Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 21:32, курсовая работа
Батысында – Тарбағатай, солтүстігінде – Күршім, шығысымен мен оңтүстігінде – Қытай Халық Республикасының Синьцзян өлкесімен шекаралас орналасқан - Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік аудандарының бірі, Сауыр- Тарбағатайдан Қара Ертіс өзенінің солтүстігіне дейін созылып жатқан, шұрайлы да суы мол, жайылымы керемет, ежелден дүние жүзі ғалымдарының, саясаткерлерлерінің, елбасыларының назарын аударған, Настрадамус өз қолымен кітапқа жазған, орыстың ұлы патшасы Петр I бұдан 280 жыл бұрын бекініс салуды міндеттеп, әскери экспедиция жіберген, әкімшілік бірлік ретінде 1928 жылы Семей облысының құрамында құрылған, әншілер әнге қосып, ақындар өлең шығарған қазақ халқының мақтанышпен бетке ұстар, ұлан байтақ өңірі - Зайсан ауданы.
Барлық арналар арқылы өткізілген бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 970,1 млн. теңге құрады.
2009
жылғы қаңтар - қазанда негізгі
капиталға жұмсалған
2008
жылғы 1 қарашаға аудан бойынша
заңды тұлғалардың
Бағалар. Инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 2009 жылғы қаңтар-қазанға 104,9%-ды құрады. Азық-түлік тауарлары 2,4%-ға, азық-түлік тобына жатпайтын тауарлар – 7,2%-ға, қызмет көрсетулер – 6,1%-ға қымбаттай түсті.
2009
жылғы қаңтар-қыркүектегі
Экономиканың нақты секторы. 2009 жылғы қаңтар-қыркүйекте2008 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 15,9%-ға кеміді, оған өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемінің 17,1%-ға кемуі әсер етті. Кен өндіру өнеркәсібінің көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,0% құрады.
Ауыл шаруашылығында аудан шаруашылықтарының барлық санаттарында ірі қара малдың, жылқының, құстың саны өсті. Ағымдағы жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша өткен жылдың тиісті күнімен салыстырғанда шаруашылықтардың барлық санаттарнда төл алу және сатып алу санының өсуі есебінен ірі қара мал (1,8%), қой мен ешкі (3,0%), жылқы (5,6%), құс (11,0%) санының өсуі байқалып отыр. Ет өндіру – 3,1%, сүт өндіру – 4,0%, жұмыртқа өндіру – 6,9%, жүн –7,1% өсті.
Барлық арналар арқылы өткізілген бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 850,2 млн. теңге құрады.
2009 жылғы қаңтар - қыркүйекте негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 1417,5млн. теңгені құрады. Бағалар индексін есепке алғандағы негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар 3,9 есе болды. Қаржыландыру көздері бойынша инвестиция құрылымында кәсіпорындардың жеке қаражаты 7,0%-ды, республикалық бюджет қаражаты – 18,8%-ды құрады.
2008
жылғы 1 қазанға аудан бойынша
заңды тұлғалардың
Бағалар.
Инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын
тұтыну бағаларының индексі 2009 жылғы
қаңтар-қыркүйекте 104,6%-ды құрады.
Азық-түлік тауарлары 3,3%-ға, азық-түлік
тобына жатпайтын тауарлар – 5,6%-ға, қызмет
көрсетулер – 5,3%-ға қымбаттай түсті.
Аудан айнасы “Достық” газетіне 80 жыл. 8 Қазан 2010
Әуелгі кезде бұл газет “Социалистік жол” деген атпен жарық көрген. Алғашқы редакторы белгілі журналист Жармақ Ыбыраев, алғашқы жауапты хатшысы ақын Сәду Машақов болған. Газетке “Достық” аты 1962 жылы көктемде берілді.
Бұл газетті әр жылдары Ғ.Әміров, М. Нұрғалиева, Яғали Жәйкенов, Айтмұханбет Орманбетов, Гүлшира Шегірова, Қапан Сапарғалиев, Манап Салықбаев, Орынбасар Тәшенов, Болат Зәкенов, Бекен Жапаров, Әмина Сақажановлар басқарып, газеттің халықтың тірегіне, жаңалықтар жаршысына айналуына үлкен үлес қосты. Әубәкір Нілібаев, Зарықбай Ыбыраев, Тоқтарбек Қызықбаев, Асқар Егеубаев, Марат Қабанбаев, Нұрлан Мәукенұлы, Қайролла Әліпбаев, Ғалым Байбатырұлы, Рахмет Түлкин, Мәкеш Әукебаев, Қинаш Серікбаев, Әбетхан Тоқтағанов, Сәруар Қабдірзақова, Ардақ Бөлдекбаева, Мырзабек Бүйіншаров, Майрагүл Мағзұмова, Мәрия Сақажанова, Сайранбек Азбаев секілді алды елімізге, арты Шығыс өңіріне танымал ақын-жазушылар, журналистер осы газеттен түлеп ұшты.
Бекен Жапаров, Әмина Сақажанова, Жаңылсын Бақбаева, Гүлнәр Иманқұловалар газетте ұзақ жылдар жемісті қызмет етіп, аудан халқының сүйікті журналистеріне айналды. Майшекер Қуанышева, Тұрсынхан Оспанов, Қайрыкен Оқасов, Тұрысбек Еділбаев секілді өмірдің әр саласында жемісті қызмет атқарған қоғамдық тілшілер газетпен тұрақты байланыста болды.
Еліміз өз тәуелсіздігіне ие болғаннан бері аудандық газеттердің арасында тез ес жинап, нарық жағдайына бейімделе білген басылымдардың бірі де осы “Достық” газеті. Өз оқырмандарын көп жоғалтпай, жүйелі жұмыс істеп отырды. Аудандық газеттердің арасында облыста алғашқылардың бірі болып компьютерлендірілді. Газеттің тұрақты шығуына, материалдық-техникалық базасын сақтап қана қоймай оны жаңартуына Зайсан ауданының әкімдігі көмектесіп отырды.