Тақырып 1 Қаржы мен қаржы саясатының мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2012 в 11:45, реферат

Описание работы

Қаржы дегеніміз – французша қолдағы ақша, кіріс деген ұғымды білдірген. Ал мемлекеттің пайда болып, оның дамуына сәйкес тауар – ақша айырбасының дамуына байланысты экономикалық өмір сақынасына көтерілген қаржы ұғымы ақша қаражаты қорын және оны пайдалану процесін айқындайтын экономикалық категория болып табылады. Сонан қаржының негізгі мәнісі тауар-ақша қатынастарын білдіруге саяды.

Содержание

1.Қаржының мазмұны мен мәні.

2.Қаржының әлеуметтік-экономикалық процестерді басқарудағы ролі.

3.Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны мен мәні.

Работа содержит 1 файл

Қаржы нарығы және делдалдар.doc

— 714.50 Кб (Скачать)

    Алтын нарқында     алтыннан соғылған байырғы теңгелікті  (яғни   алтын стандарты кезеңіндегі) жоғары бағаланады. Осы бағалы   алтын     теңгеліктерді мемлекеттік      тұрғыдан ұйымдастырылады. Осындай алтын теңгеліктерді жеке фирмалар  сата алады. Сол сияқты жаңадан соғылған алтын теңгеліктер сатылады. Ерте заманда соғылған алтын теңгеліктер мен соңғы кезеңде   соғылған теңгеліктердің   бағасы    олардың   салмағы  құрамының  тазалығына байланысты болып отыр. Нарықта, алтын  тек теңгелік тұрпатында  ғана емес, әсемдік бұйымдар, арнайы сым  жұқа парақша,    тағы басқа     түрінде сатылады. Алтын caтумен  шұғылданатын мемлекеттік арнайы орталық немесе жеке фирма көбірек қолданылатын  алтын  бұйымдар жасап,   оны     молынан сатуды басшылыққа алып отырады.

    Қазіргі уақытта дүние жүзінде алтын сатумен шұғылданатын елуден аса ірі орталықтар бар. Олардың басым бөлігі Батыс Еуропа, Азия, Америка, Африка елдерінде шоғырланған. Мысалы, Лондон, Париж,    Токио    қалаларындағы алтынмен    сауда  жасайтын орталықтар өз қызыметімен мол тәжірибе жинақтаған.

   Мемлекеттік тұрғыдан реттелетін алтын сату жүйесі төрт түрге бөлінген, олар:

дүние жүзілік (Лондон, Нью-Йорк, т.б.);

 елдің өз ішінде еркін түрде жургізілетін алтын нарқы (Париж, Ыстамбұл, т.б.);

 жергілікті  жерде бақылауға алынған нарық (Африка, Мысыр) жасыры(көлеңкелі) түрдегі  нарық .

   Қорыта келгенде, осы аталған алтын нарқының төрт түрі алтын сату әдісін ліше жүргізеді. Мысалы  біреулері алтынды көбірек сатып алумен шұғылданады. Кейбіреулері, алтын сату үшін өз қорының шамалы болуына сәйкес сауданы кеңінен жүргізе алмайды. Дегенмен, алтын өзінің тауар ретіңдегі рөлін дамыта беруге әрекет етеді.                                                                                   

             
 

   Әдебиеттер:

    1.Алмазова  О. Д. Золото и валюта :прошлое  и настоящее – М. Финансы  и статистика, 1998.

    2. Смагулова  Р.О. Қаржы нарқы Алматы : Қазұлтагру, 2001. 

Тақырып 4 Валюталық нарықтар

1 Валюталық нарықтың  дамуы  

2 Валюталарды  айырбастау

3 Биржалық және  биржадан тыс валюта нарықтары

Валюта  қашан пайда болды?

    “Валюта”  – Итальян тілінен аударғанда “баға”,  “құн” деген мағынаны білдіреді. Валюта – белгілі бір  елдің ақша өлшемі, яғни теңге,  евро,  доллар т.с.с. Валютаның пайда болуы  ақшаның пайда болуымен байланысты. Ақша алғашқыда натуралды заттай түрде,  кейінрек метал түрінде,  соңына таман қағаз ақша пайда болды. Ең алғаш рет метал ақша б.д.д. ІІІ – ғасырда римде басылған. Б.д.д. да VII – VIII ғасырларда Малайзиядағы Лидия мемлекетінде және ежелгі Грецияда басылған.   ІХ – Х ғасырларда Европа елдерінде басылып шыға бастады.

    Қағаз  ақша ең алғаш рет ХІ ғасырда Қытайда   пайда болды. ХVIII ғасырлардың аяғында  Солтүстік Америкада,  ал ХVIII ғасырдың аяғы ХІХ ғасырдың басында Англияда шығарылды.

      Әр ел өз ақшасын металл  немесе қағаз түрінде шығарса  да оған өздерінің елтаңбасын,  король бейнелерін басып отырған.  Осы белгілеріне қарай қай  елдің ақшасы,  яғни валютасы  екендігін айыруға болады.

Валюталық жүйенің типтері  қандай?

Валюталық жүйенің  үш типі бар: ұлттық,  дүниежүзілік,  аймақтық валюталық жүйелер.

Ұлттық  валюталық жүйе –  елдегі ұдайы өндіріс процесінің қажетті валюталық ресурстарды қалыптастыруға және пайдалануға,  халықаралық айналымды жүзеге асыруға көмектесетін валюталық – экономикалық қатынастар жйынтығы. Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі бола отырып,  өзінше дербес және ұлттық шекарадан шығарыла алады. Ұлттық валюталық жүйенің ерекшелігі ел экономикасындағы сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесімен анықталады.

Дүниежүзілік  валюталық жүйе –  дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы негізінде қалыптасқан және  мемлекетаралық келісім шарттарымен бекітілген халықаралық валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы. Ұлттық валюта жүйе мен дүниежүзілік валюталық жүйе өзара тығыз байланысты. Бірақ бұл ұғымдар бір тұтас емес,  себебі олардың міндеттері,  қызмет етулері және реттеу шарттары,  жекелеген елдер экономикасына және дүниежүзілік шаруашылыққа ықпал етуі әртүрлі болып келеді. Дүниежүзілік валюталық жүйені ұлттық валюталық жүйемен байланыстыратын,  яғни валюталық қатынастарға қызмет көрсететін және реттейтін,  мемлекетаралық  валюталық зерттеулерде және валюталық саясатты шоғырландыруда негіз болатын ұлттық банктер болып табылады.

Дүниежүзілік  валюталық жүйені мемлекеттік – құқықтық ұйымдастыру формасы жетекші елдердің мүдделігімен және дүниежүзілік аренадағы күштердің орыналастырылуымен,  өндірістің және дүниежүзілік сауданың дамуымен анықталады.

Аймақтық  валютадық жүйе –  валюталық бағамның ауытқуын азайту және интеграциялық процесті ынталандыру мақсатында бірлестікке мүше елдердің валюталық қатынастарын мемлекеттік – құқықтық ұйымдастыру формасының және  экономикалық интеграция шегінде валютаның қызмет етуімен байланысты қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы. 
 
 
 
 
 
 

    Ұлттық  және дүниежүзілік валюталық  жүйелерінің арасындағы айырмашылықтар мен  ұқсастықтар.

Ұлттық  валюталық жүйе Дүниежүзілік  валюталық жүйе
  1. Ұлттық валюта;
  2. Ұлттық валюта айналым дәрежесі
  3. Ұлттық валютаның паритеті;
  4. Ұлттық валюта бағамының тәртібі;
  5. Халықаралық валюталық өтімділік;
  6. Валюталық шектеудің болуы немесе болмауы;
  7. Халықаралық несиелік айналыс құралдары, оларды пайдалану ережелерінің регламентациясы;
  8. Елдің халықаралық есеп айырысу регламентациясы;
  9. Ұлттық валюталық нарық пен алтын нарығының  режимі;
  10. Елдің валюталық қатынастарын реттеуші және қызмет көрсетуші ұлттық органдар.
  1. Халықаралық есептесу бірлігі,  резервтік валюталық;
  2. Валюталардың өзара айналымдығының шарты;
  3. Валюталық паритеттердің бір тұтас режимі;
  4. Валюталық бағамдар режимдерінің регламентациясы;
  5. Халықаралық валюталық өтімділікті мемлекетаралық реттеу;
  6. Валюталық шектеуді мемлекет аралық реттеу;
  7. Халықаралық несие айналыс құралдарын пайдаланудың бір тұтас ережесі;
  8. Халықаралық есеп айырысудың негізгі формасының бір тұтастығы;
  9. Дүниежүзілік валюталық нарықтар және алтын нарығының режимі;
  10. Мемлекет аралық валюталық реттеуді жүзеге асырушы халықаралық ұйымдар. 
 

Егер ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға негізделетін болса, ал дүниежүзілік валюталық жүйе бір немесе бірнеше резервтік  валюталарға,  халықаралық есептесу бірліктеріне негізделеді.

Резервтік валюта дегеніміз  не?

Резервтік валюта – халықаралық төлем және резерв құралы функциясын орындайтын,  басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды анықтауға базалық қызмет ететін,  валюталар бағамының реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланатын алдыңғы қатарлы елдердің айырбасталған ұлттық валютаның ерекше категориясы.

Резервтік валюта мәртебесін алудағы алғышарттар:

  • дүниежүзілік өндірісте,  тауарлар мен капитал экспорттарында елдердің билік ету позициясы;
  • жоғары тиімді байланыс жүйесі бар несиелік – банктік мекемелердің дамыған торабы;
  • басқа елдерде оған деген сұранысты қамтамасыз ететін,  халықаралық айналымдағы валютаның еркін айналымдығы және валюталық шектеудің болмауы.

Халықаралық есептік ақша бірлігі  дегеніміз не?

Халықаралық есептік ақша бірлігі - валюталық паритет пен валюталық бағамды белгілеу,  халықаралық талаптар мен міндеттемелерді өлшеу үшін шартты бірлік ретінде пайдаланылатын валюталық бірлік. Қазіргі  уақытта дүниежүзілік несиелік ақша типтері ретінде СДР (арнайы қарыз алу құқығы) және ЭКЮ (Европа валюта бірлігі) қызмет етеді.

Валюталық паритет дегеніміз  не?

Валюталық паритет - валюталық бағамның негізі болып табылатын және заңды түрде бекітілетін екі валюта арасындағы шекті қатынас. ХВҚ (Халықаралық валюталық қор) жарғысы бойынша валюталық паритет СДР негізінде белгіленеді.

Валюталық жүйенің даму кезендері

Валюталық жүйенің  дамуының төрт кезені бар:

  • бірінші дүниежүзілік валюталық жүйе - өнеркәсіптік ревалюциядан кейін алтын монометализм базасында алтын монета стандарты формасында қалыптасты. 1867 жылы Париж келісімі алтынды дүниежүзілік ақшалардың жалғыз формасы ретінде мойындады.
  • екінші дүниежүзілік  валюталық  жүйе – 1922 жылы Генуэз конференциясындағы мемлекетаралық келісіммен құрылды. 30 елдің ақша жүйесі алтын девиз сатндарты базасында қызмет етті. Ол кезеңдерде резервтік валюта мәртебесі ресми түрде бір валютаға бекітілмеді,  бірақ доллар мен фунт – стерлинг жетекшілік танытты.
  • үшінші дүниежүзілік валюталық жүйе – 1934 жылы Бреттон – Вудс қаласындағы (АҚШ) валюта – қаржы конференциясында рәсімделді. Оғын 44 ел мүше болды. ХВҚ жарғысы бекітіліп,  онда дүниежүзілік валюталық жүйе қағидалары бекітілді:

      Алтынға және екі резервтік валютаға (АҚШ  доллары және Ағылшын фунт – стерлингі) негізделеген мемлекетаралық алтын девиздік стандарттың жүйесі  бекітілді. Бұл жерде алтын девиз стандарты халықаралық қатынастарды сақтауталып,  ал ақша жүйесі айырбасталмайтын несиелік ақшаларға негізделді.

  • төртінші дүниежүзілік валюталық жүйе – қағидалары Кингстонда (Ямайка) 1976 – 78 жылдары халықаралық валюталық қорға  мүше елдердің келісімімен рәсімделді. Онда ХВҚ жарғысына түзетулер енгізілді. Ямайка валюталық жүйесінің негізгі қағидалары мыналар:

    а) СДР стандарты  енгізілді,  бірақ іс жүзінде долларлық стандарт сақталды,  себебі доллар СДР жүйесіндегі есеп айырысуларды көбірек пайдаланады (валюталық “қоржындағы” доллардың үлесі 40%,  ресми валюталық резервтерде - 60% жуық). Бірақ ХВҚ-ға мүше елдерге валюталық париттеттерін кез – келген валютада белгілеуге құқық берілген,  соның негізінде көп валюталық стандартқа өту заңдастырылды;

    б) Алтынды  демонетизациялауға заңды түрде  тиым салынды; ресми баға,  алтындық паритет алынып тасталып,  доллардың  алтынға айырбасталуы тоқтатылды;

    в) Валюталық  бағамдар режимын таңдауға құқық  берілді (1973 жылдың 6 – шы наурызынан бастап өзгермелі бағамдар жүйесі енгізілді);

    г) ХВҚ арқылы мемлекетаралық реттеу күшейді.

Валюта  нарығы дегеніміз  не?

Валюталық нарықтар – сұраныс пен ұсыныс негізінде ондағы айналатын валюталарға сауда – саттық жүргізетін ресми орталық.

Қазіргі валюталық  нарықтарда мынадай ағымдарды бөліп  қарауға болады:

  • шаруашылық байланыстардың интернационалдануы негізінде валюталық нарықтардың интернационалдануының күшейуі;
  • байланыстың жаңа жүйелерін пайдалану;
  • әлемнің барлық бөліктеріне тәулік ішінде үздіксіз операция жасау;
  • банктердің корреспонденттік шоттары бойынша жазбаша түрде негізделетін валюталық операцияларды жүргізу техникасын біртұтастандыру;
  • коммерциялық валюталық мәмілелермен салыстырған алып сатарлық және арбитраждық валюталық мәмілелер көлемін ұлғайту;

Валюталық операциялардың көлеміне,  сипатына және пайдаланатын валюта тобына қарай қазіргі валюталық  нарықтар халықаралық,  ұлттық және аймақтық болып бөлінеді.

Информация о работе Тақырып 1 Қаржы мен қаржы саясатының мәні