Автор: s******@yandex.ru, 27 Ноября 2011 в 16:37, курсовая работа
Қазақстандық экономика туралы айтқан кезде, менеджмент әдістері мен тәсілдерін пайдалану қажеттілігі туралы ешкімде келіспеушіліктер пайда болмайды. Өткен бес жыл ішінде Қазақстан экономикасы сапалы жаңа түрге ие болды, өтпелі кезеңнің мәселелері күтілгенге қарағанда, неғұрлым күрделі және ауыртпашылық тудырғанына қарамастан, экономикалық жағдайдың тұрақтануы мен толыққанды нарыққа өту үшін қажетті жағымды жағдайлар мен алғышарттар жасалуда.
Кіріспе..................................................................................................................... 3
1. Банктік менеджменттің теориялық негіздері
1.1. Банктік менеджменттің түсінігі және мәні....................................... 6
1.2. Банктік саладағы менеджменттің дамуы......................................... 15
2. «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының банктік іс-әрекетін
менеджменттің принциптер негізінде зерттеу
2.1. «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының жалпы
сипаттамасы және қаржылық жағдайын талдау............................. 27
2.2. «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының банктік
менеджмент жүйесінің элементтерін талдау.................................... 40
Қорытынды............................................................................................................ 60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................... 62
Банктегі менеджменттік қызмет өнеркәсіптегі менеджменттен ерекшеленбейді, бірақ банктік қызметтің ерекшелігімен негізделетін бірқатар айырмашылықтарға ие. Бұл салада менеджменттік қызметтің мазмұны туралы көзқарасты жүйелеу үшін 1-суретте келтірілген сызбаны қарастыру маңызды.
Жұмыстың ары қарай құрылымы осы сызбаға сәйкес жасалады. Алғашында банктің міндеттері мен мақсаттарын қалыптастыру қарастырылады, сонымен қатар банктегі ресурстардың көзқарасынан банк мүмкіндіктерін анықтау. Мақсаттар арасындағы арақатынасты, банк ресурстары мен онымен анықталған нарықтық мүмкіндіктер арасындағы арақатынасты қарастырудың нәтижесі ретінде мақсатты нарықтарды таңдау үшін базаны құратын банктің менеджменттік мүмкіндіктерін анықтау болып табылады.
Жүргізілген
зерттеулердің нәтижесінде
Менеджменттік қызмет үрдісінде менеджмент кешенін жоспарлау маңызды орынды алады. Ол өзіне бірқатар өнімдер мен оның дамуының стратегиясын, бағалық стратегияны, жеткізу жүйесінің стратегиясын және коммуникациялық стратегияны біріктіреді.
Әр
түрлі басқару шешімдерін қабылдаған
кезде тәуекелдің мүмкін болатын
деңгейінде максималды тиімділікке
жету басты міндет болып табылады.
Мұнда тәуекелдік аймағындағы тәуекелдікті
минимизациялау сұрағы ерекше мәнге ие
болады.
1
сурет – Банктегі менеджменттік қызмет
Белгіленген мақсаттарды сәтті жүзеге асыру үшін банк сәйкес ұйымдастырушылық құрылымға ие болу керек.
Белгіленген
стратегияларды жүзеге асыру үрдісінде
үнемі менеджменттік бақылау жүргізудің
маңызы зор, себебі оның нәтижесінде жоспарларға
және тікелей қызметтің өзіне түзетулерді
енгізу бойынша шараларды дайындау болып
табылады [8, 52-60 беттер].
2.
«Қазақстан Халық
Банкі» акционерлік
қоғамының банктік
іс - әрекетін менеджменттің
принциптер негізінде
зерттеу
2.1.
«Қазақстан Халық
Банкі» акционерлік
қоғамының жалпы
сипаттамасы және
қаржылық жағдайын талдау
2003 жылы Қазақстан Халық Банкіне 80 жыл толды.
Халық Банкінің тарихы – бұл Қазақстан аумағындағы жинақ жүйесінің құрылу және даму тарихы. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның негізі қайта құрылған Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің базасында қаланған.
Еліміздегі алғашқы жинақ кассасы сонау 1923 жылы, төңкеріс жылдарынан кейінгі жаңа экономикалық қарым – қатынастар қалыптаса бастаған кезеңде, Ақтөбе қаласында ашылған болатын, кейіннен ұжымдандыру (коллективтендіру) және индустрияландыру науқандары жүргізілген тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында КСРО Жинақ банкінің филиалы ашылды. Ақтөбедегі жинақ кассасы ашылғаннан кейін небәрі 4 жылдың ішінде республикадағы мұндай кассалар саны 335-ке жетті. 1929 жылы Республикалық жинақ кассасы құрылып, ол Қазақстандағы барлық кассалар қызметіне жалпы басшылықты іске асырды. Касса салымшыларының қатарына жұмысшыларды, қызметкерлер мен колхозшыларды неғұрлым көбірек тарту мақсатында жинақ кассаларын тікелей зауыт – фабрикалардың өзінен, колхоз – совхоздарда, байланыс мекемелері мен кәсіпорындардан ашу қолға алынды.
Социалистік қоғамда қалыптасқан әлеуметтік – экономикалық және қаржылық қатынастардың өзі әрбір кеңестік азаматтың Жинақ банкі салымшыларының қатарына қосылуына ықпал етті. Халыққа қызмет көрсетудің орасан зор ауқымдағы жүйесі қаражат жинақтау мен банк ісінің қалыптасқан тарихи дәстүрлерін Қазақстан аумағында да бекітуге қолайлы жағдай туғызды.
Жинақ кассалары сонымен қатар, мемлекеттік қарыз облигацияларының, басқа да бағалы қағаздардың кепілдігімен мерзімдік несиелер беру мен айналысты. Сондай-ақ оларға қор операцияларын, басқа да бір қатар қаржылық және банктік оперциялар жүргізуге рұқсат етілді.
Бұл кезеңдегі жинақ ісінде мемлекеттік несие беру қалыптасып, біртіндеп дами бастады.
Ол жылдары сегіз рет мемлекеттік қарыз шығарылды, оның үшеуі – натуралдық түрде (астықпен, қантпен) болса, екеуі алтынмен есептелген болатын (ақша реформасына дейін).
1960 жылдың аяғына қарай жинақ кассаларындағы салымшылар саны 1770 мың адамға жетті, ал салым ақшаның көлемі 322,7 млн. сомды құрады, салымның бір адамға шаққандағы орташа мөлшері 182 сом болды. Жинақ кассаларының саны 1950 – 1960 жылдар арасында 1,8 есеге өсіп, 1960 жылдың аяғында 2805-ке жетті.
Қазақстандағы жинақ ісі мен жинақ кассалары желісінің кеңінен қанат жаюы ең алдымен еліміздегі тың және тыңайған жерлердің игерілуі нәтижесінде халық шаруашылығының қарқынды дамуымен, еңбекшілердің материалдық жағдайының айтарлықтай жақсаруымен байланысты болды. Тек 1955 жылдың өзінде еліміз бойынша салымшылар шоттарының 44,1 пайызы, ал салымдар қалдығының 44 пайызы тың жерлерді игеру жаппай жүргізілген солтүстік өңірдегі Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының үлесіне тиді (М.Жолдасбеков, «Незаменимые услуги», Алматы 1986ж.).
60 – жылдардың басында жинақ кассаларында тұрғындардың пәтерге, коммуналдық қызметтерге төлейтін төлемақыларын қабылдау операцияларын жүргізу қолға алынды. Сонымен бірге жинақ кассаларының құзырына зауыт – фабрикалардың, жергілікті кәсіподақ комитеттерінің, өзара көмек кассаларының және шаруашылықпен айналыспайтын қоғамдық ұйымдардың ағымдағы шоттарын жүргізу берілді.
Жинақ жүйесінің одан әрі дамуы үшін ақша бірлігін күшейтудің маңызы зор болды.
Алайда
1961 жылы жүргізілген реформа
1963 жылдан бастап жинақ кассалары Қаржы Министрлігінің құрамынан шығарылып, Мемлекеттік банк қарамағына берілді, халық салымдарының қаржысы бұдан былай банктің несие ресурсын толықтыруға жұмсалатын болды. 60 – жылдардың аяғында жинақ ісінің нағыз даму шегіне жетіп, көркейген кезеңі болды: дәл сол жылдары халық шаруашылығына несие беруге күрделі капитал қаражаты жіберілді, ал оның негізгі көзін тұрғындардың кассалардағы жинақ салымдары құрады.
1988 жылғы банктік реформа бойынша банк жүйесі екі деңгейге көшіру көзделді: орталық банк және арнаулы банктер. Мемлекеттік еңбек жинақ кассалары КСРО Жинақ банкіне айналдырылып, халыққа және заңды тұлғаларға қызмет көрсететін мемлекеттік арнаулы банк болып құрылды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендікке қол жеткізумен жинақ ісінің дамуында үшінші қайта құру кезеңі басталды – дәл осы кезден бастап Қазақстан Халық Банкінің құрылымдық банкингке және функционалдық қайта бағдарлауға негізделген ісі қолға алынды.
1990 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан өзінің нарықтық экономикалық талаптарына жауап бере алатын банк жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында «Қазақ ССР – індегі банктер және банк қызметі туралы » деген заң қабылданды, мұның өзі тәуелсіз Қазақстанның банк ісіндегі реформа жұмысының алғашқы қадамы болған еді.
Мемлекеттік тәуелсіздігіміз ресми түрде жария етілген соң бір жылдан кейін, 1992 жылы Қазақстан Республикасының Жинақ Банкі құрылды, оның заңды түрдегі құқық иеленушісі бүгінгі Қазақстан Халық Банкі болды.
1993 жылы Жинақ банкі Қазақстан Республикасының үкіметіне қарайтын дербес заңды құрылым – «Қазақстан Халық Банкі» болып ұйымдастырылды. Ал 1995 жылы Банк жабық тұрпаттағы АҚ болып қайта құрылды. Қайта құру рәсімі банк басшылығын ауыстырумен, жұмыс стилін түпкілікті өзгертумен ұштастырылды.
Жаңа
басшылық жұмысына әмбебап қызмет көрсету
қағидатын негіз етіп алды және бүгінгі
күнге дейін банк қызметі түрлерін
барынша кеңейтуді, банкингтегі
ақпараттық – коммуникативтік
1995 жылдың аяғында-ақ Қазақстан Халық Банкі республикадағы ірі операциялық банк болып танылды. Қазіргі уақытта Банк қаржы нарығындағы өзінің сол айқындамасынан ауытқымай, қол жеткізген жетістіктерін сақтап қалуға ұмтылып келеді.
1998
жылдың шілдесінде
Сол жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылдың 6 шілдесінде шыққан №644 «Қазақстан Акционерлік Халық Жинақ Банкін 1998 – 2001 жылдары кезең – кезеңмен жекешелендірудің негізгі бағыттары туралы» деген қаулысына сәйкес АҚ капиталын ұлғайту бағытында жұмыс жүргізілді.
2001 жылдың қараша айында өткен сауда – саттық аукционында Қазақстан Үкіметі өзіне тиесілі 33 пайыз + бір акцияның бақылау пакетін сатты. Осы уақыттан бастап Қазақстан Халық Банкі еліміздегі ірі әмбебап әрі жетекші коммерциялық банктердің бірі болып келеді. 80 жылдан астам өз клиенттеріне үздіксіз қызмет етіп, сенімді қаржылық мекемеге айналып отыр.
Қазіргі уақытта «Қазақстан Халық Банкі» АҚ – өз клиенттерінің игілігі үшін 80 жылдан астам уақыт табысты қызмет етіп келе жатқан Қазақстан Республикасының аса ірі әмбебап коммерциялық банк, еліміздегі ең сенімді әрі қызметі барынша сараланған қаржылық құрылымдардың бірі.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ы бұрынғы Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің негізінде қайта құрылды және біраз жылдар бойы Қазақстан Республикасы Үкіметінің зейнетақы мен жәрдемақы төлеу жөніндегі агенті болып келді.
Активтері мен меншікті капиталының көлемі жағынан Халық Банкі Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі ірі банктердің үштігіне кіреді.
2008 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Банктің активтері 651,7 млрд.теңге, жарғылық капиталы 29,9 млрд. теңге, меншікті капитал мөлшері (есеп айырысу) 64,5млрд. теңге, тапқан таза пайда көлемі – 3,4 млрд. теңге шамасында болды.
2001 жылы жүргізілген Халық банкін жекешелендіру рәсімі нәтижесінде Банк өз клиенттеріне кең ауқымды және барынша сапалы қызметтер спектрін ұсыну мүмкіндігін беретін бизнес құрылымын жасауға қол жеткізді.
Банк VISA International және Master Card International төлем жүйесінің карточкаларын шығарады және қазақстандық пластикалық карточкалар нарығының тұрақты көшбасшысы болып келеді. Банктің айналымдағы карточкаларының жалпы саны 2 млн. бірліктен асып түсті, ал екінші деңгейдегі банктер арасындағы Банктің бұл көрсеткіш бойынша үлесі 70 пайызды құрайды.
Банктің миссиясы: Сақтап көбейте біл!
Банктің мақсаты: халыққа қызмет көрсету деңгейінің сапасын жақсарту арқылы нарықты жаулап алу. Клиенттерге экономикалық, саяси және әлеуметтік ортада әрдайым өзгеріп отыратын жағдайда жаңа мүмкіндіктер ұсыну.