Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 21:32, курсовая работа
Батысында – Тарбағатай, солтүстігінде – Күршім, шығысымен мен оңтүстігінде – Қытай Халық Республикасының Синьцзян өлкесімен шекаралас орналасқан - Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік аудандарының бірі, Сауыр- Тарбағатайдан Қара Ертіс өзенінің солтүстігіне дейін созылып жатқан, шұрайлы да суы мол, жайылымы керемет, ежелден дүние жүзі ғалымдарының, саясаткерлерлерінің, елбасыларының назарын аударған, Настрадамус өз қолымен кітапқа жазған, орыстың ұлы патшасы Петр I бұдан 280 жыл бұрын бекініс салуды міндеттеп, әскери экспедиция жіберген, әкімшілік бірлік ретінде 1928 жылы Семей облысының құрамында құрылған, әншілер әнге қосып, ақындар өлең шығарған қазақ халқының мақтанышпен бетке ұстар, ұлан байтақ өңірі - Зайсан ауданы.
Ауданның
жер асты байлығы зерттелген –
қоңыр көмір мен жанатын
2005 жылдан бастап, ЖШС «Балық өнім Шығыс» зауыты жұмыс істеуде. Сол сияқты минералды емдік сулар өндіруде. Әсіресе, Арасан-Талды, Ащылы жерлеріндегі сулардың көздері ашылып, игеру жолдарына қойылған. Онымен ЖШС «Зайсан сулары» айналысуда. Қазіргі таңда, біздің емдік ас-суымызға Өскемен, Семей, Қарағанды қалаларынан сұраныстар түсуде. Көршілес Қытай еліне де шығару көзделініп отыр.
2006 жылдың шілде айында облыстық көрмеде «Зайсан» минералды суы жүлделі бірінші орын мен хрусталь кубокқа ие болды. Сондай-ақ, республикалық көрмеге қатысуға жолдама алды.
Аудан
бойынша білім беретін
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде: «Әрбір адам біздің мемлекетімізге, оның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін талдап жасау қажет. Елдің проблемалары да, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуға тиіс, құрметті Зайсан қаласы тұрғындары сіздерге тілейтінім бұдан да биік жетістіктерге жете беріңіздер!»,- дейді.
Елбасының
алға қойған міндеттерін Зайсандықтар
қызу қолдап, жүзеге асыруға бір кісідей
жұмылуда. Қиындықты еңбекпен жеңу қажеттігін
жақсы сезінеді. Әркім өз бақытының, болашағының
бапкері болу керектігі санаға сіңірілуде.
Зайсан Қазақстанның қиыр шығысындағы
шуақты, шырақты аудан ретінде әрқашан
көріне беретініне күмән жоқ.
Зайсан
ауданының 2010 жылғы 1
тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық
дамуының қорытындысы
туралы анықтама
Өнеркәсіп
2010
жылғы 1 тоқсанда Зайсан ауданындағы
өнеркәсіп орындары
Ауылшаруашылығы
Аудан көлемінде 2010 жылдың 1 тоқсанында 1777,2 тонна ет, 7471 тонна сүт, 288 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда ет өндіру 3,6 пайызға кеміді. Осы жылдың 1 тоқсанында ірі қара саны 65071 басқа жетіп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 100,2 пайыз болды. Жылқы 11690 бас болып, өткен жылмен салыстырғанда 0,3 пайызға көбейді, құстар саны 32408 басқа жетіп, өткен мерзіммен салыстырғанда 12,5 пайызға артты. Сондай-ақ сүт өнімдері 1,6 пайызға , жұмыртқа 2,3 пайызға артық өндірілді.
Қой
мен ешкі саны 177114 бас болып, өткен
мерзіммен салыстырғанда 5,6 пайызға
азайды. Қой–ешкі басының кему себебі
қыстың қатаң болып, қардың қалың түсуінен
шалғайдағы мал қыстақтарына жем-шөптің
жеткізілмеуі.
Шағын және орта кәсіпкерлік
2010
жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша
ауданда тіркелген шағын
2010 жылдың 1 тоқсанында барлық шағын
кәсіпкерлік субьектілерінен
2010 жылдың 1 сәуіріне аудан халқына шағын бизнес саласынан 6 базар, 159 сауда үйлері мен дүкендері, 4 тойхана, 22 кафе, 8 асхана, 12 шаштараз, 5 тігін шеберханасы, 6 аяқ киім жөндеу шеберханасы, 7 қонақ үй, 3 көпшілік монша, 4 фото салон, 1 косметикалық қызмет көрсету салоны, 1 аудио-видео жөндеу шеберханасы, 2 ұялы телефон жөндеу шеберханасы, 4 компьютерлік қызмет көрсету орны, 3 тіс емдеу кабинеті, 8 жанар-жағар май құю станциялары, 1 пима басу шағын цехы, 12 май сығу цехы, 24 наубайхана, 2 халыққа техникалық қызмет көрсету орталығы, 8 автокөлік жөндеу шеберханасы, 17 дәріхана, 2 ветеринарлық дәріхана қызмет көрсетеді.
2010
жылдың 1тоқсанында жеке кәсіпкер
Г.Исабаеваның Зайсан
Негізгі капиталға салынған инвестиция
Жоспар бойынша қаңтар-наурыз
айларына негізгі капиталға
Бюджет
2010
жылдың 1 тоқсанына арналған аудан
бюджетінің барлық кіріс
Аудан бюджетінің өз кірісінің
жоспары 84,967 млн. теңге болып,
бекітілген (бюджеттің барлық кіріс
бөлігінің 14,2 % құрайды).
Аудан бюджетінің шығыс бөлігінің жоспары
598,319 млн. теңге. 3 айда
орындалғаны 523,373 млн теңге немесе
87,5%. Игерілмеген қаржы көлемі 74,945 млн
теңге. Оның ішінде Қазақстан Республикасы
Үкіметінің резервінен су тасқынын алдын
алу шараларына берілген қаржыдан 71,375
млн теңге жұмыстардың толық жүргізіліп
бітпеуінен игерілмеген.
Жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес 2010 жылға 20220 мың тенге әлеуметтік көмек бөлініп, ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 321 отбасының 1009 мүшесіне 6470 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді.
«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес 2010 жылға 51256 мың теңге балалар жәрдемақысы бөлініп, 1379 отбасынаң 3413 баласына 14611 мың теңге мемлекеттік балалар жәрдемақысы тағайындалып төленді.
«Табысы аз отбасыларға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй – коммуналдық қызметтеріне ақы төлеу үшін тұрғын үй көмегін беру Ережесіне» сәйкес 2010 жылы жергілікті бюджеттен 1516 мың теңге қаражат бөлініп, 61 отбасыға 1130 мың теңге тұрғын үй көмегі төленді.
Аз қамтылған, тұрмысы төмен, әлеуметтік көмекті қажет ететін 71 адамға жергілікті бюджеттен 650 мың теңге материалдық көмек төленді.
«Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған Батыр аналарға, I – II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған, 4 және одан көп кәмелеттке толмаған 18 жасқа дейінгі балалары бар аналарға бір жолғы материалдық көмек ретінде 1013 анаға 5065 мың теңге төленді.
Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оған теңестірілгендерге, Чернобыль АЭС апаттың, радиациялық апаттар мен ядролық қаруды сынаудың саларында мүгедек болған 157 адамға коммуналдық шығындарын өтеу үшін 1989 мың теңге төленді.
Жалпы білім беретін мектептердің аз қамтылған отбасыларынан шыққан түлектерінің, жетім балалардың және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жоғары оқу орындарындағы оқуын төлеу үшін 2010 жылдың 1 тоқсанында 46 балаға 7307 мың теңге төленді.
«Мүмкіндіктері шектеулі балалардың әлеуметтік, дәрілік – педагогикалық қолдау арқылы оңалту туралы» Заңына сәйкес үйде оқып – тәрбиеленетін мүгедек балаларға жергілікті бюджеттен 3566 мың теңге қаражат бөлініп, жыл басынан бері 40 балаға 890 мың теңге материалдық қамсыздандыру төленді.
Жұмыс іздеуші ретінде жыл басынан 185 адам тіркелді. 1 сәуірге 215 жұмыссыз тіркеуде тұр, экономикалық белсенді халықтың ішінен (20656 адам) жұмыссыздардың үлес салмағы 1 пайыз құрады.
Есеп мерзімінде 86 жұмыссыз әр түрлі жұмыстарға орналастырылды, жұмысқа орналасу деңгейі тіркелгендердің ішінен 46,5 пайыз құрады.
27.01.2009
жылы бекітілген дағдарысқа
Ақылы қоғамдық жұмыстарында 134 келісім шарт жасалынды, 134 адам қатысуда, оның ішінде ауылдық жерден 70 адам.
Оқуға
17 жұмыссыз жіберілді. Жаңадан 81 жұмыс
орны ашылды. Мекемелерден қысқарып 2 адам
жұмыссыз болып тіркелді.
Білім саласы
2009 жылдың 1тоқсанында аудан бойынша ІІІ тоқсан қорытындысы шығарылды. 1-11 сынып аралығындағы бала саны-6932. Олардың 1349-ы үздік, 2233-ы екпінді, 5 оқушы үлгермей, 4 оқушы денсаулықтарына байланысты қорытылмай отыр. Жалпы сапа-52%, үлгерім-99,9% .
30-31 қаңтарда жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Олимпиадаға 22 мектептен 525 оқушы қатысты. Биылғы олимпиада қорытындысы бойынша сапа 35 пайызды көрсетті. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 4 пайызға артық. Ауданнан 14 оқушы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысып, 8 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
13
ақпанда М.Ломоносов атындағы
орта мектепте мұғалімдердің
кәсіби біліктілігін анықтау
мақсатында аудандық бастауыш
сынып мұғалімдерінің
Аудан бойынша 1232 аз қамтылған оқушылардың 924 оқушысы тегін ыстық тамақпен, 2476 оқушы буфеттік тамақпен қамтылған. 1-4 сыныпта 2466 оқушы тегін ыстық тамақпен тамақтанады, бұл 100 %-ды құрайды. Ыстық тамаққа міндетті білім беру қорынан 11960 мың теңге қаржы бөлінді.
Жол картасы бағдарламасымен 4 мектепке 49465,0 мың теңге қаржы бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен 32993,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 16472,0 мың теңге. М.Әуезов атындағы орта мектептің ғимаратына күрделі жөндеу, Қазақстан орта мектебінің ғимаратына, Айнабұлақ орта мектебінің спортзалына, Абай атындағы орта мектептің ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша конкурс өтіп, мердігерлермен келісім-шарт жасалды.
Мемлекеттік тапсырыспен Кеңсай, Абай, Амангелді, Шілікті, Қазақстан мектептері жанындағы шағын орталықтарда 115 балаға қосымша 5 топ, № 1 «Еңлік» балабақшасында 25 орынды 1 топ, 2017 әскери бөлімнен 25 орынды 1 топ, Қаратал ауылынан 25 орынды, Сартерек ауылынан 10 орынды жеке меншік балабақшалар ашуға 18871,0 мың теңге қаржы бөлінді.
Республикалық
трансферт есебінен 2 лингафондық
кабинет алуға 11082,0 мың теңге, «Өзін-өзі
тану» бағдарламасымен
Денсаулық саласы
Зайсан аудандық медициналық бірлестік бойынша барлығы 81 дәрігер, 222 мен 78 тазалықшы және 60 әртүрлі жұмыста істейтін жұмысшылыр бар.