Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2012 в 08:30, курсовая работа
Қазақстан Республикасы егемендігін алғаннан бері экономикасы нарықтың өзгермелі процесінде қалыптасып келеді. Мемлекетіміздің пайда болуының алғашқы жылдары қиын жағдайда болғанмен, бүгінде жаңа реформалар, экономиканы тұрақтандыру шараларының алуан түрлілігі, күрделі стратегиялар ұлттық экономиканы алға жетелеуде. Осы орайда қойылған мақсаттардыың бірі – қор нарығы және бағалы қағаздар саласын дамыту болып табылады.
1-тарау. Қор нарығының теориялық аспектілері.
Қор нарығының түсінігі, атқаратын қызметтері.
Қор нарығы құралдары, инвестиция тарту механизмі ретінде.
Бағалы қағаздарды инвестициялаудың шетел тәжірибесі.
2-тарау. Бағалы қағаздардың инвестициялық белгілері.
2.1 Бағалы қағаздардың инвестициялық тартымдылық ерекшеліктері
2.2 2009-2011 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздардың инвестицияларын талдау
3-тарау. Бағалы қағаздарды инвестициялау проблемалары мен шешу жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар
Инвесторлар арасында орналасқан облигациялардың жағрафиялық үлестірімі мынадай болды: 40%-дан астам - АҚШ, 45%-дан аса – Еуропа мен Бірлескен Корольдік, 10%-нан аса - Азия. Халықаралық рейтинг агенттіктерінің облигацияларға берген рейтингтері мынадай болды: Baa2 (Moody’s), BB+ (S&P), BB+ (Fitch).Толығырақ 3 кестеден банктердің 2008 жылғы жағдайға сәйкес рейтингтерін көре аламыз.
2010
жылдан бастап банктер
3. Бағалы қағаздардың инвестициялық проблемелар мен шешу
жолдары
Қазіргі инвестициялық операцияларының дамуындағы кездесіп отырған мәселер өте көп, ол мәселелердің барлығы ішкі және сыртқы саяси, экономикалық, қаржы факторларына байланысты болып отыр. Атап айтатын болсақ, әлемдік қаржы нарығындағы дағдарыстар, мұнай бағасының өсуі, ақшаның құнсыздануынан, инфляцияның шарықтауы, несие операцияларының дамуына кері әсерін тигізуде.
Бүкіл дүниежүзілік экономика сияқты, Қазақстандық экономика да өзінің цикпдық дамуының объективтік сатысына енуде. Экономиканың ұзаққа созыпған қарқынды өрлеуінен кейін әдетте оның баяу өсу фазасы басталады. Бұны болуға тиісті шындық ретінде қабылдаған жөн. Экономика дамуының мұндай фазасының лайықты жағдайларына елдің одан әрі орнықты дамуы үшін елдегі қолда бар барлық резервтерді пайдалану кажеттігі, мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін тіпті кез – келген толықтай қолайсыз жағдайлардың өзінде барлық күштер мен қаражатты жұмылдыру жатады. Бұл өз кезегінде басқарушылар тарапынан терең білім мен шеберлікті, барлық нарыққа қатысушылар тарапынан сауатты менеджмент пен әрбір қазақстандықтың аса жоғары кәсіпқойлығын талап етеді. Мұндай жағдайларда елге макро-, сондай-ақ микро деңгейде, әсіресе қаржылық салада өтіп жатқан аса күрделі экономикалық құбылыстар мен процесстерді басқаруда жаңа әдістер қажет.
Халықаралық қаржы нарықтарының жағдаяттары ауысқан мерзімде мемлекеттік борышты өтеуге қызмет көрсетудің құны шамадан тыс жоғарылап, дағдарыс өткір кезеңге ауысты. Қор нарығындағы ахуал үлкен институтционалды инвесторлар үшін адекватты табысы бар қаржы құралдарынның тапшы екенін көрсетеді. Үлкен корпорациялардың акционерлерінің осы нарыққа капиталдың шығуына қызығушылық білдірмеуіне байланысты акция нарығы мүлдем жоқ.
