы Қазақстандағы саяси ойлар. Ә.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың, М.Шоқаевтың, М.Тынышпаевтың, Х.Досмұхамедовтың, Т.Рықұловтың, С.Садуақасовтың, С.Қожановтың, М.Жұмабаевтың, С.Торайғыровтың, Ж.Аймауытовтың, С.Сейфуллиннің, Б.Майлиннің, І.Жансүгіровтың және т.б. идеялары.

    Қазіргі жағдайдағы Қазақстандағы  саяси ой- пікірлердің ерекшеліктері  мен негізгі бағыттары.

     Салыстырмалы саясаттану

             Салыстырмалы саясаттанудың объектісі мен пәні. Салыстыру эмпирикалық зерттеулердің әдісі ретінде. Салыстырмалы саясаттанудың әдістері. XX ғасырдың 50 жылдарында саяси ғылымдардың жеке тарауы болып салыстырмалы саясаттанудың бөлінуі. Салыстырмалы саясаттануды қалыптастыруға ықпал ететін факторлар.

    Қазіргі салыстырмалы саясаттанудың  методологиясы. Салыстырмалы зерттеулерді типтері. Саяси институттар мен жүйелерге салыстырмалы талдау жасау. Әр түрлі қоғамда билікті бөлу саяси зерттеулердегі салыстыру объектісі.

    Қазақстан қоғамын, саяси жүйені реформалау жағдайындағы салыстырмалы саясаттанудың  рөлі.

     Саясат қоғамдық өмір жүйесінде

             Саясат ұғымы және оның пайда болуы. Қоғамның саяси саласының ерекшеліктері. Саясатты зерттеудегі теориялық амалдар және эмпирикалық парадигмалар.

    Саясат элементтері: билік, субъектілер, саяси ұйымдар, саяси сана, саяси  қатынастар және саяси мәдениет. Саясаттың негізгі түрлер: экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, аграрлық, мәдени, техникалық, әскери, ұллтық, халықаралық және т.б. түрлері.

    Саясаттың функциялары: басқару және реттеу, қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету.

    Саясаттағы мақсаттар мен құралдар. Саясат өнер ретінде.

    Саясаттың, моральдық және құқықтық арақатынасы.

    Саясат әлеуметтк күштер мен  мүдделердің бәсекелестігі ретінде.

    Ішкі және сыртқы саясат.

    Билік саяси феномен  ретінде

           Билік ұғымы. Билік тұжырымдамалары. Саяси билік ұғымы және оның ерекшеліктері. Саяси биліктің түрлері. Мемлкеттік билік саяси биліктің жоғарғы түрі ретінде.

    Информация о работе Саясаттану пәні