Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 11:11, курсовая работа
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп өндірістік капиталдарды қалыптастыру,өнім өндіріп,оны өткізу,меншікті қаржы ресурстарын жасау,қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту,оларды бөлу және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды айтады. Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын ұйымдастыру белгілі бір қағидаттарға негізделген, олардың қатарына мыналар жатады: коммерциялық-шаруашылық есеп (қаржылық қызмет саласындағы дербестік, өзін-өзі өтеу,өзін-өзі қаржыландыру,қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындысына ынталылық,оның нәтиежелері үшін жауаптылық,кәсіпорынның қызметіне бақылау жасау);
КІРІСПЕ..........................................................................................................................3
І.КОММЕРЦИЯЛЫҚ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚАРЖЫСЫ
1.1 Коммерциялық қызметтің қаржысын ұйымдастыру.........................................4
1.2 Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қорлары..............................................7
1.3 Сату шығынының сипаттамасы.........................................................................10
ІІ.КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ НӘТИЕЖЕСІ
2.1 Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтиежелері...............................................17
2.2Кәсіпорынның кірісін жаспарлау.......................................................................23
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................
Шаруашылық жүргізуші субьектілердің меншікті қаражаттарына құрылтайшылардың алғашқы жарналары, амортизациялық аударымдар және таза табыс (пайда) жатады.
Алғашқыда шаруашылық жүргізуші субьектілерді құрған кезде өндірістік капиталдарды, материалдық емес активтерді, айналым құралдарын сатып алудың көзі жарғылық капитал болып табылады. Оның қаражаттары есебінен кәсәпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасалады. Жарғылық капиталдың көлемі бухгалтерлік баланста қамтылып көрсетіледі және кәсіпорынның, фирманың қаржылық қуатын бағалаудың алғашқы каритерииі қызметін атқарады.
Кейінгі негізді капиталдарды сатып алуға шаруашылық қызмет нәтиежесінде кәсіпорындарда пайда болған қорланымдар пайдаланылады. Оларға ең алдымен өнім өткізуден алынатын түмім-ақша құрамындағы амортизациялық аударымдар мен табыс (пайда) жатады.
Мемлекеттік кәсіпорындарда өндіріске жұмсалған инвестициялардың бастапқы көзі қызметін бюджет қаражаттары мен орталықтандырылған бюджеттен тыс қорлар, ал мемлекеттік емес кәсіпорындарда акционерлік капитал атқарады. Өндіріс базасын одан әрі дамыту кәсіпорындардың ішкі ресурстары мен тартылған қаражаттар есебінен жүзеге асырылады.
Тартылған қаржылай қаражаттар акцияларды орналастырудан, еңбек ұжымы мүшелерінің, заңи және жеке тұлғалардың жарналарынан алынған ақшаны қамтиды.
Қарыз қаражаттарына коммерциялық банктердің ұзақ мерзімді несиелері, негізгі капиталдарды қаржы лизингі негізінде сатып алу және инвестициялық салық несиесі жатады.
Өндірістік капиталдардың қалыптасуы кәсіпкерлік қызмет бастауының обьективті алғышарты болып табылады. Бұл қызметтің нәтиежелері дайын өнім (орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер) нысанында көрінеді.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің стандарттары бойынша «өнім (жұмыс, қызмет) өткізуден алынған табыс» көрсеткішінде негізгі қызметтен алынған табыс қамтып көрсетіледі, ол тауар- материалдық босалқы қорларды, орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізуден алынған табыстардан басқа, қосалқы құнға салынатын салықты, акциздерді, басқа салықтар мен міндеттемелерді, қайтарылған тауарлардың құнын және сату мен міндеттемелерді, қайтарылған тауарлардың құнын және сату мен бағадан шегерімдерді алып тастағаннан кейінгі сыйақы(мүдде), яғни пайыздар, дивидендтер, қаламақы жәнен рента түріндегі алынған табысты да қамтиды.
Өнім өткізуден алынған табыс пен оның өзіндік құны арасындағы айырым жалпы табысты құрайды. Алайда бұл сызба бойынша өзіндік құн бүкіл шығыстарды қамтып көрсетпейді- олардың бір бөлігі кезең шығыстарын құрайды, атап айтқанда:
Жалпы және әкімшілік шығындары (жалпышаруашылық және әкімшілік арналымы шығыстарының сомасы);
өткізуге ( тауар- материалдық босалқы қорларды сатуға) байланысты шығыстар;
сыйақыны (мүддені) пайыздарды (алынған несиелер, мүлікті жалдау үшін және пайыздар бойынша басқа шығыстар) төлеу бойынша шығыстар.
