Тауарлы материалды қорлар есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 11:25, курсовая работа

Описание работы

Өндіріс процесіне еңбек құралдарымен қатар өндірістік босалқы қорлары еңбек заттары ретінде қатысады. Еңбек құралдарынан айырмашылығы еңбек заттары өндіріс процесіне бір-ақ рет қатысады және олардың құны өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрай отырып, өнімнің өзіндік құнын құрайды.
Тауарлы-материалдық босалқылар келесідей активтер турінде болады:
өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар және құратсырушы бұйымдар,отын, ыдыс және ыдыстықты материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа да материалдар; аяқталмаған өндіріс; субъект қызметі барысында стуға шығарылған дайын өнім, тауарлары.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................3
І. ХҚЕС №2 «Запастар» сәйкес ТМЗ топқа бөлу, өзіндік құнын
анықтау және бағалау
1.1Тауарлы материалдық запастардың түсінігі және топқа
бөлінуі.........................................................................................................5
1.2 Материалдық запастардың өзіндік құнын анықтау және
бағалау әдістері...........................................................................................6
1.3 Материалдар қозғалысының есебі және оларды құжаттау...............9

ІІ. Тауарлы материалдық қорлардың қозғалыс есебі және оның құжатталуы
2.1 Материалдық қорлардың қоймадағы есебі.......................................14
2.2 Материалдардың бухгалтериядағы есебі..........................................15
2.3 Материалдық қорларды түгендеу есебі............................................16

ІІІ. “Казфосфат” НДФЗ ЖШС-ның тауарлы-материалдық қорларының қозғалыс есебі.
3.1 Материалдар қозғалысын ұйымдастыру тәртібі және
есебі....................................................................................................19
3.2 Материалдық запастар аудиті және талдауы.................................23
Қорытынды..................................................................................................26
Қолданылған әдебиеттер. .........................................................................27
Қосымшалар................................................................................................28

Работа содержит 1 файл

курсавой Дана.doc

— 215.00 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Тауарлы  материалдық қорлардың қозғалыс есебі және оның құжатталуы

                     2.1 Материалдық қорлардың қоймадағы есебі

Материалдардың қоймадағы  есебі өндіріс запастарының әрбір  атауы бойынша бөлек түрлерімен сорттары бойынша дәл мәліметтермен  қамтамасыз ету үшін қажет. Бұл мәліметтер кәсіпорынды тиімді басқару үшін және құндылықтардың мүлтіксіз сақталуына бақылау жүргізу үшін қажет. Қойма шаруашылығын дұрыс ұйымдастыру қажетті көрсеткіштермен қамтамасыз етудің көзі болып табылады.

Қоймадағы материалды запастардың  есебін материалды жауапты тұлғалар, қойма меңгерушісі, қоймашылар – «запастар есебінің карточкасында» (Ф№3-5) жүргізеді, запастардың әрбір номенкулатуралық нөмеріне бөлек карточкалар ашылады. Бұл карточкалар бухгалтериядан қоймаға қоймашының қолымен расталып беріледі. Алынған кортачкаларға қоймашы материалдардың сақталу орнын мінездейтін деректемелер жазады. Қоймашы карточкаларға жазбаларды алғашқы операция орындалған күнгі кіріс-шығыс құжаттар негізінде түсіреді. Жазба нөмерлері жылдың басынан басталады. Әрбір кіріс-шығыс құжаты бойынша жиналған жазбалардан кейін запастардың қалдығы шығарылады. Карточкадағы жазбалар сан түрінде көрініс табады. Егер қоймадағы материалдар саны запастардың орнықтырылған мөлшерінінен ауытқитын болса, қоймашы ауытқулар жөнінде жабдықтау бөліміне хабарлайды.

Бухгалтерия белгіленген мерзім ішінде қойма карточкасындағы жазбалардың дұрыстылығын және қалдықтардың дұрыс шығарылуын есептейді.

Тексерілгені туралы бухгалтер  карточканың «Бақылау» (қолы, күні) деген арнайы графасына қол қояды. Материалдық запастардың қозғалысын рәсімдейтін құжаттардың қабылдануын қоймашы құжаттарды қабылдау-өткізу реестрі негізінде жүзеге асырады. Реестр бір данада толтырылады және бухгалтерге алғашқы құжаттармен бірге өткізеді.

Қоймадан реестрмен  алынған алғашқы құжаттар орнықтырылған  есеп топтары бойынша топтастырылып материалдардың қозғалысының ведомосына (синтетикалық, есептің жинақтау ведомосына) түсіріледі.

Айдың соңында қоймадан бухгалтерияға қоймадағы запастар есебі ведомосы – қалдық  ведомосы (Ф№3-7) беріледі, онда қойма меңгерушісі қойма есебінің карточкадағы қалдықтарын түсіреді. Қалдықтардың дұрыс көшірілгені тексеруші бухгалтердің қолымен расталады.

Ведомость мәліметтері  материалдардың бухгалтерлік және қойма  есебін салыстыру үшін қолданылады. Материалдың қалдық есебіның ведомосынан басқа айналым қалдық ведомосы немесе материалды есеп қолданылуы мүмкін.

 

                 

 

                   2.2 Материалдардың бухгалтериядағы есебі.

 

Қоймадан реестр бойынша  түскен алғашқы құжаттар бухгалтерияда кірісі және шығысы бойынша топтастырылып, синтетикалық есептің жинақтау ведомосына әрбір қойма бойынша синтетикалық шоттар және субшоттарда көрініс табады.

Кіріс бойынша алғашқы  құжаттар шот фактуралармен бірге  материалдық құндылықтардың сатып алу және дайындау есебін жүргізу үшін арнайы орындаушыларға жіберіледі.

Ал шығыс құжаттары  калькуляция және өндіріс шығындарының есебін жүргізу үшін жіберіледі. Жинақ  ведомостарының негізінде материалдар қозғалысының есебі жүргізіледі. Ведомоста материалдар қозғалысы мен қалдықтары сақталу орындары бойынша есепке алу бағасында жүргізіледі. Қоймада жұмсалған және қалған материалдар бойынша ауытқулар орнықтырылған пайыздар бойынша шығынға жазылады.

Мысалы, материалдардың қоймадағы ай бойынша қалдық есепке алу бағасы бойынша – 58000 тг, нақты өзіндік құны бойынша – 65000 тг. Бір айда келісім баға бойынша – 810000 теңгеге материалдар қабылданды, көлікті-дайындау шығындары (КДШ) – 23000 тг. Өндіріске келісім баға бойынша – 714000 теңгеге материалдар жұмсалды.  Жұмсалған және қалдық материалдардың ай соңына нақты өзіндік құнын есептеңіз.

Жұмсалған материалдардың нақты өзіндік құнын есептеу  үшін (КДШ) ауытқу пайызын келесі формуламен есептейміз.

 

п – материалдардың есепке алу құнының нақты өзіндік құнынан ауытқу пайызы %

МҚА – айдың басына материалдардың қалдығы бойынша  ауытқу

МТА – ай ішінде түскен материалдар бойынша (КДШ) ауытқуы.

МЕҚ – материалдарды  ай басына есепке алу бойынша қалдығы.

ТЕМ – ай ішінде есепке алу бойынша түскен материалдар.

Шешуі =

КДШ ауытқу бойынша алынған  пайызды шығындалған материалдардың есеп құнына көбейтіледі және шығынға  жатқызылатын ауытқу сомасы анықталады.

714000 * 3,5% = 24990 теңге

Бұдан жұмсалған материалдардың нақты өзіндік құны 714000 + 24990 = 738990 теңге екенін анықтаймыз.

Материалдың ай соңына қалдығы  есепке алу бағасы бойынша 

58000 + 810000 – 714000 = 154000 теңге

ал нақты өзіндік  құны бойынша 

65000 + 833000 – 738990 = 159010 теңге

Материалдарды есепке алу үшін:

1310-«Шикізат және матеиалдар»

1350-«Басқа да запастар» шоттары қолданылады.  Шоттар активті

Дт бойынша келіп  түскен материалдардың нақты өзіндік  құны

Кт бойынша шығындалған  материалдардың нақты өзіндік құны есепке алынады

Дебеттік сальдосы-қоймадағы материал қалдыңғының өзіндік құнын көрсетеді

1310,1350 шоттардың кредиттік  айналымы журнал ордер №10 көрініс  табады.

 

1310,1250 шоттарына  жазба сызбасы

Дт 1310,1350 шоттар кредитіне

         Кт1310,1350  шоттар дебетіне 

Қалдық. Қоймадағы материалдардың нақты өзіндік құны бойынша қалдығы ай басына

Ай ішінде түсті 

Кт 

3310 – жабдықтаушыдан

1251 – жауапты тұлғалардан

8110,8210,8310 - өндірістен (бүлінген өнімнен)

6210 – негізгі құралдарды істен шығарудан

Нақты өзіндік  құны бойынша шығындалған материалдар.

ДТ 

Негізгі (көмекші)  өндіріске  өнім

өндіруге                                       – 8110,8310

Цех қажетіне                                 – 8410

Жартылай фабрикат өндіруге     – 8210

Басқару шығындарына                – 7210

Дайын өнімді буып тиюге           – 7110

Сыртқа сатылған материалдар    – 7470

Негізгі құралдарды салуға           – 2930

Жаңа өнім түрлерін өндіруге      – 1620,2920


 

                     2.3 Материалдық қорларды түгендеу есебі

Материалдар өздері сақталып тұрған жері бойынша, яғни кәсіпорын қоймасында және кәсіпорын бухгалтериясында есептеледі. Материалдық қорлардың қоймадағы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы  оларды дұрыс сақталуына, қоймадағы жұмыстың дұрыс жүргізілуіне және  олардағы жұмыстың қалай қойылғандығына байланысты. Қоймада материалдық қорлардың әрбір түрлері, сорттары бойынша бөлек сақталуы тиіс. Мате-риалдардың маркасы, сорты, көлемі, номенклатуралық нөмірі, өлшем бірлігі, сақталып тұрған материалдардың мөлшері, тағы да басқа көрсеткіштері картон немесе фанерге жазылып, материалдарға байланып немесе жасырылып қойылады. Қоймадағы және цехтағы материалдардың  талдамалық есебі белгіленген түрі бойынша олардьщ ішінде сорттары мен маркаларына орай жүргізіледі. Қоймада материалдық қорлардың тек қана сандық есебі жүргізіледі. Материалдардың әрбір номенклатуралық нөмірі бойынша бөлек  үлгілі түрі М-17  карточкасы   ашылады. Бұл карточкада материалдық қорлардың аты, мөлшері, көлемі, сорты, өлшем бірлігі, номенклатуралық  нөмірі  жэне есептеу бағасы  көрсетіледі. Бұл карточканы жаңадан кіріске  алынған материалға кәсіпорынның бухгалтериясы дайындап, одан кейін кіріс ету ордерімен тізілім (реестр) бірге қоймаға беріледі. Қойма қызметкері немесе қойма меңгерушісі алынған карточкаға материалдық  қорлардың қай жерде  сақталып тұрғаны жайлы деректер толтырады. Материалдардың кіріс-шығысының сорпық-сандық есебін сол материалдарға жауапты адам жүргізеді. Кейбір жағдайда  материалдарға жауапты   адамның келісімі бойынша қойманың карточкалық есебін жүргізу жұмысы басқа адамға, яғни есепшіге немесе операторға жүктелуі мүмкін. Материалдардың түрі номенклатуралық нөмірі. аз  болатын кәсіпорынның қоймаларында бұл карточканың орнына материалдар есебін тиісті түрде жүргізуге дайындалып жасалған сорттық есеп кітабында жүргізуте болады. Мұндай жағдайларда сорттық есеп кітабында қойма есебінің карточкасындағы деректер болуы қажет. Қоймашы белгіленген тәртіп бойынша толтырылған алғашқы кұжаттардың  негізінде материалдардың кіріске алынуын және есептен шығару операцияларын, олардың іске асырылған күнін қойманың есеп карточкасына жазып, онда материалдық құндылықтардың сол күннің соңындағы калдығын шығарып отыруы керек. Бұл карточкада материалдардың қалдығы әрбір операциядан кейін шығарылып отырылады.

Айта кететін жағдай, ай соңында бухгалтерияға ондағы көрсетілген материалдың алынған немесе алынып болмағанына қарамастан шектеулі-заборлық (лимитгік-заборлық) карточкасының барлығы тапсырылуы керек. Толық алынып болмаған материалдар үшін келесі айға жаңа шектеулі-заборлық карта жазылып береді. Қоймашы материалдардың қоймалық сорттық есеп карточкасының деректері негізінде жабдықтау бөліміне материалдардың әр номенклатуралық түрінің қалдығы, оның түрақты қор мөлшерден ауытқуы, көптен бері пайдаланылмай жатқан материалдар жайы деректер беріп отырады. Қоймалық сорттық карточканың дұрыс жүргізілуін бухгалтерия бақылап отыруы керек. Бухгалтерия қызметкері жиі-жиі (апта сайын, 10 күнде) қоймашымен қоймадағы операцияларды жүргізуге негіз болған алғашқы қүжаттардың дұрыс жазылуын, қоймалық сорттық карточканың дұрыс жүргізілуін және карточкадағы материалдар қалдығының дұрыс шығарылуын тексеріп отыруы қажет. Карточкадағы жазылған операциялардың дұрыстығын және оны тексергені жайлы бухгалтерия қызметкері есеп карточкасының тиісті жеріне қол қояды. Қоймалық-сорттық карточкалардағы жазуды тексеру, қойма меңгерушісінің бухгалтерияға материалдарды кіріске алуы кезінде тапсыратын есептерінің негізінде жүргізіледі. Қойма меңгерушісінің бухгалтерияға тапсыратын құжаттары үлгілі түрі М-18А «Құжаттарды қабылдау-өткізу қүжатына» тіркеледі. Материалдарға жауапты адамның келісімі бойынша бухгалтерия қызметкері әр операцияның дұрыстығын тексергені жайында және құжатты қабылдағаны жайында карточкаға қол қояды. Мұндай жағдайда қүжаттарды қабылдау-өткізу тіркелімін жасаудың керегі болмайды. Егер орталық қойма немесе цех қоймасы үйымның басқармасынан қашық жерде орналасқан жағдайда жүргізілетін операциялардың дұрыс қүжатталынуы, материалдарға жауап бе-ретін адамның есеп карточкасын дұрыс жүргізуі орталық бух-

галтерияда тексеріледі. Мұндай жағдайда кіріс және шығыс ету құжаттары белгіленген уақытта тіркелімдермен бірге бухгалтерияға табыс етілуі керек. Кәсіпорьнның орталығынан қашық жерде орналасқан қойма меңгерушісі белгіленген күні бухгалтерияға екі дана етіп материалдардың ай соңындағы қалдық тізімдемесін тапсыруы керек. Тізімдеме қүрамында өзгерісі (кірісі мен шығысы) бар материалдар бойынша жасалынып, онда тек қана материалдардың сандық қалдығы көрсетіледі. Тізімдемеге цех, қойма, бөлімше бастығы және ол құжатты толтырушы (жүргізуші) қол қояды. Дұрыстығын тексеріп болғаннан кейін тізімдеменің бір данасы жіберілген қателіктер жөніндегі ескертумен қоймаға қайтарылады. Материалдардың есебін жедел оперативтік, бухгалтерлік, қалдықтық әдіспен жүргізген жағдайда қоймалық есеп карточкасымен қатар үлгілі түрі М-20 қоймадағы материалдар қалдығын есептеу тізімдемесі жүргізіледі. Қойма меңгерушісі (бастығы) карточкалардағы ай бойындағы жиынтық деректері бойынша материалдардың келесі айдың бірінші күніне қалған қалдықтарын осы тізімдемеге көшіріп жазады. Тізімдемеде материалдар қоймалық есепте қаралған номенклатуралары бойынша аралық шоттарға (субшоттарға) және синтетикалық шоттарға топталғаны күйінде көрсетіледі.  Бухгалтерияда материалдардың  қалдығы  олардың жоспарланған  есептеу бағасына көбейтіліп, ай аяғына қалған материалдардың жалпы сомасы анықталады. Егер пайдаланатын материалдар номенклатуралары аз болған жағдайда материалдарды алған адамдардың қолын тек қоймалық есеп карточкасында қою арқылы босатуға болады. Мұндай карточкалар тек 1 (бір) айға ғана ашылып, ай соңында бухгалтерияға тапсырылады. Келесі айда олардың орнына жаңа қоймалық есеп карточкасы ашылып, оған материалдардың ай басындағы калдығы жазылады. Құрылыс ұйымдарының   құрылыс   басындағы    бөлімшелері   қоймалық-сорттық карточкасының орнына ай сайын материалдардың кірісі, босатылуы және қалдығы жайлы үлгілі түрі М-19А санды карточкасын толтырып есеп беріледі. Бүл есепте материалдарға жауапты адамның жауапкершілігіндегі материалдардың барлығы кіргізіледі. Берілетін есепте материалдардың кіріске алынуы, шығыс етілуі және қалдығы алғашқы кұжаттар (кіріс ету, босату, түгендеу) негізінде көрсетіледі. Құрылыс бөлімшелері құрылысқа жұмсалған материалдарға босату құжатын толтырмайды. Сондықтан да олардың бухгалтерияға берген есеп мәліметтеріне құрылысқа пайдаланылған (жұмсалған) материалдардың алғашқы құжаты тіркелмейді.

 

 

 

ІІІ. “Казфосфат” НДФЗ жауапкершілігі шектеулі серіктестіктігінің тауарлы-материалдық қорларының қозғалыс есебі.

     3.1  Материалдар қозғалысын ұйымдастыру тәртібі және есебі

 «Казфосфат НДФЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктігінің Тараз филиалы немесе бұрынғы суперфосфат зауыты облыстағы ірі кәсіпорынның бірі болды.

2001 жылы зауыт «Казфосфат» ЖШС-тің  құрамына кірді. Осы уақытқа  дейін филиалдың өндіріс алаңдарында аммофос, жемдік фторсызданған фосфат, сульфо көмір өндіріс цехтары және автокөлік көмекші цехтары да консервацияда болды.

Бұл күнде «Казфосфат» «НДФЗ» ЖШС-нің Тараз филиалының қызметі өндіріс қуатын және шығарылатын өнімнің сапасын арттыра отырып оның ассортиментін ұлғайтуға, сонымен қатар өндіріс қалдықтарын азайтуға, өндіріс қалдықтарын қайта өңдеуге бағытталған. Техникалық және экономикалық жетік талдаудан кейін даму бағдарламасы көзделген.

Қазіргі кезеңде өндіріс стратегиясын, өндіріс қуатын ұлғайтуға және шығарылатын  өнім түрлері мен оның сапасын  арттыруға, қалдықсыз өндіріс құруға, өндіріс қалдықтарын қайта өңдеуге  бағытталған:

  • екі айнымалы сүзгілі КВФ-50 орнатылған экстрактты фосфор қышқылы бөлімшесін қайта құру іске асырылған. Өндіріс қуаты 30% ұлғайтылады;
  • фосфор қышқылы өндірісі фосфогипсті құрғақтай флуға ауыстырылған, соның нәтижесінде фосфогипс қалдығының болуы 30 кг азайған;
  • минералды тыңайтқыщтар алудың жаңа технологиясы өңделуде, өндіріс тәжірибелік сынақтар жүргізілуде;

Қазіргі кезеңде тұтыну нарқының маркетингтік іздестіруіне құнарлы заттары жоғарғы  теңдестірілген қатынасты жемдік фщсфаттың  жоғарғы сорты ұсынылуда. Аммоний  сульфаты, нитроаммофос, әсері баяу тыңайтқыштар алу технологиясы өңделген;

  • инновациялық олыстық бағдарламаға пайда болатын өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу іс-шаралары енгізілген (фосфогипс, коттрельді тозаң);
  • экстрактты фосфор қышқылын тазарту бойынша зерттеу жүргізілуде, оның мақсаты соның негізінде жоғарғы сапалы құнарлы заттар бар тыңайтқыштар алу және оны НДФЗ зауытында натрийдің триполифосфат өндірісіне қатыстыру арқылы оның өзіндік құнын төмендету.

   Өндіріс  процесінде өнім өндіру және  қызмет көрсету үшін керекті  жағдайлардың бірі –еңбек заттары.  Олардың өндіріс құралдарынан өзгешелігі, өндіріс құралдары өндіріс процесінде ұзақ уақыт қатысып, өздерінің табиғи пішінін сақтай отырып, өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отыратын болса, еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнынан жартысынан артығы еңбек заттарының құнынан тұрады. Еңбек заттары өндірістік қор болып табылады. Материалдық құндылықтардың есебі Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есебінің №7 стандартына сәйкес жүргізіледі.

Информация о работе Тауарлы материалды қорлар есебі