Қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 12:27, реферат

Описание работы

Сондай-ақ, «кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін шетелдің озық тәжірибелерін пайдалана отырып басқаруды жетілдіру» жолдары да алға қойған мақсаттардың бірі болып табылады. Кәсіпорын қызметінің оңтайлы нәтижеге жетуі үшін, бизнестің жалпы құрылымындағы қаржылық менеджменттің маңызы өте зор.
Курстық жұмыстың басты мақсаты:
Қаржылық менеджменттің стратегиясы мен тактикасының теориялық негіздері
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын, стратегиялық және тактикалық басқаруды талдау («Лесозащита» ЖШС материалдары негізінде)
ҚР кәсіпорындағы қаржылық менеджменттің даму стратегиясы мен тактикасын жетілдіру жолдарын көрсету.

Работа содержит 1 файл

курс.doc

— 350.50 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 ҚР кәсіпорындағы қаржылық менеджменттің даму стратегиясы мен тактикасын жетілдіру

 

Қысқа мерзімде қаржылық менеджменттің мәселесі өзіне келесі сұрақтарды қарастыруды біріктіреді: бағалық шешімдерді қабылдау принциптері  және ағымдағы активтерді және ағымдағы пассивтерді оперативті кешенді басқару. Көрсетілген мәселелердің біріншісі бағаның деңгейі ұсыныс қисығымен белгілеуінде болатындығымен түсіндіріледі. Бұндай амал маркетингтік шешімдердің мәселесін жеңілдетеді (қаржылық менеджмент тұрғысынан). Фирма осы мәселе шеңберінде екі байланысқан міндеттерді шешеді:

- бағаның базалық деңгейін  анықтау (мұнда бағаны анықтауда  фирманың өніміне тұтыну сұранысы  ескерілуі керек);

- базалық бағадан кемітпелердің  шекті деңгейін анықтау.

Базалық бағаны анықтау  үшін көптеген амалдар бар. Бірақ  бұл мәселе маркетингтің зерттелу құралы бола тұра, біздің зерттеуіміздің шекарасынан шығады. Кемітпенің шекті мөлшерін анықтау баға бойынша икемділік сұранысымен байланысты. Егер де қатаң байланыс болса, онда базалық бағаларға кемітпелерді белгілеу туралы ойлану қажет. Бұл мәселенің тағы бір жағы – бағаны қымбаттауды анықтау. Бұл сұрақ сондай-ақ маркетингпен зерттелуде.

Сонымен, өзінің негізі бойынша  бағалық мәселелер маркетингтік бола тұра, кең мағынада қаржылық шешімдерді қабылдаумен де байланысты болып  келеді (қаржылық менеджменттің сұрақтарымен). Қаржылық менеджерлер үшін бұл мәселелер маңызды болып табылады. Себебі, олар баға мен өндіру көлемінің арасындағы тәуелділікті көрсетеді не оны анақтауға мүмкіндік береді [16, 31б].

Қаржылық менеджмент деңгейінде біз активтерді негізі және айналымды деп бөлуіміз керек. Негізгі, әрдайымды активтер – қиын сатылатындар. Оларға ғимараттарды, құрылыстарды, материалдық емес активтерді жерді жатқызуға болады. Айналымды (ағымдағы) активтер оларды сатыдағы уақыт және шығындарға қатысты жіктеледі. Бұлар – баяу сатылатын (дайын өнімдердің, шикізаттың, материалдардың қорлары), тез сатылатын (дебиторлық қарыз, депозиттегі қаражаттар), едәуір өтімді (ақша қаражаттары, қысқа мерзімді бағалы қағаздар) активтер. Тағы бір маңызды жай, негізгі активтер және талданатын периодтағы өзгеріссіз қалатын айналым активтер тұрақты активтер деп аталады, ал қалғандары – тұрақты емес активтер.

Фирма капитал мәселесінің  тағы бір жағы – ол кәсіпорын  өзіндік капиталды және сонымен  қатар уақытша қарызға алынған капиталды қолдануға мүмкіндігі бар.

Қарастырылған мәселенің  көрініс қаржылық шешімдерді қабылдаумен  байланысты болады. Бұндағы сөз капиталдың көздері туралы болып отыр, яғни кәсіпорынның пассивтері туралы [17, 111б].

Пассивтер жеке меншік және қарызға алынған бола алады. Сату кезінде олар тұрақты және ағымдағы болып жіктеледі. Біріншісіне кәсіпорынның өзіндік қаражаттары, ұзақ мерзімді несиелер және қарыздар жатады. Екіншісіне қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар жатады.

Бәрімізге мәлім, қосылған құн мен қаржылық-пайдалану (эксплуатационды) қажеттіліктер арасында қарама-қайшылықтың бар екендігі. Оны бірнеше амалдармен шешуге болады. Біріншісі және ең тиімдісі – банктің несиесі. Тағы басқалар да бар (бірақ олар Қазақстан Республикасында сирек кездеседі) – вексельдердің есебі және факторингтік операциялар.

Қаржылық-эксплуатационды  қажеттіліктерді төмендету және олар фирма үшін теріс болу үшін не істеу керек?

Ол үшін:

- банктердің несиелерін  қолдану керек;

- вексельдерді қолдану  керек;

- факторингтік операцияларды қолдану керек;

- кемітпелерді қолдану  керек;

- қымбат сатып алу  және арзан сату принципін  қолдану керек.

Жоғарыда көрсетілген  сұрақты басқаша қоюға да болады: айналмалы активтерді рационалды басқару  үшін не істеу қажет?

- банктердің несиелері,  олар техникалық төлем қабілетсіздікті болдырмау үшін, дебиторлық қарыз бен қорларды қысқарту үшін қолданылады;

- вексельдер, олар да банктік несиелер сияқты сол мақсаттар үшін қолданылады;

- факторингтік операциялар, олар да кәсіпорынның айналымын тездетуге мүмкіндік береді;

- ағымдағы қарызды төлеудегі мерзімді қысқартқаны үшін кемітпелер қолдану. Бұндай операция кейде келіспеген қаржыландыру деп те аталады;

- қымбат сатып алу және арзан сату принципі кәсіпорынның қаржылық-эксплуатациондық қажеттіліктерді қысқарту құралы ретінде.

Егер сұраныс бағасы өте жылтыр ұсыныспен істес болса, онда бағаның төмендеуі салдарынан шығындарды компенсациялап береді, яғни соның салдарынан қаржылық-эксплуатациялық  қажеттіліктердің мөлшері қысқаратыны  бізге түсінікті. Егер фирма инфляция жағдайында өмір сүрсе, онда қымбат сатып алулар және арзан сату принципі әрбір қадам сайын растала түседі [18, 26б].

Қызықты  ізденістер 1-4 пунктерін зерттегенде пайда  болуы мүмкін. Себебі, бұл шарттардың барлығында біз кәсіпорынның айналым  құралдарын жылдамдатуға бет бұрдық, демек мұнда осы құралдарды қысқарту не төмендету туралы сөз болды.

Осыдан біз инфляциялық  экономика жағдайында қазіргі Қазақстан  үшін пайдадан гөрі айналым жылдамдығы едәуір маңызды екеніне көз жеткіземіз. Бұған дәлел ретінде қымбат сатып  алу және арзан сату принципі болады.

Бұл принцип кәсіпорынның қаржылық-эксплуатациялық қажеттіліктерін қысқаратын құрал болып табылады. Егер біз сұраныс пен ұсыныс сәйкес  икемді бағаға тап болсақ, онда бағаның төмендеуі өндірістің шығындарын жаба алатын жағдайға әкеледі. Сонда қаржылық-эксплуатациялық қажеттіліктер мөлшері де азаяды.

Қорытындыға келмей тұрып, қазіргі уақытта қолданып жүрген ҚЭҚ төмендететін қазақстандық тәсіл туралы сөз қозғайық. Бұл - әр түрлі нысандағы эрзац-ақшаларын қолдану (бартер, қолхаттар, эрзац-вексельдер, екі жақты келісім) және төлемеушілікті қолдану (жергілікті бюджетке төлемеушілік, бюджеттен тыс қорларға төлемеушілік, өзінің кәсіпорынның жұмысшыларына төлемеушілік).

Эрзац-ақшаларын қолдану  барысында ақша массасын шектей отырып, қатаң макроэкономикалық саясат жағдайында айналым құралдарын жылдамдатады. Қазақстандық кәсіпкерлер эрзац-ақшаларын айналдыруда көптеген локальды жүйелерін құрастырған. Бұндағы кәсіпорынның вексельдеріне маңызды орын белгіленген. Қазақстан Республикасында арзан-ақшалардың жалпы көлемі қазіргі кезде ақша массасының көлемімен теңескен. Қазіргі кезде біздің еліміздің қаржылық менеджерлері олардың сипаттамаларын, белгілерін еске ала отырып, айналым құралдарын жылдамдату және қаржылық-эскплуатациялық қажеттіліктерді төмендету мақсатында дұрыс шешім қабылдау керек.

Қиын қаржылық мәселелерді шешудегі екінші қазақстандық нысан - әр түрлі нысандағы төлемеушіліктерді қолдану. Қазақстан Республикасында қаржылық менеджер «төлемеушіліктердің рейтингін» білу қажет және осы рейтингке сәйкес нақты шешім қабылдау кажет [19, 57б].

Жоғарыда қарастырылған кәсіпорынның айналым құралдарының жылдамдығын қысқартатын екі қазақстандық нысан қалыпты нарықтық қатынастарды қалыптастырмайды. Осы жұмыста қаржылық менеджерлер осылай жұмыс атқару керек деген сөз жоқ, бірақ қаржылық менеджер қалыптасқан ережелерге сай жұмыс атқаруы тиіс. Тек қана макроэкономикалық субъектілерді реттейтін Үкімет пен Орталық банк ережелерді өзгертуге құқылы.

Сонымен барлық нысандарды қарастыра келе, біз олардың барлығы  айналым құралдарының жылдамдығын  арттыруға бағытталғандығын және олардың бір-бірімен тығыз байланысы бар екендігіне көз жеткіздік.    

Кәсіпорынның  басшылары  мен  менеджерлері алдында  қаржы ресурстарын  тиімді пайдалану мәселесіне көбірек  көңіл бөліне бастады. Өйткені кәсіпорындар қызметін жоспарлауға алдын қолданылған  көрсеткіштер мен процедуралардың, мысалы, кәсіпорын ішінде жасалатын  жұмыстардың өзіндік құнының  жоғары болуы салдарынан жеңісті  бәсекелестікке әкелмейтіндігі анықталады  және   бәсекелестердің  пайда  болуы  дәстүрлі пайданы алуға  кедергі келтіріп қана қоймайды, сонымен  қатар кей жағдайларда пайданы  ең төменгі деңгейге дейін жеткізеді.

Кәсіпорынның жағдайы  аппаттық деңгейге жеткенде қаржылық жағдайды жетілдірудің жолдарын іздестіру  қажет, ал табылмаған жағдайда кәсіпорынды  жою туралы шешім қабылдауға мәжбүр болады. Бұл жағдайда бірегей халықаралық стратегияға  өту керек, көптеген елдердің келісілген әрекеті және осы негізде бірнеше  міндеттемелерді қабылдау, интеграциялық  негізде әлемдік экономиканың тиімді дамуына қолдау жасайды.

Кәсіпорында   қаржылық  басқару  жүйесін  жетілдіру, шығындарды  төмендету, қаржы  ресурстарын  тиімді  пайдалануды  басқарудың  қажеттілігін  кәсіпорын  басшылары  мен  менеджерлері  тез  түсінеді. Бұл жерде  туындайтын  мәселе  біреу  ғана, ол  осы  шараларды  қалай жүзеге  асыру  жолдарын  қарастыруды  талап  ету, есептеу  жолдарын жетілдіру. 

Өнімнің өзіндік құнын есептеу жолдарын жетілдіру, қолда бар қорлар бар жағдайында сатып алу көлемін қалай жоспарлау керек, қандай процестерді  жетілдіруге ең алдымен қаражаттарды инвестициялау керек және т.б. осындай  басты мәселелерді  шешу    кәсіпорын    үшін    өте    маңызды   болып табылады.    Сонымен қатар, кәсіпорында  әртүрлі деңгейдегі менеджерлерге  нарықтың күшейген бәсекелестік жағдайында  басқарушылық шешімді қабылдауға мүмкіндік  беретін, қаржы ресурстарын басқару  жүйесін жасаудың объективті қажеттілігі  де бар. Мәселенің өзектілігі Қазақстанның жеке меншік иелігіндегі және өз қызметінің ерекше салалық, өндірістік және технологиялық  ерекшеліктеріне ие, құрылыс кәсіпорындары  үшін оның жеткіліксіз жасалуымен күшейеді.

Нарықтық    экономика    жағдайындағы   кәсіпорынның  қаржылық ресурстарын  басқаруды жетілдірудің жолдарын анықтау бұл кәсіпорын үшін өте маңызды болып табылады. Бұл  мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет:    

- экономикалық қатынастардың  субъектілері ретінде кәсіпорындарды  ресурстарын басқарудың мәні мен міндеттерін талқылаумен байланысты, қазіргі уақыттағы  сұрақтарды қарастыру;    

- Қазақстан кәсіпорындарын қаржылық  ресурстармен қамтамасыз ету  үшін сыртқы ортаның ерекшеліктерін  талдау, олардың қызметінің тиімділігін  жоғарылататын резервтерді айқындау;    

- кәсіпорынның ресурстарын басқару  әдістерін сипаттау, Қазақстандық  кәсіпорындардың әдістерді қолдану  ерекшеліктерін қарастыру; 

           - кәсіпорынның  қаржылық  ресурстарының  қалыптасуын жан-жақты зерттеу  және талдау;    

- ресурстарды басқару тиімділігін  жақсарту бойынша экономикалық  талдау негізінде ұсыныстарды  дайындау;    

-қаржы     ресурстарының       қалыптасуына,    кәсіпорынның       кадрлар 

саясатының  әсер етуін сипаттау;    

-  кәсіпорындарда қаржы ресурстарын  пайдаланудың тиімділігін талдау;    

-кәсіпорынның     ресурстарды    басқару     стратегияларының       негізгі 

бағыттарын  өңдеу;    

-қаржылық ресурстардың қалыптасуының  көзі ретінде кәсіпорындардың  табыстылығын жоғарылату бойынша  ұсыныстарды енгізу; 

«Лесозащита» ЖШС кәсіпорынының қаржылық жағдайын ескере кетсем,олардың қазіргі жағдайы  орташа деп есептеуге болады. Өйткені  кәсіпорынға қаржылық талдау жасаған  кезде былтырғы көрсеткішке қарағанда  биылғы көрсеткіш бойынша шығындар пайдаға қарағанда көбейіп кеткен, яғни нәтижесі айтарлықтай жақсы  емес. Бұның бір себебі қаржылық ресурстардың дұрыс пайдаланылмауы. Кәсіпорынның алдағы уақытта дамып, өмір сүруі үшін қаржылық басқаруды  жетілдіру қажет.

Яғни  қаржылық басқаруды жетілдіре отырып, кәсіпорында қаржылық ресурстарды  ұтымды және тиімді басқаруды үйренеді. Сонымен қатар, кәсіпорын жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындап, анықтаса өздерінің ұзақ жылға құрған стратегияларына сай көздеген мақсаттарына жете алуы мүмкін.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Капиталдар нарығын  қалыптастыру жағдайында жаңа нысандар мен тәсілдерді, кәсіпкерлік қызметті қаржыландыруда принциптері мен  шарттарын таңдау қажет. Сонымен қатар жекешелендіруде қаржылық менеджменттің стратегиясы мен тактикасының әсерін, қаржылық операциялардың және салымдардың диверсификациясын  нақты және дәл сипаттай алатын түсініктер мен критерийлерді қолдану керек.

Кәсіпкерлік құрылымдарда қаржылық менеджменттің стратегиясы мен тактикасын қолданған кезінде қаржылық жұмыста  қаржыландыру мен ұйымдастыруды одан әрі жандандыратын, өндіріс көлемінің және сатудың, пайданың өсуін, шығындардың азаюын қамтамасыз ететін капиталдың құрылымын оптимизациялайтын, активтердің өтімділігін, материалдық және қаржылық ресурстардың тепе-теңдігін жоғарлататын кең резервтер ашылды.

Кәсіпкерлік құрылымдардың  дамуында стратегия мен тактиканы  жасау үшін өндірістік процестерді  мемлекеттік реттеуінде заңнамалық және нормативтік базасын қалыптастырудағы тенденциясының, эмиссиялық қызметті, банктік және коммерциялық несиелеуді, есептеулерді, салықтық жүйені жекешелендірудің бағалауы маңызды мәнге ие.

Информация о работе Қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасы