Қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 12:27, реферат

Описание работы

Сондай-ақ, «кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін шетелдің озық тәжірибелерін пайдалана отырып басқаруды жетілдіру» жолдары да алға қойған мақсаттардың бірі болып табылады. Кәсіпорын қызметінің оңтайлы нәтижеге жетуі үшін, бизнестің жалпы құрылымындағы қаржылық менеджменттің маңызы өте зор.
Курстық жұмыстың басты мақсаты:
Қаржылық менеджменттің стратегиясы мен тактикасының теориялық негіздері
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын, стратегиялық және тактикалық басқаруды талдау («Лесозащита» ЖШС материалдары негізінде)
ҚР кәсіпорындағы қаржылық менеджменттің даму стратегиясы мен тактикасын жетілдіру жолдарын көрсету.

Работа содержит 1 файл

курс.doc

— 350.50 Кб (Скачать)

Кіріспе

 

Біздің еліміз «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді бағдарламасына және онжылдық стратегиялық жоспарға сәйкес ойдағыдай ілгері дамып келеді.

      Соңғы жылдары біздің қол жеткізген табыстарымыз аз емес. Қазақстанның нарықтық жаңғырулардағы жетістіктері, экономикалық өрлеуі мен халықтың тұрмыс деңгейін көтеруі жалпыға мәлім, әрі әлемдік қоғамдастыққа да танылып отыр.

Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жыл  сайынғы Жолдауларында ағымдағы міндеттері туралы ғана емес, біздің дамуымыздың  келешегі жайында да айтылып келеді. Осыған орай, әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан нық орын алу мен 30 корпоративтік көшбасшыларын қалыптастыру негізінде елді индустрияландыру міндеттері біздің басты стратегиялық мақсатымыз болып қала бермек [1].

Осы орайда үстіміздегі жылы жоспарланып отырған елдің индустриалды-инновациялық дамуын жетілдірудің 2010-2015 жылдарға арналған бағдарламасы да  іске асырылып келеді. Ел қаражатын үнемді пайдалану мақсатында республикамыздағы «Самұрық» әл -ауқат қорының да алатын орны ерекше. «30 көшбасшы жобасы» – Қазақстан экономикасының даму деңгейі өсіп келе жатқанын дәлелдейтін қарқынды жоба жүзеге асып кәсіпкерлік қызметіне үлкен мән беріліп келеді.

Сондай-ақ, «кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін шетелдің озық тәжірибелерін пайдалана отырып басқаруды жетілдіру» жолдары да алға қойған мақсаттардың бірі болып табылады. Кәсіпорын қызметінің оңтайлы нәтижеге жетуі үшін, бизнестің жалпы құрылымындағы қаржылық менеджменттің маңызы өте зор.

Курстық жұмыстың басты мақсаты:

  • Қаржылық менеджменттің стратегиясы мен тактикасының теориялық негіздері
  • Кәсіпорынның қаржылық жағдайын, стратегиялық және тактикалық басқаруды талдау («Лесозащита» ЖШС материалдары негізінде) 
  • ҚР кәсіпорындағы қаржылық менеджменттің даму стратегиясы мен тактикасын жетілдіру жолдарын көрсету.

Жоғарыдағы  мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді  орындау қажет:

  • Қаржылық менеджменттің мәні, қағидалары және функциялары;
  • Кәсіпорындағы қаржылық менеджменттің стратегиясы мен тактикасын әзірлеу;
  • Қаржылық менеджменттің стратегиясы мен тактикасынның құқықтық негіздері;
  • «Лесозащита»  ЖШС  жалпы сипаттамасы және ұйымдық құрылымы;
  • Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын талдау;
  • «Лесозащита» ЖШС-ның қаржылық стратегиясы мен тактикасының ерекшеліктерін көрсету болып табылады.

Курстық жұмыстың объектісі – «Лесозащита» ЖШС-і  болып табылады.

Курстық жұмыстың зерттеу пәні – осы кәсіпорынның қаржылық процестері мен оның қызметінің соңғы өндірістік-шаруашылық нәтижелері.

Қаржылық менеджмент - бұл кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру, пайдалану және ақша айналымы мен қаржыларды басқаруда қолданылатын әдіс-тәсілдер және формалар жүйесі.

