Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 11:11, курсовая работа
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп өндірістік капиталдарды қалыптастыру,өнім өндіріп,оны өткізу,меншікті қаржы ресурстарын жасау,қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту,оларды бөлу және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды айтады. Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын ұйымдастыру белгілі бір қағидаттарға негізделген, олардың қатарына мыналар жатады: коммерциялық-шаруашылық есеп (қаржылық қызмет саласындағы дербестік, өзін-өзі өтеу,өзін-өзі қаржыландыру,қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындысына ынталылық,оның нәтиежелері үшін жауаптылық,кәсіпорынның қызметіне бақылау жасау);
КІРІСПЕ..........................................................................................................................3
І.КОММЕРЦИЯЛЫҚ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚАРЖЫСЫ
1.1 Коммерциялық қызметтің қаржысын ұйымдастыру.........................................4
1.2 Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қорлары..............................................7
1.3 Сату шығынының сипаттамасы.........................................................................10
ІІ.КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ НӘТИЕЖЕСІ
2.1 Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтиежелері...............................................17
2.2Кәсіпорынның кірісін жаспарлау.......................................................................23
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................
Шығындардың жіктелуі және тәртібі.
Кез келген өнімді (жұмыс, қызмет) өндіру белгілі бір шығындармен байланысты.
Шығындар- активтердің келуі немесе пайда болған өндіріс шығындарымен байланысты міндеетер
Шығындардың саралануы.
Әр түрлі өндіріс саласы бойынша өнімді өндіру үрдісінде шығындар пайда болады, бұйымды жасау сипатына, жасалған қызметке, технология мен еңбекті ұйымдастыруына байланысты әр түрлі экономикалық маңызы бар шығындардан тұрады. Сондықтан өзінің сандық және сапалық жағынан әр түрлі саланың кәсіпорындарында ғана емес, бір саланың ішіндегі кәсіпорында өзіндік құн бірдей емес.
Осындай жағдайда жоспарлау, есептеу, калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын талдаудың барлық талабына сай келетін барлық шығындарды саралау қажеттілігі туындап отырады. Әр түрлі кәсіпорындарда өндірілетін біртекті өнімдерге кеткен шығындар салыстыру үшін, сонымен қатар кәсіпорын ішіндегі есепті ендіру үшін шығындарды саралау қажет болады.
Кәсіпорын бойынша өзіндік құнды есептеу кезінде шығындардың экономикалық элементтері бойынша шығындар дегеніміз қай жерде және не мақсатпен жұмсалғанына байланысты болмайтын біртекті шығындар түрі.
Саралаудың мәні- өндіріс үдерісінде кейбір шығындар түрінің атқарымдық рөліне негізделген экономикалық біртектілігі бойынша сипатына шек қою болып саналады.
Шығындарды талдамалық топтастыру.
Шығындардың баптары бойынша өзіндік құнды толық дәлелдеу шығындарды әр түрлі талдамалық топтастыру арқылы жүзеге асырылады. Белгілі бір сипаты бойынша барлық жиынтық шығындарға жүйелі шектеу қоятын жоғарыда көрсетілген саралаудан бұның бір айырмашылығы- ондай мақсатты алдына қоймайды. Калькуляциялық баптардың көмегімен барлық шығындар екіге бөлінеді, әрқайсысы топтасудың негізі болатын нышанға қатысы бар екенін көрсетеді.
Шығындарды талдамалық топтастырудың көптеген түрлері бар, солардың ішінде негізгілері төмендегідей:
Шығындардың пайда болу орны бойынша өндірістік және кезең шығындары (коммерциялық) болып бөлінеді. Өнімді жасаумен тікелей байланысты шығындар өндірістік шығындардың қатарына жатады. Дайын өнімді сатумен байланысты шығындар коммерциялық шығындар деп аталады. Бұл кез келген кәсіпорында міндетті түрде болатын айналыс шығындары. Дайын өнімді сатумен байланысты шығындар екіге бөлінеді: көліктік және өткізу шығындары. Дайын өнімді тасымалдау өндіріс үдерісінің жалғасы болып табылады және оның құрамына өнімді тиеуге, түсіруге кеткен шығындар және тасымалдау тарифтері кіреді. Өткізу шығындары буып-түю және сорттау үшін, дайын өнімді сақтау үшін, қызметкерлердің еңбекақысына, іс-сапарына кеткен шығындарынан тұрады. Өндірістік және кезең шығындары өнімнің толық өзіндік құнын көрсетеді.
2.Мақсатқа сәйкестігі бойынша шығындар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді. Өндіріс жағдайында қажеттілігі дәлелденген және мақсатқа сай келген шығындарды өндірістік деп атайды. Технологияның және өндірісті ұйымдастыру кемшіліктерімен, ақаулы өнім шығарғаннан келген және т.б.шығындар өндірістік емес шығындар қатарына жатады.
3.Әр түрлі өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша шығындар тікелей және жанама шығындар деп екіге бөлінеді. Мұндай бөлу тек екі немесе онан да көп өнім шығаратын кәсіпорындарда қолданылады, солай болғандықтан біркелкі өнім шығаратын кәсіпорында шығындардың барлығы тура шығындар деп аталады.
Тікелей шығындар деп экономика жағынан біртекті шығындарды атаймыз, олар негізделген мөлшер мен нормативке сәйкес өнімнің нақты түрінің құнына тікелей жатқызылады. Оларға жататындар: шикізат пен негізгі материалдарға,тасымалдау-
Жанама шығындар деп жеке бұйымдарды өндіргенде олардың тікелей құрамына қатысты нышанын анықтау мүмкін болмайтын жағдайдағы шығындарды айтамыз, себебі олар өнімнің бірнеше түрін жасаумен немесе жөндеудің неше түрлі сатысынан өтеді. Оларды кешенге топтастырады, сонан кейін қандай да бір шартты негізге сүйене отырып, нақты белгілі бір бұйымның өзіндік құнына парапар бөліп таратады.
Жанама шығындарға мыналар жатады:
-негізгі өндірістік құралдарды жұмысқа қабілетті жағдайда ұстап тұру шығындары (техникалық байқау және күтуге қажетті орташа, ағымдық және күрделі жөндеулерге кететін шығындар);
-қосалқы өндірістік персоналдың еңбекақысы, өндірістік нәтиежелер үшін ол жұмыскерге сыйақы, ынталандыратын төлемдер мен өтемақылар;
-бекітілген мөлшерлер бойынша қосалқы өндірісте жұмыс істейтін жұмыскерлердің еңбекақы шығындарынан әлеуметтік салыққа төлемдері;
- санитарлық-гигиеналық мөлшерлердің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шығындар, соның ішінде медициналық мекемелерге субьектінің территорисында медпунктер ұйымдастыру үшін, субьектінің берген ғимараты мен құрал-саймандарын күтіп ұстау шығындары, өндірісте тәртіп пен тазалық сақтау, өртке қарсы және қарауыл күзетін және субьектінің техникалық пайдалану, оның іс-әрекетін қадағалау және бақылау ережелерінде көзделген өзге де арнайы талаптардың орындалуын қамтамасыз ету шығындары;
- өндіріс ерекшеліктеріне байланысты және тиісті заңдарда көзделген бірқалыпты еңбек шарттарын және техника қауіпсіздігін қамтамасыз ету шығындары;
- өндірістік қорларды жалға алғаны үшін төлемақы;
-өндірістік қызметпен байланысты іс-сапар шығындары;
-тоқтап қалудан пайда болған зияндар, сондай-ақ басқа да өндірістік шығындар мен жоғалтулар.
4. Экономикалық мағынасына қарай шығындар негізгі және үстемелі деп бөлінеді.
Негізгі шығындарға өнімді жасаудың технологиялық үдерісіне тікелей байланысты және басқарудың деңгейіне және ұйымдастыру нысанына тәуелсіз болмайтын шығындарды жатқызамыз. Бұл шығындар шикізатқа, материалдарға, технологиялық отын мен энергияға, әлеуметтік салықтарды қосқандағы өндіріс жұмыскерлерінің еңбекақысына, машина мен құрал-жабдықтарды пайдалану мен күтуге кеткен және т.б. шығындарды атаймыз.
Үстемелі шығындар өнімді жасаудағы технологиялық үдеріске тікелей байланысты болмайды, ал ол өндірісті ұйымдастыру, басқару және қызмет көрсету жұмыстарының белгілі бір шарттарына байланысты пайда болады. Сондықтан оларға жататындар: негізгі және қосалқы өндірістегі қызмет көрсету үшін пайдаланған материалдар мен қызметтер; негізгі және қосалқы өндірістегі қызмет көрсету үшін жұмыс істейтін өндірістік (цехтық) персоналдың еңбекақысы және одан алынатын әлеуметтік салықтар,амортизациялық аударымдар, өнімді өткізуге қажетті шығындар,өнімді өткізу шығындары, әкімшілік шығындар, қаржыландыру шығындары.
Үстемелі шығындар өнімнің өзіндік құнын төмендетудің маңызды көзі болып табылады.
Шығындарды негізгі және үстемелі деп топтастыру шығындарды тікелей және жанама түрі бойынша топтастырумен бірдей деп санауға болмайды және де экономикалық әдебиеттеде кездесетін негізгі шығындарды тікелей шығындармен, ал үстемелі шығындарды жанама шығындармен теңестіруді дәлелденген деп айтуға болады.
5.Өндіріс көлемінің өзгерісіне қатысты шығындары айнымалы және шартты-тұрақты (парапарлы, парапарсыз) деп бөлінеді.Өндіріс көлемі өскен сайын шығынның кейбіреуі көбейеді де, ал басқалары өзгеріссіз қалады немесе өте аз өзгереді, осындай байланысты осы топтастырумен көрсетуге болады.
Өзгермелі шығындар өндіріс көлеміне байланысты пропорционалды түрде өсіп немесе кеміп отырады. Бұған шикізат пен материалдардың, технологиялық мақсаттағы отын мен энергияның құны, өндірістік жұмысшылардың кесімді жалақысы және одан төленетін әлеуметтік салықтарға деген шығындар жатады. Егер қандай да бір себеппен өнім шығару уақытша тоқтап қалса, онда осы уақытта өзгермелі шығындар да болады.
Шартты –тұрақты шығындар шамасы өндіріс көлемінен өзгермейтін немесе өте аз өзгеретін шығындар. Бұл –басқару шығындары, ғимараттар мен үй-жайды жылыту және жарықтандырумен байланысты шығындар, жалға беру ақысы және т.б. Шартты- тұрақты шығындар өнім өндіру тоқтап қалса да, кәсіпорынның банкроттыққа ұшырап және ресми жабылуы жарияланғанға дейін орын алады.Оған жататындар-үстемелі және кезең шығындары. Шартты-тұрақты шығындар белгілі бір шекке дейін ғана тұрақты болуы мүмкін. Өндірілген өнімнің көлемі айтарлықтай көбейгенде немесе азайғанда олар да өзгереді.
Шығындарды былай топтастыру өндірістік қуатты, еңбек және материалдық ресурстарды пайдаланудағы және оған кететін шығындардың байланысын айқындауға мүмкіндік береді, өндірілетін өнімнің көлемі мен шығындардың оңтайлы арақатынасын анықтауға болады.
Кесте 2. Тұрақты шығынның жалпы сомасы мен өндіріс көлемінің арақатынасы
Тұрақты шығынның жалпы сомасы, теңгемен
Өндіріс көлемі, бірлікте
6.Экономикалық біртектілігіне қарай қарапайым және күрделі деп бөлінеді.
Қарапайым (біртекті) шығындар- бір экономикалық элементтен тұратын шығындар, оларға жататындар: шикізатқа, материалдарға, технологиялық отын мен энергияға, әлеуметтік салықтарды қосқандағы өндіріс жұмыскерлерінің еңбекақысына кететін шығындар.
Күрделі (кешенді) шығындар- бірдей мақсатты мәні бар бірнеше әр текті экономикалық элементтерден тұратын шығындар. Оған жататындар: машина мен құрал-жабдықтарды пайдалану мен күтуге кеткен, үстемелі шығындар, өнімді өткізу шығындары, әкімшілік шығындары, қаржыландыру шығындары.
Кесте 3. Өндіріс көлемі мен өзгермелі шығын сомасының арасындағы байланыс
Өзгермелі шығын сомасы, теңгемен
ІІ.Коммерциялық қызмет нәтиежесі
2.1 Кәсіпорындар қызметінің қаржылық нәтиежесі
Кәсіпорындарда өндірістік және коммерциялық қызмет негізгі өндірістік капиталдарды- негізгі және айналым капиталдарын пайдаланумен байланысты болады. Өндірістік капиталдардың былай бөлінуі олардың айналымының сипатымен және дайын өнімді жасаудағы қатысуының нысанымен байланысты.
Кәсіпорындарда өндірістік құрал-жабдықтар өндіріс процесінің материалдық-техникалық негізі болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында өндірістік құрал- жабдықтардың алғашқы қалыптасуы, олардың жұмыс істеуі мен ұлғаймалы ұдайы молайтылып отыруы қаржылардың тікелей қатысуымен жүзеге асырылады.: олардың көмегімен еңбек құралдарын сатып алу, пайдалану және қайта қалпына келтіруді жүзеге асыратын арнайы мақсатты ақша қорлары құрылып пайдаланылады. Қаржының арқасында кәсіпорындардың өндірістік капиталдарының (негізгі айналым капиталдарының) тұрақты толық айналымы болып отырады. Бұған өндірістің натуралдық-заттай элементтерін- еңбек құралдары мен еңбек заттарын сатып алу, көбейту немесе олардың орнын толтыру үшін қаржы ресурстарын авансылау жолымен жетеді. Еңбек құралдары мен еңбек заттарынан тұратын, құн нысанында көрінетін өндіріс құрал-жабдықтары негізгі және айналым капиталдары болып табылады.
Қазіргі жағдайда ұзақ пайдалану айналымынан тыс активтердің жаңа түрлерінің бірі- материалдық емес активтер. Материалдық емес активтер- жылдық жиынтық табыс алу үшін ұзақ мерзімді (бір жылдан артық) кезең ішінде пайдаланылатын материалдық емес обьектілер. Олардың кәсіпорын активтерінің құрамында пайда болуы нарықтық қатынастарға көшуге, шаруашылықты жүргізудің дүниежүзілік практикасына жақындастыру қажеттігіне байланысты болып отыр.
Негізгі өндірістік капиталдар мен материалдық емес активтер өндіріс процесінде ұзақ уақыт бойы қатысады және өзінің құнын біртіндеп, бөліп-бөліп тозығына қарай жаңа өнімнің құнына көшіреді. Көшу процесін амортизация, көшірілген құнның үлесін амортизация нормасы, ал бұл үлестің ақшалай көрінісін амортизациялық аударымдар деп атайды.
Жұмыс істеп тұрған шаруашылық жүргізуші субьектілерде негізгі және айналым капиталдарының орны өнімді (қызметтерді) сатқаннан кейін және тиісті табыс түскеннен кейін толтырылады. Бұл табыстан амортизациялық аударымдар нысанында тозған негізгі капиталдардың орнын толтыру үшін қаражаттар қалыптастырылады, ал өнімді өткізуден алынған табыстың басқа бөлігі айналым капиталдарының құрамына кіретін тауар-материалдық құндылықтарды сатып алуға бағытталады. Жаңа кәсіпорындарды құру немесе оларды кеңейту кезінде қаражаттардың едауір бөлігі құрылтайшылардың жарналары, акцияларды сатудан түскен қаржылай қаражаттарды тарту есебінен қалыптасады: мемлекеттік кәсіпорындар үшін-бұл бюджет пен мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың қаражаттары. Қаражаттардың бір бөлігі басқарудың жоғарғы буындарының- бірлестіктің, ассоцияцияның, министрліктердің, ведомствалардың орталықтандырылған қаржы ресурстары есебінен авансылануы мүмкін. Соңғы уақытта қаржыландырудың көзі ретінде шетелдік инвесторлардың қаражаттары кеңінен пайдаланылып келеді.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда өндірістік капиталдардың өсімін қаржыландырудың көзі кәсіпорынның қарамағында қалдырылатын және тікелей осы мақсатқа бағытталатын, сондай-ақ қаржы қорлары-өндірісті дамыту қоры (қорлану қоры), өндірістік және әлеуметтік даму қоры, қаржы резерві, басқа инвестициялық қорлар арқылы жұмсалатын таза табыс (пайда) болып табылады. Осы мақсатқа сонымен бірге банк кредиттері: негізгі капиталдарды қаржыландыру үшін қысқа мерзімді, айналым капиталдарын қаржыландыру үшін қысқа мерзімді кредиттер пайдаланылады. Айналым қаражаттарын көбейтудің көзі бұдан басқа, кредитарлық берешек пен тұрақты пассивтердің өсімі (жалақы, әлеуметтік қажеттерге аударылатын аударымдар бойынша берешектің басқа түрлері) болып табылады.
Сөйтіп, өндірістік капиталдарды жасау мен оның өсімін қаржыландырудың көздерін меншікті, тартылған және қарыз қаражаттарына топтастыруға болады. Айналым қаражаттарының аса маңызды құрамды бөлігі, өйткені олардың болуы, сақталымдылығы, басқа қаражаттармен ара салмағы нақтылы рыноктағы кәсіпорынның қаржылық орнықтылығының дәрежесін анықтайды.
Информация о работе Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтиежелері