Қор нарығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2012 в 08:30, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы егемендігін алғаннан бері экономикасы нарықтың өзгермелі процесінде қалыптасып келеді. Мемлекетіміздің пайда болуының алғашқы жылдары қиын жағдайда болғанмен, бүгінде жаңа реформалар, экономиканы тұрақтандыру шараларының алуан түрлілігі, күрделі стратегиялар ұлттық экономиканы алға жетелеуде. Осы орайда қойылған мақсаттардыың бірі – қор нарығы және бағалы қағаздар саласын дамыту болып табылады.

Содержание

1-тарау. Қор нарығының теориялық аспектілері.
Қор нарығының түсінігі, атқаратын қызметтері.
Қор нарығы құралдары, инвестиция тарту механизмі ретінде.
Бағалы қағаздарды инвестициялаудың шетел тәжірибесі.

2-тарау. Бағалы қағаздардың инвестициялық белгілері.
2.1 Бағалы қағаздардың инвестициялық тартымдылық ерекшеліктері
2.2 2009-2011 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздардың инвестицияларын талдау
3-тарау. Бағалы қағаздарды инвестициялау проблемалары мен шешу жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар

Работа содержит 1 файл

курстық жұмыс 3 курс.docx

— 81.94 Кб (Скачать)

   Акцияларды сатып алу үшін қаржы брокеріне, яғни бағалы қағаздар нарығында қызмет көрсететін брокерлік компанияға жүгіну керек. Брокердің өзі акцияларды сатпайды, ол тек қор нарығында делдалдық қызметті атқарады. Бағалы қағаздарды сатып алмас бұрын, брокерлік компаниямен келісім-шарт жасасу керек.

   Акциялар  шаруашылық етуші субъектінің жарғылық капиталына құқықты білдіретін бағалы қағаз. Яғни, ол акция иегерінің акционерлік  қоғам меншігіне құқығын көрсетеді. Пайда дивиденд түрінде болатын  үлестік мерзімсіз бағалы қағаз.

    Акциялардың инвестициялық тартымдылығы кәсіпорын тұрақты жұмысының маңызды көрсеткіші болып табылады. Кәсіпорынның акцияларын шығаратын эмитент компанияның капиталын өсіру үшін ақша қаражаттарын көбірек тартуға тырысады, ал инвестор акциялармен келісімшарт жасасқанда максималды пайда алуға тырысады.

     Эмитенттер өзінің кәсіпорынының акцияларының тартымдылығын жоғарылату үшін әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданады. Бағалы қағаздар нарығында эмитенттердің негізгі мақсаты өзінің капиталын өсіру, өндірісті қаржыландырудың ыңғайлы тәсілдерін іздеу, компания акцияларының қажетті нарықтық бағасын  қолдау, стратегиялық маңызды инвесторларды тарту, сондай-ақ компанияны басқаруға қажетті акциялар пакетін сақтау және қолдау болып табылады.

     Акциялардың инвестициялық тартымдылығын талдау үшін инвесторлар эмитенттер ұсынған қаржылық есептен және бағалы қағаздарды сату нәтижелері бойынша алуға болатын статистикалық дереектерді үнемі зерттейді. Акциялардың инвестициялық тартымдылығын талдау бағалы қағаздар нарығы обылысында көптеген жылдар бойы экспорттармен жасалған әртүрлі математикалық моделдерді пайдалану арқылы жүргізіледі. Акциялардың инвестициялық тартымдылығын бағалау үшін Модильяни-Миллер теориясын және дивиденттердің сигналды теориясын қолданады.    

      Эмитент өзінің кәсіпорынының акцияларының  инвестициялық тартымдылығына әсер етуге мүмкіндігі бар. Әсер етудің тиімді тұтқалары кәсіпорынның қаржылық жағдайын жоғарылату негізінде жүргізілетін дивиденттік саясатты оптимизациялау болып табылады. Инвесторлар үшін акциялардың тартымдылығына әсер етудің тағы бір жолы биржада акциялардың бағалық сипаттамаларын қалыптастыру болып табылады.