Жалпы табыс пен кезең шығыстары арасындағы айырым негізгі қызмет бойынша сальдоланылған қаржылық нәтиежені қамтып көрсетеді және «негізгі қызметтен алынған табыс (немесе зиян) деп аталады.
Негізгі емес қызметтен алынған табыс (немесе зиян)- активтерді пайдалануға беруден, бағалы қағаздарды қайта бағалаудан және т.с.с. алынған қаржылық нәтиже.
Негізгі қызметтен алынған табыс (зиян) пен негізгі емес қызметтен алынған табыстың (зиянның) сомасы салық салынғанға дейінгі кәдуілгі қызметтен алынған табысты ( зиянды) көрсетеді.
Бизнестің кез келген түрімен айналысқан ұйым табыстылығын есептеп, бизнестің олжалы болғанын қалайды. Кәсіпорын табысы екі құрамнан: бағадан және шығындардан тұрады. Баға сұраныс пен ұсыныстың қарым –қатынасына тәуелді екені белгілі.Сол себепті өз қалауымызша бағаны көтере алмаймыз.Шығындар жөнінде басқаша – оның шамасы пайдаланып жатқан еңбек, материалды ресурстарға, техниканың деңгейіне, өндірісті және еңбекті техникалық жағынан ұйымдастыруға және т.б. байланысты. Осыдан көрініп тұрғандай, оларды тиімді басқаруға күш салу керек екені көрініп тұр.
Өндірістік, инвестициялық және қаржылық іс-әрекеттер қаржылық нәтиежелер түрінде байқалады.
Нарық жағдайында әрбір шаруашылықпен айналасатын субьект өз алдына дара тауар өндіруші болып саналады, ол экономика және заңдылық жағынан тәуелсіз болады. Шаруашылықпен айналысатын субьект бизнес түрін таңдағанда, тауарлар ассортиментін қалыптастырғанда тәуелсіз болады, шығындарды өзі анықтайды, бағаларды өзі қалыптастырады, тауарды сатқаннан түскен табысты өзі есепке алады, солай болғандықтан іс-әрекеттің нәтиежесінен болған пайда табу болып саналады. Бұл мақсатты қоғам қажеттілігін өзінің тұтыну қасиеті бойынша қамтамасыз ететін тауарды шығарғанда ғана іске асыруға болады. Қоғамға теңгелік балама қажет емес, оған нақты тауарлы-материалдық құндылықтар қажет. Егер өндірілген өнім өткен болса, онда оны қоғам қабалдады деген сөз. Өндірілген және өткен тауар үшін алынған табыс пайданың табылғандығын көрсетпейді. Қаржылық нәтиежені анықтау үшін тауарды сатқаннан түскен табысты өндіріске және сатуға кеткен шығындармен салыстыру қажет, егер табыс кеткен шығындардан көп болса, онда қаржылық нәтиежесі пайда алғанын көрсетеді. Егер табыспен шығындар тең болса, онда пайданың болмағаны, соның есебінен шаруашылық субьект өндірісті дамыту үшін қаражаты жоқ деген сөз. Егер шығындар табыстан асып түссе шаруашылықпен айналысатын субьект залал шеккенін білдіреді, осының әсерінен ол банкрот болуы да мүмкін. Бұл залалдар өндірісті ұйымдастыруда, басқаруда және өнімді өткізуде кеткен қателіктерді айқын көрсетеді. Пайда қаржылық нәтиеженің оң шамасын білдіреді. Пайданы алуға ұмтылу тауар өндірушілерді өндірістің көлемін көбейтуге, шығындарды азайтуға итермелейді. Бұл жеке шаруашылық жүргізуші субьектінің мақсатын іске асырып қана қоймай, қоғамның да қажеттілігін қамтамасыз етеді. Пайда қай жерде құнның өсуіне мол мүмкіндік бар екенін көрсетіп қана қоймай, бұл салаға инвестицияны жұмсауды ынталандырады.
Пайда шамасына, оның өсу қарқынына шаруашылықпен айналысатын субьектінің қимылына байланысты және байланысы жоқ факторлар әсер етеді.
