Қор нарығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2012 в 08:30, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы егемендігін алғаннан бері экономикасы нарықтың өзгермелі процесінде қалыптасып келеді. Мемлекетіміздің пайда болуының алғашқы жылдары қиын жағдайда болғанмен, бүгінде жаңа реформалар, экономиканы тұрақтандыру шараларының алуан түрлілігі, күрделі стратегиялар ұлттық экономиканы алға жетелеуде. Осы орайда қойылған мақсаттардыың бірі – қор нарығы және бағалы қағаздар саласын дамыту болып табылады.

Содержание

1-тарау. Қор нарығының теориялық аспектілері.
Қор нарығының түсінігі, атқаратын қызметтері.
Қор нарығы құралдары, инвестиция тарту механизмі ретінде.
Бағалы қағаздарды инвестициялаудың шетел тәжірибесі.

2-тарау. Бағалы қағаздардың инвестициялық белгілері.
2.1 Бағалы қағаздардың инвестициялық тартымдылық ерекшеліктері
2.2 2009-2011 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздардың инвестицияларын талдау
3-тарау. Бағалы қағаздарды инвестициялау проблемалары мен шешу жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар

Работа содержит 1 файл

курстық жұмыс 3 курс.docx

— 81.94 Кб (Скачать)

     Қазақстанға келген тікелей инвестиция донор елдерінің және жеке өнеркәсіп салаларының алдындағы міндетін 2 кестеден көруге болады. (Қосымша Б)

     2008 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға келген инвестиция 146,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 3,7%-ке көбейді.

     Инвестициялық қолайлы хал-ахуал және негізгі  капиталға инвестицияны игерудің жоғары қарқыны Батыс Қазақстан (өсуі 10 есе), Шығыс Қазақстан (өсуі 32%) жене Атырау (14%-ке) облыстарында байқалып отыр.

     2007 жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда 2007 жылдың қыркүйек айында негізгі қорларды жасау мен ұдайы ұлғайту жөнінен шаруашылық жүргізуші субъектілер арқылы Астана қаласы аумағында (өсу 3,8 есе) және Алматы қаласында (26 есе) қаржы көлемі игерілді.

     Жеткіліксіз инвестициялық белсенділік Астана (төмендеу 76%), Маңғыстау (46%-ға), Қарағанды (32%-ға), Қызылорда (32%-ға) және Оңтүстік Қазақстан (31%-ға) облыстарында байқалады.   

     Қаржы секторының қарқынды өсуі Қазақстанды жеделдетіп дамытудың, экономикадағы құрылымдық қайта құрулардың және мемлекеттік басқару реформасының маңызды құрауышы болып табылады. Бұл өнімге және қаржы секторының қызметтеріне өсіп бара жатқан ішкі сұраныстан көрінеді. 
      Осылайша, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша экономикадағы банктердің кредит көлемі 81%-ға, 4 691 миллиард теңгеге дейін 37,2 миллиард долларға жуық) өсті. Жалпы ішкі өнімге (бұдан әрі - ЖІӨ) экономикадағы банктер кредиттер қатынасының көрсеткіші 2007 жылы 2065 жылмен салыстырғанда 34,1%-дан 48,2%-ға дейін артты.

     Бұл ретте ұлттық валютадағы кредиттердің өсуі шетел валютасындағы кредиттермен салыстырғанда озық сипатта болды. Ұлттық валютада кредиттер 2007 жылы 92,8%-ға, 2 422 миллиард теңгеге дейін, шетел валютасында 69,8%-ға, 2 269 миллиард теңгеге дейін (18 миллиард долларға) өсті. Нәтижесінде теңгемен кредиттердің үлес салмағы 48,4%-дан 51,6%-ға дейін артты.

     Келтірілген деректер халық валюта бағамының серпіні туралы, теңгемен және валютамен кредиттердің»"пайдалы"» әрі» "пайдасыз" тұстары туралы жеткілікті мөлшерде хабарландырылғаны туралы куәландырады, бұл оған тиісті қорытындылар жасауға және кредитті алу және қайтару неәұрлым пайдалы болып табылатын, сол валютаның пайдасына артықшылық беруге мүмкіндік береді.

     2007 жыл ішінде позитивті өзгерістер мерзім бойынша кредиттер құрылымында да болды, мұнда ұзақ мерзімді кредиттердің өсуі (1 жылдан астам мерзіммен) қысқа мерзімді кредиттермен салыстырғанда озық сипатта болды. Ұзақ мерзімді кредиттер 2 есеге жуық 3 434,3 миллиард теңгеге дейін, қысқа мерзімді кредиттер -44,6%-ға, 1 256,7 миллиард теңгеге дейін өсті. Ұзақ мерзімді кредиттердің үлес салмағы 66,5%-дан 73,2%-ға дейін ұлғайды. 2006 жылы ұқсас кезеңдерге ЖІӨ-ге жеке тұлғаларға кредиттер көлемі 8,8%-дан 15,8%-ға дейін өсті. [7, 12б]

       Осы өсу ипотекалық және тұтыну кредитін беру сияқты банктік өнімдердің мұндай түрлерін біршама кеңейтуге негізделген. Сонымен, 2006 жыл ішінде тұтыну кредиттері 777,0 миллиард теңгені құрай отырып, 2,4 есеге өсті, ипотекалық кредиттер 79,6%-ға 396,1 миллиард теңгеге дейін өсті. 
      Жеке тұлғалардың депозиттері 73,6%-ға, 1 020 миллиард теңгеге дейін өсті. Бұл ретте 2006 жылы депозит нарығын дамытудың маңызды сәті ұлттық валютада депозиттердің біршама өсуі болды. Бұл теңге құралдарына сенімнің өсуі туралы, сондай-ақ теңгемен депозиттерге салымдардың пайдасын клиенттердің түсінуін де білдіреді, өйткені артықшылық валютамен және теңгемен депозиттер бойынша сыйақы ставкаларындағы айырмаға байланысты. Депозиттердің жалпы көлемінде теңгемен депозиттердің үлес салмағы 58,1%-дан 64,8%-ға дейін ұлғайды.

     Төлем карточкалары сияқты бөлшек қолма-қол емес есептесулерді жүзеге асырудың мұндай құралы көпшілікке белгілі болып келеді: қазіргі уақытта орташа алғанда республикада 4 адамға бір төлем карточкасынан келеді, 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша орташа алғанда 5 адамға бір төлем карточкасынан келген болатын. Соңғы жылдары төлем карточкалары нарығында клиенттерге ұсынылатын қызметтер сегменті біршама кеңейтілді, жаңа карточка өнімдері енгізілуде.

     Осы карточкаларды ұстаушылардың саны 27,9%-ға артты және 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 3,93 миллион адамды немесе елдің экономикалық белсенді халқының жалпы санының 49%-ын құрады (салыстыру үшін, 2006 жылғы 1 қаңтарда осы ара қатынас 39%-ды құрады). 
      Санамалаған көрсеткіштер, бір жағынан, қаржы нарығы агенттерінің жаңа қызметтерін пайдаланатын және пайдалануға дайын халықтың сол белсенді бөлігінің болуы туралы, ал екінші жағынан, бірінші кезекте, банктердің қызметтерін кең жарнамалау тиімділігі туралы куәландырады.

     Мүлікті заңдастыру бойынша науқанның алдын ала нәтижелері өз құқықтарын халыққа жеткізу мүмкіндіктерін кеңінен насихаттаудың шындығы, сондай-ақ бағалы қағаздарды салу арқылы Қазақстан экономикасына жіберілуі мүмкін халықта қаражаттың болуы туралы да куәландырады: 2007 жылы наурыздың аяғында мүлікті заңдастыруға алымдар түрінде 7 700 миллион теңге түсті, оның ішінде ақшаны заңдастыруға түскені - 5 400 миллион теңге.

     Алайда, қаржы секторы өсуінің әсерлі қарқынына қарамастан, оны дамытуда проблемалар қатары бар.

     Жылдан-жылға өсіп келе жатса да, тұтыну кредиттері нарығының ахуалы белгілі бір алаңдатушылық туғызады: халық жеке мүмкіндігін есептеместен, кредиттер алады да борышкер болып шығады. Клиенттер келісім-шарттың талабын байымдамайды, кредит беру туралы шартты 
жасаспас бұрын мамандардан кеңес алуды қажет деп санамайды. 
      Зейнетақы жүйесінің мүмкіндіктеріне қатысты ағартушылық жұмыстар өткізуді қажет ететін зейнетақы қорларының қызметтерін пайдаланбайтын өз-өзімен жұмысбасты қызметкерлердің санаты бар. 

       Бір жағынан инвестициялық белсенділік пен халықтың сауаттылығының көрсеткіші болуы мүмкін халықтың еркін зейнетақы жарналары өте шағын: 2008 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша ашық жеке зейнетақы шоттарының саны 35 174 немесе жеке зейнетақы шоттарының жалпы санының 0,43%-ын құрады. [3, 17б]

       Бағалы қағаздардың нарығы сияқты қаржы секторының мұндай бөлігінің көлемі Қазақстанда елеусіз қалып келеді. Бүгінгі таңда тіркелген брокерлік шоттардың саны өте аз: 2009 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 3800-ге жуық, оның шамамен 2200 "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының акцияларды орналастыру нәтижесінде ашылды. Басқа сөзбен айтқанда, қор нарығында жұмыс істейтін делдалдардың қызметтерін халықтың 0,04%-ы пайдаланады. Бұл ретте тіркелген брокерлік шоттар арасында жұмыс істемейтін шоттар да бар.

     Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің деректері бойынша Қазақстандық қор биржасында жеке инвесторлар саны 2000 адамнан аспайды. 2008 жылы халықтың қатысуымен жасалған сауда-саттықтың жалпы көлемінде мәміленің үлесі:

      
акциялар бойынша -15,1%-ды, облигациялар бойынша - 15,9%-ды құрады.

     Зейнетақы және сақтандыру ұйымдарының активтері түрінде ішкі жинақталымның үлкен бөлігі банктік секторды қаржыландыру үшін пайдаланылады (2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы жинақталымының көлемі 2009 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 40,26%-ға өсіммен 909,7 миллиард теңгені, ал сақтандыру ұйымының активтері 135,5 миллиард теңгені құрады (өсім - 2010 жылғы 1 қаңтардағы ұқсас көрсеткішпен салыстырғанда 84,7%-ға). Бағалы қағаздар нарығында үлестік құралдар инвестицияларды тарту функциясын атқармайды және эмитенттердің әділ құнын көрсетпейді.

     Көрсетілген проблемалардың бірі экономикаға қаражатты инвестициялау үдерісіне халықтың тартылуының төмен деңгейі болып табылады, бірінші кезекте, инвестициялау саласында білім негіздерін нашар білуінің нәтижесі. Халықта базалық қаржы білімінің болмауы оларды "әртүрлі теріс пайдаланушылықтың құрбаны" ғана жасап қоймай, әл-ауқатын қамтамасыз етуге де кедергі жасайды, сондай-ақ елдің экономикалық дамуын тежейді. Бұл қаржы құралдарына, қорларға қаражатты инвестициялауға халықтың сақтықпен қарауымен түсіндіріледі және бұдан әрі, өз кезегінде, қаржылық және банктік секторларға оның өзара әрекетінің жағымсыз тәжірибесіне байланысты.

     Бұл ретте халықтың қалың бұқарасының арасында инвестициялық мәдениет пен сауаттылықты арттыруды қамтамасыз ету үшін эфир уақыты мен баспа жолдары жеткіліксіз.

Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттырудың 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы бағдарламасында атап өтілгендей, Қазақстан Республикасында инвестиициялық жобаларды қаржыландыру бағыттары айқындалған.

      Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері. Бағдарламаның қаржылық қамтамасыз етілуі республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады. Осы Бағдарламада көрсетілген шараларды іске асыру үшін 2009 жылы республикалық бюджеттен 800 000 000 теңге бөлінетін болады. Бағдарламаның 2009-2011 жылдарға арналған жалпы құны 7 91 431 000 теңге (2009 жылы – 2 695 715 500 теңге, 2010 жылы – 2 345 123 600 теңге, 2011жылы - 2 545 123 600 теңге ).

     Банктердің  бағалы қағаздары табыстылығына  дисконттық болып бөлінеді, мұндай бағалы қағаздар алғашқы нарықта инвесторларға жеңілдікпен (номиналдық құнынан төменгі бағамен) сатылып, номиналдық, құны бойынша өтеледі. Банктердің бағалы қағаздармен операциялары қорлық, коммерциялық, эмиссиондық, саудалық, сенімділік, кепілдік, гарантиялық түрде болады. Бірден – бір акциялардың үлестік бағалы қағаздардың эмиттенттерінің анағұрлым белсенділері болып табылады. Үлестік бағалы қағаздардың эмиссиясы қарыздық бағалы қағаздардың эмиссиясымен салыстырғанда анағұрлым тиімді болып көрінеді. Қазіргі уақытта қарыздық міндеттемелер нарығының дамуына жақсы жағдай жасалған. Бірақ бұл депозиттік және жинақ сертификаттарына вексельдерге қарағанда, облигацияларға анағұрлым аз қатысты. Себебі облигацияларды шығару банктермен қарыздық міндеттемелерді шығарумен салыстырғанда заңмен қатаңырақ бақыланады.  Банктер пайда табу үшін басқа эмитенттердің бағалы қағаздарымен сауда саттық операциялар жүргізеді. Берілген операциялар бірнеше қызметтерді атқара алады: олар өтімділігі жоғары табысты активтерді қалыптастыру құралы бола алады. Бұл операциялық басқа тағайындалуы алып сатарлық тыныс алу. Бағалы қағаздар нарығының бағалық конъюнктурасы алып сатарлық операциялар үшін қолайлы болып келеді. Банктер комиссиондық төлем ақы үшін бағалы қағаздарды сақтайды, олардың есебін жүргізеді және бағалы қағаздармен басқа да депозиттік қызметтерді көрсетеді.

     Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі  банктерге 2007 жылы 126,2 млрд. теңгеге мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20,1%-ға көп. Жалпы орналастыру көлеміндегі қысқа мерзімді қағаздар 40,4%, орта мерзімді қағаздар 59,6% құрады. Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын өтеу сыйақы төлеуді қоса алғанда 2007 жылы 71,7 млрд. теңге болды. Ал 2008 жылы 196,2 млрд. теңгеге мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырды. Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын өтеу сыйақы төлеуді қоса алғанда 2006 жылы 101,7 млрд. теңге болды. 2007 жылы 257,2 млрд. теңгеге мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырды. Жалпы орналастыру көлеміндегі қысқа мерзімді қағаздар 30,5%, орта мерзімді қағаздар 69,5% құрады.

     Нәтижесінде Қаржы министрлігінің айналыстағы  бағалы қағаздарының көлемі 2008 жылғы  желтоқсан айының соңында 2007 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 229,5 млрд. теңгеге дейін 41,1%-ға ұлғайды. 2008 жылғы желтоқсан айының соңында 2008 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 70 млрд. теңгеге дейін 55,4%-ға ұлғайды. 2009 жылғы қыркүйек айының соңында 2008 жылдың қыркүйек  айымен салыстырғанда 61 млрд. теңгеге дейін 31,1%-ға ұлғайды. Қысқа мерзімді 3 және 6 айлық МЕККАМ-дар айналыстан шығарылды, оларды Қаржы министрлігі 2008 жылғы желтоқсан айында толық өтеді. Нәтижесінде бағалы қағаздар айналысының құрылымы 2007 жылдың соңында былайша болды: қысқа мерзімді МЕККАМ-дар (тек 12 айлықтар ғана) жалпы көлемнің 9,2%-ын, орта мерзімді МЕОКАМ-дар (айналыс мерзімі 2 жылдан 10 жылға дейінгі) - 89,6%-ын және орта мерзімді МЕИКАМ-дар (айналыс мерзімі 3 жылдан 7 жылға дейін) - 1,2%-ын құрады.

     2008 жылы кірістілік төмендеді: 12 айлық МЕККАМ-дар бойынша 5,10%-дан 4,79%-ға дейін, 5 жылдық МЕОКАМ-дар бойынша 6,18%-дан 5,58%-ға дейін, 5 жылдық МЕОКАМ-дар бойынша 6,19%-дан 5,68%-ға дейін, 7 жылдық МЕОКАМ-дар бойынша 6,19%-дан 5,78%-ға дейін және 8 жылдық МЕОКАМ-дар бойынша 6,30%-дан 6,19%-ға дейін (соңғы аукциондар бойынша). Бағалы қағаздардың қалған түрлері бойынша кірістілік бұрынғы деңгейде сақталды және 3 айлық МЕККАМ-дар бойынша 3,32%-ды, 2 жылдық МЕОКАМ-дар бойынша 5,88%-ды және 10 жылдық МЕОКАМ-дар бойынша 6,50%-ды құрады. Ал 2008 жылы керісінше, кірістілік 5% жоғарылады. 2007 жылы кірістілік 2005 жылмен салыстырғанда 20% артты. Ұлттық Банк ноталары эмиссиясының көлемі 2006 жылы 561,9 млрд. теңге болды, бұл 2007 жылға қарағанда 8,3%-ға кем. 2007 жылы 686,5 млрд. теңгеге артса, ал 2008 жылы 856,2млрд. теңгеге артты. Нәтижесінде 2008 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 2009 жылдың аяғында Ұлттық Банктің айналыстағы ноталарының көлемі 99,5%-ға ұлғайып, 396,1 млрд. теңге болды. Айналыстағы ноталардың ұлғаюы екінші деңгейдегі банктердің шамадан тыс өтімділігін стерилизациялау қажет-тігімен түсіндіріледі. Қысқа мерзімді ноталар бой-ынша орташа алынған тиімді кірістілік бір жылда 5,45%-дан 4,40%-ға дейін азайды. 2009 жылы репо операцияларының көлемі 60,1%-ға 782,4 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. 26 млрд. теңгеге бір кері репо операциясы жүргізілді, бұл 2008 жылғы кері репо операцияларының көлемінен 20,3%-ға бартық.

     2010 жылғы Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын өтеу сыйақы бойынша ғана жүргізілді және 541,1 млн. теңгені құрады. Қаржы министрлігініңайналыс-тағы бағалы қағаздарының көлемі қыркүйектің аяғында өткен аймен салыстырғанда 15,7%-ға көбейіп, 251,4 млрд. теңге болды. Ұлттық Банктің ноттары эмиссиясының көлемі 2007 жылғы олар бойынша кірістіліктің 3,80%-дан 3,85%-ға дейін көбеюі кезінде 2006 салыстырғанда 2,1 есеге қысқарып, 15,9 млрд.теңге болды. 2008 жылы Ұлттық Банктің ноттарын өтеу 43,5 млрд. теңгені құрады. 2008 жылғы қыркүйекте өткен аймен салыстырғанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тікелей репо операциялары бойынша мәмілелер көлемі 13,1%-ға төмендеп, 40,6 млрд. теңгеге жетті. Қыркүйекте кері репо операциялары жүргізілген жоқ. Тамызда банктердің экономикаға кредиттері бойынша негізгі борыштың жалпы көлемі 4,3%-ға (жыл басынан бері 31,5%-ға) өсті және 1286,6 млрд. теңгені (9 млрд. АҚШ долларынан астам) құрады. [7, 21б]

Информация о работе Қор нарығы