Зайсан ауданы

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 21:32, курсовая работа

Описание работы

Батысында – Тарбағатай, солтүстігінде – Күршім, шығысымен мен оңтүстігінде – Қытай Халық Республикасының Синьцзян өлкесімен шекаралас орналасқан - Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік аудандарының бірі, Сауыр- Тарбағатайдан Қара Ертіс өзенінің солтүстігіне дейін созылып жатқан, шұрайлы да суы мол, жайылымы керемет, ежелден дүние жүзі ғалымдарының, саясаткерлерлерінің, елбасыларының назарын аударған, Настрадамус өз қолымен кітапқа жазған, орыстың ұлы патшасы Петр I бұдан 280 жыл бұрын бекініс салуды міндеттеп, әскери экспедиция жіберген, әкімшілік бірлік ретінде 1928 жылы Семей облысының құрамында құрылған, әншілер әнге қосып, ақындар өлең шығарған қазақ халқының мақтанышпен бетке ұстар, ұлан байтақ өңірі - Зайсан ауданы.

Работа содержит 1 файл

ЗАЙСАН АУДАНЫ.doc

— 122.00 Кб (Скачать)

     1 тоқсанның қорытындысы бойынша  0-18 жас аралығында барлығы 9847 бала бар, оның  ішінде оқушылар  саны 7235.   4999 оқушы медициналық тексеруден өткені, оқу жылының аяғына дейін толық тексеруден өтеді.

     Қан айналымы жүйесі ауруларын анықтауға  профилактикалық тексеру барысында  барлығы 3987 адам қаралуы қажет болса, оның 1314 адам 1 кезеңінен өтті. Екінші кезеңінен 453 адамның 175-і өтті. 

     Құрылыс.

     2010 жылғы  3 айда жалпы ауданы 2164 ш.м.  құрайтын   тұрғын үйлер пайдалануға  берілді, оның ішінде ауданы 1871 ш.м Зайсан қаласындағы 60 пәтерлі  коммуналды тұрғын үй,  ауданы 293 ш.м  4 жеке меншік үйлер салынды. 

     Жол картасы 

     «Жол  картасы» бағдарламасы аясында аудан бойынша 3 бағытта 23  жобаның конкурсы өтіп, мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес, мердігерлер анықталып, 219147 мың.теңге (республикалық бюджеттен 147355 мың.теңге, жергілікті бюджеттен 71792 мың.теңге) қаржы бөлінді.   

     Жеке  бағыттар бойынша :

       «Мектеп, аурухана және басқа да әлеуметтік нысандарды жөндеу, жылылау» бағытына барлығы 49465 мың.теңге (32993 мың теңге республикалық бюджеттен, 16472 мың теңге жергілікті бюджеттен) бөлінді.

     «Облыстық және аудандық маңыздағы жолдарды және қала мен елді мекендер көшелерінің құрылысы және қайта жаңғырту» бағытына  барлығы 137704 мың теңге (республикалық бюджеттен 91849 мың.теңге, жергілікті бюджеттен 45855,5 мың.теңге) бөлінді.

     «Ауылдырдағы, ауылдық округтердегі әлеуметтік жоба » бағыты бойынша 28420,7 мың теңге (республикалық бюджеттен 18956,5 мың.теңге, жергілікті бюджеттен 9464,2 мың.теңге) қаржы бөлінді.

     «Жол  картасы» бағдарламасы аясында 253 адамды жұмыспен қамтамасыз  ету жоспарлануда.

     2010 жылдың 1 сәуіріне   мемлекеттік  сатып алу конкурсы  тендерлер толығымен өтіп мердігерлері белгіленді, негізгі  жұмыстардың басталуы  мамыр айына белгіленіп отыр. 

     Инфляция  үдерістерін тежеу  бойынша Зайсан ауданы атқарушы органдарының қызметі туралы

     Инфляциялық үдерістерді реттеу және күнделікті қажетті тауарларға бағаны тұрақтандыру мақсатында ауданда ауылшаруашылық өнімдерінің негізгі түрлеріне бағаны ұстап тұру  үшін біршама жұмыстар атқарылуда.

     Шығыс Қазақстан облыстық штабының ұсыныстарын  басшылыққа ала отырып іс-шаралар  жоспары жасалып бекітілді, нақты міндеттер белгіленді.

     Ағымдағы  жылдың өткен бес айында инфляциялық  үдерістерді реттеуге және бағаны ұстап  тұруға бағытталған штабтың 16 отырысы  өткізілді. Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап штаб отырысы жұма сайын өткізіліп  отыр. 

     Сауда орындары мен базарлардағы негізгі тұтыну тауарларының баға мөлшеріне күнделікті мониторинг жүргізіліп отыр. Сараптама қортындысы негізінде бағаның дәлелді көтерілуін бақылауға және қосылу бағасын азайтуды шұғыл реттеу мақсатында шаралар қабылданады.

     Шығыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлік және өндірістік департаментінің, статистикалық, маркетингтік қызметтің мәліметтері негізінде базарлардағы жағдайға жеті сайын сараптама жасалып отыр. Қадағалаушы, құқық қорғау өкілдері мен штаб мүшелерінің қатысуымен бірлескен тексеру шаралары жүргізіліп тұрады. Бірлескен тексеру жұмыстарын жүргізу арқылы өнімдердің саудалануы бақыланады: атап айтқанда толайым қоймасы-дүкен-тұтынушы, нәтижесінде толайым саудалаушылар мен кәсіпкерлердің 10-12 пайыздан аспайтын баға қосуы қадағаланады.

     Аудандағы магазиндер мен сауда орындары бойынша  қалыптасқан бағалар аудандық газет  беттерінде үнемі жарияланып отырады, тұрақты негізде жұмыс атқаратын  ақпараттық-үгіт топтары тұрғындар  мен кәсіпкерлер арасында үгіт-түсінік  жұмыстарын жүргізіп отыр.

     Ардагерлер  мен ақсақалдар Кеңесі тарапынан  сауда  саласы басшыларымен және кәсіпкерлерімен  өткізілген  кездесулер мен әңгімелесулер  оң  нәтижелерін   беруде.

     Ағымдағы  жылдың сәуір айында  инфляция үрдістеріне  бақылау жасау  жөніндегі  облыстық  штабтың  отырысында  Зайсан ауданы  әкімінің  әлеуметтік маңызды  азық-түлік тағамдарының  бағасын тұрақтандырудағы  жеткіліксіз жұмысы  аталып  өтті және  кемшіліктерді жоюға  нақты  тапсырмалар  берілді, бұл  туралы  облыстық «Дидар»  және «Рудный Алтай»  газеттерінің беттерінде  хабарланды. Берілген  тапсырма  басшылыққа және орындауға қабылданды.

     24 – нан өнімін өндірушілермен, 7-жанар-жағармай өнімдерін тасымалдаушылармен  Меморандум қабылданды, қол қойылып,  бекітілген. Меморандумдардың  орындалуына  үнемі бақылау жасалуда.

     Облыстық  тұрақтандыру қорынан 222 тонна ұн алынып, ауылдардағы 19 наубайханаға  әлеуметтік нан пісіру үшін бөлініп берілді, бұл нан  өнімдерінің  бағасын  тұрақтандыруға едәуір  ықпалын  тигізді.

     Бүгінде  ауданда  бір бөлке  1-ші сортты, салмағы 700 грамдық бидай  нанының бағасы  сауда  орындарында  45 теңгеден. Ауданда  барлық азық-түлік тауарларының  ішінде  ұн мен нанның бағасы облыстық орта  деңгейден  жоғары болып отыр. Үш наубайхана иелеріне келісімшарт бойынша  аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы   жұмыссыздар жіберіліп, нәтижесінде  өнім бағасы  15 пайызға  төмендеді, бұл тәжірибе бұдан әрі  жалғасын табады.

     Аудан халқын  келешекте өзіндік нанмен қамтамасыз ету  үшін бидайды сақтау және  өңдеп-ұқсату  базасын  құру  қажет. Бұл мәселені шешу үшін  «Икеп»  шаруа  қожалығы базасында  «Зайсан-Астық» ауылшаруашылық  өндірістік    кооперативі  құрылып, оның құрамына 13 шаруа қожалықтары кірді.

     Сомасы 40 млн. теңге  несие алуға  тапсырыс берілді. Келесі жылдан бастап сапалы ұн тартуға  келетін  астық өсіру үшін  багардан 3000 гектар егістік жер бөлінді.

     Бүгінгі күні аудандық ведомствоаралық комиссия  субсидия  алу үшін  егілген  егістік жерлерді қабылдау жұмыстарын жүргізуде.

     Аудандық  ауылшаруашылық бөлімі, ауылдық округтерінің әкімдері субсидия бөлуде  ауылшаруашылық өнімін өндірушілермен  картоп пен көкөніс бақша өнімдерін тұтынушыларға қысқы -  көктемгі  мезгілде  қамтамасыз  ету үшін келісімшарттарға отыруда.

     Жыл сайын  күз мезгілінде  өндірілген өнімнің барлығына дерлігі төменгі  бағаға сатып алынып, ауданнан тысқары жерлерге әкетіледі.

     Білім және денсаулық сақтау, басқа да салалардың ақылы қызмет көрсету  тарифтеріне айтарлықтай өзгерістер енгізілген жоқ.

     Ағымдағы  жылдың сәуір айында  Өскемен  қаласының әкімімен 134 тонна ет жеткізіліп тұруы жөнінде келісімшарт жасалынды. Осы келісімшартты іс-жүзінде асыру үшін аудандық ауыл шаруашылық бөлімімен, 9 қала, ауылдық округітерінің әкімдерімен және мал сою пункті басшыларымен тірі малды бір орталықтан сойып, облыс орталығына жеткізу үшін 3 жақты келісімшарт жасалды.  28 мамырға 20,7 тонна ет жеткізілді.

     Зайсан  қаласы, Қаратал, Кеңсай ауылдық округтерінде ет өндіруді ұлғайту үшін «Сайхан», «Дарын» және «Ынтымақ» шаруа  қожалықтарының базасында ірі қара малдары үшін 3 мал бардақылау алаңдары,  ет «Асық» шаруа қожалығының мал сою цехында өңделеді, шұжық өнімдерін дайындау үшін құрал –жабдықтар алу мақсатында несие алуға тапсырыс берілді.

     Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша ауданда  асыл тұқымды ірі қара шаруашылығы  құрылды және 4 қолдан ұрықтандыру  пункті жұмыс атқаруда, үшеуін ашу жоспарда. Қазақтың ақ бас асыл тұқымды бұқалары әкелінуде.

     Аудан орталығындағы «Ардагер» сауда  дүкені әр килограмының бағасы 450 теңгеден аспайтын етпен үздіксіз қамтамасыз етілуде. Ауданда 20 жәрменке өткізіліп, 7240 мың теңгенің өнімдері саудаланады.

     Атқарылып жатқан шаралардың нәтижесінде осы  мәселені әкімдік отырысына дайындаған комиссия атап өткендей бізге әлеуметтік-маңызды  бірінші сортты ұннан жасалған нан  өнімдерін, ет, сүт, жұмыртқа, өсімдік  майы, картоп, қант, тұз, азық-түлік өнімдері бойынша бағаны наурыз айындағы 4,3 пайыздан 24,4 пайызға төмендетуге қол жеткізілді.

     Азық-түлік  емес тауарлардың бағасы бұрынғы  деңгейде сақталды.

     Жалпы құнсыздану үдерістерін тежеу, бағаны тұрақтандыру аудан әкімінің, аудандық штабтың бақылауында. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады. 

     Статистика  бойынша

     2010 жылғы қаңтар-наурыздағы ауданның  әлеуметтік-экономикалық дамуының  қысқаша қорытындылары

     Экономиканың  нақты секторы. 2010 жылғы қаңтар- наурыз айында 2009 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 74,1%-ды құрады, оған өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс  көлемінің 44,2% -ға кемуі әсер етті, сонымен бірге кен өндіру саласы бойынша өткен жылдың тиісті деңгейімен салыстырғанда 25,4%-ға  кемідіі.

     Ауыл  шаруашылығында шаруашылықтардың барлық санаттарында ірі қара малдың саны өткен жылдың тиісті деңгейімен салыстырғанда 100,2%-ға,  жылқының басы 100,3%-ға,қой-ешкінің саны тиісті кезеңге 5,6%-ға төмендеді, құстың саны 112,5%-ға өсті. Ағымдағы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша өткен жылдың тиісті кезеңімен  салыстырғанда шаруашылықтардың барлық санаттарында ірі қарадан алынған төл 13,1%-ға,қозы-лақ 7,0%-ға,құлын алу 37,8%-ға төмендеп отыр. Ет өндіру – 3,6%-ға кеміп,  сүт өндіру – 1,6%, жұмыртқа өндіру – 2,3%-ға өсті.

     Бөлшек  сауда.Барлық арналар арқылы өткізілген бөлшек сауда тауар айналымының  көлемі 302,8 млн. теңгені құрады.Бұл  өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 109,3 %-ға өсу қарқыны бар.Соның  ішінде жеке тұлғалардың барлық арналар  арқылы өткізілген бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 281,9 млн.тенгені құрады.

     Инвестициялар. 2010 жылғы қаңтар - наурызда негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі  244,2млн. теңгені құрады. Бағалар индексін есепке алғандағы негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 26,6%-ды құрады. Қаржыландыру көздері бойынша инвестиция құрылымында кәсіпорындардың жеке қаражаты  12,7%-ды,  жергілікті бюджет қаражаты 0,8%-ды, қарыз қаражаты 88,5%-ды құрады.

     Бизнес  тіркелім.2010 жылғы 1 сәуірге аудан  бойынша заңды тұлғалардың Статистикалық  тіркелімінде  шаруашылық жүргізуші және басқа субъектілер саны-191, соның ішінде  (86,4%) – шағын, (12,6%) – орта кәсіпорын, (1,0%)-ірі кәсіпорын енгізілді. Мемлекеттік меншік нысанымен субъектілердің 45,0%-ы, жеке меншік –53,4%-ы, шетелдік нысанда  1,6%-ы тіркелді. Аудан көлемінде 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында жалпы алаңы 2164 кв.метр тұрғын жай пайдалануға берілді.Бұл өткен жылдың тиісті деңгейімен салыстырғанда 5,7 есеге көп.Тұрғын үй салушылар мемлекет есебінен 1871 кв.метр тұрғын алаңын пайдалануға берді.

     Бағалар. Инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 2010  жылғы қаңтар-наурызға   103,6%-ды құрады.  Азық-түлік тауарлары  4,6%-ға, азық-түлік тобына жатпайтын тауарлар –  1,4%-ға, қызмет көрсетулер –4,2%-ға қымбаттай түсті.

     Жұмыспен қамтылу.Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу деректері бойынша 2010 жылғы бірінші тоқсанда 15 және одан жоғары жастағы экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 21568 адамды құрады.Халықтың экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейі 77% шамасында қалыптасты.Аудан экономикасында 20539 адам жұмыспен қамтылды.Жұмыспен қамтылған халық санында жалдамалы жұмыскерлер 55%-ды немесе 11301 адамды,өз бетінше жұмыспен қамтылғандар -45%-ды немесе 9238 адамды құрады.Жедел ақпарат деректері бойынша аудан бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрады.

      2009 жылғы қаңтар-қазандағы ауданның  әлеуметтік- экономикалық дамуының  қысқаша қорытындылары

     Экономиканың  нақты секторы. 2009 жылғы қаңтар-қазанда 2008 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,4%-ға артты, оған өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемінің 3,4%-ға артуы әсер етті.

     Ауыл  шаруашылығында аудан шаруашылықтарының  барлық санаттарында ірі қара малдың,  жылқының, құстың саны өсті. Ағымдағы жылдың 1 қарашадағы жағдай бойынша өткен  жылдың тиісті күнімен салыстырғанда шаруашылықтардың барлық санаттарнда төл алу және сатып алу санының өсуі есебінен ірі қара мал (2,4%), қой мен ешкі (3,0%), жылқы (2,5%), құс (17,0%) санының өсуі байқалып отыр. Ет өндіру – 2,8%,  сүт өндіру – 3,6%, жұмыртқа өндіру – 6,1%, жүн –7,1%  өсті.

Информация о работе Зайсан ауданы