Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтиежелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 11:11, курсовая работа

Описание работы

Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп өндірістік капиталдарды қалыптастыру,өнім өндіріп,оны өткізу,меншікті қаржы ресурстарын жасау,қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту,оларды бөлу және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды айтады. Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын ұйымдастыру белгілі бір қағидаттарға негізделген, олардың қатарына мыналар жатады: коммерциялық-шаруашылық есеп (қаржылық қызмет саласындағы дербестік, өзін-өзі өтеу,өзін-өзі қаржыландыру,қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындысына ынталылық,оның нәтиежелері үшін жауаптылық,кәсіпорынның қызметіне бақылау жасау);

Содержание

КІРІСПЕ..........................................................................................................................3
І.КОММЕРЦИЯЛЫҚ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚАРЖЫСЫ
1.1 Коммерциялық қызметтің қаржысын ұйымдастыру.........................................4
1.2 Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қорлары..............................................7
1.3 Сату шығынының сипаттамасы.........................................................................10
ІІ.КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ НӘТИЕЖЕСІ
2.1 Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтиежелері...............................................17
2.2Кәсіпорынның кірісін жаспарлау.......................................................................23

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................

Работа содержит 1 файл

Коммерциялык кәсіпорындардың қаржысы.doc

— 235.50 Кб (Скачать)


                                           ЖОСПАР

КІРІСПЕ..........................................................................................................................3

І.КОММЕРЦИЯЛЫҚ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚАРЖЫСЫ

    1.1 Коммерциялық қызметтің қаржысын ұйымдастыру.........................................4

    1.2 Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қорлары..............................................7

    1.3 Сату шығынының сипаттамасы.........................................................................10

ІІ.КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ НӘТИЕЖЕСІ

    2.1 Кәсіпорын  қызметінің қаржылық нәтиежелері...............................................17

    2.2Кәсіпорынның кірісін жаспарлау.......................................................................23

 

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................28

ҚОСЫМШАЛАР.........................................................................................................29

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

        Мен таңдап алған курстық жұмысымда «Коммерциялық қызмет қаржысы» туралы мәліметтер берілген.

        Осы курстық жұмысты орындай отырып басты мақсатым: жоғарыда көрсетілген барлық бөлімдер мен тараулардың мазмұнын ашу және тақырыпқа сай мәліметтер мен деректердің нақты, әрі дәл болуы.

        Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субьектілер табыс(пайда) алу мақсатында құрылады. Олар өзінің қызметін мынадай нысандарда  жүзеге асырыла алады: мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар, шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктер,өндірістік кооперативтер. Коммерциялық негіздерде материалдық  өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі және материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едауір бөлігі жұмыс істейді: коммерциялық банктер,сақтық ұйымдары,  қаржы секторының басқа мекемелері (жинақ ақша-депозит мекемелері, инвестициялық қорлар,қор биржалары,бағалы қағаздар рыногы мен ақша-кредит рыноктарына қызмет көрсететін әр түрлі мекемелер) сауда-делдалдық кәсіпорындар,ерікті қоғамдық қорлар,трасттық компаниялар және басқалары.

      Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп өндірістік капиталдарды қалыптастыру,өнім өндіріп,оны өткізу,меншікті қаржы ресурстарын жасау,қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту,оларды бөлу және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды айтады. Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын  ұйымдастыру белгілі бір қағидаттарға негізделген, олардың қатарына мыналар жатады: коммерциялық-шаруашылық есеп (қаржылық  қызмет саласындағы дербестік, өзін-өзі өтеу,өзін-өзі қаржыландыру,қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындысына ынталылық,оның нәтиежелері үшін жауаптылық,кәсіпорынның қызметіне бақылау жасау);

     Қоғамдағы өндіріс шығындары деп- әдетте өнім өндіруге жұмсалған шығындарды айтады. Өндірістік капиталдардың қалыптасуы кәсіпкерлік қызмет бастауының обьективті алғышарты  болып табылады. Бұл қызметтің нәтиежелері дайын өнім (орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер) нысанында көрінеді.

       Коммерциялық кәсіпкерліктің мазмұны тауар-ақша қатынастары мен сауда- айырбас операцияларынан тұрады. Шын мәнінде, бұл тауар мен қызмет көрсетуді қайта сататын орны.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І.Коммерциялық қызмет қаржысы

 

1.1 Коммерциялық   қызметтің  қаржысын ұйымдастыру

     

     Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субьектілер табыс(пайда) алу мақсатында құрылады. Олар өзінің қызметін мынадай нысандарда  жүзеге асырыла алады: мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар, шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктер,өндірістік кооперативтер. Коммерциялық негіздерде материалдық  өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі және материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едауір бөлігі жұмыс істейді: коммерциялық банктер,сақтық ұйымдары,  қаржы секторының басқа мекемелері (жина ақша-депозит мекемелері, инвестициялық қорлар,қор биржалары,бағалы қағаздар рыногы мен ақша-кредит рыноктарына қызмет көрсететін әр түрлі мекемелер) сауда-делдалдық кәсіпорындар,ерікті қоғамдық қорлар,трасттық компаниялар және басқалары.

       Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы қаржы жүйесінің маңызды сфераларының бірі ретінде құн түріндегі ЖІӨ-ні жасау,бөлу және пайдалану процестерін қамтиды. Олар негізінен ЖІӨ мен ҰТ жасалатын материалдық өндіріс сферасында іс-әрекет етеді. Сондықтан коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы материалдық өндіріс кәсіпорындары(ұйымдары) қаржысының мазмұнымен және оларды ұйымдастырудың қағидаттарымен бірдей  болып келеді.

       Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп өндірістік капиталдарды қалыптастыру,өнім өндіріп,оны өткізу,меншікті қаржы ресурстарын жасау,қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту,оларды бөлу және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды айтады. Мұндай экономикалық  қатынастарды жиі ақша немесе қаржы қатынастары деп атайды, қаржы қатынастары ақша қатынастарының бір бөлігі болып саналғанымен ол ақша қозғалысы кезінде ғана пайда болады және орталықтандырылған  және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастырып, пайдалануымен қосарлана жүретіндігін біз жоғарыда  атап  көрсеткенбіз. Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын  ұйымдастыру белгілі бір қағидаттарға негізделген, олардың қатарына мыналар жатады: коммерциялық-шаруашылық есеп (қаржылық  қызмет саласындағы дербестік, өзін-өзі өтеу,өзін-өзі қаржыландыру,қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындысына ынталылық,оның нәтиежелері үшін жауаптылық,кәсіпорынның қызметіне бақылау жасау);

      1.Коммерциялық (шаруашылық)есеп-кәсіпорындар мен ұйымдардың шаруашылық-қаржы қызметін жүргізудің негізге алынатын қағидаты және басты әдісі. Коммерциялық есеп қағидаты  кәсіпорынға оның қызметі үшін, оның жарғылық  капиталын құрайтын қажетті  негізгі және айналым құралдары(капиталы) тұрақты пайдалануға  бөліп берілетінін білдіреді. Шаруашылықты жүргізудің әдісі ретіндегі коммерциялық есеп қағидаты шығындарды шаруашылық қызметтен алынған табыспен өлшеуді және табыс алуды талап етеді.

      Коммерциялық есептің өзіндік ерекшілігі:

- шаруашылық  жүргізуші субьектілердің қаржылық тәуелсіздігі болады;

- қаржы қатынастары мемлекет тарапынан болатын майда реттемелеуден бос болады;

     субьектілерінің жұмыстың нақты нәтиежелері және міндеттемелердің уақтылы орындалуы үшін  нақтылы экономикалық жауапкершілігі болады;

- коммерциялық есеп жағдайында шаруашылық жүргізуші субьектілердің банктермен, сақтық ұйымдарымен және мемлекетпен көптеген өзара қарым-қатынастары қалыптасады.

       Коммерциялық есеп қағидаты кәсіпкерлік нысанында іске асырылады. Нарықтық қатынастардың дамуы меншіктің барлық нысандарының теңдігі қағидатын, мүлікке иеліктің бостандығын және қызмет сфераларын таңдауды іске асырудың негізінде шаруашылық бастамаға және азаматтардың кәсіпкершілігіне жағдайлар жасайды.

       Коммерциялық есептің айқындаушы қағидаттары өзін-өзі өтеушілік  пен өзін-өзі қаржыландыру болып табылады.

      Өзін-өзі өтеушілік- шаруашылық жүргізудің негіз қалаушы қағидаты, ол кәсіпорынның өз өнімін (орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) өткізуден түсетін түсім-ақша есебінен оны өндіру және жеткізілім жөніндегі  бүкіл шығындарды өтеуді білдіреді. Өзін-өзі өтеушіліктің төменгі шегі-залалсыздық, яғни кірістер  мен шығыстардың сандық теңдігі. Шығындарды өзін-өзі өтеушілікке жету- кәсіпорын өнім өндіруді игеру, шаруашылық процестерді күйіне келтіру, нарықтық ортаға бейімделу кезіндегі кәсіпорын қызметінің бастапқы кезеңінің мақсаты. Нарықтық қатынастар жағдайында жақсы даму перспективасы бар немесе басым маңызы бар  шаруашылықтар сыртқы қолдауды пайдалана алатындықтан кәсіпорын рентабельді жұмыс істеуі тиіс; бірінші жағдайда олардың кредит ресурстарын пайдалану,екіншісінде бюджеттік қаржыландыруды пайдалану мүмкіндігі бар.

       Жеткізушілер, банктер,бюджет,әр түрлі несиегерге тарапынан кәсіпорынға қойылатын талаптар мен міндеттемелерді кәсіпорынның уақытында қанағаттандыруға төлем қаражаттарының жетіспеуімен байланысты тұрақты қабілетсіздігі кезінде белгілі бір рәсімдерді: сауықтыруды,қайта ұйымдастыруды,тәуелсіз басқаруға беруді,сатуды немесе таратуды қолданумен кәсіпорын заңмен белгіленген тәртіппен банкрот деп жарияланады.

      Өзін-өзі қаржыландыру-нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің табысты болуының міндетті шарты.Бұл қағидат өнім өндіру мен кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасын ұлғайту жөніндегі шығындардың толық өтелуіне негізделеді,ол әрбір есебінен жауып отыратындығын білдіреді. Қаражаттардың уақытша жетіспеушілігі кезінде оған деген қажеттілік  банктің қысқа мерзімді несиелері мен коммерциялық несие  есебінен (күрделі жұмсалымға пайдаланылады) және ұзақ мерзімді несиелер есебінен (ағымдағы шығындарға пайдаланылады) қамтамасыз етілуі мүмкін,олар кәсіпорынның қарамағында қалатын пайданың есебінен өтілінеді. Өзін-өзі қаржыландыру кәсіпорындардың толық қаржы дербестілігімен және жауапкершілігімен тығыз байланысты.Оларға өздерінің меншікті ресурстарын өз бетінше ұйымдастырып басқаруға,тартылатын және қарыз қаражаттарын іздестіріп,айналымға салуға құқық берілген.Мемлекет кәсіпорындардың қаржы ресурстарын қайта бөле алмайды.Қаржы қатынастарын мемлекет тарапынан реттеу бюджетке салық алудың,амортизациялық қорды қалыптастырудың, валюталық түсім-ақшаны бөлудің,бағалы қағаздарды өткізудің, шығындарды өзіндік құнға  жатқызудың және т.б. жүйесі мен тәртібін белгілеу ақылы жүзеге асырылады.

           Кәсіпорындардың қаржылық  жауаптылығы бюджет,қорлар алдындағы міндетті орындамағаны үшін заңнамада белгіленген қаржы санкцияларының жүйесімен анықталған.Бұдан басқа,кәсіпорындар өздерінің міндеттемелері бойынша меншікті мүлкімен жауапты болады.Кәсіпорындардың қаржылық жауаптылығы кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру жүйесісімен  және кәсіпорындардың қаржы ресурстарында сақтық компанияларынан түсетін сақтық төлемдердің рөлінің артуымен күшейіп келеді.

           Қаржылық жауапкершілік пен мүдделік-бір процестің-шаруашылық жүргізудің тиімділігін арттырудың ынталандырмаларын жасау мен іске асыру процесінің екі жағы.

          Сөйтіп,екі экономиканың негізгі буыны кәсіпорын,ұйым,басқа шаруашылық субьектісі сферасындағы қаржы мен коммерциялық есептің өзара байланысы көрінеді.

           2.Жоспарлылық қағидаты кәсіпорынның қаржылық қызметі өндірістің  мақсаттарына,міндеттеріне,оларға жетудің белгіленген әдістеріне жетудің дәйектілігі мен мезгіліне қарай оның параметрлерін есептеу арқылы алдын ала қарастырылатынын білдіреді. Есеп-қисаптар негізінде және белгіленген қаржы нормативтерін пайдалану арқылы арнаулы құжатта-қаржы жоспарында(болжамында)қамтылып көрсетілетін қаржылық көрсеткіштер анықталады.Кәсіпорынның болжалды қызметі факторларының тұрлаусыздығы жағдайында қаржылық көрсеткіштерді егжей-тегжейлі пысықтаудың-жоспарлаудың орнына болжау қолданылады, яғни қолда бар мәліметтерді зерделеудің,өзгермелі факторларды ғылыми өңдеудің (үлгілеудің, экстраполяциялаудың) және қорытындылаудың негізінде кәсіпорынның қаржылық дамуының болжамы жасалады. Болжам кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нұсқалары  бойынша бағалау және кейінгі  шешімдерді қабылдау үшін қызмет етеді.

            Кәсіпорын ірірек шаруашылық құрылымға-бірлестік, ассоциация, концерн және т.с.с.кіргенде кәсіпорындардың қаржы жоспарларының көрсеткіштері  бұл ұйымдардың жиынтық қаржы жоспарларына біріктіріледі.

            3.Кәсіпорындар мен ұйымдар меншігінің барлық нысандарының теңдігі қағидаты қатынастардың тұрақтылығы мен меншіктің түрлі нысандары-мемлекеттік, жеке меншік, шетел мемлекеттерінің және олардың заңды ұйымдары  мен азаматтарының, халықаралық ұйымдардың нысандары дамуының мемлекет кепілдігінде жүзеге асырылады. Меншіктенуші өз білгенінше өзінің  мүлкіне иелік жасайды,пайдаланады және басқарып ұйымдастырады, оған қатысты заңға қарсы келмейтін кез келген іс-әрекет жасайды, мүлікті кез келген шаруашылық  және заңмен тиым салынбаған өзге де қызмет үшін пайдаланылады.

           4.Кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың қажетті қағидаты-басқарудың барлық деңгейлеріндегі  қаржы резервтерінің (резервтік капитал, тәуекел қоры) болуы. Қаржы резервтері әр түрлі әдістермен өндірістік және әлеуметтік қорлардың мөлшеріне пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты нормативтер бойынша аударымдар арқылы жасалуы мүмкін. Қаржы резерві уақытша болатын қаржы қиыншылықтарын жоюға және шаруашылықтардың қызметіне қажет қалыпты жағдайларды қамтамасыз етуге,сондай-ақ әдетте,қаржы жоспарында қаралмайтын өндірістік және әлеуметтік дамумен байланысты шығындарды (ойда болмаған шығындарды) қаржыландыруға арналған.

         Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастыруда елеулі өзгерістер болуда.Әріптес-кәсіпорындардың арасында деңгейлес байланыстар күшейіп келеді, олардың банк жүйесімен өзара іс-қимылы нығайып келеді. Бұл процестер салалық құрылымдардан бас тартып, жаңа үлгідегі құрылымдарды-экономикалық мүдделермен, бірыңғай акциялармен және мемлекеттің мүліктегі үлесімен байланысты ұқсастық негіздегі  және көпсалалық құрылымдарды жасауда көрінеді, бұл құрылымдар рынок жағдайында анағұрлым өміршең болып келеді.

         

         1.2 Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қорлары

         Шаруашылық-қаржы қызметі процесінде кәсіпорын мен ұйымдар қаржы қорларын – белгілі бір мақсаттарға арналған ақша қаражаттарын қалыптастырып, пайдаланады. Қорлардағы ақша қаражаттары үнемі қозғалыста болады: түседі, қордаланады, жұмсалады.

           Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы тәжірибесінде кәсіпорындардың, жеке саланың немесе бүкіл ұлттық шаруашылықтың  өндірістік, шаруашылық және әлеуметтік қызметіндегі мақсат-міндеттеріне қарай әр түрлі қорлар пайдаланады.Өздерінің қызметтерінің орындалуына немесе экономикалық  жағдайдың өзгеруіне қарай кейбір қорлар жойылса, кейбірі өзгертіліп, қайсы біреулері жеке бөлініп  шықты. Ұзақ жылдар бойы кәсіпорындар мен ұйымдарда экономикалық ынталандыру  қорлары- материалдық көтермелеу қоры, өндірісті дамыту қоры, әлеуметтік  даму қоры, көпшілік қолды тауарлар қоры (халық тұтынатын тауарларды шығаруды және өндіріс- қалдықтарынан жасалынған басқа бұйымдарды ынталандыру үшін) жұмыс істеді. 1992 жылға дейін ұлғаймалы ұдайы өндірісті  қаржыландыру және негізгі қорларды жаңарту үшін амортизациялық қор құрылды. Министрліктер мен ведомстволарда жалпы салалық сипаттағы шығындарды қаржыландыру , ведомствоға  қарасты кәсіпорындар мен ұйымдарға қаржы көмегін көрсету үшін орталықтандырылған қорлар құрылды: ғылым және техниканы  дамытудың бірыңғай қоры, экономиткалық  ынталандыру қорлары бойынша орталықтандырылған қорлар мен резервтер, бағаны реттеу қоры және басқалары.

Информация о работе Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтиежелері