Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2012 в 11:45, реферат
Қаржы дегеніміз – французша қолдағы ақша, кіріс деген ұғымды білдірген. Ал мемлекеттің пайда болып, оның дамуына сәйкес тауар – ақша айырбасының дамуына байланысты экономикалық өмір сақынасына көтерілген қаржы ұғымы ақша қаражаты қорын және оны пайдалану процесін айқындайтын экономикалық категория болып табылады. Сонан қаржының негізгі мәнісі тауар-ақша қатынастарын білдіруге саяды.
1.Қаржының мазмұны мен мәні.
2.Қаржының әлеуметтік-экономикалық процестерді басқарудағы ролі.
3.Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны мен мәні.
8.Ақша
нарығының атқаратын
9.Ақша
нарығындағы құралдары
10.Банктік акцептер дегеніміз не, оның ерекшелігі қандай?
11Қысқа мерзімді қазыналық дегеніміз не?
12.Вексель дегеніміз не ?
13.Вексельдің
қандай түрлері бар?
Тақырып3. Алтын нарығы
3 Алтын
нарығының ерекшеліктері
Алтын өндірудің маңызы неде ?
Көне тарихтың баяндауына қарағанда алтын адамға тұңғыш танымал болған металл. Алтын шоғырланған жерлерді алғаш рет мал өсірушілер кездестірген. Олар малын жаздың шіліңгір ыстық кезінде өзен аңғарларында жайьш жүріп, құм-қиыршық таст арасында күн көзіне шағылысып, жалынша қызарған заттарды көріп, таңданған. Сонан оларды жинап, уақыт өте, қорытып әртүрлі бұйымдар жасаумен әуестенген. Алтын өндірудің тұңғыш бастамасы осылай қалыптасқан.Дүние жүзінде алтынды жаппай өндірудің етек алғанына 6-7 мың жылдай уақыт өткен. Сонан біздің дәуірімзге дейінгі 1 ғасырда алтын Египет,Греция, Қосөзен бойындағы елдер; өндіріліп, аса бағалы байлық ретінде сақталған.Алтынды өнеркәсіптік тәсілмен өндіру жұмысы XIX ғасырдың әсіресе XIX ғасырда кеңінен жүргізілді. Мысалы, XIX ғасыр, дүние жүзінде 77 мың тонна алтын өндірілді.Алтынды аса көп мөлшерде өндіру Калифорния мен Аляска аймағында жүргізілді.Көптеген жазушылар өз шығармаларында алтынөндідірумәселесіне баса назар аударды. Мысалы, Д.Лондон «Уақыт тоспайды» шығармасында алтын өндірудің ерекшеліктерін талдапүлкен әсер алатын деңгейде суреттеген. Алтын өңдіру жөніОнтүстік Африка Республикасы дүние жүзінде алдыңғы орындаболып отыр. Өйткені, бұл елде бір сыпыра корпорация арзан жұмыскүшін пайдаланып, алтын өндірісіне кең өріс бере білді. Соңғыжылдарда алтын өндіру мөлшері дүние жүзінің бірқатар елдеріазайып кеткен, бұл жер қойнауындағы алтынның қорыбайланысты еді. Соған орай кейбір елдер алтынды көп өндірсе кейбіреулері аз өндіріп отыр.Сонау бағы замандарда да жерінде аса ірі өнеркәсіп ошағы болмаса да, алтын өндіру Қазақстанда да барынша қолға алынған болатын. Мысалы, Алматы қаласындағы Республика алаңындағы тәуелсіздік ескерткішіндегі алтын адамның бейнесіндегі алтын сауытты адам қазақ даласында алтын өндіру, оны ұқсату өнерінің ерекшелігін айқын бейнелейді. Қазір Қазақстанда алтын өндірумен шұғылданатын кеніштер баршылық. Бүгінде Қазақстан алтын қоры жөнінде дұние жүзінде елеулі орында. Қазір республикада алтын қорының шамамен тең жартысы бірнеше аса ірі еніште шоғырланған. Ол кеніштер Бақыршық, Ақбакай, Бестөбе, Содымбет, Большевик, Васильковское, Суздальское, тағы басқа мекендердегі кеніштер болып табылады. Шетелдік сарапшылардың бағалауы бойынша Васильковское кенішінде алтынның жалпы қоры жоғары делініп отыр. Мұнда құрамында алтыны бар жыныс қоры жүздеген мыңға жетеді. Сол жыныстың әр тоннасы құрамында 2,8 грамм алтын бар деп шамаланған.
Бір кезде алтыны мол деп саналып келген Кеңес Одағында алтын өндірісінің құлдырап кеткені байқалды. Мысалы, алтын өндірудің ойдағыдай болмауы салдарынан КСРО-да 1990 жылы, қолдағы алтын қоры 1953 жылмен салыстырғанда екі еседен аса азаиған, яғни алтын қоры 2050 тоннадан 784 тоннаға дейін кеміген. кеңестік экономиканың құлдырай бастағанын көрсеткен еді. Осындай жағдайдың өзінде КСРО шетелдерге жыл сайын 400 тонна алтын сатып отырды.
Кеңес Одағы ыдырап, Қазақстан тәуелсіздік алған сол республикамыз өзінің мемлекеттік алтын қорын қалыптастыру белсене кірісті. Өйтпейінше экономиканы еркендету мүмкін емес еді. Сондықтан Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылы 21-каңтардағы Жарлығына сәйкес «Алтыналмас» атты ұлттық акционерлік компаниясы құрылды. Сол құжатта, алтын мен алмастың қорын арттыру мақсатындағы жұмысқа басшылықты күшейту осы компанияға жүктелгені атап көрсетілді.
КСРО тұсында Қазақстанда өндірілген алтын кенінен айырып алынған бағалы металл-алтын Ресей мен Армения кәсіпорындарында байытылып өңделетін еді.
Тәуелсіз Қазақстанда алтын өндіру мөлшері күрт арта бастады. Бір ғана «Алтыналмас» компаниясына қарасты кәсіпорындары 1991 жылы 13,7, 1994 жылы 14,5 тонна алтын өндірді. Алайда, Қазақстанда алтын қоры анықталған аумақтың мүмкіндіктері әліде нашар пайдаланылуда.
Алтын қоры дегеніміз не?
Әдетте, өндірілген алтынды ұқсату, қор жинау, ел ішінде үш тұрпатты мақсатта жүргізілген. Олар, біріншісі алтынны орталықтандырылған қоры немесе мемлекеттік қазыналық пен банктердегі алтын, екінші қор - заңды және жеке тұлғалар иелігіндегі жинақталған алтын. Ал үшінші қор-алтыннан түрліше әсем бұйымдар жасаумен шұғылданушы зергерлер меншігіндегі алтын. Осылай түрліше әдіспен жинақталған алтын қоры X ғасырдың сексенінші жылдарында капитал елдерідің орталықтандырылған қорда шамамен 35 мың тонна, жеке меншік қорда шамамен 20-25 Мың тонна, бұйымдар жасаумен шұғылданатын жеке меншікте 25-30 мың тонна, барлығы қолда 80-90 мың тонна алтын жинақталды. Бірақ алтын қорына байланысты бұл мәліметтің өзі де нақты жағдайды білдіре алмаса керек. Өйткені, әр ел өзінің ішкі мүддесіне байланысты мәліметті толық айтпауы да мүмкін ғой. Сол сияқты 60-жыддардың соңына орталықтандырылған қорда алтын өткен кезеңдегідей мөлшер, болмады.
Ал мемлекеттік қаржы органдары қорындағы алтын кұйма кесек және теңге (монета) түрінде сақталып жүр. Алтын қоры елдің алтын жөніндегі сақтық қоры ретінде сақталады. Мемлекет қорында осы алтын, кажетті жағдайда шетелдермен экономикалық қары қатынаста пайдаланылады. Мемлекеттің экономикалық қуаты шетелдермен экономикалық байланыс кезінде тауар-ақша алмас жағдайында ерекше айқындалады.
Асыл металдың касиеттері, құндылығы қандай ?
Алтын өзінің табиғи бітімі ерекшелігіне сәйкес түрліше металдар арасында аса бағалы қымбат метал ретінде танылған. Алтын кандай да болмасын ылғалды, шірінді топырақты жерде жатса да оны тот алмайды, мыс тәрізді оны жасыл-қошқыл тот баспайды, күміс тәрізді қарақоңырланып кетпейді. Алтын күн нұрына шағылысқан түрінде сап-сары түсінен ешқашан таймайды.
Алтынның тағы бір басты қасиеттері мынадай: ол өзіндік кұрамы жағынан біртұтас, біртекті, аса берік, ұзақ мерзім бойы сақтауға лайықты, бөлшектеп басқа бір металға қосып, кез-келген бұйым жасауға жарамды. Аса берік тұтастық қасиетіне қарай соңғы жылдарда алтын электроника өнеркәсібінде, ғарыш технологиясында байланыс кұралдарын жасауда ойдағыдай пайдаланылып жүр.
Адам баласы сонау бағзы заманнан-ақ алтынды өз қажетіне жарата білген. Алтыннан сырға, жүзік, алқа, басқа да әсем зергелік бұйымдар жасалған. Қанша ғасырлар өтседе алтыннан жасалған бұйымдар өзінің аса асыл металл ретіндегі қасиетін жоймайды. Мұны жер шарының түрлі аймақтарында жүргізілген архиеологиялық казбалардың нәтижесі айқын дәлелдеп отыр.
Алтынның дүниежүзілік тарих бедерінде сол сияқты, экономика саласындағы қолданылуы оның тек табиғи қасиетімен ғана емес, қоғамдық мақсат өрісінде оның төлемдік кұн рөлін бейнелеп, ақша ретінде қолдаланылуымен де айрықша ерекшеленеді. Ал ақша — экономикалық және әлеуметтік кұбылыс. Алтынның ақша орнына қолдаланылуының экономикалық катынастарда ерекше маңыз алуы - тауар өндірісінің өмірге келіп, дамуымен тікелей байланысты.
Адамзат баласы рулық-қауымдық қоғамдағы күнделікті тіршілігінде өзара топтаса жүріп, тапқан тамақтық заттарды бөлісіп жеумен тіршілік еткені тарихтан белгілі. Адамзат өзінің дамуы, өсіл-өркендеуіне жетілуіне қарай күнкөріс кәсібін де өзгертті. Әр түрлі өнім шығаруды меңгерді. Осылай өздері шығарған өнімдерін басқа біреулер шығарған өнімдерге баспа-бас немесе баламалай айырбастап, өзіне қажетті заттарды алумен шұғылданды. Сөйтіп, даму барысында басы артық өнімдерін сатуды меңгерді. Бірақ сол-кезде адамдардың сана-сезімінде ақша дегеннің не екені, оның қандай кажеті барына ешқандай түсінік, ұғымы болмаған, ал өмір тәжірибесі өзіне жаңа өрістер ашып отыратыны белгілі.
Адамдар өз төңірегіндегі, ерекше көз тартатын, жұртты серпілтетін заттарды даралай білген. Осы негізде қолдағы артық тауарды қандай затқа айырбастауға болатынын ойластыра бастаған. Тек осы мақсат, ниетке байланысты қолындағы артық, өз қажетінен тыс тауарды айырбастап алу үіпін қымбат бағалы деп таныған піл сүйегін, бағалы аңтерісін, т.б, тұз, теңіз тастарын, какао, мал, тіпті адамдарды да ,құлдарды да пайдаланды.
Осындай жағдайда Батыс Еуропада күміс теңгеліктер рөліне айналмай, жалпы тауар ретінде болды. Сонымен ақша ретінде қолданылған заттардың қайсысы болсын сақтауға, жүруге ыңғайлы болмаған. Сондықтан қандай тауар үшін болсын кең баламалық рөл атқара алатын, сақтауға қолайлы, ақша ретінде қолдануға лайық түрғыда металл заттарына көңіл аударылған. Бұл үшін темір, мыс, қола сияқты металдардан теңгеліктер соғылған Ақыр соңында ақша үшін алтынды пайдалану қолға алынған.
Ақыры біздің дәуірімізден 1500 жыл бұрын алтыннан Қытай, Индия, Мысыр (Египет) елдері, ал көне Грецияда біз дәуірімізден бұрын 8-7 ғасырда, Арменияда бірінші ғасырда алтын теңгеліктер шығарылған.
Айталық, XIX ғасырдың 60-жылдарынан бастап, алтын дүние жүзінде ақша үшін пайдалануға беріктігі, тұтастығы, тозбайтын қасиеті жағынан зор маңызға ие болып, ақша сахнасына еш теңделік жоқ металл ретінде көтерілді. Міне сол кезеңнен бастап, ақша рөлін атқарып келеді. Осыған сәйкес алтынды белгілі мөлшерде жұмсау мақсатында алтын стандарты деген ұғым пайда болды. Алғаш алтын стандарты (оны пайдалану үлгісі ретінде) түрде әрекет етті. Бірінші, теңгелік алтын стандарты деп аталды. онтоғызыншы ғасырдың аяғына дейін айналыс өрісінде болды. Екінші алтын стандарты алтын валюта делінді. Ал үшінші, ал құйма стандарты еді.
Алтын стандарты тұңғыш peт ақша жүйесі тұрғысында 1 жылы Ұлыбританияда елінде қалыптасты. Ал көптеген елдерде алтын рты XIX ғасырдың соңғы кезеңінде қолданылды. Алтын стандартына тән ерекшеліктер:
тауарлар бағасын алтын түрінде белгілеуге лайықты өлшем
мемлекет алтын ақшаны өз қажетіне қарай шығаруға мүдделігі бар
алтын ақшаның несие ретіндегі ақшаға емін-еркін айырбасталатындығы
алтынды шетке шығаруға және шет жерден алып келуге қойылмайтындығы болып табылады.
Осындай қасиеттерімен алтын-теңгелік стандарты ақша -жүйесінде тұрақты рөл атқаратын болды. Әр елдің шаруашылық жағдайына қарай алтын стандарты түрліше рөл атқарды. Мысалы, бір елдің алтын стандарты екінші бір елдің алтын стандартына құны жағынан салыстырмалы тұрғыда қолданылатын болды. Мұның өзі көбіне ақшаның құнсыздануы процесімен байланысты болатын ерекшелік.
Алтын стандартының ақша айналымында қолданыс табуы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс кезінде күрт өзгерді. Атап айтқанда, 1929-33 жылдардағы дүниежүзілік дағдарыс кезінде алтын стандарты барлық елдерде түлкілікті жойылды. Бұл процесс дағдарыс салдарынан ақшаның құнсыздануынан пайда болған құбылыс болатын.
Осы жағдайдың ықпалына қарай дүниежүзінде әр ел өзінің алтынға байланысты ақша жүйесін, оның сауда-саттық қатынастарда әрекет ету қызметін елдің ішкі экономикалық жағдайына қарай ұйымдастыратын болды. Әр ел өз қорындағы ақшаны өзіне тиімділікке қарай пайдаланды. Мысалы, 1971 жылы тамыз айында АҚШ үкіметі алтынды долларға сатуды ресми түрде тоқтатты. Сөйтіп, бұл елде алтын стандарты жүзеге асырылмайтын болды. АҚШ-тағы алтынға байланысты жағдай басқа елдерде де өзгеріске ұшырады.
АҚШ-тың алтынға қатысты саясатына қарай, 1978 жылы Халықаралық Валюта Корының жарғысында алтын халықаралық валюта эталоны (нақты мөлшері) беделінен айырылғаны ресми атап көрсетілді. Соған сәйкес Халықаралық Валюта Қорына мүше елдерде алтынның ақша түрін бейнелейтін мазмұны жойылды.
Мемлекеттік мүдде тұрғысынан алғанда, аса құнды метал алтын нарқы мәселесімен арнайы құрылған орталық шұғылданады. орталық негізінен қолдағы басы артық алтынды халықаралық нарық жүйесінде сату немесе сатьш-алу жұмысымен айналысады. Алтынмен байланысты сауда-саттық, яғни, алтынды сату немесе сатып-алу жұмыстары алтын жөніндегі нарыктық баға бойынша жүргізіледі. Алтынды сату өнеркәсіптік тұтыну мақсатында немесе жеке адамдардың алтынды сатып алып, өзіндік жеке алтын қорын жинау мақсатында, инвестициялық қор құру жөнінде тәуекелдік қор жинау немесе алыпсатарлық тұрғыда атқарылады. Бұл аталған мысалдар алтын нарқына байланысты жүргізілетін жұмыстың ерекшеліктерін көрсетеді.
Алтын нарқының негізгі көздері мынадай: сатуға негізін жаңадан өндірілген алтын қоры жұмсалады. Әр ел алтын сату өзінің ішкі мүмкіншілігіне қарай жүргізеді. Мысалы, 1970 жылы БАР өзінің ішкі қорына карай 1 мың тонна алтын өндіріп, алтын көбірек сатуға мүмкіндік алды.
Алтын нарқына байланысты қордың екінші бір кез мемлекет және жеке алтын қорын жинаушылар тарапынан сатылатын алтын. Нарық жүйесінен сатып алынған алтын қор өнеркәсіптік, тұрмыстық мақсатта мысалы, радио-электрника атом, ракета техникасы үшін пайдалану мақсатында жургізіледі жеке адамдар өзі сатып алған алтынды сол сияқты өз қолында алтынды зергерлік бұйымдар соғу үшін пайдаланады. лы сақина, сырға сияқты бұйымдар жасайды. Сатылатын алтынның бағасы дүниежүзілік алтын нарқында қолданылып отырған нақты| кезендегі алтын бағасына сәйкес анықталады.
Алтын нарығының ерекшелігі қандай ?
Алтын нарқының әрекет ету ерекшеліктері мына нарықтың талаптарына сәйкес алтын қандай түрде сатылады? құйма алтын немесе ұсақ бөлшек түрінде сатылуы мүмкін. Мысалы халықаралық тұрпаттағы алтын құймасы 400 троя өлшемінде болады. Сатылатын алтынның салмақтық өлшемі унция аталады. Тарихта ол Римдік, троялық унция деп аталған. Қазір троялық унция қолданылуда. Оның өлшемді салмағы 31,101 грамм. Бұл салмақ тұрғысынан алғанда көп алтын. Ал 1 өлшемі -31,1 грамм алтын деген сөз.
Информация о работе Тақырып 1 Қаржы мен қаржы саясатының мәні