Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 14:13, курсовая работа
«Дивидендтік саясат» атауы акционерлік қоғамда пайданы үлестірумен байланысты. Дивидендтік саясат, капитал структурасын басқару, кәсіпорынның акция бағасына әсер етеді. Дивиденд акционерлердің ақшалай табыстарын көрсетеді және кәсіпорынның акциясына салған ақша қаражаттарын ойдағыдай жұмыс істеп жатқанын көрсетеді.
КIРIСПЕ………………………………………………….…………….…………3
І ТАРАУ. ДИВИДЕНДТІК САЯСАТ………………….………….………….. 5
1.1 Дивидендтік саясатты қалыптастыру теориясы……………………. ……...5
1.2 Дивидендтік саясатты анықтаушы фактор………………...………………..7
1.3 Дивидендтік төлем түрлері және олардың көздері ……………………….11
ІІ ТАРАУ. ТАБЫСТЫ ҮЙЛЕСТІРУ ПРИНЦИПТЕРІ ЖӘНЕ ОҒАН ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР..…………..…………………………………...13
2.1 Табысты үйлестіру принципі және мәні…………………………………...13
2.2 Табысты үйлестіруге әсер ететін фактор……………………………….... .16
ІІІ ТАРАУ. «KEGOC» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ТАБЫСТАРЫН ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ДИВИДЕНДТІК САЯСАТЫН ТАЛДАУ………………………………………………………………………....21
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………….………………….…………..27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………....…………….......29
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ
«Қаржы
және несие» кафедрасы
К
У Р С Т Ы
Қ Ж Ұ М
Ы С
тақырыбы:
«Компанияның дивидендтік
саясатын басқару»
Тексерген: Акпанов
А.К.
Алматы, 2011ж
ЖОСПАР
«Дивидендтік саясат» атауы акционерлік қоғамда пайданы үлестірумен байланысты. Дивидендтік саясат, капитал структурасын басқару, кәсіпорынның акция бағасына әсер етеді. Дивиденд акционерлердің ақшалай табыстарын көрсетеді және кәсіпорынның акциясына салған ақша қаражаттарын ойдағыдай жұмыс істеп жатқанын көрсетеді. Бірақта пайданы үлестіру принциптері мен әдістері тек қана акционерлік қоғамда ғана қолданылмайды, сонымен қатар кез - келген басқа да ұйымдастырылған – құқықты түрде әрекет етуші кәсіпорындарда қолданылады. Акционерлік қоғамда пайданы бөлу өте күрделі болып келеді, сондықтан да механизмнің барлық аспектілері қаралады.
Кеңінен айтылып жүрген «Дивидендтік саясат» термині қағидасын меншік иесіне төленетін пайданың бөлігін қалыптастыру механизмі деп түсінуге болады.
Дивидендтік саясатты жасаудың негізгі мақсаты меншік иелерінің жасаудың ағымдағы пайданы пайдалану және оның болашақта өсуі мен кәсіпорынның нарықтық құнының барынша өсуі және оның стратегиялық дамуын қамтамасыз ету үшін қажетті үйлесімді орнату.
Осы мақсатқа қарай дивидендтік саясат түсінігі төмендегінше тұжырымдалады: дивидендтік саясат- пайданы басқару саясатының құрамды бөлігі мен капиталданатын бөлігінің арасын оптималдау арқылы кәсіпорынның нарықтық құнын молайту.
Дивидендтік саясат компанияның кеңесінің шешуші орталықтардың бірі - қаржыландыру. Дивиденд төлеу коэффиценті табыс көлеміне байланысты, компанияда қалдыруы мүмкін бизнесте қаржыландыру көзі ретінде. Бірақ бұданда басқа сұрақтар негізгі болып келеді, компанияның жалпы дивидендтік саясатына қатысты: мынадай, өтімділік және бақылау сұрақтары, дивидендтік тұрақтылық; дивиденд, акциямен төленетін және акцияны бөлшектеу; әкімшілік ойлармен акцияны сатып алу.
«Дивиденд» түсінігіне әлбетте фирмалардың оның иелеріне табыстың бір бөлігін төлеуді жатқызады. Қазіргі күші бар нормативтік құжаттарға сәйкес дивиденд - акционерлер арасында акция санына қарай бөлінетін таза пайданың бір бөлігі. Дивиденд белгілі кезеңдерде төленеді, ол ұлттық заңдарменен реттеліп отырады.[1]
Акциямен төленген дивидендтің мөлшеріне байланысты акцияның нарықтық бағасы өзгермелі болады. Шамалы дивидендтер бағаға аса ықпал ете алмайды; егер дивиденд айқымды болса, онда дивиденд төленгеннен кейін акцияның нарықтық бағасы барынша төмендеп кетуі мүмкін.
Зерттеу жұмысым компанияның табысын үлестіру процессі. Бұл тақырып актуалды сөзсіз өйткені компанияның даму болашағының деңгейі, оның нарықтық бағасы қолданылған табыспен және капитализация арасында қатынастың ең оптималды қатынасын табу. Табысты үлестіру схемасын былай көруге болады. Жарты табыс дивидендке төленеді, қалған бөлігін қайта инвестициялайды компанияның активіне. Табысты үлестіру ең негізгісі компанияның дивидендтік саясатын өндіру. [2]
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты – қаржы басқармасы ескеруі қажет, қандайда шешім қабылдамас бұрын, қай бөлігі акционерлер арасында дивиденд формасында төленуі қажет және өзін- өзі баламалы үлестіру.
Жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Бірінші бөлімінде дивидендтік саясатты басқару теориясы, яғни оның қалыптастыру теориясы мен дивидендтің түрлері, оның әдістері жазылған.
Екінші бөлімінде табысты үйлестіру принциптері мен оған әсер ететін факторлар туралы жазылған.
Үшінші
бөлімінде нарықтық экономика жағдайында
компания мысалы ретінде «KEGOC» акционерлік
қоғамы алынып, қаржылық жағдайы,табыстарын
үйлестіру және дивидендтік саясатты
басқару жүйесі талданады.
І
ТАРАУ. ДИВИДЕНДТІК
САЯСАТ
Нарықтық экономикасы дамыған елдерінде оптималды дивидендтік саясат қалыптастыруға көптеген теориялық зерттеулер арналған. Олардың ішінде дивиденд саясатын қалыптастыру механизмімен байланысты ең көп тараған теорияларға жататындар:
1) Ерікті дивидендтік теориясы. Оның авторлары Ф.Модильяни және М.Миллердің тұжырымдауынша таңдалған дивидендтік саясат не кәсіпорынның нарықтық құнына (акцияның бағасына), не меншік иесінің ағымдағы немесе болашақтағы кезеңдегі тұрмыс жағдайына ешқандай әсерін тигізбейді, өйткені бұл көрсеткіш үлестірілген пайдаға емес, қалыптастырылған сомма көрсеткіштеріне байланысты. Осыған сәйкес дивидендтік саясат теориясының пайданы басқару механизмі енжарлық рөль атқарады. Соның өзінде олар өз теориясына көптеген шектеулер жасаған, сондықтан көптеген нақтылы практикада пайданы басқаруды қамтамасыз етуі мүмкін емес. Аталған кемшіліктеріне қарай, практикада қолдануда Модильяни және Миллер теориясы дивидендтік теорияны қалыптастыру механизмнің оптималды шешім қабылдауды іздестірудің басталған жері ретінде қаралады. Бұл теорияның маңызы акционерлердің игілігіне дивиденд әсер етпейді, табысты қайта инвистициялау тиімді талдау айқындаған.
Соның нәтижесінде, дивиденд төленеді, мына жағдайда табыстың есебінен қайта қаржыланса, инвестициялық проектіге қолайлы және т.б табысты қайта инвестициялауды қолдану орынды, дивидендтің барлығы төленбейді, керісінше, инвестициялық проектіге икемді болмаса, табыстың барлық көлемі дивидендке төленеді.
2) Артықшылықты дивиденттер теориясы. «Аспандағы тырнадан гөрі қолда бар сары шымшық артық» оның авторлары – М. Гордон және Линтнердің тұжырымдауынша, ағымдағы табыстың әрбір бірлігі (дивиденд түрінде төленген) жайына қарай, ол «тәуекелдіктен тазартылған» әр уақытта болашаққа бөлінген табыстан артық болады. Осы теорияға сәйкес пайданы капитализациялаумен салыстырғанда дивидендтік төлемді көбейту дұрысырақ.
Бірақта бұл теорияның қарсыластары көптеген жағдайларда дивиденд түрінде алынған табыстар бәрібір акцияға қайта инвестицияланады деп тұжырымдайды. Жоғарыда аталған теорияның оппоненттерінің ойынша дивидендтік саясат акционерлердің игілігіне әсер етеді. Бұл теорияның мақсаты инвесторлар болашақта ағымдағы дивидендтерді қалайды, бастапқы тәуекелді минималдау принципіне, акционерлердің капиталына мүмкін теңестірілген үлесі. Содан басқа, компаниялар табысты инвестициялауға мақсатталған инвесторларға қатысты тұрақсыздылық деңгейін азайтады ағымдағы дивиденд төлеуде: оларды инвестицияланған капиталға норма аз табысы қанағаттандырады, акционерлік қоғамның нарықтық бағасының өсуіне әкеледі. Керісінше, егер дивиденд төленбесе онда тұрақсыздылық өседі, акционерлердің норма табысы қолайлы және өседі, акционерлік қоғамның нарықтық бағасының төмендеуіне әкеледі.[2]
Екінші көзқарас көп қолданылды. Соған байланысты келесі факт, қандайда бір бірлік нысандандырылған алгоритм дивидендтік саясатта анықталған өндіріc - көптеген факторлармен анықталады, сонымен қатар қиын нысандандырылған, мысалы психoлогиялық. Сондықтан әр компания өзіне тән субъективті саясатын таңдау қажет. Екі негіз қалаушы вариантты ерекшелесе болады, дивидендтік саясатты оптималды таңдау процесінде таңдалады. Олар өзара байланысты және қамтамасыздандырылған қорытынды:
Дивидендтік
саясатта барлық элементтер қарастырылады:
дивиденд көздері, төлеу тәртібі, дивиденд
төлеу түрі және т.б.
Кесте
1. Акционерлік қоғамның дивидендтік саясатының
негізгі типтері*
Дивидендтік саясатты қалыптастырушының анықтаушы тәсіл |
Дивидендтік саясат типтерін пайдалану варианттары |
1. Консервативті тәсіл |
|
2. Бірыңғай тәсіл |
|
3. Агрессивті тәсіл |
5) Тұрақты түрде дивиденд мөлшерінің өсіру саясаты |
*Амирқанов
Р.Р «Қаржы менеджментін басқару» 135 б.
3) Дивидендтерді азайту теориясы немесе салық теориясының артықшылығы. Бұл теорияға сәйкес дивидендтік саясаттың тиімділігі меншік иесінің ағымдағы және болашақ табыстарынан салықтық төлемдерді азайту критерийлерімен анықталады. Өйткені ағымдағы табыстарға алынатын дивиденд түрінде салық салу әр уақытта болашақтікімен салыстырғанда жоғары болады. Дивидендтік саясат дивидендтік төлемді азайтуды қамтамасыз етіп, соған сәйкес пайданы барынша капитализациялау арқылы, меншік иесінің жинақы табысын салықтан қорғау үшін қажет. Бірақта дивидендтік саясатқа мұндай әдіс көптеген табыстары шамалы ұсақ акционерлерді қанағаттандырмайды.[3]
Аталған теорияларды практикада қолдану дивидендтік саясатты қалыптастырудың үш әдісін жасауға мүмкіншілік тудырады- «консервативті», «бірыңғай» және «агрессивті». Аталған әрбір әдіске белгілі дивидендтік саясат типі сәйкес келеді.
Дивидендтік саясатқа әсер етуші объективті және субъективті сипаттар бар. Солардың негізгісін қарастырайық:
үш элементтерден тұрады: акционерлік капитал, эмиссиялық табыс, үлестірілмеген пайда. Көптеген мемлекеттерде дивиденд төлеуге заңдылықпен екі схеманың біреуіне рұқсат берілген - не тек таза пайдадан, немесе пайдадан және эмиссиялық табыстан.
Сонымен дивидендтік саясатқа тікелей қатысты үш жалпы ереже бар:
а) таза пайда ережесі
б) капиталдың эрозиялану ережесі
в) төлеуге қабілетсіз ережесі
Бірінші ережеге сәйкес дивидендтер тек қана ағымдағы және өткен кезеңдердегі пайдадан ғана төлені мүмкін; дегенмен ереже бірдей айтылғанымен, оның талқыламасының біршама айырмашылығы бар. Айталық, Англияның заңы бойынша компанияларда эмиссиялық табыс үлестірмеген қорға жатады және дивиденд төлеуге пайдаланылмайды; қол сұғылмайтын тек баланстық бағаланған жарғы капиталы. Екінші ереже, бірінші ережеге сай - дивидендті жоғары капиталы есебінен төлеуге тыйым салынады. Үшінші ережеге сәйкес төлем қабілетсіз компания дивидендті төлемейді. Ұлттық заңдарда басқадай да дивиденд төлеуге шек қоюшы жайлар бар. Сонымен қатар, акционерлердің тек қана алған дивидендтерге табыс салығы салынуына қарай дивидендке үлестірілмеген пайдаға салынатын салық төмендетілген мөлшерлемемен салынады.[4]
Информация о работе Компанияның дивидендтік саясатын басқару