Зайсан ауданы

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 21:32, курсовая работа

Описание работы

Батысында – Тарбағатай, солтүстігінде – Күршім, шығысымен мен оңтүстігінде – Қытай Халық Республикасының Синьцзян өлкесімен шекаралас орналасқан - Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік аудандарының бірі, Сауыр- Тарбағатайдан Қара Ертіс өзенінің солтүстігіне дейін созылып жатқан, шұрайлы да суы мол, жайылымы керемет, ежелден дүние жүзі ғалымдарының, саясаткерлерлерінің, елбасыларының назарын аударған, Настрадамус өз қолымен кітапқа жазған, орыстың ұлы патшасы Петр I бұдан 280 жыл бұрын бекініс салуды міндеттеп, әскери экспедиция жіберген, әкімшілік бірлік ретінде 1928 жылы Семей облысының құрамында құрылған, әншілер әнге қосып, ақындар өлең шығарған қазақ халқының мақтанышпен бетке ұстар, ұлан байтақ өңірі - Зайсан ауданы.

Работа содержит 1 файл

ЗАЙСАН АУДАНЫ.doc

— 122.00 Кб (Скачать)
 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК  УНИВЕРСИТЕТІ 
 

«МЕМЛЕКЕТТІК  БАСҚАРУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ» ФАКУЛЬТЕТІ  

«МЕМЛЕКЕТТІК  БАСҚАРУ ЖӘНЕ РЕФОРМАЛАРДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» КАФЕДРАСЫ  
 
 
 

БАЯНДАМА 

ТАҚЫРЫБЫ: Зайсан ауданы 
 
 
 
 
 
 

                                                                    ОРЫНДАҒАН: Көкенов Айбек 

                                                                    ТЕКСЕРГЕН: Мамырбекова Д. С.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Өскемен қаласы, 2010 жыл

     Тарихи  деректеме 

     Батысында – Тарбағатай, солтүстігінде –  Күршім, шығысымен мен оңтүстігінде – Қытай Халық Республикасының  Синьцзян өлкесімен шекаралас орналасқан - Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік  аудандарының бірі,   Сауыр- Тарбағатайдан  Қара Ертіс өзенінің солтүстігіне дейін созылып жатқан, шұрайлы да суы мол, жайылымы керемет, ежелден дүние жүзі ғалымдарының, саясаткерлерлерінің, елбасыларының назарын аударған, Настрадамус өз қолымен кітапқа жазған, орыстың ұлы патшасы Петр I бұдан 280 жыл бұрын  бекініс салуды міндеттеп, әскери экспедиция жіберген, әкімшілік бірлік ретінде 1928 жылы Семей облысының құрамында құрылған, әншілер әнге қосып, ақындар өлең шығарған қазақ халқының мақтанышпен бетке ұстар, ұлан байтақ өңірі - Зайсан ауданы.

     Қаланың Зайсан аталуы 1864-1868 жылдар аралығы, ресми мұрағат деректерінде осы екі аралық көбірек кездеседі. 1903 жылы Санкт-Петербургтен А.Ф.Дербиен баспаханасынан шыққан географиялық энциклопедияның 18 томында «Зайсан қаласының іргетасы 1868 жылдары қазіргі уезд жерінің көп бөлігі Россияға қараған кезде салынды»,-деп көрсетілген. Ал 1864 жылы Зайсан қаласына станица аталған яғни патша үкіметі Л.Ф.Баков деген инфантерия генерал-майоры бастаған әскери құрамаға қамал салу  тапсырысымен мұнда бекініс болып көтерген. Қазақ даласынан Қытай, Тибет, Синзянға жүн, тері, мал, ағаш тағы басқа да шикізат, ал ол жақтан мата, киім-кешек, қол өнер бұйымдары Зайсан кедені арқылы өткендіктен маңызы арта түсті.

     1870-1880 жылдар аралығында қалада 2663 орыс, 122 қазақ тұрған, 1900 жылдары 4 мың  қазақ мекендеді. Халық егіншілік, мал өсірумен бірге бау-бақша, жеміс өсірумен шұғылданды.

     Зайсан  постын екіге бөліп ағатын, Жеменей өзенінің шығыс жағасында үлкен көшеден тұратын Казачье слабодасы болды, ал өзеннің батыс жағасында 3-4 көшеден тұратын слабодада  бастауыш азиаттық мектеп, ағаштан салынған шіркеу үйі, приставство басқармасының үйі, сауда алаңы, шикі кірпіштен салынған 110 және ағаштан салынған 7 тұрғын үй бар,-деп жазды Потанин.

     Ішкі-сыртқы сауда қатынасына қолайлы «Зайсан» қаласы тез ұлғайып, Батыс Қытай, Монғолиямен алыс-беріс саудасы күшейген. Жыл сайын мамыр айында өтетін Никольский жәрмеңкесі сауда шеңберін кеңейте түскен. Жергілікті маңызы бар сабын, сыра, қайнататын, кірпіш өртейтін, былғары илеп, жүн жуатын заводтар сияқты кәсіорындар ашылып, көбейе түседі. Ен байлық, арзан шикізат қоры өлкесіне көз тіккен саудагер-купецтер Зайсан қаласына шұбырып, келіп жатты.

     ХІХ-ғасырдың аяғында Зайсан купецтердің қаласы ретінде танылды. Купецтермен чиновниктердің балалары үшін, бұрынғы азиаттық бастауыш ұлдар мектебінің үстіне 1883 жылы бастауыш қыздар училищесі жұмыс істеді. 1896 жылы 26 наурызда алғашқы кітапхана ашылды.

     Зайсанда, өзбек, татар, т.б ұлттар тұрды. Олар негізінен саудамен айналысты. Қаланың басшысы қала старостасы болды. Қаланы көбінесе қолөнершілер де ұсталарда болды.

     Зайсан  уездегі көп ұлтты орталықтың бірі болды. Онда орыс, қазақ, татар, өзбек, түркімен қырғыз, қытай  т.б ұлт өкілдері тұрды.

     Ірі мәдениет орталығы болған қалада атақты ақындар Павел Васильев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Әсет Найманбайұлы, Ноғайбаев ақын еңбек еткен. Михаэлис Кендірлік көмірінің сапасын, көлемін зерттеп бағамдаған. Н.Бухман күн батареясын ойлап тауып, осы қалада іске қосқан Коншин, Ватсон, Томашевский, худыковский т.б ондаған жер аударылғандар өлке мәдениетін дамуын үлес қосты.

     Қалада екі үлкен тері өңдеу зауыты болды. Фунтиковтың кірпіш зауыты жұмыс істеді, Жеменейдің бойындағы үш диірмен қала халқын ұнмен қамтамасыз етіп тұрған. Дображанскийдің сыра зауыты бовар сырасымен уезді ғана қамтып қоймай, шетке экспортқа шығару дәрежесінде көтерілді. Қалада екі ірі сабын қайнататын зауыт және Зайсанға басқа жақтан әкелінген темір рудасын өңдеп, Қытай мен Тибет, Монғолияға экспортқа темір шығаратын зауыт жұмыс істеп тұрды. Сорокиннің кинозалы жұртшылыққа фильмдер көрсетіп, елді жалпы әлемдік мәдени өмірден хабардар етіп отырды. Елден жиналған жүннен пима басатын Асташевтің зауыты үлкен маңызға ие болды.

     1926 жылы Зайсанда қалалық кеңес құрылды.

1928 жылы  күзде ВКП (б) Қазақстан Орталық Комитетінің атқару комитетінің шешімімен Республикада уездер таратылып, олардың орнына аудандар құрылды. Зайсан уезі: Зайсан, Тарбағатай, Марқакөл, Көкпекті, Қызылтас /Ақсуат/ аудандарына жіктелді. Зайсан ауданы ВЦИК-тің указымен 1928 жылы қыркүйектің 3-ші жұлдызында құрылды. Ауданның қазіргі территориясында шамамен бұрынғы уездің үш болысы Маңырақ, Қара-Ертіс, Кендірлік жатады.

     1939 жылдан бастап, Зайсан ауданы  Шығыс Қазақстан облысына қарады. Зайсан ауданынан бұдан кейін,  Тарбағатай, Марқакөл, Күршім, Ақсуат  және Көкпекті аудандары бөлініп шығып, жеке аудандар болып бекітілді.

     Өңірде - қазақтың орта жүзінің найман, керей  руларынан тараған меркіт, тұзақшы, уақ, төртуыл, ақболат, қожанбет, қожан, санияз ата – баба ұрпақтары жоңғар шапқыншыларынан бұрын тұрып, көшпелі  өмір сүрген.

     Аудан - ауыл шаруашылығы бағытында жұмыс  істейді. Мал, егін шаруашылықтарымен  қоса, ірі бау – бақша мен  жеміс – жидек дақылдарымен өркендеп, мол табыстарға ие болған өлке. Сонымен  қатар, халық тұтынатын тауарлардың  бірі – көмір мен минералды  емдік су өндірумен айналысады.

     Ауыл  шаруашылығы алқаптары бұрынғы 9 кеңшарлардың базасында құрылған 358 шаруа қожалықтарына техника, шабындық, жайылымдық жерлері бөлініп берілді.

     1918 жылы Зайсан шекарашылар отряды  құрылып, Қытаймен арадағы шепті  қырағы қорғауда. 1922 жылы Зайсанда уездік арухана ашылып, кейіннен 60-жылдардың басында дәрігерлік емдеу орындарына кеңейтілді. 1930 жылы 1 қазаннан бастап аудан газеті жарыққа шықты. Оның алғашқы редакторы: Ж. Ыбыраев, Ғ. Әміров болды. 1932 жылдан бастап, Зайсан педучилищесі ашылды. Онда   Зайсанға қарасты, –Тарбағатай, Ақсуат, Марқакөл, Күршім, Ұлан, Катон – Қарағай аудандарының жастары білім алды. 1945 жылы кәсіптік – техникалық училище ашылды.

     Ауданның жер көлемі: 1 миллион 43 мың гектар. Өлкеге 42 ірі елді – мекен қарайды. Сондай – ақ, Зайсан қаласының әкімшілігі мен 8 ауылдық әкімшілік қамтылған. Зайсан қаласы – ауданның әкімшілік орталығы болып саналады.

     1993 жылы Қалалық Кеңес таратылып, «Зайсан қала әкімі Мемлекеттік мекемесі» болып өзгертілді.

     «Ақынның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді» дейді дана халқымыз. Өмірдің өзі дәлелдеген ақиқат. Тарихы әріден басталатын біздің Зайсан өңірінде де халықтың құрметіне, қошаметіне бөленген талай ізгі жақсылар өткен.

     Зайсан  ауданың таңымал тұмарлары - Полковник В.Е.Головченко Кеңес Одағының Батыры атағын алса, сержант Манап Әубәкіров Даңқ орденінің толық иегері болды. Ғ.Сәрсекеев, К.Қызымбаев,Е.Бексейітов, С.Жырымбаев, А.Дүйсежанов, Ә. Дәніков, А.Ыдырышев, Қ.Боқажанов және тағы басқалар жауынгерлік ерліктері үшін жоғары үкімет наградаларына ие болды.

     Зайсан  жері дарындылардан ешқашан кенде болмаған. Бізде ел басқарған Халит, Бұтабай, Зейнолла, Ақбай тәрізді болыстар, Шұлғаубайдай шешен, Бұланбайдай палуан, Қоңыр, Ақыштай қажылар, елді аузына қаратқан билер шыққан. Жыр алыбы Жамбылдың өзі Шөжемен қатар қойған Ноғайбай ақынды Мәскеу университетінің профессоры Ивановский бүкіл Ресейге әйгілеп, талантына тәнті еткен. Ал, бүгіндер Зайсан тумалары Есет, Әубәкір, Тоқтарбек, Ұлықбек, Асқар, Нұрлан, Марат, Кәдірбек, Гүлнәр, Советхандар қазақ әдебиетінің алғы легінде тұр. Сондай-ақ, Зайсан тумасы Леонид Хохлов Парижде дүние жүзіне әйгілі ғалым Пастердің лабороториясында қызмет істеген, ақын Павел Васильевтің есімі орыс әдебиетінің алыптары Сергей Есенин, Владимир Маяковскиймен қатар аталады. Жарсу ауылында туып өскен Гүлнәр, Эльвира Сахатовалар дүние жүзіне танылған шахматшылар. Салтанат Камалиева дүние жүзі сұлуларының байқауында жеңімпаз атанған. Зайсан тумасы генерал ұшқыш Қамза Ерзінұлы Зайсанов Моңғол мемлекетінің әуе күштеріне қолбасшылық жасаған.

     Ауданның рухани өмірінде өзіндік орны бар - айтыс өнерінің таланттарының ішінде: Абаш Кәкенов, Серікхан Жақиянов, Меделхан Хасенова, бүгінде Павлодардың бас ақыны болып жүрген жерлесіміз Серік Қосанбаев. Ауданда орталық мәдениет үйі, кітапхана қалыпты жұмыс істеуде. Зайсан халық театры, «Айнакөл» ансамблі, «Ақ әже» топтары, Дайыр, Қаратал, Сарытерек, Айнабұлақ, Қарабұлақ, Кеңсай өнерпаздары жұртшылықты өнерлерімен сусындатуда. Зайсан өңірінде дене – шынықтыру мен спорт салалары өте қарқынды дамуда. Мәселен, жерлестеріміздің ішінде: қол тірестен Азия чемпионы Ермат Ермекбаев, Европа чемпионы Қасымжанов Нұрлан сияқтылар ауданымыздың мақтанышы. 

     Табиғаты, өсімдіктері, жануарлары

     Зайсан  жері шұрайлы, суы мол, жайылымы керемет (Сауыр, Сайқан, Маңырақ, Ертіс, Ақжан, Қабырғатал) сияқты киелі жер. Оның жер асты қазбасы – мұнайға, көмірге, жанатын сланецке, жоса – бояуға, құрылысқа жарамды әкке, құм мен топыраққа толы, жасыл алқапты орманы бар өңір.

     Аудан климаты құбылмалы, құрғақ. Қысы ұзақ және суық. Атмосфералық орташа жылдық жауын – шашындары 120-180 мм. Тау беткейлеріне көтерілген сайын ылғалдылық артып, ауа температурасы кемиді. Тау басында ол таулы тундралық климатқа дейін өзгерген. Өзендердің ірілерінен: Бұғаз, Базар, Қандысу, Кендірлік өзендерін атауға болады. Сонымен бірге, Зайсан көлін айтуға болады.

     Зайсан  – суармалы өңір. Мұнда 1967 жылы сыйымдылығы -75 млн.м куб Үйдене су қоймасы  жүйесі, 1956 жылы Кендірлік және 1984 жылы Жеменей су қоймалары салынып, іске қосылған. Сондай–ақ, өлкеде жер асты және жер үсті бұлақтары бар.

     Минералды емдік сулар өндіруде, әсіресе, Ащылы, Әулие бұлақ, Арасан Талды қойнаулары пайдаланылады.

     Белдеулі  ормандарда: қоян, түлкі, қасқыр, елік, бұландар, аюлар, маралдар, сілеусіндер, барыс, борсық мекендейді. Орман шекараларындағы биік шыңдар мен құздарда арқар, таутеке, ақбөкен, киік және жайран кездеседі. Құстардан: боз торғайлар, лашындар, қара тағандар, сауысқандар, қарғалар, көгершіндер, торғайлар, қаздар, аққулар, үйректер, бүркіттер, ұлар, кекілік, бұлдырық, қырғауылдар, тағанақтар және басқа да түрлері мекендейді.

     Зайсан  көлінде, Ертіс жағалауларында, су айдындарында: шортандар, қара балықтар, ала бұғалар, сазандар, шабақтар және басқада түрлері  кездеседі. 

     АУДАННЫҢ  ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ  ӨЗГЕРІСТЕРІ

     Зайсан  ауданында негізінен қазақ, орыс, украин, татар, өзбек және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. 2006 жылдың 1-қаңтарынан бастап, жергілікті халықтың саны -38 мың адамға жетті. Этникалық құрамы жағынан: қазақтар – 35,2 мың адам, орыстар –2,1 мың адам, басқа ұлттар – 0,7 мың адам. Жергілікті халыққа бай аумақты аймақтар: Дайыр, Айнабұлақ, Қаратал, Сарытерек, Шілікті, Қарабұлақ ауылдары.

     Аудан орталығы мен облыстың ара – қашықтығы - 465-тей шақырымдық жер.

     Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуымен  елімізде кеден қызметі жолға қойылған. 1992 жылыдың мамыр айынан бастап, Шығыс аймақтық кеденіне қарасты «Майқапшағай» кеден бекеті құрылды. Ал, 1992 жылдың 22 желтоқсанынан бастап, Майқапшағай кедені болып бекітілді. Сондай-ақ, 2006 жылдың сәуір айынан бастап, «Майқапшағай-Жеменей» шекара сауда орталығы ашылған.

     2003 жылы Зайсан өңірінің Шілікті  ауылында Қазақстан археологтарының  қазба жұмыстарының негізінде,  «Шілікті қорғаны» табылды. Онда  ежелгі Сақ тайпасының «Алтын  адамы» жауынгері табылды.

     Аудан экономикасының негізгі рөлін – агроөнеркәсіп алады, өйткені, маңызды орынды ауыл шаруашылығына береді. Осы кәсіптің шығарылатын өнімінің көлеміне байланысты, ауыл шаруашылығында мал шаруашылығы мен дәнді – дақылдар шаруашылығы өте қарқынды дамуда. Осының маңыздылығынан импорттық тауарлар азаюда. Ең бастысы, жергілікті халық өзін-өзі етпен, сүтпен, өсімдік майымен,жеміс-жидекпен, дәнді-дақылдармен, бау-бақша өнімдерімен, ұнмен тағы басқа өнімдермен қамтамасыз етуде.

Информация о работе Зайсан ауданы