Ішкі ортадағы факторлар көбінесе белгілі және олаоды зерттеуге мүмкіндік болады, сондықтан пайданы өсіру мақсатында ықпал жасалынады. Ішкі факторларға шаруашылықты жүргізу деңгейі, менеджерлердің біліктілігі, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі, еңбекақының деңгейі, өндірісті және еңбекті ұйымдастыруы жатады.
Іс жүзінде реттеуге келмейтін сыртқы ортаның факторлары: пайдалануға қажетті ресурстар бағасының деңгейі, бәсекелік орта, нарыққа ену кедергілері, салық жүйесі, мемлекеттік басқару органдары, саяси, әлеуметтік, мәдени, діни мәселелері және т.б. жатады.
Пайда қаржылық іс-әрекет нәтиежесі түрінде белгілі бір функцияларды орындайды. Пайда шаруашылық субьектінің іс-әрекеті арқасында алынған экономикалық нәтиежені көрсетеді. Ол шаруашылық субьектінің экономикалық дамуы үшін басты негіз болып табылады. Пайданың өсуі өзін-өзі қамтамасыз етудің, ұлғаймалы өндірістің, еңбек ұжымының әлеуметтік және материалдық мәселелерін шешудің негізгі көзі болып табылады. Пайда арқылы кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа ұйымдар алдындағы міндеттемесі орындалады. Пайда жалғыз қаржылық нәтиже түрінде ғана емес, сонымен қатар қаржылық ресурстардың негізгі бөлігі болып саналады. Осыдан барып, қайта жаңғырту, ынталандыру және бөлу функциялары туындайды. Ол іскерлік белсенділіктің дәрежесін және кәсіпорынның қаржылық сәттілігін сипаттайды. Пайданың көлеміне қарай активтерге жұмсалған қаражаттардың қайтарым деңгейі сипатталады.
Нарықтық қатынаста шаруашылық субьектісі бәсекелес жағдайында өндірісті қарқынды дамытуға, нақты тауарды нарық тұғырында ұстап тұруға, оның нарықта тұрақты жұмыс атқаруына мүмкіндік жасау үшін барынша көп пайда табуға тырысады. Бұл міндетті орындау үшін пайданың қалыптастыру көзін біліп қана қоймай, оларды қалай оңтайлы пайдалану әдістерін білу қажет. Пайданы басқару қаржылық саясаттың іргелік бағыттарының бірден-бір негізі болып табылады, ол қаржылық нәтиежелердің бар көздерін барынша молайтудан басқа, сонымен қатар осы көздердің жалпы номенклатурасын ұлғайту керек болады.
Қазіргі жағдайда пайданы көбейтудің бірден-бір көзі болып инновациялық іс-әрекет жатады. Бұл көзді іске асыру үшін өнімнің, жұмыстың және қызметтің тұтыну қасиетін тұрақты дамытып отыру керек.
Жыл бойы негізгі және негізгі емес қызметтерден алынған табыс жылдық жиынтық табысты құрайды және ол №5 БЕС-на сәйкес есептелінеді. Табыс, сондай-ақ тауарлы-материалдық қорларды сатқаннан, қызмет көрсеткеннен, кәсіпорынға жататын активтерді пайдалануға беруден, пайыздардан, роялтиден және дивидендтерден алынуы мүмкін.
Табыс дайын өнімдерден, сатып алынған тауарлардан және көрсетілген қызметтерден алынады: олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келісімшартта анықталады. Ал мәміледе шығатын табыс сомасы бағасынан немесе сату кезінде қолданылатын жеңілдіктерін ескере отырып, олардың (мәміленің) құндарын өлшейді. Сатып алушылардың алған активтер үшін төлеген сомасын сату құны деп атайды. Тауарды сатқаннан кейін түскен келесі жағдайды сақтаған кезде ғана табыс деп саналады: табыс сомасын жоғары деңгейдегі дәлдікпен бағалағанда, яғни екі тарап та мәмілеге қатысқан кезде, сатушы қандай соманы сұрап отырғанын және қандай соманы сатып алушы төлейтіндігін білген жағдайда; мәмілемен байланысты экономикалық олжаны және соны субьектінің алу ықтималдығы бар болуы мүмкін. Ал бұл сатушының сатқан тауары үшін келісімшартта көрсетілген (айтылған) соманы сатып алушының төлейтіндігі туралы сенімін білдіреді.
Келесі шарт сатушыдан сатып алушыға өтетін меншік құқығы болып табылады, бұл әдетте өнім берілген кезден басталады, ал егер сатушы меншік иесі ретінде құқығын және міндеттемесін сақтаған болса, онда ол танылмайды; мәміле бойынша күтілетін шығын мүмкіншілігіне қарай ең төмен деңгейдегі бағалауды қажет етеді.
Көрсеткен қызметтен және орындалған жұмыстан алынған табыстар, мына жағдайларды қоспағанда, тауарды сатқаннан алынатын табыс ретінде танылады:
-есеп беру күніне мәміленің аяқталу кезеңі жоғары деңгейдегі дәлдікпен анықталса;
-мәмілені жүргізу кезінде жұмсалған шығындары да, мәмілені аяқтау үшін қажет шығындары да жоғары деңгейдегі дәлдікпен бағаланса.
Егер ол мәмілеге қатысулармен төлем жағдайы және оның тәсіліне, күтілетін өтіліміне әрбір тараптың құқығына қатысты мәселелер бойынша ортақ шешімге келген жағдайда қол жеткізе алатын болса, онда субьект барынша жоғары дәлдік деңгейде табысын анықтай алады.
Мәміленің сипатына қарап оның аяқталу кезеңін анықталған кезде мына әдістердің бірін пайдаланады:
-белгілі бір күнге жалпы мәміле бойынша жасалған төлемдердің пайыздық қатынасы;
-белгілі бір күнге жалпы мәміле бойынша орындалған қызметтің пайыздық қатынасы;
-орындалған жұмысты талдау.
Алдын ала төленген төлемдер, яғни сатып алушылардан алынған аванстар табыс болып танылмайды.
Қызмет көрсетудің, яғни мәміленің нәтиежесінде жоғары деңгейдегі дәлдікпен табысты анықтау мүмкін болмаған жағдайда табыс жұмсалған шығын мөлшерінде танылады, яғни ол сол шығынның орнын жабады.
Жылдық жиынтық табысқа келесілер кіреді:
1. Тауарларды (жұмыс, қызмет көрсету) сатудан түскен табыс.
2.үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды, сондай-ақ амортизацияға жатпайтын активтерді сатқандағы бағаның өсуінен түскен табыс.
3. Міндеттемелерді есептен шығарудан түскен табыс.
4.Күмәнді міндеттемелердің орындалмауы байланысты түскен табыс.
6.Қазақстан Республикасының заңдарымен провизиялар жасауға рұқсат етілген банктер мен банк операцияларының жекеленген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жасаған провизиялардың мөлшерін азайтудан түскен табыстар.
7.Қарызды талап етуді басқа біреуге тапсырудан түскен табыс.
8.Кәсіпкерлік іс- әрекетті шектеу немесе тоқтатуға келіскеннен түскен табыс.
9. Ішкі топтағы құндық теңдестігіндегі бағадан істен шыққан активтердің бағасының жоғары болуынан түскен табыс.
10.Кен орындарын игергенде пайда болған зардаптарды жою үшін кеткен нақты шығындар сомасынан оны жою қорына аударылған соманың асып түсуінен алынатын табыстар.
11. Ортақ меншікті бөлгендегі табыс.
12.Бұрын негізсіз ұсталып, бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа, борышкерге салынған немесе ол мойындаған айыппұлдар, өсімпұлдар және жазалау шаралардың (санкциялардың) басқа да түрлері, егер бұрын осы сомалар шегіріліп тасталмаған болса.
13. Бұрын жасалған шегерімдер бойынша өтелімнен түскен табыс.
14.Тегін алынған мүлік, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер.
15.Дивидендтер.
16.Пайыздар түріндегі табыс.
17.Оң бағамдық айырмасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып түсуі.
18.Ұтыстар.
19.Роялти
20.Табыстың әлеуметтік саладағы нысандарды пайдалануға кеткен шығындардан артып түсуі.
21.Басқа да табыстар.
Жылдық жиынтық табыстың түрлеріне түсініктеме берейік.
Тауарларды (жұмысты, қызмет көрсетуді) сатудан түскен табыстар.
Егер мемлекеттік бақылау жасау мәселелері жөніндегі заңдарында өзгеше көзделмесе, сатылған құн салығы мен акцизді қоспағанда, Қазақстан Республикасының трансфеттік бағаларды қолдану кезінде, сатылған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны оларды сатудан түскен табыс болып табылады.
Тауарларды (жұмысты, қызмет көрсетуді) сатудан түскен табыс:
-тауарлар толық немесе ішінара қайтарылған кезде;
Информация о работе Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтиежелері