Автор: s******@yandex.ru, 27 Ноября 2011 в 16:37, курсовая работа
Қазақстандық экономика туралы айтқан кезде, менеджмент әдістері мен тәсілдерін пайдалану қажеттілігі туралы ешкімде келіспеушіліктер пайда болмайды. Өткен бес жыл ішінде Қазақстан экономикасы сапалы жаңа түрге ие болды, өтпелі кезеңнің мәселелері күтілгенге қарағанда, неғұрлым күрделі және ауыртпашылық тудырғанына қарамастан, экономикалық жағдайдың тұрақтануы мен толыққанды нарыққа өту үшін қажетті жағымды жағдайлар мен алғышарттар жасалуда.
Кіріспе..................................................................................................................... 3
1. Банктік менеджменттің теориялық негіздері
1.1. Банктік менеджменттің түсінігі және мәні....................................... 6
1.2. Банктік саладағы менеджменттің дамуы......................................... 15
2. «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының банктік іс-әрекетін
менеджменттің принциптер негізінде зерттеу
2.1. «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының жалпы
сипаттамасы және қаржылық жағдайын талдау............................. 27
2.2. «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының банктік
менеджмент жүйесінің элементтерін талдау.................................... 40
Қорытынды............................................................................................................ 60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................... 62
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
У.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы
Экономика
және қаржы кафедрасы
Курстық
жұмыс
Пәні:Қаржы менеджменті
Тақырыбы: «БАНКТІК іс-әрекеттің Менеджментінің
тиімділігі»
Орындаған:
Бағаға
қорғалды
______________________
Қорғауға жіберілді
« » 2009ж
________________
Талдықорған
2009ж
Кіріспе.......................
1. Банктік менеджменттің теориялық негіздері
1.1. Банктік менеджменттің түсінігі
және мәні..........................
1.2. Банктік саладағы менеджменттің дамуы.........................
2. «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының банктік іс-әрекетін
менеджменттің принциптер негізінде зерттеу
2.1. «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының жалпы
сипаттамасы және қаржылық
2.2. «Қазақстан Халық Банкі»
менеджмент жүйесінің элементтерін талдау........................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі........................
Қазақстан экономикасында менеджментті қолданудың ерекшеліктері мен серпіні және экономикалық субьектілердің қоршаған орта факторларының қағидаларын пайдалану барысына ықпал ету сипаты көбіне өтпелі кезең жағдайына орай анықталады. Қазақстанда менеджмент ғылым бағыты, шаруашылық қызмет аумағы және өндірістік — өткізу қызметін ретінде республиканың нарықтық қатынастарға өтуінен бастап қалыптасты.
Нарықтық қатынастар экономикалық дамуды жетілдірудің үлкен потенциалын өзінде жасырады. Бұл нарықта шаруашылық етуші субьектілерді жеке кәсіпкерлік қызметіне шексіз бостандық беруіне байланысты. Жоғары тиімді жұмысқа барлық өсуші өлшемдерде табыстарды немесе пайданы алуға нақты мүмкіндіктер себепші болады. Ең үлкен пайданы алуға ұмтылу кәсіпкерлерді нарықты зерттеуге және сұраныс бар салаларға өз ақшаларын және еңбектерін салуға мәжбүрлейді.
Қазіргі жағдайда көптеген ірі және орта кәсіпорындарда, сондай-ақ банктерде менеджмент қызметі, ал олардың кейбіреуінде департаменттер іс-әрекет етеді. Бұлардағы менеджмент бөлімдерін ұйымдастырудың нақты сызбалары мен түрлері әр түрлі болуы мүмкін, бірақ олар: нарықты менеджменттік зерттеу, сұраныс жағдайын, тауарлық өткізу, баға және коммуникация ұйымдастыру сияқты жалпы міндеттерге негізделеді [3, 284 бет].
Қазақстандық экономика туралы айтқан кезде, менеджмент әдістері мен тәсілдерін пайдалану қажеттілігі туралы ешкімде келіспеушіліктер пайда болмайды. Өткен бес жыл ішінде Қазақстан экономикасы сапалы жаңа түрге ие болды, өтпелі кезеңнің мәселелері күтілгенге қарағанда, неғұрлым күрделі және ауыртпашылық тудырғанына қарамастан, экономикалық жағдайдың тұрақтануы мен толыққанды нарыққа өту үшін қажетті жағымды жағдайлар мен алғышарттар жасалуда. Бір жағынан, мақсатқа бағытталған және кешенді менеджменттік қызмет үшін жағдайлар пайда болуда, ал екінші жағынан, менеджменттік технологияларды белсенді пайдалану біздің Республикамызда «тәртіпті», қалыпты қызмет ететін нарықтық қатынастарды құрудың жолын максималды қысқарту мен жеңілдетуге мүмкіндік береді. Себебі бүгінгі күні реформалар әлі күнге шейін өндіріске ынталандырушылық әсер еткен жоқ. Реформаларды пайдалануға дейін қалыптасқан дағдарыстық құбылыстар үлкен масштабтар мен ұзақтылыққа ие болды.
Бүгінгі банктік жүйе нарықтық өзгерістердің негізгі факторларының бірі болып табылады. Ол өндіріс пен айналым саласының жаңа экономикалық қатынастарын қалыптастыруға итермелейді және ынталандырады. Қазіргі банктік жүйенің уақыт бойынша үлкен емес тарихына қарамастан, оның сапалы деңгейі мен даму тенденциялары, бірқатар мәселелерді шешкен жағдайда, жағымды перспективалар мен ары қарай жетілдіру мүмкіндіктері туралы қорытынды жасауға болады. Себебі жоғарыда айтылғанмен қатар, банктік жүйе жаңа экономикалық қатынастардың ең әлсіз буындарының бірі болып табылады.
Менеджмент нарықта болып жатқан барлық үрдістерді жан-жақты ескеретін, компаниялардың, фирмалардың қызметін басқару мен ұйымдастыру жүйесі ретінде танымал болып келеді. Банктік менеджмент өзінің ерекшеліктеріне байланысты менеджменттің ерекше саласы болып табылады. Бұл банктің философиясы мен стратегиясы, берілген нақты сәтте немесе болашаққа алдын-ала белгіленген мақсаттарға жету үшін оны басқарудың жетекші саласы.
Қазақстандық банктердің қызметкерлеріне белгіленген жоспарға сәйкес қызметті ұйымдастыру үшін ғана емес, көп жағдайда банктің клиенттері болып табылатын әр түрлі жеке және заңды тұлғалардың жұмысы мен шаруашылық деңгейін зерттеу үшін қазіргі менеджментпен ұқыпты танысу керек. Әрбір клиентке банктік қызмет көрсету оның нақты потенциалын, мүмкіндіктерін, нарықтағы жағдайын, шаруашылық болашағын терең және жан-жақты зерттеуге сүйену керек және ол менеджмент көмегімен жасалады.
Мұнда басқару сапасы жөнінде айтып кету керек. Ол қазіргі кезеңде менеджменттік қағидалар мен технологияларға негізделуі керек. Банктік жүйенің жалпы құрылымында менеджменттің орны мен рөлін нақты анықтап алу керек. Себебі қазіргі әлемде, қызметін нарықтық қатынастарға бағыттайтын, менеджменттік сананың даму деңгейі серіктестік, іскерлік қатынастарды сәтті орнату үшін өзіндік «визиткалық карточка» болып табылады [4, 3-4 беттер]. Осының негізінде жұмыстың мақсаттары мен міндеттері шығады.
Жұмыстың мақсаты: банктік менеджментін дамыту барысында, жаңа технологияларды, ынталандыру шараларын қолдана отырып, қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату бойынша мәселе қозғау. Шешілу мүмкіншілігі бар ұсыныстар ұсыну.
Курстық жұмыстың мақсатына жету үшін келесі міндеттер қойылды:
Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде банктік менеджменттің түсінігі, мәні және ерекшеліктері, сондай-ақ банктік саладағы менеджменттің дамуы көрсетілген.
Екінші бөлімде банктік қызметінің портфелін зерттеп отырып, олардың қанағаттану деңгейлері анықталды. Яғни, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның банктік іс-әрекетін менеджменттің принциптер негізінде зерттеуіне талдау жасалды.
Үшінші
бөлімде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның
дамуына менеджмент технологияларды қолдану,
яғни, менеджменттік қызметін жетілдіру
және даму стратегиясын өңдеу жолдары
ұсынылған.
1.
Банктік менеджменттің
теориялық негіздері
1.1.
Банктік менеджменттің
түсінігі және мәні
Банктегі менеджменттік қызмет бірқатар ерекшеліктерге ие болса да, өнеркәсіптегі менеджменттен айырмашылығы жоқ. Менеджмент кең интеграциялануда ауыстыру құралы ретінде тауарларға, қызметтерге, ұйымдастыруға, адамдарға, территория мен идеяға деген сұранысты басқару мен қанағаттандырудың алғышарты ретінде анықталады.
Экономикалық әдебиеттерде банктік менеджменттің әр түрлі анықтамалары кездеседі, қазіргі экономикалық әдебиеттерде олардың саны 6 (алты):
Банктік менеджменттің кез-келген анықтамасында басты қағидасы тұтынушыға бағытталу керектігін атап өту керек.
Менеджмент – бұл тұтынушылардың мүдделеріне негізделген, нарықтық қатынастарды реттеу бойынша ұсыныстарды дайындау мен нарықты зерттеу технологиясы. Сонымен қатар менеджмент сұранысқа белсенді түрде әсер етеді, оны қалыптастырады және ұсынысты жетілдіреді.
Менеджмент қызметі банктік саладағы экономикалық психологиямен тығыз байланысты. Менеджмент, қажеттіліктерді анықтау мен қанағаттандырудың үрдісі бола отырып, экономиканың кез-келген секторында маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, бұл пирамиданың шыңында БАНК орналасқан [4, 5-6 беттер].
Банктік менеджменттің анықтамаларының кең диапазоны Ф. Котлермен белгіленген менеджментті басқарудың бес тұжырымдама негізделетіні анық.
Нарықтық қатынастардың дамуының әр түрлі деңгейіне тән менеджментті басқарудың бес тұжырымдамасына сәйкес банктердің алдында әр түрлі міндеттер тұруы мүмкін.