Шетелдік инвестициялардың келуін ынталандыру саясаты отандық және шетелдік инвесторлардың теңсіз жағдайға қойылуына алып келді. Капиталдың елден жылысуының жалғасуы Қазақстан экономикасын дамытуға теріс әсер етіп отыр. Бүгін жағдай түбірімен өзгерді. Өтімділікке байланысты проблемалар банкілерді жеке, сондай-ақ занды тұлғалардың тартымды депозиттері бойынша сыйақы мөлшерін арттыруға мәжбүр етеді. Жекелеген банктер қазірдің өзінде осыған қарай қадам жасады, бұл ресурстардың біршама қымбаттауына әкеледі. Қаржы жүйесі дамуының жеткіліксіз деңгейде болуы, ол экономиканы монетаризациялау деңгейінің салыстырмалы түрде төмен болуынан және қолма-қол ақша айналымы үлесінің жоғары болуынан көрінеді. Экономиканың шикізаттық бағытта болуы салдарынан экспорттық валюта тұсімінің көлемі шикізаттың әлемдік бағасының конъюнктурасына тым тәуелді және өте-мөте тұрақсыз, ал бұл төлемдік баланс жағдайына және ұлттық валюта бағамының тұрақтылығына тікелей ықпал етеді.
Инвестиялар бойынша банктердің зиян шегуіне себеп болатын сыртқы факторлар қатарында бірінші орында компаниялардьң банкроттығьның тұруы тегін емес. Банктің кез келген қарыз алушысы мұндай факторларды басынан кешуі мүмкін. Сондықтан да қарыз алушының несиелік қабілетін талдай отырып, банк қызметкерлері міндетті түрде оның қаржылық, жағдайын толық, анықтап білуге тиіс. Банкроттықтың басты себептеріне басқарудағы жетіспеушілік, тиімді басқаратын ақпараттар жүйесінің болмауы, нарық, жағдайларындағы өзгерістер мен бәсекеге төселе алмауы, өз мүмкіндіктерінің шамадан тыс көбейіп кетуі, яғни ресурстардың жоқтығына қарамастан компанияның жылдам кеңеюі, акционерлік капиталдың жетіспеушілігі және заемдык, қаражаттардың үлесінің жоғарылығы жатады. Қарыз алушының сәтсіздікке ұшырауын куәландыратын белгілерге: шоттағы айналым қаражаттарының қысқаруы, алдында мерзімі ұзартылған несиелер бойынша төлемдердің уақытын созуын өтінуі (екінші рет мерзімі ұзартылғаннан кейін несие проблемалық несиелер қатарына жатқызылады) және басқаларды жатқызуға болады. Кәсіби қатысушылар жүйесіне келетін болсақ, бұл айтарлықтай тармақталған түрде: брокерлі-дилерлі компаниялар, регистраторлар, инвестициялық портфельдерді басқаратын кастодиандар және т. б. Алайда бүгінгі танда көңіл бөлуді талап ететін бірқатар мәселелерді көрсетуге болады. Брокерлі-дилерлі компаниялар капитализацияның жоғары деңгейіне ие бола отырып маркет мейкерлер ролінде нәтиже бере алмайды. Бұл жағдай бағалы қағаздарға сүраныстың және ликвидтіліктің болмауымен де байланысты. Өз кезегінде компаниялардың брокерлі-дилерлі төмен капитализациям және бағалы қағаздар нарығының төмен ликвидтілігі биржа нарығында клирингтік есептердің нәтижелі жүйесін құруға, бағалы қағаздарды қарызға беру операцияларын позицияларды жабу үшін ұйымдастыруға мүмкіндік бермейді, себебі брокерлік мекемелердің несиелік тұрақтылығы темен болып табылады.
Қазіргі
кезде жұмыс істейтін коммерциялық
банктер бағалы қағаздармен келісімдер
женіндегі есептесу жүйесі Т+0 қазақстандық
бағалы қағаздар нарығында шет елдік институционалды
инвесторлардың қызмет ету мүмкіншілігін
шектеп отыр. Инвесторлардың әртүрлі типтері
үшін есептесу жүйесінің градациясын
жүргізу қажет шығар, бұл Қазақстанның
бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығына
жаңа қатысушылардың келуіне ықпал етеді.
Сонымен қатар, Қазақстандық қор биржасы
келісімдердің сауданың аз көлемімен
және тәуекелдерді жабу үшін маржа бойынша
жоғары талаптарына байланысты орындалуына
кепілдік бермейтінін айта кету қажет.
Бұл міндетті түрде жеткізуге немесе келісімнің
нақты орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік
бермейді, бұл шет елдік инвесторларды
жұмылдыру және биржада сауданы активтендірудің
міндетті шарты болып табылады. Осының
барлығы Қазақстанның қор нарығына сыртқы
инвестицияларды жұмылдыру үшін нәтижелі
қызметті қаржылық механизм құруда қиындықтарға
алып келеді.
Инвестицияларды мемлекеттiк қолдаудың мақсаты экономиканың дамуы үшiн қолайлы инвестициялық ахуал жасау және осы заманғы технологияларды қолдана отырып, жаңа өндiрiстер құруға жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейту мен жаңартуға, қазақстандық кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға инвестицияларды ынталандыру болып табылады.
Инвестицияларды мемлекеттік қолдау ең алдымен келесілерден тұрады:
Бұл қолдаудың мақсаты – экономиканың басым секторларында тауар өндірісін, жұмыс пен қызмет көрсетудің жедел дамуын қамтамасыз ету үшін қолайлы инвестициялық климат жасау болып табылады.
Мемлекеттік
тікелей қолдаудың ортақ
Басқару процесі үшін инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды ынталандырудың шаралар жүйесі басты мәнге ие. Соның ішінде, жеңілдіктер жүйесі: бекітілген инвесторлардың мүддесін қорғау бойынша ҚР-ның берген кепілдері, сондай-ақ, келісім шартқа отыру мен оны бұзудың шарттары мен тәртібі қарастырылған. Қазіргі заманғы жағдайларда мемлекеттік инвестициялык саясатты күшейту Қазақстанда да жүргізілуге тиіс. Мемлекет экономиканы дамытудың ең басты қозғаушы күші болуға тиіс. Мемлекет қана инвестициялык, процестердің дамуына және ел ішінде ірі инвестицияларды ұзақ мерзімді жобаларда жүзеге асыруға түрткі бола алады. Жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасауда ғана емес, сонымен бірге қолда бар бос ресурстарды экономиканың нақты секторын кетеруге бағыттау үшін мамандандырылған институттар мен тетіктер қуруда да мемлекеттің релі болуға тиіс.
Мемлекеттік инвестициялық саясат бірінші кезекте, дайындалуы неғұрлым жоғары дәрежедегі, импорттық тауарлармен бәсекеге түсуге және оларды ішкі рыноктан ығыстыруға қабілетті енімдерді экспорттауға бағдарланған өндірісті дамытуға және қолдауға бағытта-латын болады.
Инвестициялық
саясат стратегиясы мынадай
Пайдаланған әдебиеттер
Список литературы
1. «Операции
с ценными бумагами», Е.В.
2. « Анализ и разработка инвестиционных проектов», В.П. Савчук, « Абсолют- В», 1999 г.
3. «Мастер финансы», Е.Н. Лобанова, «Тройка диалог», 2002 г.
4. «Ценные бумаги», В.П. Астахов, «Ассамит», 2001 г.
5. http://www.zapsibkombank.ru
6. «Управление портфелем инвестиций ценных бумаг», А.С. Шапкин, В.А. Шапкин, «Дашков и К», 2006 г.
7. «Инвестиции»,А.А. Иванов, А.В. Кучумов, «Элит- 2000», 2007 г.
8. «Финансовые инвестиции на рынке ценных бумаг», А.П. Иванов, «Дашков и К», 2007 г.
9. http://www.sbrf.ru- Сбербанк России, 4-й номер.
10. http://www.sng-producer.ru-
Журнал «Инвестиции плюс»