Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтиежелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 11:11, курсовая работа

Описание работы

Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп өндірістік капиталдарды қалыптастыру,өнім өндіріп,оны өткізу,меншікті қаржы ресурстарын жасау,қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту,оларды бөлу және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды айтады. Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын ұйымдастыру белгілі бір қағидаттарға негізделген, олардың қатарына мыналар жатады: коммерциялық-шаруашылық есеп (қаржылық қызмет саласындағы дербестік, өзін-өзі өтеу,өзін-өзі қаржыландыру,қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындысына ынталылық,оның нәтиежелері үшін жауаптылық,кәсіпорынның қызметіне бақылау жасау);

Содержание

КІРІСПЕ..........................................................................................................................3
І.КОММЕРЦИЯЛЫҚ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚАРЖЫСЫ
1.1 Коммерциялық қызметтің қаржысын ұйымдастыру.........................................4
1.2 Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қорлары..............................................7
1.3 Сату шығынының сипаттамасы.........................................................................10
ІІ.КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ НӘТИЕЖЕСІ
2.1 Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтиежелері...............................................17
2.2Кәсіпорынның кірісін жаспарлау.......................................................................23

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................

Работа содержит 1 файл

Коммерциялык кәсіпорындардың қаржысы.doc

— 235.50 Кб (Скачать)
align:justify">-мәміле шарттары өзгергенде;

-сатылған тауарлар (жұмыс, қызмет көрсету) үшін бағалар, өтемдер өзгерген кезінде;

-теңгемен төлеген кезде сатылған  тауарлардың (жұмыс, қызмет көрсету) құнындағы айырма алынған жағдайларда  түзетілуге тиіс.

           Табысты түзету аталған өзгерістер болған  салық кезеңінің қорытындысы бойынша жүргізіледі.

 

           2.2 Кәсіпорынның  кірісін жоспарлау

           Кәсіпорындағы пайдадан түскен түсім деп- барлық алынған кірістерден барлық шығындарды алып тастағандағы қалған сома.

           Пайданы жоспарлау барысында оның қандай фактор әсерінен көбейтіні немесе төмендейтіні анықтау қажет.

            Пайда баға мен өзіндік құн арасындағы айырма блоғандықтан пайда мөлшеріне бағаның  өсуі және өзіндік құнның төмендеуі әсер етеді. Инфляцияның жоғары кезеңінде пайданың өсуі қамтамасыз етіледі. Инфляциялық үрдістің (процес) төмендеуі, нарықтың тауарлармен толығуы, бәсекенің дамуы өндірушілердің бағаны жоғарлатып, мұның көмегімен пайда болдырмайды. Кезекке шығынды төмендету тәсілі келеді. Өзіндік құнның төмендетудің түрлі тәсілдері бар.Мысалы: материалды шығынды төмендету, әкімшілік шығындар, жалақыны төмендету. Бірақ шығынды төмендетудің белгілі бір шегі болады.Өйткені ол өнім сапасына әсер етеді.

            Пайданың өсуінің факторларына сонымен қатар ассортименттің жаңартуы, номенклатураның кеңейтілуі  жатады.Кәсіпорында пайда деңгейін сақтау үшін  жаңа өнімнің жобасын құру  сәтінен өндіріске енгізу сәтін анықтау маңызды өнімді жобалау мен игеру кезеңі белгілі бір уақыт алады. Бұл уақыт ішінде кәсіпорын шығын шегеді. Өндіріске ену сәтінен кейін залал төмендей бастайды және уақыт өткен соң заласыздық нүктесіне жетеді.

              Сату көлемін жоғарлатқанда пайда өседі. Сұраныс пен ұсыныс теңелгенде пайда мөлшері тұрақталып бір шама уақыт  өзгермейді.

               Бұл жағдай бәсекелестердің жоғы мен тұрақты  сұраныста ұзаққа созылуы мүмкін. Кері жағдайда сату көлемін  ұстау үшін  бағаны төмендетуге тура келеді, тиімділік төмендейді. Бірақ бағаларды  төмендету керек, немесе жаңа өнімді шығаруға көшу керек. Оның пайда өсуінің кезеңінде бастау керек. Ескі өнімнің кірістілігі азайғанда жаңа өнімнің залалсыздық нүктесі болады Қолайлы жағдайда оны жоғарлатуға болады.

               Сұраныс ең  жоғары болғанда өнімді жақсарту оған деген пайданы одан сайын жоғарлайды.

                Кәсіпорынның экономикалық тиімділігіне тек қана пайда мөлшері ғана емес, оны дұрыс тарату да әсер етеді.

               Пайданы негізігі 3 бағытта бөледі:

1. Бюджет(салық)- кәсіпорынмен бюджет арасындағы қатынас табыч салығы негізінде құрылады. Кейде салық сомасы пайдадан асуы мүмкін, сонда пайдамен бірге салық көзі ретінде айналым қаражаттары пайдаланылады.

2.кәсіпорын иелері (акционерлер)- меншік иелері арасындағы пайданы бөлу түрлі факторларға тәуелді. Жаңа өнім түрлері,жаңа технология игеру, техникамен қамтамасыз ету көп ресурсты қажет етеді. Ең біріншіден оны меншік иелері ұсынуы тиіс. Яғни олар өз пайдасын уақытша өндіріске жұмылдырады. Кәсіпорын пайданы жеткілікті мөлшерде ала бастағанда, олар өз пайдасын алады.

3.кәсіпорын –кәсіпорын пайдасын тарату өндірістік және әлеуметтік қажеттіліктерді қаржыландыру үшін қорлар мен резервтерді құрастырады. Бірақ салық жеңілдіктерін ұсыну арқылы кәсіпорынды тұрғын үй салуға, табиғатты қорғау шараларын өткізуге, қайырымдылық шараларын өткізуге, әлеуметтік сала обьектілерін ұстауға ынталандырады.

               Пайданы тарату ішкі құжаттармен жүргізіледі,кейбір аспектілер (ерекше жағдайлар) жарғыда көрсетіледі. Жарғыға сәйкес тұтыну, жинақ және әлеуметтік қорлар қалыптасады. Егер мұндай қорлар қалыптастырылмаса қаражаттың жоспарлы пайдалануын қамтамасыз ету мақсатында өндірісті дамытуға, материалды қолдауға, әлеуметтік қажеттіліктерге смета құрылады.

               Өндірісті дамытуға: технология енгізу, жаңа өнімді жобалау мен игеру, табиғатты қорғау шаралары, өндірісті кеңейту, ғылыми зерттеу жұмыстары (сынақ) басқа кәсіпорындардың  жарғылық капиталына салым салу.

                Әлеуметтік қажеттіліктерге: әлеуметтік обьектілерді ұстау, жаңа обьектілерді салу, денсаулық сақтау мен мәдени шаралар жатады.

                Материалды қолдауға: сыйақы, жәрдемақы, қаржылай көмек жатады. Барлық қалған пайда бөлінбеген пайда  ретінде қалыптасады. Ол кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайды.  Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуде жарғылық капиталдың мөлшері маңызды рөл атқарады. Жарғылық капиталға аударымдар бірінші кезекте жасалынуы тиіс. Жарғылық капиталдың мөлшері кәсіпорынның тәуекелге дайындығы, пайда болмағанда да дивидендтің төленуін сипаттайды.

               Егер өнім  нақты тауарлы- материалдық құндылықтар қажет. Егер өндірілген өнім өткен болса, онда оны қоғам қабылдады деген сөз. Өндірілген немесе өткен тауар үшін алынған табыс пайданың табылғандығын көрсетпейді. Қаржылық нәтиежені анықтау үшін тауарды сатқаннан түскен табысты өндіріске және сатуға  кеткен шығындармен салыстыру қажет егер табыс кеткен шығындардан көп болса, онда қаржылық нәтиежесі пайда алынғанын көрсетеді. Егер табыспен шығын тең болса, онда пайданың болмағаны, соның  есебінен шаруашылық субьект өндірісті дамыту үшін қаражаты жоқ деген сөз. Егер шығындар табыстан асып түссе шаруашылықпен айналысатын субьект залал шеккенін білдіреді, осының әсерінен ол банкрот болуы да мүмкін.