   Қор нарығының келесі құралы облигацияны қарастырайық.  Облигация – қарыздық, акция – үлестік бағалы қағаз. Оларда ортақ белгілер де болады: бұл бағалы қағаздар, олардың екеуі де эмиссиялық, екеуі де мемлекеттік тіркелуге жатады, екеуі де құжаттық және құжаттық емес түрде шығарыла алады, екеуі де инвестициялау құралы ретінде пайдаланыла алады, егер бұлар жария түрде орналастырылған акциялар мен облигациялар болған жағдайда, екеуін де сатуға және сатып алуға болады, олар қор биржасында  айналысқа түсе алады және акциялар да, облигациялар да кепіл мәні ретінде әрекет ете алады. Акциялар тек қана акционерлік қоғамдармен, облигациялар кез келген заңды тұлғалармен, мемлекеттік, муниципалдық органдармен шығарыла алады.

       Облигациялар немесе табыс пайызы бекітілген бағалы қағаздар борыштық міндеттемелер санатына жатқызылады. Сіз облигация сатып ала отырып, өз ақшаңызды кәсіпорын немесе мемлекетке қарызға бересіз. Бұл үшін олар сізге қарыз сомасынан пайыздық кіріс төлеп тұруға, сонымен қатар нақты мерзім өткеннен кейін қарыздың негізгі сомасын қайтарып беруге келісімін береді. Мәселен, компания жылдық 11 пайызды 1 жыл мерзіміне арнап бағасы 100 000 теңге болатын 100 облигация шығарды делік. Бұл дегеніміз, компания жыл соңына дейін өз қағаздарын 11 пайызға артық құнмен сатып алады дегенді білдіреді.

     Облигациялардың салыстырмалы түрде алғандағы сенімділік деңгейі олардың негізгі артықшылығы болып табылады. Егер де сіз тұрақты мемлекеттік немесе муниципалды басқару органының облигацияларын сатып алатын болсаңыз, ақшаларыңыздың қайтуы 100%-ға тең екеніне сенімді болуыңызға болады (мұндай облигациялар «тәуекелсіз» деп аталады). Екінші жағынан, бұл бағалы қағаздар бойынша ұсынылатын қауіпсіздік пен тұрақтылық табыс көрсеткішіне тікелей байланысты болып келеді. Олардың тәуекелдік деңгейі төмен болғандықтан, табыс көрсеткіші де жоғарылықпен ерекшеленбейді. Бүтіндей алғанда, облигациялар бойынша табыс деңгейі басқа бағалы қағаздармен салыстырғанда әдетте төмен болып келеді.

     Бүгінгі таңда қор нарығында облигациялардың көптеген түрлері бар. Эмитентке байланысты олар – мемлекеттік, ұжымдық және шетелдік облигацилар деп бөлінеді. Нарықта барлығы 208-ге жуық облигация бар.

     Облигация белгілі қаражатты қарыз ретінде тарту үшін шығарылады. Оның негізгі айырмашылығы оның мерзімділігі. Яғни, облигациялар бойынша оның иегеріне төлемдер төленіп, белгілі бір мерзім өткеннен кейін  қызметі тоқтайды.

     Облигациялардың инвестициялық тартымдылығын келесілерден тұрады:

  1. Инвесторлар үшін облигациялардың инвестициялық тартымдылығы ол облигация эмитенті мен облигация иесі арасындағы қарыздық қатынасты куәландырады;
  2. Инвестор екі түрлі табыс алуы мүмкін: біріншіден, жыл сайын, ай сайын төленетін пайыздар; Ал екіншіден, облигацияны сатып алган баға (төменгі номиналды құн) арасындағы айырмашылықты беретін дисконт түріндегі табыс:
  3. Облигациялардың инвестициялық тартымдылығы облигациялар бойынша пайыз төлеу әртүрлі формада болады: пайыздар ақшалай түрде, бағалы қағаздармен, тауарлармен, егер қарастылса шығару шарттарына сәйкес.
  4. Инвестор облигациялар бойынша пайыздар төлеу тәртібі « Акциялар бойынша дивиденттер және облигациялар бойынша пайыз төлеу тәртібі туралы жарғыда» регламенттелетініне сенімді. Бұл инвесторға қолайлы, себебі облигациядан табыс таза пайдадан алынады, егер таза пайда жеткіліксіз болса,төлем резервтік қор қаражатынан жүргізіледі.  
 

1.3 Бағалы  қағаздарды инвестициялаудың шетелдік  тәжірибесі 

     Дүниежүзілік  тәжірбиеде бағалы қағаздар нарығындағы банктердің инвестициялық операцияларын мемлекеттік реттеу екі түрлі жолмен жүргізіледі: мемлекеттік органдар уәкілі қатысуымен тікелей араласу, сонымен қатар іс-шаралар арқылы нарыққа жанама араласу.

      Тікелей араласу шараларына мыналар жатады:

  • бағалы    қағаздар    нарығы    мәселелері    жөнінде  заң шығаратын өкілетті органдардың жұмысы;
  • осы   мәселелер   бойынша   атқарушы   үкімет   орган дарының қаулылары мен бұйрықтары;
  • бағалы қағаздар нарығының жұмысына жаңа ережелер енгізетін   немесе  ескілерін  өзгертетін   басқа  да мемлекеттік   органдардың   іс-шаралары.    Негізінен бастылары  бағалы   қағаздар   нарығына   қатысушы банктерге   лицензия беру, бағалы қағаздардың кейбір түрлерінің айналуынана шек көю немесе оны тоқтату, бағалы қағаздарды тіркеу және басқа жұмыстар.

      Бағалы  қағаздар нарығындағы банктердің операцияларын  мемлекеттік реттеудің жанама араласу тетіктеріне мыналар жатады:

  • несие   үшін   процент   мөлшерін   өзгерту   аркылы   айналымдағы   ақша   массасын   және   несие   көлемін   мемлекеттік бақылау;
  • мемлекеттің салық саясаты;
  • банктік депозиттерге, несиелерге, қарыздарға үкімет кепілдігі;
  • қарыз    капиталы     нарығына    мемлекеттің    араласуы (қазыналық облигациялар, вексельдер, орта және ұзақ мерзімді   бағалы   қағаздар,   мемлекеттік   органдарың міндеттемелерін шығару)  арқылы  мемлекет пен корпор  арасында несие  үшін  тікелей бәсекенің тууы;
  • мемлекеттің   сыртқы    экономикалык   саясаты    (шетел валютасы мен алтын операцияларын, экспорт шарттарын ынталандыру жұмыстарды реттеу);
  • мемлекеттің сыртқы экономикалык іс-шаралары (саяси байланыстарды ұлғайту немесе шектеу.)

      Бағалы  қағаздар нарығын реттеу мемлекеттік органдарға, не арнаулы ұйымға (бағалы қағаздар жөніндегі көмиссии), не Қаржы министрлігіне, не мемлекеттік (орталық) банкке жүктеледі. Мысалы, АҚШ та тиісті заңдарды шығару, олардын орындалуын тексерумен көнгрессте кұрылған «Бағалы   қағаздар   және   қор   биржалары»   туралы   көмиссия шұғылданса, Жапонияда бұл сұрақтар Қаржы министрлігінде қаралады.

      АҚШ – та реттеуші   органдар   инвесторлардың   қаржысын   қорғауға бағытталған негізінен үш қызмет атқарады. Олар:

Біріншіден, нарықта шаруашылық субъектілері ретінде қызммет істейтін барлық бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды, сонымен қатар, бағалы қағаздарға тікелей қатысы бар қызметкерлерді тіркеу. Тіркеуден өтетін барлық кандидаттар қаржы жөнінен белгілі бір талаптарға сай болуы кажет, яғни олардың керекті мөлшерде (минимум) өз капиталы болғаны жөн.  Инвесторлардың мүддесін қорғау мақсатында,   әдетте,   тіркеуші   органдар   тіркеуден   өткізбеу кұқын алады.

      Екіншіден,   экөноииканың   барлық   субъектілерін   нақты хабарлармен   камтамасыз   ету.  Ол,   әдетте,  банктердің бағалы   қағаздарды шығару мен оны  шығарушылар туралы  анықтамалық хабар беретін  эмиссия проспектісін шығарумен жүзеге асырылады.  Оған алдын ала белгілі бір адамдар ғана біліп және тек солардын арасында орналастырылатын жеке бағалы қағаздар   қосылмайды.   Одан   басқа   эмитенттер   бұқаралык ақпарат  беттерінде  үнемі   қаржы   есебін,  фирманың   басшы адамдары туралы өзгерістерді жариялап тұруға міндетті.

      Үшіншіден,  институционалдық  органдар  бағалы  қағаздар нарығын тексеру және ондағы құқық тәртібін сактау қызметімен    де    айналысады.   

Осы аталған бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу тәсілдерімен катар нарықтын өзін-өзі реттеу іс-шарларының да маңызы зор. Оның ең бір дамыған формасы – қор  биржасы. Ол бағалы қағаздар нарығына бақылау жасаумен қатар оған қатысушылардың  банктердің іс-әрекеттерін реттейтін біртектес ереже шығарып, оның орындалуын қатаң қадағалап отырады. Халықтың ақшалай қаражатының қорланымына келетін болсақ, АҚШ- та бағалы қағаздарға(негізінен акцияларға) салынған инвестицияның жалпы көлемдегі үлесі 50%-дан асады.

     Бағалы  қағаздар нарығындағы банктердің операциялары  Ресейде 10-12 жыл бұрын қалыптаса  бастады. РФ БҚН пайда болуы экономикалық емес жағдайлардан туды, бұл оның батыстық модельде құрылуын әкелді. Бірақта  әлемдік бағалы қағаздар нарығының  бір құраушы бөлігі болғандықтан, РФ нарықтық қорының өзінің ерекшеліктері  бар.

     Біріншіден, ресейдің бағалы қағаздар нарығы ұзақ уақыт бойы спекулятивтік операцияларды  жүзеге асырушы механизм болды, сондықтан  қазір сату көлемінің құрылымының  мәнді бөлігі таза спекулятивті болып  отыр.  

     Сонымен қатар, ресейлік бағалы қағаздардың  өте төмен өтемшілдігін айта кету керек, яғни оның екінші нарығы мүлдем жоқ. Сонда да, екінші нарықта акцияларды сату көлемі үнем, қарқынды өсуде. Ресейдің өтемшіл бағалы қағаздары болып  өндірістік сферадағы, экспортқа бағытталған  кәсіпорындардың акциялары табылады. Ұйымдастырылған нарықта 200 ресейлік компаниялардың акциялары айналымда  жүрседе тұрақты келісімдер бірнеше  эмитетнт шеңберінде ғана жүргізіледі.

  Ресейлік нарықта барлық акцияларды екі топқа бөлуге болады: өтемшіл акциялар (көк фишкалар) және басқа қалған акциялар. "Көк фишкалылыарды" саусақпен санарлай - бұл РАО ЕЭС, "Газпром", "Сургутнефтегаз", Сбербанк, "Ростелекөм" және тағы басқа. Қалған мыңдағаны биржада айналымда және олармен келсімдер өте аз жүргізіледі. Акцияның өтемшілдігі олар қалай белсенді сатылатынын көрсетеді. 

     Акцияның  өтемшілдіктің негізгі сипаты оның биржадағы күндізгі айналымы. Акцияның күндізгі айналымы қаншама көп болса, соншама бағасындағы айырмашылық  төмен болады. ММВБ-дағы күндізгі айналымда  «МосФинБанктің» акциялары, ал одан кейін Лукойл компаниясы. [19, 123б] 
 
 
 

    

   2-тарау.  Бағалы қағаздардың инвестициялық  белгілері.

   2.1 Бағалы қағаздардың инвестициялық  ерекшеліктері

   Нарық жағдайында көптеген шаруашылық субъектілері өздерінің қызметіне маңызды  бюджетік инвестицияларға сенім  арта алмайды. Жаңа экономикалық жағдайларда  инвестициялық ресурстардың негізгі  көздері елдің экономикасына  шетел сондай-ақ қосымша инвестициялар  тарту мақсатында бағалы қағаздарды орналастыру, шығаруды және қатысуды белгілейтін  қор нарығы болуы тиіс.

       Бағалы қағаздар нарығы экономиканың барлық субъектілеріне олардың дамуы үшін қажет ресурстарға енуді жеңілдетеді және кеңейтеді. Мысалы, акцияларды шығару бұл ресурстарды мерзімсіз, яғни кәсіпорынның жұмыс істеу уақытна алуға мүмкіндік береді. Облигацияларды шығару несиені банк шарттарына қарағанда өте ыңғайлы жағдайда алуды қамтамасыз етеді.

      Қор нарығында келісімшарт жасаудың негізгі объектісі бағалы қағаздар болғандықтан, рационалды инвестициялық қызметтің міндетті шарты капитал салымының потенциалды объектілерін – бағалы қағаздардың сапасын дұрыс бағалай білу болып табылады.

   Бағала  қағаздардың негізгі түрлерінің сапасын бағалау олардың эмитенттерінің қаржылық тұрақтылығына сүйенеді. Нақты кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау үшін оның қаржылық тұақтылығын және экономикалық тиімділігін сипаттайтын коеффициенттер ретін пайдалануға болады.

    Бағалы қағаздардың сенімділігі  олардың эмитенттерінің қаржылық  есептерінен бағаланады. Қаржы-шаруашылық  қызмет нәтижелері туралы есеп  пен бухгалтерлік баланс талданады.  Эмитенттің қаржылық жағдайын  сипаттайтын көрсеткіштердің үш  тобын есептейді:

Информация о работе Қор нарығы