Қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 12:27, реферат

Описание работы

Сондай-ақ, «кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін шетелдің озық тәжірибелерін пайдалана отырып басқаруды жетілдіру» жолдары да алға қойған мақсаттардың бірі болып табылады. Кәсіпорын қызметінің оңтайлы нәтижеге жетуі үшін, бизнестің жалпы құрылымындағы қаржылық менеджменттің маңызы өте зор.
Курстық жұмыстың басты мақсаты:
Қаржылық менеджменттің стратегиясы мен тактикасының теориялық негіздері
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын, стратегиялық және тактикалық басқаруды талдау («Лесозащита» ЖШС материалдары негізінде)
ҚР кәсіпорындағы қаржылық менеджменттің даму стратегиясы мен тактикасын жетілдіру жолдарын көрсету.

Работа содержит 1 файл

курс.doc

— 350.50 Кб (Скачать)

- кәсіпорын өзінің  қызметін қаржыландыру үшін 95,3-97,9 % деңгейінде қарыздық капиталды  тарту негізінде жүзеге асырады;

- жарғылық капитал  өзгерісіз болуда, оның көлемі 160 мың теңге деңгейінде;

- бөлінбеген табыстың  өсуіне байланысты, меншікті капиталдың  жалпы капиталдағы үлесі тұрақты  өсуде. Кәсіпорынның қызмет нәтижесінің динамикасы 9 кестеде көрсетілген.

9 кесте - Кәсіпорынның қызмет нәтижесінің динамикасы, мың теңге

Көрсеткіштері

2009ж

2010ж

2011ж

Өзгерістер,

(+; - )

Қызмет көлемі

566645

691301

514850

-25,6

Барлық қызмет шығындары

469690

614598

454624

-26,1

Баланстық пайда

96955

75703

60226

-21,4

Өткізу шығындары

78314

48863

39391

+19,4

Баланстық пайда

27015

38898

30196

-22,4

Салықтық аударымдар

8374

12058

9361

+11,8

Таза пайда

18641

26840

20835

-22,4

Сату тиімділігі, %

17,1

12,5

13,2

+0,7




Қызмет көлемі 11,4% төмендеу себебінен, таза пайда 22,4% қысқарды. Қызмет көлемінің өсуін сервистік қызметтің жақсарту, жаңа техникалармен жабдықталу, сонымен бірге жаңа клиентер мен тұтынушыларды жарнама қызметінің ықпалы арқылы тарту негізінде бұл проблеманы шешуге болады. Өз кезегінде сату тиімділігі 0,7 % өсті [11, 80б].

 

2.3   «Лесозащита»  ЖШС-ның қаржылық стратегиясы  мен тактикасының ерекшеліктері

 

Стратегиялық мақсаттан  тактикалыққа өту. Ол үшін кәсіпорынның өмірлік цикліне қайта оралу  қажет. Себебі, кәсіпорын өміріндегі қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді процестердің жиынтығын (қатынасын) көрсетеді. Циклдің түрткілері көмегімен фирма алға қарай жылжиды. Өмірлік циклдің негізінде қысқа мерзімді периодта жүзеге асатын инвестициялық жоба жатыр, сол кезде фирма тактикалық шешімдерді қабылдайды. Ұқыпты инвестициялық жобасыз фирманың болашағы жоқ. Бірақ инвестициялық жобаны қабылдаса да, фирманың болашағы болмайды, егер де ол қысқа мерзімді қаржылық шешімдерді қабылдағанда әрдайым қателерді жасап отырса [12, 12б].

Осыдан, біз бір уақытта  кәсіпорынның өміріндегі стратегиялық және тактикалық процестерді бағалауымыз керек және бір процестен екінші процеске өтудегі мүмкіндіктерімізді ескеруіміз қажет.

Бұндай өтулердің екі  түрі бар. Біріншісі: инвестициялар (инвестициялық  жобаны таңдау мен жүзеге асыру) –  тұрақты шығындардың өсімі (жұмсалған қаражаттар) – кәсіпорынның қаржылық-эксплуатациялық қажеттіліктері – кәсіпорынның құралдарының құрылымы (оның капиталы). Екіншісі: кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық мәселесі – төлем қабілеттілік, несие қабілеттілік, рентабельділік, баланстың өтімділігі – негізгі баланстық пропорциялар – көрсеткіштер, коэффициенттер көмегімен кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық жағдайын талдау. Бұл екі тізім стратегиялық іс-әрекеттен немесе мақсаттан басталып, тактикалық іс-әрекетпен және тактикалық мақсаттармен аяқталады [13].

Бірінші тізімді толық  қарастырып өтейік. Инвестициялар – кәсіпорынның жаңа өмірлік циклі басталатын бастапқы нүктесі, сондықтан фирма инвестициялардан арыла алмайды. Бірақ инвестициялық жоба – бұл кәсіпорынның пайдаларын төмендететін фирманың шығындарының секірімі. Фирманың қалыпты шығындарының өсімі кәсіпорынның қаржылық-эксплуатациялық қажеттіліктердің мөлшеріне және активтердің экономикалық рентабельділігіне әсер етеді (бұл тактикалық қаржылық менеджменттің шеңберінде шешілетін сұрақ). Мұнда ескере кететін жайт, кәсіпорынның қаржылық-эксплуатациялық қажеттіліктері мен экономикалық рентабельділік арасындағы байланыс кең мағыналы емес. Ол фирма қабылдайтын инвестициялық жобаның түрімен анықталады.

Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны іске асырса, онда қалыпты шығындармен бірге кәсіпорынның қаржылық-эксплуатациялық қажеттіліктері де өседі. Ол кәсіпорын инвестициялық жобасын іске асырғанда, оның пайдасы төмендейтінін және оның қаржылық жағдайы нашарлайтынын дәлелдейді.

Соңғысы кәсіпорынның құралдарының (капиталдар) құрылымына да әсер етуі мүмкін. Кәсіпорынның капиталындағы қарыздық қаражаттар бөлігі өседі, демек, активтердің экономикалық рентабельділігі де өседі.

Кәсіпорынның қаржылық-эксплуатациялық  қажеттіліктері өзін-өзі жабатын  норма инвестициялық жобаны іске асыруда кәсіпорынның айналым құралдарының барын (қаржылық-эксплуатациялық қажеттіліктері өзін-өзі жабатын норма >1) немесе жоғын (қаржылық-эксплуатациялық қажеттіліктері өзін-өзі жабатын норма <1) көрсетеді және қысқа мерзімдегі қарыздық қаражаттарға деген қажеттілікті анықтауға мүмкіндік береді.

Инвестициялық жобаны іске асыру кезінде айналым құралдарының дефициті пайда болады. Фирма бұған  өте сезімтал. Қаржылық менеджер инвестициялық  жобаны іске асырудағы шығындарды ғана емес, сонымен қатар мына маңызды көрсеткіштерді, инвестицияларды жабатын несиелік норма, инвестицияларды өзін-өзі қаржыландыратын норма, кәсіпорынның қаржылық-эксплуатациялық қажеттіліктері өзін-өзі жабатын сияқтыларды анықтап алуы керек:

инвестицияларды        инвестициялық жобаны іске асыру үшін керек

                                         ұзақ мерзімді қарыздық қаражаттар

жабатын несиелік   =                                                                                      (1)


                                        негізгі активтерге         қосымша қаржылық-

норма                             инвестициялар        +    эксплуатациялық 

                                        сомасы                           қажеттіліктер сомасы

 

инвестицияларды         

өзін-өзі                            өзін-өзі қаржыландырудың көздерінің сомасы

қаржыландыратын   =                                                                                     (2)


норма                                негізгі активтерге         қосымша қаржылық-

                                            инвестициялар        +    эксплуатациялық 

                                              сомасы                           қажеттіліктер сомасы

 

Сонымен, біз капитал  құрылымының (қысқа мерзімді тактикалық іс-әрекет, тактикалық қаржы менеджментінің құралы) инвестициялық жобаны іске асырумен (стратегиялық іс-әрекет, стратегиялық қаржы менеджментінің құралы) байланыстырдық, инвестициялық жобаны іске асырудағы ұзақ мерзімде фирманың қажеттіліктерін анықтай алдық [14].

Енді, қаржылық менеджментте стратегиялық және тактикалық процестерді  байланыстыратын екінші тізімді  бағалайық. Басында, кәсіпорынның қаржылық беріктілігін анықтаймыз. Кәсіпорын қаржылық тұрақты болады, егер ол мыналармен сипатталса:

    • жоғары төлем қабілеттілігімен (өзінің барлық талаптарына жауап бере алса);
    • жоғары несие қабілеттілігімен (несиелер бойынша төлей алса);
    • жоғары рентабельділігімен (пайдалылықпен);
    • баланстың жоғары өтіміділігімен (өзінің пассивтерін активтермен жаба алуы).

Жоғарыдағы төрт шарт болуы үшін мынадай төрт баланстық пропорциялар болу керек:

    • ең өтімді активтер жедел міндеттемелерді жаба алуы қажет (ақша қаражаттары және қысқа мерзімді бағалы қағаздар кәсіпорынның несиелік қарыздан көп болуы керек);
    • кәсіпорынның тез іске асырылатын активтері қысқа мерзімді пассивтерді жабуы тиіс;
    • кәсіпорынның баяу іске асырылатын активтері ұзақ мерзімді пассивтерді жабуы тиіс (дайын өнімнің, шикізаттың, материалдардың қоры);
    • соңғы пропорция бірінші үшеуінің салдары, яғни тұрақты активтер (қиын іске асатын) тұрақты пассивтерді жабуы тиіс [15, 25б].

Сонымен біз баланстық  пропорцияларды бұзамыз. Кәсіпорын деңгейінде дамудың жылжымалы мотивтері болып сату көлемінің өсімі және бір жағынан кәсіпорынның экономикалық өсімін, ал екіншіден оның жұмысшыларының өмірлік стандартын қамтамасыз ететін пайда табу. Сонымен қатар кәсіпорын жұмысшыларының өнімнің сатылуы мен ұлғаюына және пайда өсіміне деген қызығушылықтары әр-түрлі оянады. Ол әрбір өндірістің өзінің орны мен рөлімен және  де өзінің өндірістік тәсілімен тікелей байланысты. Сондықтан  да кәсіпорынның алдына қойған мақсаттарының  жетістіктерінде  өте маңызды аспекті болып жұмысшылар қызығушылықтарының  гармонизациясы  болып  табылады.

Түптеп келгенде, кәсіпорын  негізгі құралдар тиімділігін арттырудың негізгі бағыттары болып:

- тасымалдау прогрессивті  жүйесін қалыптастыру, гипс шикізатын  тиімді дайындау

- құрал-жабдықтардың  жұмысқа қабілеттілігін қадағалау,  экологиялық және өндірістік  қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

- құрал-жабдықтардың  техникалық және реконструкциялық жағынан қайта қаруландыру.

- стратегиялық маңызды  бағыттарды  өткізу мүмкіндігін  жасау, гипс өнімін және гипс  шикізатын диверсификациялау. 

Өндірістің барлық әдістері алдыңғы формациялардың аясында  қалыптасып қана қоймайды, олар өзінің дамуына қолайлы сәтті күтіп жаңа қатынастар мәйегі негізінде пайда болады. Қоғамдық өндіріс өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі екендігі жақсы мәлім. Ал оның орын алуы, дамуы белгілі бір факторларға байланысты. Демек, кәсіпорын тиімділігін жоғарлату жолының негізгі бағыты ретінде ғылыми-техникалық прогресстің алар орны өзгеше. Яғни, өндіргіш күштердің тарихи өркендеуінің нәтижесі қазіргі ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП). ХХ ғасырдың елуінші жылдарынан басталған ғылыми-техникалық прогресстің өзіне тән қазіргі көріністері және ерекшеліктері бар. Осы ерекшеліктер кәсіпорынның тиімділігін жоғарлатуда аса маңызды рөл атқарады, атап айтқанда;

  • ҒТП кең ауқымды, әмбебап сипатқа ие болды. Ол қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтып, ұдайы өндіріс фазаларына ықпалын тигізеді. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру және басқару жүйесін мүлдем өзгертіп, сапалық жаңалықтар еңгізеді.
  • Өндірістің интеграциялық қатынасының жоғары дәрежеге жетуі. Экономикалық өсу - өрлеудің факторлары мен қайнар көздерін, шаруашылық құрылымын және т.б. жағдайларды күрт өзгертеді.
  • қазіргі ҒТП-тің ерекшеліктерінің бірі- микроэлектрониканың жедел қарқынмен дамуы және пайдаланылуы болып табылады. Микроэкономикалық техниканың негізінде электрондық ақпарат, жасанды интеллектуалды элементтерді бойына дарытқан қазіргі компьютерлер, икемді автоматтандырылған өндіріс пайда болды. Бұл қазірдің өзінде, әсіресе келешекте қоғамдық өндірісті дамытудың негізгі факторларына айналары сөзсіз.
  • ҒТП-тің қарқынды дамуы қоғамдық өндірісті алға бастырудағы айқын көрініс.
  • қалдықты аз қалдыратын немесе тіпті қалдықсыз технология өмірге келді. Мұның экономикалық және экологиялық маңызы өз алдына ерекше, өндіріске озық технологияны пайдалану қазіргі ғылыми-техникалық прогресстің негізгі көріністерінің бірі, машина компонентіне және элементтеріне жаңа сапалық өзгерістер енді.
  • Бұл жағдай адамның өндірістегі орны мен рөлін мүлдем өзгертті, жаңа биік талаптар қойылды, қазіргі ҒТП әлемдік сипатқа ие болды.

Қазіргі ҒТП өте тапшы  шикізаттарды жасанды жолмен алған  заттармен алмастырудың негізгі бағыттарының біріне айналдырып отыр. Бұл шикізаттарды өңдеудің жаңа әдістерін одан сайын жетілдіріп және іс жүзінде пайдалануды тездетеді.

Тәуелсіздікке қолы жеткен жас мемлекет Қазақстан үшін кәсіпорындар тиімділіктерінің жоғарлауының маңызы зор. Негізгі деп қаралатын мәселелердің қатарына біз шаруашылық салаларының және экономиканың құрылымдық өзгеріске ұшырауы, техника мен технологияның бір типтегі түрлері, бірлескен жұмыс күшінің кәсіптік-мамандық құрылымының өзгеруі, жұмыс күшінің сапасына деген талаптың өсуі, еңбек өнімділігі мен еңбек интенсивтілігінің артуы, өндірістік емес салада жұмыс істеушілердің үлес салмағының өсуі және т.б. жатқызамыз.

Кәсіпорын өндірістің тұрақты  өсуі үшін өзіндік мақсат пен бағдар ұстайды. Бұған тек жоспар ғана емес, басшылардың жеке мүдделерін көздейтін ойлары да ықпал етеді.

Олар үшін өндіріс  көлемінің өсуі-тұрақты жеке табыстың көзі. Өндіріске қажетті қаражатты (ағымдағы және күрделі қаржыны) кәсіпорын  мемлекеттен алады, сондықтан олардың  тәбетінде шек болмайды. Мұндай жағдайда қосымша күрделі қаржыдан өздігінен бас тартатын кәсіпорын басшысын кездестіру қиын, өйткені ол кәсіпорын үшін ештеңеге де тұрмайтын еңбексіз табыс.

Банкрот жағдайдың өзінде де кәсіпорын қаржыдан бас тартпайды, кез-келген зиянды шығындарды мемлекет өндірісті қамсыздандыру шаралары ретінде жауып отырады.

Ең бастысы, техника  мен технологияны жаңарту талаптары, шикізат пен энергетикалық ресурстардың баршылығы экономикада кәсіпорынның реттегіш рөлін едәуір көтеріп отыр. Дегенмен, кәсіпорын іс-әрекетінің тиімділігін арттыру үшін олардың мәртебесін өзгерту қатаң жұмыс ырғағы бар мемлекеттік кәсіпорындарды біршама кең көлемді дербестікке ауыстыру керек.

Өндіріске принципиалды жаңа технологияны енгізу, өндіріс  процесіне үлкен икемділік, тез өзгеріп тұратын өндірістік және жеке қажеттіліктерге бейімделу мүмкіндігін беру, микроэлектрониканы кеңінен қолдану мен тарату көптеген материалдық және еңбек шығындарын үнемдеп, комплексті автоматтандыруға көшуге жағдайдың тууы кәсіпорынның игілігіне, сонымен қатар, өндірістің ғылыми сыйымдылық дәрежесін де күрт көтереді. Жалпы алғанда, кәсіпорын жағдайына үлкен ықпал ететін циклды факторлардан тәуелсіздігі аз, жоғары тұрақтылықты сипаттайтын жоғары технология салалар кешенін пәрменділікпен дамыту үлкен маңызға ие болады. Ақпараттық саланың рөлі мен маңызының өсуі әр қилы электронды – есептеу техникалары өндірісі мен оны бағдарламамен қамтамасыз ету, сол сияқты ақпаратты жинақтап, өңдеуді де қамтиды.

Информация о работе Қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасы