Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2012 в 11:45, реферат
Қаржы дегеніміз – французша қолдағы ақша, кіріс деген ұғымды білдірген. Ал мемлекеттің пайда болып, оның дамуына сәйкес тауар – ақша айырбасының дамуына байланысты экономикалық өмір сақынасына көтерілген қаржы ұғымы ақша қаражаты қорын және оны пайдалану процесін айқындайтын экономикалық категория болып табылады. Сонан қаржының негізгі мәнісі тауар-ақша қатынастарын білдіруге саяды.
1.Қаржының мазмұны мен мәні.
2.Қаржының әлеуметтік-экономикалық процестерді басқарудағы ролі.
3.Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны мен мәні.
Негізгі терминдер :
Капитал нарығы
Акция сертификаты
Инвесторлар
Эмитентер
Брокер
Диллер
Костодиан
Адеррайтер
Бақылау сұрақтары׃
Капитал дегеніміз не ?
Капитал нарығы деп нені айтамыз?
Капитал нарығының құралдары қандай ?
Капитал нарығының ақша нарығының айырмашылығы неде ?
Несиенің айырмашылығы неде ?
Несиенің эканомикалық категория болу себебі неге байланысты?
Акция мен облигацияның айырмашылығы неде?
Акцияның қандай түрлері бар?
Облигацияның
қандай түрлері бар
Әдебиеттер:
1.Ілиясов Қ.Қ., Қүлпыбаев С. Қаржы : Оқулық – Алматы : 2003., 387-402 бет.
2. Смагулова Р.О. Қаржы нарқы Алматы : Қазұлтагру, 2001., 13-15 бет.
3. Экономикалық саясат : Лекциялар / Д.К. Қабдиев – Алматы : Экономика, 2002.,
95-106 бет
Тақырып 3 Ақша нарығы.
1.Ақша және ақша нарығы туралы түсінік.
2.Ақша нарығының құралдары.
3.Банктік акцептер және оның ерекшеліктері.
5.Коммерциялық вексельдер.
4.Қысқа
мерзімдік қазыналық
6.Жай және аударма вексельдер.
7.Депозиттік
сертификаттардың түрлері
және олардың шығару ерекшеліктері.
Ақша дегеніміз не, оның қоғамдағы маңызы қандай?
Ақша дегеніміз- тауардың жалпы эквивалентінің жинақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Ақшаның қоғамдық мәнін К Маркс « Жеке адам » өзінің қоғамдық билігінде қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді деген афоризммен сипаттады . Ол мынадан айқын көрінеді:
Тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады М : А-Т-А
Әр адамның еңбектігі себебі, адам қоғамдық еңбектігі үлесін жалақы ретінде алғанда ақша төлем құралы қызметін атқарады.
Айырбас үрдесінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі қайшылықтары шешіледі. Тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкіл тауарлар тұтыну құны түріде айырбас қатынасының, бір жағында тұрады да, ал екінші жағында бүкіл таурға қарама-қарсы ақша тұрады.
Ақшаның атқаратын функциялары қандай ?
Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызмет түріне қарай, мына функцияларын жатқызамыз:
Құн өлшемі. Құн өлшемі- бұл мемлекеттің тәуелсіз ақшаның экономикалық қызметін сипаттайды.
Айналыс құралы - бұл ақша мен тауардың бір-біріне қарама-қарсы қозғалысы болмайды, яғни қарыздық міндеттеме арқылы өтеу сату және сатып алу процесінің аяқталғандығын білдіреді Т-М (міндеттеме)-Т немесе М-Т
Қор жинақтау құралы. Қорлану-үшін ақша айналыста алынады, сөйтіп сату-сатып алу қозғалысы өзгереді. Қор жинау- қызметін толық бағалы емес ақшалар атқармайды, себебі олардың меншікті құны жоқ..
Дүние жүзілік ақша құралы- сыртқы серіктестіктерге қызмет көрсету, сыртқы сауда байланыстары халықаралық зайымдар барысын дүние жүзілік ақшаларды пайда болуына себеп болды.
Ақша жиыны дегеніміз не? ҚР-да ақша жиыны неше бөлімнен тұрады?
Ақша жиыны- нақты әр мемлекеттің өзіне тән ақша-несие жүйесімен анықталынады. М: АҚШ-та ақша жиынын анықтау үшін-төрт Швейцария мен Германияда-үш , Ұлыбританияда-бес, Францияда-екі ақша агрегаты қолданылады.
ҚР –да ақша жиынының құрамына төменгі ақша агрегатты кіреді:
М1-айналыстағы қолма-қол ақша.
М2-құрамына М агрегатын және шаруашылық субьектерінің есеп шоттарымен басқа депозиттерінің заңды тұлғалардың күрделі қаржыландыру шотының және қаржыландыру қорлары шотының, чектік және аккредитивтік шоттардың қоғамдық жәнебасқа үкіметтік емес ұйымдар шоттардың талап етіп алатын салымдарын біріктіреді .
Ақша агрегаттарының құрамы тұрақты қалыпта болмайды. Ол ақша нарығы құралдарының дамуына байланысты өзгереді, яғни бұл ақша нарығында қараймыз.
Ақшаның түрлері қандай ?
Ақшаның дамуы барысында екі түрге бөлінеді : толық құлды және толық құнсыз ақшалар . толық құлды ақшалар – номиналдық ақша құлы осы дайындауға кеткен нақты құнымен сәкес келетін ақшалар .Мұндай ақшаларға металл ақшалар , соның ішінде мыстан , күмістен және алтыннан жасалғалдар жатады. Толық құнсыз ақшалар-наминалды құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісінне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келеді. Оларға құнның металдық және қағаздан жасалған белгілері. Құнның қағаздай белгілері екі түрге бөлінеді: қағаз ақшалар, несиелік ақшалар. Қағаз ақшалар- бұл ақша өкілі, металға ауыстырылмайтын, мемлекеттің белгіленген номасы бар. Несиелік ақшалар- тауар өндірісінің дамуымен, яғни таурларды сатып алу және сатудың кешіктіріп төлеуге берумен байланысты болған ақшалар.
Ақша нарығы дегеніміз не және оның маңызы қандай ?
Ақша нарығы дегеніміз – ұлттық несие немесе депозит рыноктарының жиынтығы, мұнда Орталық банк, коммерциялық банктер мен қаржы институттары қысқа мерзімді несие беру жөнінде операциялар жасайды. Олардың атқаратын қызметтері: зайымдарды орналастыру, қысқа мерзімге инвестициялауға құралдарды және ссудаларды ұсыну болып табылады. Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізу арқылы нарық қызметін реттеуді қамтамасыз етіп отырады. Ақша нарығына қатысушылар, яғни мемлекет, фирма, жеке тұлғалар әдете қысқа мерзімді несие жүргізеді (олардың мерзімі 1 ден 120 күнге дейін).
Мемлекеттік облигациялар ақша нарығының маңызды қаржы құралы болап табылады. Сонымен қатар осы нарықта маңызды ролді коммерциялық қағаздар ойнайды.
Экономикалық субъектілердің ағымдағы ликвидтілігін қамтамасыз ету үшін, олардың қызметінің маңызды ролін ақша нарығы атқарады. Өз кезегінде айтып кететін бір жайт, ақша нарығы 4-бөліктерден кұралады. Олар:
Дисконттық нарық – бұл экономикадағы ақша-несие қызметін реттеудегі маңызды ролді атқарады. Ал оның маңызыдылығы, ақшаның экономикаға бірқалыпты келіп түсуін қамтамасыз ету болып табылады. Дисконттық нарықтың операторлары болып Орталық банк пен коммерциялық банк табылады.
Банкаралық несие – ақша нарығының маңызды сегменті болып табылады. Бұл нарықта коммерциялық банктер бірін-бірі несие арқылы пайда табады. Банкаралық несие “РЕПО” келісімі негізінде жүргізіледі.
“РЕПО” келісімі – бағалы қағаздарды қайта сатып алу негізінде сату келісімін айтамыз, яғни қазыналық міндеттемелермен қамтамасыз етілетін қысқа мерзімді зайымның түрін білдіреді. Келісім кезінде құнды қағаздарды сататын “РЕПО” жақ (сторона) әр түрлі мақсаттрда қолдану үшін, яғни қаржы нарығында басқа да сегменттерге активті операцияларды жүргізу (мысалы, валюталық нарыққа) мақсатында ақша құралдарын алады.
Еуровалюта нарығы – қысқа мерзімді қаржылық құралдармен сауда-саттық негізінде құрылатын ақша нарығының маңызды бөлігі. Еуровалюта – бұл шетел валюталары, коммерциялық банк осы валюталарды шығырған елдерден тыс жерлерде қолма-қол ақшасыз депозиттік несие операцияларын жүзеге асырады. Бірінше кезекте бұл валюталарға АҚШ доллары, неміс маркасы, фунт стерлинг және басқа да валюталар.
Сонымен қатар дамыған елдерде ақша нарығының тағы бір құралы - депозиттік сертификат.
Депозиттік сертификат дегеніміз – ақшалай қаражат салымы туралы банктің жазбаша құжаты, ол салымшының (заңды тұлғаның) белгіленген мерзімі өткеннен кейін салым сомасы мен ол бойынша пайызды банктің кез келген мекемесінен алу құқығын куәландырады.
Депозиттік сертификаттардың түрлері және оларды шығару ерекшеліктері қандай?
Депозиттік сертификаттар иемденуіне қарай келесі түрлерге бөлінеді :
Атаулы депозиттік сертификаттары бұл салым иелерінің атына толтырылып беріледі. Ал мәлімдеуші сертификаттарда салым иесінің аты-жөні көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.
Депозиттік сертификаттар сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысу қызметін атқара алады. Депозиттік сертификаттар көбінесе ірі сомада шығарылатындықтан да, оларды заңды тұлғалар сатып алады.
Әлемдік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың мынадай екі түрі бар: аударылатын және аударылмайтын.
Аударылмайтын депозиттік сертификаттар – салым иелерінің қолдарында болып, уақыты жеткен соң банкке ұсынылады.
Аударылатын
депозиттік сертификаттар - басқа бір
тұлғаларға екінші нарықта сатып алу-сату
арқылы өтеді.
Негізгі терминдер:
Ақша
Ақша нарығы
Ақша жиыны
Ақша айналыс заңы
Ақша базасы
Акцепт
Акцептант
Акцепті банк
Ақша жүесі
Ақша бірлігі
Вексель
Жай және аударма вексель
Эмиссия
Ақша мультипликаторы
Депозит
Депозиттік
сертификаттар
Қолданылған әдебиеттер:
Бақылау сұрақтары:
1. Ақша дегеніміз не, оның қоғамдағы маңызы қандай?
2. Ақшаның атқаратын функциялары қандай ?
3.Ақша жиыны дегеніміз не, ҚР-да неше бөлімнен тұрады?
4.Ақшаның түрлері қандай?
5.Ақша нарығы деген не, оның маңызы қандай?
6.Ақша нарығының ұсынысы мен сұранысы?
Информация о работе Тақырып 1 Қаржы мен қаржы саясатының мәні