Курстық жұмыста сандық көрсеткіштерді талдау барысында статистикалық, қаржылық-экономикалық талдау, салыстырмалы талдау әдістері қолданылды.

Бұл зерттеудің нәтижелері Қазастанның бәсекеге қабілетін арттырудың негізін құраушы - кәсіпорынның даму перспективасына әсер етуші факторларды анықтауға, оның тиімділігін арттыру бағытында кәсіпорын дамуының стратегиялық жоспарын қарастыру және оның қаржылық жағдайын болжау, сонымен қатар Қазақстанның бәсекеге қабілетін арттырудағы инновациялық қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі басымдылықтарын анықтау мақсаттары алға қойылды. 

Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. 

Жұмыстың әдіснамалық  негізі - Қазақстан Республикасының нормативті актілері, Анташов В., Уварова Г. «Экономический советник менеджера», Мадиярова Э.С., Сүйеубаева С.Н. «Қаржылық менеджмент», Ғ.С. Сейітқасымов, К.М. Маулетов, А.А. Мусина «Банковское дело»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Қаржылық менеджменттің  стратегиясы мен тактикасының  теориялық негіздері

 

1.1 Қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасы туралы түсінік

 

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі және төлем қабілеттілігі ең алдымен қаржылардың оңай ұйымдастырылуымен анықталады, ақша қатынастарының жүйесі болып табылады және ақшалай қорлардың айналым процесінде олардың қалыптасуы мен пайдалануын көрсетеді. Кәсіпорынның негізгі міндеті оның иелерінің әл ауқатының максималды көбеюі болып табылады, яғни пайданың, кәсіпорынның  нарықтық бағасы.

Қаржыларды басқарудың екінші жағы – қорларды сатып алу болып табылады. Олардың қайнар көзі әр түрлі болып табылуы мүмкін және әрқайсысының өзіне тән мінездемесі бар, олар капиталмен, жабдықтаушылармен анықталады: баға, төлемнің мерзімі, белгілі бір уақытта қолда бар болуы, мүмкін болатын қайшылықтар және тағы басқа шарттар. Осы факторлар негізінде қаржылық менеджер кәсіпорынды қаржыландыру көздерінің оңтайлы шешімдерін қабылдап отыруы керек.

Қаржылық менеджмент – бұл кәсіпорынның қаржылық ресурстарының  құрылуымен, бөлініуімен, оларды қолдануымен және кәсіпорынның ақшалай жүйе айналымының ұйымдастырушылармен байланысты болатын басқару нәтижелерінің әзірленуі және жеткізуінің принциптері мен әдіс-тәсілдерінің жүйесі болып табылады.

Қаржылық менеджмент фирманың қаржысымен жұмыс атқарады, яғни фирманың өндірістік әрекетіне  жұмсалған фирманың өз капиталы және қарыз капиталымен жұмыс атқарады (бөлінбеген пайда, амортизациялық қорлар, банк несиелері, құнды қағаздар эмиссиясы және т.б ).

Қаржылық менеджмент акция иелерінің хал-ахуалын немесе меншік кірістерін барынша көбейту  барысында өткізіліп отырған, басқарудағы  нарық жағдайында фирманың қаржы-қаражатының оңтайлы құрылымын құрып, оны сақтаумен байланысты қабылданған шешімдер жиынтығымен байланысты. Сонымен қатар қаржылық менеджмент  басқа да экономикалық ғылымдармен тығыз байланысты теориялық ғылым болып табылады.

Қаржылық менеджмент келесі бөлімдерден тұрады:

- қаржылық талдау және шешім қабылдау жүйесі;

- қысқа мерзімді қаржы ресурстарын қолдануды жоспарлау: (комермерциялық несие) қамсыздандырылмаған қысқа мерзімді қаржыландыру, қамтамасыз етілмеген қысқа мерзімді қаржыландыру, қысқа мерзімді жалпы қаржыландыру;

Ұзақ мерзімді қаржы  ресурстарын қолдануды жоспарлау:

- капиталды бюджеттендіру, лизинг немесе ұзақ мерзімді несие, қарапайым және артықшылығы бар акциялар шығару, инвестициялық жобаларды бағалау және инвестициялық қоржынды басқару, алдағы кезеңдегі кірістерді ескере отырып, ақшаның құнын бағалау (дисконттау);

- мүмкін болатын тәуекелді талдап, бағалау;

- шешімнің нұсқамасы және орындалуы;

- шешімнің орындалуын бақылау;

Шешімнің жүзеге асырылуы барысын  талдау және оның орындалуы  туралы есеп беру. Қаржы менеджментінің басты мақсаты-қазіргі кезде және болашақта кәсіпорын иелерінің әл-ауқатын барынша көтеру. Бұл мақсатта кәсіпорынның нарықтық құнын барынша көбейтуді қамтамасыз ету барысында көрінеді, бұл өз кезегінде кәсіпорын иелерінің қаржы мүдделерін жүзеге асырады.

Қаржылық менеджменттің  басты міндеті-бұл фирма кірісінің  қалыпты деңгейін сақтай отырып, қарапайым  акция бойынша, мүмкін болатын дивиденд бойынша көбеюін қадағалау, яғни фирманың оңтайлы қызмет тәртібін анықтау.

Кәсіпорынның нарықтық құнын барынша көбейту үрдісі оның пайдасын барынша көбейту арқылы жүзеге асырылады. Сөйтіп дәрежесі және жиынтығы жағынан жоғары пайда ағымдағы тұтыну мақсаттарына жұмсалуы мүмкін, соның нәтижесінде кәсіпорын ары қарай дамуға қажетті, өзінің қаржы ресурстарын құратын негізгі көзден айрылады (ал дамымайтын кәсіпорын өзінің нарықтағы конкуренттік (бәсекелік) қабілетін жоғалтады, ішкі көздер есебінен өзінің қаржы ресурстарын құру әлуетін азайтады, осының барлығы нәтижесінде кәсіпорынның нарықтық құнының төмендеуіне әкеліп соғады).

Сонымен қатар жоғары дәрежедегі пайда қаржы-қаражаттық тәуекелдің және болашақта банкроттықа  түсу қаупі есебінен болуы мүмкін, бұл жағдай да  кәсіпорынның нарықтық құнының төмендеуіне әкеледі. Сондықтан, нарықтық жағдайда пайданы барынша көбейту қаржы менеджментінің басты міндеті болғанымен, оның ең басты мақсаты емес.

Кәсіпорынның нарықтағы  жағдайы еш өзгеріссіз қалмайды. Ерте ме, кеш пе әйтеуір бір күні бәсекелестер пайда болады. Сондықтан да кәсіпорынның тұрақты дамуы оның экономикалық тірі қалудың, өмір сүрудің ең басты шарты болып табылады. Даму жоспары аз мөлшер уақытқа емес, сондай-ақ, оның ұзақ перспективасына да жоспарлануы қажет.

Сондықтан қаржы менеджменті  бірқатар сұрақтарға жауап қайтару  қажет және сондай-ақ қаржылық стратегия мен тактиканы қалыптастыру қажет.

Бірінші сұрақ былай  қойылады: «Фирманың перспективті дамуы  үшін қанша мөлшердегі ақша қаражаттар қажет?». Керек кезде толық немесе бөлек  мөлшерде бұл соманы және уақытты анықтау үшін қосымша  салымдар қаржысының қажеттілігі және фирманың шаруашылық қызметінің әр түрлі маңызды көрсеткіштері арасындағы тәуелділікті орнату мақсатты болып табылады

Мысалы,  сенімділікпен антуға болатын  жайт, ол дамуға қажетті ақша құралдары  өткізу көлеміне байланысты болатындығы  туралы. Бірақ бұл әдетте олай бола бермейді.

Егер кәсіпорын бәсекелестерімен шығарылатын өнім сапасын жақсартудың  күрес жолын таңдаса,  онда сапаның  жоғарлауы бағаның өсуімен, яғни өткізу көлемі және инвестицияны қажетсіну  аралығында жүреді. Бірақ, егер инфляция жағдайында бәсекелестерге қарсы өнімнің бағасын төмендету немесе тұрақтандыру жолы таңдалса, онда өткізілуден күтілетін түсім мөлшері аз болады.

Шығарылатын өнім өзіндік құнын  төмендетуге бағытталған шараларды  ендіру және құрастыруға байланысты шығындарды қажет етеді. Берілген жағдайға құралдарға қажетсіну бұл шығындардың шамасымен анықталады.

Нарықтық экономикаға  өтудің нәтижесінде кәсіпорынның мемлекеттің ықпалынан босады да ендігі кезекте кәсіпорынның қызметінің экономикалық және қаржылық нәтижелерін басқаруға байланысты жауапкершілігі артты. Соған байланысты әр бір кәсіпорын нақты жалпы стратегиясын ғана анықтап коймай, сонымен қатар қаржылық стратегиясында таңдауы қажет.

А.А. Томпсон, А.Дж. Стриклендтің көзқарасы бойынша, стратегия – ұйымның мақсатқа жетуін қамтамасыз ететін басқарушылық іс-шаралардың барлық жинтығын көрсетеді [1, 44б.]. Кәсіпорынның стратегиясы жоспарланған және жағдайларға байлансты біршама өзгеріп отырады.

С.Д. Ильенкова [37, б. 74] стратегияны -шешім қабылдау процессі ретінде анықталады деп қарастырады, яғни кәсіпорынның өмірлік цикілін нығайту мен бәсекеге қабілеттілгін арттыру мақсаттында іс-шаралардың кешенді байланыстағы қызметі мен қойылған мақсаттарға жетудің кешенді жан-жақты жоспарлау. О.С. Виханский [27. Б. 88] мен А.И. Ноумов [28,б.167] стратегия – бұл кәсіпорынның даму бағытын, қызмет ету саласы менформасын, ұйымның ішкі байланыстар жүйесін, сонымен қатар қоршаған ортадағы кәсіпорынның орнын сапалы анықтайтын ұзақ мерзімді жоспарлау. Біз О.С.Виханский мен А.И. Ноумовтың берген анықтамасымен келісеміз, себебі стратегия ұғымына берген анықтамасы дәл және оның мәнін толық ашады деп санаймыз.

Кәсіпорынның қаржылық стратегиясын қазіргі таңда қалыптастыру басқарудың жаңа концепциясының методологиялық принциптерінің бірі– «стратегиялық басқару» - АҚШ пен Батыс Еуропаның көптеген мемлекеттерінде бұл ұғым 70-ші жылдардың басында белсенді түрді енгізіле бастады. Стратегиялық басқару стратегиялық жоспарлаудың методологиясының дамуы негізінде қалыптасты және ол стратегиялық басқарудың негізін құрайды. Бірақ И.А. Бланктың [24, б.21,22] айтуы бойынша, стратегиялық жоспарлаудың басқада ұзақ мерзімді жоспарлаудан ерекшелігі ол дамудың қалыптасқан тенденциясын ғана ескермейді, сонымен қатар мүмкіндіктер жүйесі мен кәсіпорын дамуының қауіптілігін, күтпеген жағдайлардың туындауын, алдағы кезеңде қалыптасқан тенденцияны өзгерте алу болып табылады.

Стратегиялық басқарудың мақсаттары үшін кәсіпорның стратегиялық дамуының деңгейлері бойынша дифференциаланған түрлері маңызды болып табылады. Осы басқару жүйеде И.А. Бланк [24. Б.71-85] стратегияның негізгі үш түрін көрсетеді: корпоративтік стратегия, функционалды стратегия (маркетингтік, өндірістік,қаржылық, инновациялық) және жеке шаруашылық бірлік стратегиясы (бизнес-бірлік). И.А. Бланкқа қарағанда А.А. Томпсон, А.Дж. Стрикленд корпоративтік, іскерлік, функционалдық және оперативтік стратегиялар деп көрсетеді.

Жоғарыда аталғандарға қарасақ, қаржылық стратегия функционалдық стратегияның бір түрі болып табылады және ол кәсіпорынның қаржылыққатынастары мен қаржылық қызметтерінің дамуының негізгі бағыттарын қамтиды. Біздің ойымызша, кәсіпорынның функционалды стратегия жүйесінде қаржылық стратегия маңызды орынды алады. Бұл функционалдық стратегияның маңыздылығы кәсіпорының барлық қызметінің экономикалық көрсеткіштер жүйесі қаржы арқылы көрсетіледі, функционалдық мәселелердің балансталуы мен кәсіпорынның негізгі мақсаттарына жетуге бағынышты болуында. Бір жағынан, қаржы – бұл басқада функционалды стратегияны қалыптастырудың қайнар көзі, яғни қаржылық ресурстар кәсіпорын қызмет бағыты мен шектеуші көлемі болып табылады.

Информация о работе Қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасы