Қор нарығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2012 в 08:30, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы егемендігін алғаннан бері экономикасы нарықтың өзгермелі процесінде қалыптасып келеді. Мемлекетіміздің пайда болуының алғашқы жылдары қиын жағдайда болғанмен, бүгінде жаңа реформалар, экономиканы тұрақтандыру шараларының алуан түрлілігі, күрделі стратегиялар ұлттық экономиканы алға жетелеуде. Осы орайда қойылған мақсаттардыың бірі – қор нарығы және бағалы қағаздар саласын дамыту болып табылады.

Содержание

1-тарау. Қор нарығының теориялық аспектілері.
Қор нарығының түсінігі, атқаратын қызметтері.
Қор нарығы құралдары, инвестиция тарту механизмі ретінде.
Бағалы қағаздарды инвестициялаудың шетел тәжірибесі.

2-тарау. Бағалы қағаздардың инвестициялық белгілері.
2.1 Бағалы қағаздардың инвестициялық тартымдылық ерекшеліктері
2.2 2009-2011 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздардың инвестицияларын талдау
3-тарау. Бағалы қағаздарды инвестициялау проблемалары мен шешу жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар

Работа содержит 1 файл

курстық жұмыс 3 курс.docx

— 81.94 Кб (Скачать)
  • Көрсеткіштердің бірінші тобы кәсіпорынның  сенімділігін жалпы сипаттайды;
  • Көрсеткіштердің  екінші тобы инвесторлардың берілген кәсіпорынның бағалы қағаздарына  салған қаражаттарының қайтарылуы көзқарасы бойынша эмитенттің  сенімділігін анықтайды;
  • Көрсеткіштердің  екінші тобы бойынша нақты бағалы қағаздар бойынша инвестордың кепілалуы көзқарасынан эмитенттің сенімділіген бағалау. 

    Бағалы қағаздардың инвестициялық  тартымдылығы сәйкес сапалы көрсеткіштерінен  анықталады. Олар акцияны иеленуден  мүмкін болатын табыстар мен  мысалы, дивиденттік саясат, акционерлік  қоғам активтерінің жағдайы, эмитенттің  шаруашылық қызметінің қаржылық  нәтижелері арасындағы байланысты  сипаттайды. Акциялар үшін мынадай  көрсеткіштер тізімі қолданылуы  мүмкін:

  • Акцияның ағымдағы бағасының бірлігіне дивидент көлемі;
  • Дивиденттік төлемдер коэффициентті – дивиденттерді төлеудің жалпы сомасы мен компаниц алған таза пайда қатынасы;
  • Акцияның капитализациялық құны  корпорацияның барлық  акцияларының нарықтық құнына тең (акциялар көлемін акцияның нарықтық құнына көбейтеміз);
  • Акционерлік капиталдың рентабелділігі барлық акцияның капитализациялық құнының бірлігіне қанша корпорация табысы келетіндігінің сипаттамасы болып табылады;
  • Акцияның баланстық құны. Акциялар санына бөлінген, корпорацияның капиталды ресурстарының көлемі ретінде ( акционерлік капитал қосылған резервтік қор қосу бөлінбеген табыс) есептеледі;
  • Акция табыстылығы табыстың бір акцияға жылдық өсу темпі ретінде есептеледі:

   Бір жылда алған дивиденттер + акцияның бір жыл ішінде нарықтық бағасының  өсуі – 100%. Жыл басына акцияның нарықтық құны

    Облигацияларға басқа инвестициялық  сипаттамалар есептеледі:

  1. Облигацияларды иеленудің толық табыстылығы:

   Жылдық  пайыздар + номиналды соммасы- 100% Иелену құны 
     2) Ағымдағы табыстылық: Жылдық пайыз мөлшері + облигациялардың түпкі құны -100%. Облигацияның ағымдағы нарықтық бағасы.

     Бағалы қағаздардың инвестициялық құны бағалы қағазды сату немесе жабуға қалған уақыт периодына байланысты.

      Бағалы қағаздардың инвестициялық  мәртебесі – бұл бағалы қағаздарға  мүмкін инвестиция мен қор  нарығын дамыту жиынтығы. Нарықтың  инвестициялық мәртебесі мемлекеттің,  шаруашылық субъектілерінің азаматтардың  және резидент еместердің инвестициясын  қалыптастырады. Бағалы қағаздардың  инвестициялық мәртебесі деңгейіне  көбінесе нарықтың ликвидтілігі  деңгейі әсер етеді. Инвесторлар  бірдей ликвидтілік кезінде инвестицияларды  көп табыс әкелетін бағалы  қағаздарға салуды іске асырады.   

     Бағалы қағаздардың инвестициялық  мәртебесін бағалауда екі әдіс  қолданылады: дәстүрлі экономикалық  талдау ( оны фундаментальды деп  атайды) және биржада пайдаланылатын  спецификалық (техникалық немесе  механикалық талдау). Бағалы қағаздардың инвестициялық мәртебесін бағалау үшін индикаторлардың үш категориясын (алда жүретін, сәйкес және кешіктірілген) пайдалануға болады. Алда жүретін көрсеткіштер жақын арадағы айлардағы экономиканың жағдайы туралы сигнал береді, яғни шаруашылық кезеңде мүмкін болатынөзгерістер және пайыздық ставкалардың өзгері тенденицлары туралы.

     Ережеге сәйкес, салым салу тек  бір ғана бағалы қағазға салынбайды, ол портфель деп аталатын бағалы  қағаздар жиынына салынады. Бұндай инвестициялауды портфельді деп атайды. Басқаша айтқанда портфельді инвестиция қаражатты бағалы қағаздар жиынтығына (акциялар, облигациялар және т.б.) салу деген мағына береді. Портфельді инвестицияның міндеті аз ғана тәуекел жіберілгенде күтілетін табыстылық алу болып табылады. Портфельді инвестиция артықшылықтары:

  • Бұндай инвестициялау көмегімен портфельде біріктірілген, мүмкін болатын бағалы қағаздар жиынтығына қандай-да бір эмитенттің бағалы қағаздарына қаражат салуда қол жетімсіз болмайтын инвестициялық сапа беру;
  • Бағалы қағаздар портфельін басқару және дұрыс таңдау әрбір нақты инвесторлар үшін тәуекел мен табыстылықтың оптималды ұқсастығын алуға мүмкіндік береді;
  • Бағалы қағаздар портфельі нақты активтерді инвестициялаумен салыстырғанда аз мөлшердегі шығынды тлап етеді, сондықтан жекелей инвесторлардың белгілі саны үшін қол жетімді;
  • Бағалы қағаздар портфелі тәжірибеде ең аз уақыыт интервалында мүмкіндігінше  жоғары табыс алуды қамтамасыз етеді.
 
 
 

    2.2 2009-2011 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздардың инвестицияларын талдау

     Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі  алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез  – келген ұлттық экономиканың маңызды  да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру  өндірісті жетілдіріп, сатылатын  тауарлардың сапасын арттыру  онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен  қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың  өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық  процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне  жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз  керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.

     Әлемдік экономиканы жаһандыру жағдайында, сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік  тәуелсіздік алуына және ашық нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты шетелдік инвестиция объективті қажеттілікке айналып отыр. өтпелі кезеңде экономикалық өрлеу мен нарықтық реформаларды қаржыландыру үшін елдің  ішкі қорланымдарының жеткіліксіздігі себепті оның рөлі мен мәні арта түсуде. Шетелдік инвестицияға тікелей шетелдік инвестиция( яғни қаражаттарды кәсіпорындардың немесе компаниялардың жарғылық қорына не акцияларына салу), қоржындық шетелдік  инвестиция, сондай-ақ, сыртқы несиелер, қарыздар, дамуға ресми көмек, гуманитарлық көмек жатады.

     Қазақстан үшін тікелей шетелдік инвестиция неғұрлым тиімді. Ол қабылдаушы елдің шаруашылық қызметінде инвестордың ұзақ мерзімді мүддесін қанағаттандырады және сыртқы борышты қалыптастырмайды. ТМД елдерінің  арасында Қазақстан экономикаға  тартылған шетелдіік инвестиция көлемі бойынша көш бастап келеді. Қазақстан шет ел капиталын несие  мен қарыз нысанында да тартты.  

     Қазақстанға Австрияның, АҚШ-тың, Қытайдың, Түркияның, Еуро.Одақтың және басқа елдердің несие желілері ашылды. Қазақстан ТМД елдерінің арасында сыртқы борыш бойынша міндеттемелерін мерзімінен бұрын төлеген жалғыз ел болды, мұның өзі еліміздің халықаралық инвестициялық беделін көтерді.

     Қазақстанда халықтың акциялар, облигациялар, басқа  да бағалы қағаздар сатып алуға жұмсалған  шығыны олардың жалпы көлемінің 3%-ынан аспайды. Мұндай жағдайдың себебі қор нарығы мен қаржы құралдарының дамымағандығында.

      Қазақстан Республикасының экономикасын көтеруде және оны одан әрі дамытуда шетелдік инвесторлардың атқарар ролі зор. Шетелдік инвестицияларға табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызметтің объектілеріне инвесторлар салып отырған мүліктік құндылықтар және оған қоса олардың құқықтары, яғни интеллектуалдық меншік құқығы да кіреді.

      Шетелдік  инвестициялар Қазақстан Республикасының  заңды тұлғаларының жарғылық капиталына қатыса отырып, ондағы қабылданатын шешімдерге өз үлестерін және құқықтарын қорғауына болады.

      Шетелдік  инвесторлар өздерінің қызметінен алған табысын өз қалаулары бойынша  пайдалануға құқылы, Қазақстан аймағында  қайта қаржыландыру үшін, тауарлар алуға және басқа да мақсаттар  үшін, яғни Қазақстан Республикасының  заңдарында тыйым салынбаған кез  келген қызметпен айналысуыына болады.

2. 2009 – 2011ж.ж. Қазақстан Республикасындағы бағалы

               қағаздарды инвестициялауға талду 

           Еліміздің инвестициялық  саясаты ірі салымдарды қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға, тауар өндіру және қызмет етуді жоғары тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы  тиіс.

     Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды   жолдарының бірі — инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен  еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады.

     Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген  күннен бастап экономикалық жағдайды тұрақтандыру, ішкі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және инвестициялар тарту жөніндегі саясатты белсенді жүргізе бастады. Қазіргі уақытта жүргізілген нарықтық экономиканың оң нәтижелерін айқын көруге болады. Мәселен, Халықаралық валюта қорының мәліметтері бойынша 1999 жылы Қазақстан жан басына инвестиция тарту көрсеткішті бойынша ТМД елдері ішінде алғашқы орындардың бірін иеленді.

     Еліміздің инвестициялық саясаты ірі салымдарын қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға отандық және шетелдік қаражаттарды келтіруге, тауар өндіру және қызмет көрсетуді үлкен тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс. Жеке инвесторлар мемлекеттік инвесторларға қарағанда коммерциялық табысты көбейтуге өте құштар. Олар тауарларды және қызмет көрсетуді сұраныстармен ұштастыра отырып арттыруға, өндірістің түрлі жобаларымен нағыз тиімділерін пайдалануға тырысады. Міне, сондықтан да, жеке инвесторлардың өндірісті дамыту белсенділігін қолдай отырып, мемлекет тарапынан оларға қолайлы жағдайлар жасауға, атап айтқанда, салық салу, несие беру, кедендік пошлиндар жағынан едәуір жеңілдіктер беруге  тиіс.

     Қазақстан үкіметі 2007 жылы 2007 — 2009 жылдарға арналған мемлекеттік инвестициялық бағдарлама қабылдады. Бұл бағдарламаға қаржының секторды,   құқықтық форманы, мұнай және газ өнеркәсібін, су ресурстарын, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығын, құрылысты, коммуналдық шаруашылықты, шағын және орта бизнесті қолдауды дамытудың жобалары енгізілді.

     Соңғы жылдары біздің республикамызда  шетел инвестицияларымен (қаржымен) жұмыс істейтін кәсіпорындардың санының көбейе түскені мәлім. Қазіргі кезде республикамыздағы инвестициялық тапшылық аса күрделі проблемалардың бірі болып отыр. Осыған орай, өндіріске және меншік инвестицияларды уақытша ынталандырудың қажеттілігі туып отыр. Нарықтың экономиканың жаңа кезеңінің мақсаттарына тек шетелдік инвестициялардың белсенді түрмен қатысуы мен олар үшін барынша қолайлы жағдай жасалуымен ғана қол жетеді, өйткені қор жинайтын ішкі көздер бізде әзірше жеткіліксіз.

     Шетел инвестициясын алып келу жене оны  пайдалану Республика экономикасының өндірістік қуатын көтеруге ықпал етеді.

       Бірақ жалпы қағида бойынша, көптеген елдер мұны үлкен мөлшерде алынған сыртқы қарызды өтеуге бағыттайды.

     2005 жылы республикада 995 біріккен кәсіпорындар шетелдермен бірігіп жұмыс жасады,  ал 100 кәсіпорын шетел инвесторларына басқаруға берілді. Бұндай капиталдық ағылуы тек пайда табу көзі емес, кәсіпорындарға толық қадағалау мүмкіншілігінің болуы.

     Тікелей инвестицияның келуінің Қазақстан  үшін маңызы өте зор. Себебі бұл техникалық және басқару әдістерін алып келуге жол ашады. Бұл жерде технологияның келуі, капитал ағылуының пайдасынан артық деуге болады.

     Бұл ағылу инвестиция табысына байланысты. Шетел капиталының республикаға коммерциялық несие және халықаралық ұйымдардың заемы түрінде, сондай-ақ, құнды қағаздар ретінде келеді.

     2006 жылы 17 елден келіп түскен 18 несие жүйелері, 9 контракт, 229,4 млн. доллар несие, 483,1 млн. доллар заем пайдаланылды.

     2006 жылы банкаралық қысқа мерзімді ақша заемы 128,1 млн. долларға жетті.

     Қазақстаңда өтпелі кезеңнің басқа елдері сияқты қаржы нарығы онша дамымаған, сондай-ақ, жеке капиталдық келуі (ресми түрде  жазылмаған) әлі де болса, Қазақстан  экономикасына сенімнің аздығынан  деуге болады.

     Қазақстан экономикасына тура инвестиция салудан сөзсіз донор елге жататындар: Жапония (28,7%), Оңтүстік Корея (27,6%), Ұлыбритания (15,7%), АҚШ (11,1%), сондай-ақ, Германия, Түркия және Италия (3,0%).

Информация о работе Қор нарығы