               Пайда өндірілген және міндетті түрде өткізілген қосымша затты білдіреді. Ол қайта жаңғырту  циклінің барлық сатысында өндіріледі, алайда  өзінің  ерекше нысанын өнімді өткізу сатысында табады. Пайда таза табыстың негізгі түрі болып табылады.

                                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

         Қорытындылай келсек, кәсіпорындарда өндірістік және коммерциялық қызметі негізгі өндірістік капиталдарды- негізгі және айналым капиталдарын пайдаланумен байланысты болады. Өндірістік капиталдардың былай бөлінуі  олардың айналымының сипатымен және дайын  өнімді жасаудағы қатысуының нысанымен байланысты. Жұмыс істеп тұрған шаруашылық жүргізуші субьектілерде негізгі және айналым капиталдарының орны өнімді (қызметтерді) сатқаннан кейін және тиісті табыс түскеннен кейін толтырылады. Бұл табыстан амортизациялық аударымдар нысанында тозған негізгі  капиталдардың орнын толтыру үшін қаражаттар қалыптастырылады, ал өнімді өткізуден алынған табыстың басқа бөлігі айналым капиталдарының құрамына  кіретін тауар-материалдық құндылықтарды сатып алуға бағытталады. Жаңа кәсіпорындарды құру немесе оларды кеңейту кезінде қаражаттардың едауір бөлігі құрылтайшылардың жарналары, акцияларды сатудан түскен қаржылай қаражаттарды тарту есебінен қалыптасады: мемлекеттік кәсіпорындар үшін-бұл бюджет пен мемлекеттік  бюджеттен тыс қорлардың  қаражаттары. Қаражаттардың бір бөлігі басқарудың жоғарғы буындарының- бірлестіктің, ассоцияцияның, министрліктердің, ведомствалардың орталықтандырылған қаржы ресурстары есебінен авансылануы мүмкін. Қазақстан  Республикасында бухгалтерлік есептің стандарттары бойынша «өнім (жұмыс, қызмет) өткізуден алынған табыс» көрсеткішінде негізгі қызметтен алынған табыс қамтып көрсетіледі, ол тауар- материалдық босалқы қорларды, орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізуден алынған  табыстардан басқа, қосалқы құнға салынатын салықты, акциздерді, басқа салықтар мен міндеттемелерді, қайтарылған тауарлардың құнын және сату мен міндеттемелерді, қайтарылған тауарлардың құнын және сату мен бағадан шегерімдерді алып тастағаннан кейінгі  сыйақы(мүдде), яғни пайыздар, дивидендтер, қаламақы жәнен рента түріндегі алынған табысты да қамтиды.

            Негізгі емес қызметтен алынған табыс (немесе зиян)- активтерді пайдалануға беруден, бағалы қағаздарды қайта бағалаудан және т.с.с.  алынған қаржылық нәтиже.

            Негізгі қызметтен алынған табыс (зиян) пен негізгі емес қызметтен алынған табыстың (зиянның) сомасы салық  салынғанға дейінгі кәдуілгі қызметтен алынған табысты ( зиянды) көрсетеді.

             Табыс дайын өнімдерден, сатып  алынған тауарлардан және көрсетілген қызметтерден алынады: олардың сатылу  құны тараптар аясында жасалған келісімшартта анықталады. Ал мәміледе шығатын табыс сомасы бағасынан  немесе сату кезінде қолданылатын жеңілдіктерін ескере отырып, олардың (мәміленің) құндарын өлшейді. Сатып алушылардың алған активтер үшін төлеген сомасын сату құны деп атайды. Тауарды сатқаннан кейін түскен келесі жағдайды сақтаған кезде ғана  табыс деп саналады: табыс сомасын жоғары деңгейдегі дәлдікпен бағалағанда, яғни екі тарап та мәмілеге қатысқан кезде, сатушы қандай соманы сұрап отырғанын және қандай соманы сатып алушы төлейтіндігін білген жағдайда; мәмілемен байланысты экономикалық олжаны және соны субьектінің алу ықтималдығы бар болуы  мүмкін. Ал бұл сатушының сатқан тауары үшін  келісімшартта  көрсетілген (айт Бизнестің кез келген түрімен айналысқан  ұйым табыстылығын есептеп, бизнестің олжалы болғанын қалайды. Кәсіпорын табысы екі құрамнан: бағадан және шығындардан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                               Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

1.Құлпыбаев С. және тағы басқалары. Қаржы теориясы. Оқу құралы.-Алматы: Мерей, 2001.-176 бет.

2.Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Оқулық.- Алматы: 2003.-448 бет.

3.Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев.Қаржы.  Оқулық.-Алматы: 2005.-154 бет.

4.Оразалин К.Ж. Оқу құралы-Алматы: 2007.-189 бет.

5.Зейнелгабдин А.Б. Оқулық.-Алматы: 1995.-160 бет.

6.Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы. Оқу құралы- Алматы: Экономика,2003.

7.Оразалин К.Ж., Есайдар У.С., Төлегенов Б.Т. Кәсіпорын экономикасы (теория, тест сұрақтары, есептер). Оқу құралы.- Алматы:АТУ баспасы, 2007

8.Төлегенов Б.Т. Ішкі фирмалық жоспарлау:  АТУ баспасы,2003.

9.Заяц Н.Е., Фисенко М.К., Бондарь Т.Е. Қаржы теориясы. Оқулық .1998.-368 бет.

10.Мамыров Н.К., Саханова А.Н. Мемлекет және бизнес.-Алматы:2002

11.Ниязбекова Р.Қ., Рахметов Б.А., Байнеева Б.Т. Кәсіпорын экономикасы Алматы:2008

12. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп принциптері :Оқу құралы Алматы: 2003

13.Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы. Алматы: 2003

14.Ғабдуллин Т.Ғ. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп.Алматы: Қазақстан-аудит орталығы 2002.

15.Әмірқанов Р.Ә.,Тұрғылова А.Қ. Қаржы менеджменті. Оқу құралы.- Алматы:1999.-188 бет.

16.дробозина Л.А. Финансы. Учебник для вузов.-М.:ЮНИТИ,2000.-527стр.

17.Радостовец В.К.,Радостовец В.В. Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятиях.-Алматы: Казахстан,2002.-728с.

18.Финансы.Денежное обращение.Кредит: Учебник для вузов. Под.ред.Л.А.Дробозиной.-М.:ЮНИТИ,2000.-479с.

19.Қазақстан Республикасының Конституциясы.- Алматы: Қазақстан,2000.-96бет.

20.Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі Қазақстан Республикасының Үкіметінің актілер жинағы.

21.Мамыров Н.К. Тілеужанова М.А. Микроэкономика: Оқулық- Алматы: «Экономика»,2003

22.Ералы А.Қ., Қабылбеков М.Г. Кәсіпорын экономикасы. ҚазҰТУ, 2004ж.

 

 

 

 

                                           

 

 

 

 

 

Қосымшалар

Кесте 4. Элементтер бойынша және калькуляция баптары бойынша 

шығындарды топтастыру

 

Экономикалық элементар

Сома

Калькуляция баптары

Сома

1.Материалдық щығындар

78000

1. материалдар

25200

2.Еңбекақыға кететін щығындар

17000

2.Сатып алынатын жартылай өнімдер(шалафабрикаттар), жиынтықтаушы бұйым және т.б.

41000

 

3. Аударым

3980

3. Қайтарылатын қалдықтар (ұсталым)

(2400)

4. Құралдың тозуы

6300

4.Технологиялық мақсатқа арналған отын және энергия

9100

5. Басқадай шығындар

11720

5. Еңбекақы

10000

Барлығы:

117000

6. Аударым

2340

Өндірістік емес шотқа есептен шығарылады(-) (қайтарылатын қалдықтар құны, ақауға кінәліден шығынның орны толтырылды)

(6300)

7. Әзірлік және өндірісті  игеру шығындары

4060

Аяқталмаған өндіріс қалдығының өзгеруі (+)

600

8.Үстеме шығындар

9. Басқадай шығындар

17500

7200

Барлығы:

114000

Барлығы:

114000

Информация о работе Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтиежелері